4-тапсырма. Жалғаулық шылауларды қатыстыра отырып сөйлем құраңыз.
Бірақ, дегенмен, біресе, сондықтан
5-тапсырма. Жұмбақ жасыру, шешу.
Жуынам деп жазған-ай,
Күннен күнге азғаны-ай. (сабын)
Қалтаңда жатыр,тісі бар,
Тістемей-ай істер ісі бар. (тарақ)
Осы жұмбақтар ішінде шылау бар ма?
6-тапсырма. Шылауларды жаза білеміз бе?
1. Аз ған сөзі неге бөлек, азғантай сөзі неге бірге жазылады?
2. Үндестік заңына бағына жазылатын қандай шылаулар бар? Асты сызылған сөздер неге бұлай жазылады?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады. (Абай.)
Бірақ анасының ауылы жаяу баратын жер емес. (С.Мұқанов).
3. Екі сөзден бірігіп барып жазылатын шылауды кім жазып бере алады? Ол қандай екі сөзден біріккен?
4. Дефис (-) арқылы жазылатын шылаулардың қай түрі?
5. Қай шылау қандай жағдайда түбірмен бірге жазылады? Мысалы келтіріп жазыңдар?
6. Оқыған деген сөзге табыс сеептігін және соған ұқсас демеулік шылауын тіркеп екі сөйлем жазып, жазылуын түсіндіріңдер.
7. Өздерің білетін –ақ,-ай,-мыс,-ды,-дан басқа тағы қай шылаулар дефис
(-) арқылы жазылады.
7-тапсырма. Шылауларды тауып, жазылуын түсіндіріңіз
Болсақ-тағы жаңа таныс,
Жүзсек те алғаш қайықта ... («Қайықта» әнінен.)
Шашы күміс, басы алтын,
Болса-дағы алмаспын ...
О-дағы өз елінде батыр еді. («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.)
Қобыланды сынды жас бала
Істің орнына келтіріп,
Құрқаға келіп сөйледі. (Б а т ы р л а р жырынан.)
Кейбір жұлдыз әуеде ай секілді,
Кей жаман бас білмеген тай секілді. (Айтыс.)
Ит аяғын ит екеш ит те қорғайды. (Мақал.)
8-тапсырма. Жеті жалғаулық, жеті демеулік
Абайдың бір өлеңінде бірыңғай жеті жалғаулық, енді бір өлеңінде бірыңғай жеті демеулік қолданылған. Олар негізінен өлең ұйқасын жасауға көмекші болып тұр.
Тапсырма. Абай шығармаларының толық жинағының бірінші томынан сол өлең жолдарын тауып оқыңыздар.
а) Суреттеңіз. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
ә) Салыстырыңыз. Септеулік пен демеулікті салыстыр.
б) Қолданыңыз. Септеулік шылауды пайдалана отырып сөйлем құраңыз.
в) Анықтаңыз. Сөйлемде шылаудың қай түрі қатысып тұр? Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа.
г) Аяқтаңыз. Сен де бір кірпіш дүниеге, ... .
9-тапсырма. Жұмбақ сұрақ
1. Басқа сөз табының жетегінде жүреді, жетекші сөздің соңынан ереді.
2. Толық мағыналы сөзден бұрын тұрса – сын есім, кейін тұрса – шылау.
3. Бір шылау өзінің байланысты сөзінен бұрын тұрады; секілді, сияқты сөздерімен синоним құрады.
4. Екі сөзден құралған шектік демеуліктің бірі – одағай, бірі – үндескен демеулік. Ол қай сөз?
5. Бір жалғаулық екі сөзден біріккен, біріншісі - есімше түріндегі көмекші етістік, екіншісі сөзі – жіктеу есімдігі.
6. Сан есім мен сын есімнен құралған шылау шылаудың қай тобына жатады?
7. Сөйлем ішінде тұрып:
Сөйлемді қолдайды,
Бірақ өзі бар ғой.
Сөйлем мүшесі болмайды
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер шығу жағына да, құрылыс жағынан да басқа сөз таптарына ұқсамайды. Мысалы: сырт-сырт, дүрс-дүрс, қарқ-қарқ.
Еліктеу сөздер деп өмірдегі сан алуан құбылыстар мен заттардың бір- бірімен қақтығысу, соқтығысынан туатын және жан- жануардың әр түрлі дыбыстарына еліктеуден шыққан сөздерді айтады. Еліктеу сөздерді іштей екі салаға бөлеміз: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер.
Есту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктерді білдіретін сөздер еліктеуіш делінеді: Ағаш дүрс етіп құлады. Аспан жарылғандай гүрс етті.
Бейнелеуіш сөздер деп табиғатта кездесетін әр түрлі құбылыстарды адамнаң көзбен көру қабілетінен туатын ұғымдарды білдіретін сөздерді айтамыз.: От лып етіп жана бастады. Найзағай жарқ ете қалды.
Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды еліктеу сөздер болып екіге бөлінеді.
Негізгі еліктеу сөздерге түбір күйінде қолданылатын сөздер жатады. Мысалы: саңқ, жарқ, жылт, салп т.б.
Туынды еліктеу сөдер негізгі еліктеу сөздер мен басқа сөз таптарының түбір күйіне жұрнақ жалғану арқылы және сөздердің қайталануы, қосарлануы жасалған сөздерді айтамыз.Мысалы: ағар-аң, желп-желп, соп-аң, қарқ-қарқ т.б.
Еліктеу сөзде басқа сөз таптарының қосымшаларын қабылдайды да, сол сөз таптарына айналады.
Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш және күрделі баяндауыштың бір сыңары болады. Мысалы: Мұнай бұрқ ете түсті. Жарық лап-лап етіп барып сөнді. Құрылыс алаңыда бетондар гүрс-гүрс етіп құлады.
Кім тез табады?
Төмендегі үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, оның қай түрі екенін айтыңыз.
-
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
2. Мақтауға есіріп,
Барынша көсіліп,
Ырғалып қаңқ етті,
Ірімшік жерге салп етті.
3. Құржаң-құржаң етеді,
Жер ұшық берген кісідей
Тоңқаңдай ма не етеді. (Абай.)
4. Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері. (Абай.)
5.Жалт-жұлт нық бас,
Жарқ-жұрқ от шаш!
Сарт-сұрт, марш-марш! (С.Сейфуллин.)
Сұрақ және тапсырма
1. Еліктеуіш сөзге екі, бейнелеуішке бес мысал келтіріп сөйлем ойлаңыздар.Екі түрлі жолмен жасалатын – еліктеу сөздердің қай түрі?
2. Дүрс, қалбақ сөздерінен қандай сөз таптарын жасауға болады?
3. Еліктеу сөздер көбнесе қандай сөз табымен тіркесіп келеді?
4. Абайдың «Жаз» атты өлеңін оқып шығып, ондағы еліктеу сөздерді анықтап, қандай тұлғада тұрғанын айтыңыздар.
5. Төмендегі еліктеу сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр? Қайсысы жеке, қайсысы тіркесіп келген? Шошаң қағып, бет алды тасырлағаныңа үрейім ұшпайды!... Сәлменді қақ бастан үш-төрт рет тарс-тарс перп-перп жіберді. - Ойбай! Бақтығұл! – саңқ етіп қалған даусын естіді... Ашқарақ азулары сақ-сақ етті... Екеуінің бетіне шыдай алмай, жалт бере қашқан ала төбет құйрығы шошаңдап, тарбаңдап бетке қарсы ұзай алмады. Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады. Ашулы тістер сытыр-сытыр, қарш-қарш шайнасады... (М.Әуезов)
Одағай
Адамның көңіл күйін білдіретін сөз табын одағай деп атайды.
Одағай үш топқа жіктеледі: көңіл-күй одағайлары, жекіру одағайы және шақыру одағайлары.
Көңіл – күй одағайларына уһ, аһ, пәлі, ойпырым-ай, әттеген-ай, әй, ей, беу, бәрекелді, әттең т.б. одағайлар жатады.
Жекіру одағайлары деп жә, кәні, тәйт, тек одағайын айтады.
Шақыру одағайлары негізінен, үй хайуанаттарына айтылған одағай болып табылады. Мысалы: құру- құру, (жылқыға байланысты), ауқау-ауқау (сиырға байланысты), шөк (түйеге байланысты), кә-кә (итке байланысты) т.с.с.
Сұрақ және тапсырма
1.Одағай сөздер қандай жағдайда қолданылады?
2.Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма? Ол үшін не шарт?
3.Одағай көмекші сөздерге жата ма?
4.Одағайлардан басқа сөз таптары жасала ма?
5.Қуанғанда, сүйсінгенде, қорыққанда қолданылатын одағайларды үш қатар етіп жазыңдар да, оқып беріңдер.
6.Төмендігі мысалдарда одағайлар қай сөйлем мүшесі болып тұр?
« Әй, әй» ... деп Күлпаш бір-екі рет сөйлесе де, Мақтым жауап бермеді... Айдарбектің, басында отырып қалың ойға кіргендігін, оқта-санда қиналып уһлегенін ол сезіп жатыр. (Б.Майлин.) Алақай - одағай сөз. Бекеннің білетіні – бәрекелді. Әй! Деген дауысқа жалт қарадым.
7.Одағайлар қалай жазылады? Қосарланып келсе ше?
8.Одағайлар қандай тыныс белгілерін қажет етеді?
9.Зат есім тұлғалас қандай одағайлар бар? Олар қай түріне жатады?
10.Құрамында 3 а келетін одағай одағайдың қай тобына жатады?
11.Қолданылуына қарай бірде зат есім, бірде шылау, енді бірде одағай мағынасын білдіретін сөзді кім айта алады?
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Одағайды табыңыз
Тыныс белгілерін де ұмытпаңыздар.
1... келгенің жақсы болды ғой!
2... Аңғарбай, бері қарашы!
3... сен не істеп қойғансың?
4... Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз!
5... ондай сөзді айтпа.
6... осынша кешіккендерің-ай!
7... қайда зытып барасың?
8... Беріктің бет-аузын қара!
9…Сазайыңды тарттың ба?
10 ... аспанға ұшар ма едік!
11... Нұрсейіт, енді қайттік!
2-тапсырма. Төмендегі мәтіннен одағайларды тауып, тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.
Мәтін
-Бай, бай, бай, бай!
-Жарым ес-ай (Б.Майлин.)
-«Налок» дей ме, «мәлөк» дей ме,
-Әй қатырды ғой басымды кеп... (Б.Майлин.)
-Шіркін ой, - деп қойды Бектас қарт... Өй мынауың не? – деді ол қайтып кеп. Қап – деп өкінді Қалқаман.Ойбай мынауыңның түбінде серейіп екі үлкен қасқыр жатыр! (С.Мұқанов.)
- Ой-ой оған шейін мен қартайып қалам ғой! – Пай-пай... бұл арада тоғай орнатпақпысың!... Е, кім біледі... (Т.Садықбеков.) Бәрекелді анаңа рақмет!
М м м солай ма еді? (Е р т е г і д е н.)
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ...................................................................................................... 2
І Грамматика туралы жалпы түсінік................................................... 3
Сөздердің жасалуы......................................................................................3
Туынды түбір. Түбірлес сөздер..................................................................5
Жұрнақтардың түрлері................................................................................9
Жалғау, оның түрлері..................................................................................10
Қос сөздер.....................................................................................................24
Қос сөздердің емлесі....................................................................................25
Қысқарған сөздер..........................................................................................26
Біріккен сөздер..............................................................................................27
Біріккен сөздердің емлесі.............................................................................28
ІІ Морфология. Сөз таптары туралы түсінік........................................34
Зат есім...........................................................................................................36
Сын есім..........................................................................................................42
Сан есім...........................................................................................................47
Есімдік.............................................................................................................52
Етістік..............................................................................................................58
Есімше..............................................................................................................66
Көсемше...........................................................................................................71
Тұйық етістік....................................................................................................74
Етістіктің шақтары...........................................................................................75
Етістіктің райлары............................................................................................87
Етістіктің сөйлемдегі қызметі.........................................................................94
Үстеу..................................................................................................................95
Шылау сөздер...................................................................................................105
Еліктеу сөздер...................................................................................................112
Одағай...............................................................................................................113
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ш. Есмағамбетова, З. Бүркітбаева Қазақ тілі. Алматымектеп 2005ж.
2. Н Оразақынова, Ж. Исаева, Г. Сүлеева Қазақ тілі. Алматы Арыс 2004ж.
3. С.М. Исаев Алматы «Өнер» баспасы 2005ж.
4. М.Серғалиев Қазақ тілі. Алматы «Білім» 1994 ж.
5. Г. Тайсюганова, 3. Рахмет Қазақ тілі. Алматы Кітап 2007ж.
6. К.Д.Жүнісбеков Қазақ тілі. Алматы Рауан 1994 ж.
7. Ш.К. Бектұров, А. Бектұрова, Алматы Рауан 1994 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |