Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Грамматика туралы жалпы түсінік


Заттың таза сапалық, сындық белгілерін (түрін, түсін т.б.) білдіретін негізгі сын есімдерді



бет6/14
Дата16.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#138552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Заттың таза сапалық, сындық белгілерін (түрін, түсін т.б.) білдіретін негізгі сын есімдерді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: ақ, биік, жеңіл, тәтті т.б.

Басқа сөз таптарынан жұнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдерді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: түнгі, желсіз, таулы т.б.

Сын есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Мысалы: жылы, шөпті, қызыл – дара сын есімдер де, бидай өңді, ақ көңіл, ұзын бойлы – күрделі сын есімдер.

Егер сын есімге көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанып айтылса, олар заттанып, яғни заттық мағынада жұмсалады: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. (Мақал.)

Сындық, сапалық белгінің басқа бір сындық, сапалық белгілерден артық-кем екенін білдіретін сын есімнің түрін сын есімнің шырайлары дейміз.

Шырайлар: салыстырмалы және күшейтпелі болып бөлінеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар: -рақ,-рек,-ырақ,-ірек,-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу,-қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,-шыл,-шіл т.б. Мысалы: көк-көкшіл, үлкен-үлкендеу, биік-биіктеу, ақ-ақшыл т.б.

Күшейтпелі шырай күшейткіш үстеудің тіркесуі және күшейткіш буын арқылы жасалады: өте мықты, тым жуас, аса ұқыпты, тәп-тәуір, әп-әдемі т.б.

Сын есімдердің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш, ал заттанғанда сөйлемдегі орнына қарай сөйлемнің басқа мүшелерінің де қызметін атқарады.

Мысалы: Талапты ерге нұр жауар. Үлкен бастар, кіші қостар. (Мақал.) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. (Абай). Бұл мысалдардағы талапты – анықтауыш, үлкен, кіші – бастауыш, білімдіден, талаптыға толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Сапалық сын есімнің құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын сатылай комплексті талдау

Сын есім заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.





Тұлғасына қарай:





Құрамы мен құрылысына қарай:





Негізгі түбір




Туынды түбір




Дара




Күрделі



Мағынасына қарай: сапалық және қатыстық болып екіге бөлінеді:






Сапалық сын есімдер негізгі түбір күйіндегі сын есімдер





Қатыстық сын есімдер басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалады

Жаттығу жұмыстары

Жасырынған сөз

Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, тор көзді толтырып жазыңыздар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңыздар, қарамен сызылған жолды тігінен оқығанда, грамматикалық бір терминнің атауы шығады.



1






















2



















3






















4



















5

























6






















7



















1. Ағаш 2.Айт 3. Жаса 4. Сөз 5. Бәкі 6. Кең 7. Бүр

Жауабы: 1. Ағашсыз 2. Айтқыш 3. Жасанды 4. Сөзшең 5. Бәкісіз 6. Кеңірек 7. Бүрмелі

Тігінен оқығанда – «Сын есім» деген сөз шығады.

Көп сөзбен түсіндіргенде қалай?

Төмендегі сын есімдерге лайықты зат есімдер тіркеп айтып, сын есімдердің мәнін көп сөзбен түсіндіріңіздер.

Албырт, аңқылдақ, біртоға, қырағы, бес аспап, кекқой, ұшан-теңіз, ұлан-байтақ, шат, ынжық, мыртық, даурықпа, күйкі, жұпыны, күйгелек.

Мағыналас сөздері қандай?

Төменгі сын есімдердің мағыналас сөздері қалай екенін айтыңыздар.

Мешкей, Кербез. Дүниеқор. Сұңғыла. Әзілқой. Долы. Үздік. Ерке. Ізгі. Өжет. Ынтық. Іскер. Өнегелі. Озбыр. Ашаң. Кенбес. Кескінді. Момақын. Дөкей. Аласа.

Қарсы мәнді сөздері қандай?

Төмендегі сын есімдердің қарсы мәнді сөздерін тауып жазыңыздар.

Аңғырт. Доғал. Пысық. Абажадай. Олақ. Сыпайы. Тайпақ. Елгезек. Кішіпейіл. Сасқалақ. Талдырмаш. Көңілшек. Салақ. Ұшқыр ойлы. Қыр мұрынды.

Әрқайсысына 5 мысал

Төмендегі жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер ойлап, әрқайсысына 5 мысалдан жазыңыздар.

-қой: -паз: -шақ: -шек:

Жаман кейде қандай?

Жаман сөзі ұнамсыз сипатты, істі білдіретінін білесіздер. Ал кейбір тіркестерде ол басқа мағынада қолданылатынын байқадыңыздар ма? Төмендегі тіркестерді салыстырып көріңіздер.

Жаман жазда, жаман қуанды. Жаман жығылды, жаман қызықты. Жаман орындапты, жаман қатты сағындым.



Кім көп мысал келтіре алады?

Басқы әріптері а, қ дыбыстарынан басталатын және буындары а дыбысымен ғана келетін 2,3,4 буынды негізгі сын есімдерді тауып жазыңыздар.



Кім қанша сөз тауып жаза алады?

Мынадай сөздер жазу керек:



  1. Құрамында дауыссыз бір дыбыс қабаттасып, қатар келіп жазылатын неізгі сын есімдер.

  2. Сондай туынды сын есімдер (Олар қандай жұрнақтар арқылы жасалатын сөздер).

1-тапсырма

  1. Берілген сөздерге лайықты зат есімдер тауып, тіркеп жазыңыздар

  2. Бұл сөздер қай сөз табына жататынын және тұлға жағынан тағы қай сөз табына ұқсайтынын дәлелдеңіздер.

Құрама, қынама, жайма, қыстырма, өрме, жайылма, қырма, мықшима, жалдама, үкпе, аударма, түсіндірме, бүрме, тұтықпа, қайырма, қайқайма, мыжыма, қаусырма, бөспе, шақпа, тұнба, екпе, аспа, қазба, сықсима.

2-тапсырма

Төмендегі сөздерге зат есім тіркеп айтуға бола ма?

Ықтырма, бастама, мәлімдеме, хабарлама, анықтама, кепілдеме, күйме, тапсырма, бұрыштама. Бұлар қай сөз табы?

3-тапсырма

Төмендегі сөздерден адамға тән сын есімдерді бір бөлек, малға,аңға т.б. табиғатқа тән сын есімдерді бір бөлек көрсетіңіздер. Ортақ сипатты білдірсе, оны айтыңыздар.Сақ. Бағлан. Кекшіл. Дүлей. Мешел. Бұралқы. Біртоға. Мылқау. Қомағай. Жарау. Қысыр. Суайт. Кекеш. Тепсең. Лайсаң. Тоғышар. Қорқау. Секпіл. Жебір.


4-тапсырма

Төмендегі сөздердің әрқайсысына сын есімнен болған эпитеттерді кім көп тауып жаза алады?



  1. Тау. 2. Сөз. 3. Күн. 4. Жігіт. 5. Суретші.

Семантикалық карта



Мысалдары


негізгі

туынды

дара

күрделі

сапалық

қатыстық

1

Биік

+




+




+




2

Таулы



















3

Ірілі-ұсақты



















4

Кішірек



















5

Қара торы



















6

Сары-көк



















7

Қара



















8

Шөптесін



















9

Ұялшақ



















10

Семіз



















11

Жылы



















12

Қой көзді



















13

Тамаша



















14

Сөзшең



















15

Әсемпаз



















16

Ауыспалы



















17

Ашық



















18

Ардақты



















19

Биік-биік



















20

Балалы



















21

Сұлу



















22

Ұзын



















23

Сұр ала



















24

Қой көзді



















25

Аппақ



















26

Пайдалы



















27

Қызғаншақ



















28

Семіз



















29

Жылы



















30

Ап-аласа




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет