Жасушалық биология


Патогенді маңызы және диагностикасы



бет3/17
Дата31.01.2024
өлшемі54.11 Kb.
#490280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Сессия-1 (копия)

Патогенді маңызы және диагностикасы. Жұғуы цисталар сумен, жуылмаған көкөнiс және жемiс-жидектермен iшекке түсуі арқылы жүреді. Кейде цисталар шыбындар арқылы таралады. Тоқ iшектiң кiлегейлi қабатын жарақаттап жара түзедi. Балантидиаз ауруының негiзгi симптомы- аурудың iшi өтедi, iрiң пайда болады. Балантидиаздың көзі адамнан басқа шошқа және қабандар болуы мүмкін. Диагноз нәжісті микроскопиялық зерттеуде паразиттерді, ірің, қан, шырыш табу арқылы қойылады.


Жасушалық биология

1. Дені сау ата-анадан көптеген дамудың ақаулығы бар бала дүниеге келді. Цитогенетикалық талдау барысында баланың сомалық жасушаларында 13-ші хромосомада трисомия (Патау синдромы) анықталды.


Сұрақтар:


1. Бұл бұзылыс жасушаның қандай бөлінуінде және қай фазасында пайда болды?


2. І мейоздың әрбір кезеңіндегі хромосомалардың жиынтығын және ДНҚ мөлшерін көрсетіңіз және сипаттаңыз.


Патау синдромы,трисомия 13+,бұл бұзылыс 1 мейоздың анафазасында болады.


Бірінші мейоздың профазасы 5 сатыдан тұратын күрделі үдеріс: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена и диакинез. Лептотена, жіңішке жіпшелер сатысы. Хроматиндік жіпшелер ширатылады, жуандайды, қысқарады, микроскоптан көріне бастайды. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с. Зиготена, жіпшелердің беттесу сатысы. Морфологиялық және генетикалық тұрғыдан ұқсас гомологты хромосомалар жұбы бірігеді, беттеседі. Беттесу үдерісі (конъюгации) барысында биваленттер, немесе тетрадалар түзіледі. Биваленттер саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болады. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с. Пахитена, жуандаған жіпшелер сатысы. Хромосомалардың ширатылуы жалғаса береді, гомологты хромосомаларда синхронды өтеді. Екі хроматидті хромосомалар айқын көрінеді, қосақталған гомологтық хромосомалар жұптары айқасып, сәйкес бөліктерімен алмасады, кроссинговер жүреді. Мейоз кезінде өтетін кроссинговер нәтижесінен гендердің алғашқы рекомбинациясы жүреді. Диплотена – хроматидтер ажырай бастайды, бірақ әліде кроссинговерге немесе хиазмге ұшыраған бөліктері байланыс сақтайды. Бірінші реттік овоциттердің хромосомалары овуляция үдерісі басталғанша осы күйін сақтайды. Диакинез. Хроматидтердің ширатылуының нәтижесінен хромосомалар жуандап, қысқарады,ядро қабықшасы толығымен жойылады. Хромосома ұштарындағы хиазмдарда ажырай бастайды. Хроматидтерде хиазмдар болмайды. Генетикалық материалдың мөлшері сақталады. (2n 4с). Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді. Мейоздың бұл сатылары митоздың фазасына ұқсас. Негізгі ерекшелігі: пайда болған жаңа жасушаларға жеке хроматидтер ажырамайды, орнына жұп кроссоверлі центомерлерімен байланыста болатын хроматидтер ажырайды. Бірінші мейоздың нәтижесінде хоромосоамалырының гаплоидты жиынтығы бар екі жас жасуша түзіледі, әр хромосома екі хромотидтен тұрады (n2c)
Паразитология

2. Ауруханада 35 жастағы ер адам бір көзінің көрмей қалғанын айтып шағымданды. Анамнезден дәрігер науқастың шошқа етін жиі тұтынатынын білді. Рентгенологиялық тексеруден және иммунологиялық реакциялар жүргізілгеннен кейін цистицеркоз диагнозы қойылды.


Сұрақтар:


1. Бұл аурудың қоздырғышы қандай гельминт?


2. Осы паразиттің даму циклын түсіндіріңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет