Жасушалық биология


Шошқа немесе қарулы цепень (Taenia solium) –



бет4/17
Дата31.01.2024
өлшемі54.11 Kb.
#490280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Сессия-1 (копия)

Шошқа немесе қарулы цепень (Taenia solium) – тениоздың қоздырушысы.



Негiзгi иесi - тек адам. Аралық иелерi - шошқа, жабайы қабан және т.б., сонымен қатар кейде адам.
Инвазия көзі тек адам болып табылады. Науқас нәжісімен жұмыртқалардан тұратын жетілген бунақтар сыртқа түседі. Жұмыртқа одан ары даму үшін шошқаның ішегіне түсуі қажет. Шошқа цепень жұмыртқасымен ластанған жеммен, адам нәжісімен қоректенгенде залалданады. Жұмыртқадан асқазанда 6 ілмекті онкосфера шығып, ілмектерiмен қабырғасын тесiп, қан тамырларына түсiп, ағыспен бүкiл мүшелердi аралап, көбiнесе бұлшық етте, сирек жүректе, өкпеде, мида т.б. цистицерк типті финнаға айналады. Цистицерк d=0,5-1,5 см болатын мөлдiр сұйығы бар қапшық. Сұйықтықтың iшiнде құрылымы жағынан ересек цепеньге ұқсайтын ішке қарай жатқан басы көрiнедi. Финналар шошқа бұлшық еттерінде ұзақ уақыт сақталады.
Финналар жетілген формасына негізгі иесі – адамның ішегіне түскенде ғана айналады. Адамға шошқа цепені шикi жеткiлiктi термиялық өңдеуден өтпеген финноздық шошқа етiн пайдалану арқылы жұғады. Кейбір жағдайда адам шошқа цепенінің аралық иесі болуы мүмкін. Жеке бастың гигиенасы ережесін сақтамаған жағдайда жұмыртқалармен залалданған тағамдар және лас қол арқылы немесе құсқан кезде (аутоинвазия) онкосфера iшектен асқазанға қайта түседі. Асқазанға түскен онкосфералар қан арқылы бұлшық еттерге, көзге және миға жетіп, цистицерк типті финналарға айналып, адамда зілді ауру - цистицеркозды тудырады. Цистицерктер 2-3 ай iшiнде қалыптасады

Сұрақтар:


1. 4-суреттегі митоздың сатысын анықтаңыз


2Митоздың барлық кезеңдерін сипаттаңыз және әрбір сатысындағы хромосомалардың жиынтығы мен ДНҚ мөлшерін көрсетіңіз.


1Анафаза сатысы


1. Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1: - жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық; - митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады; - цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді; - РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды; - екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі); - жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).


2. Синтездік кезең S: - ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) редупликациясы жүреді; - ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен байланысады; Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері тетраплоидты болады (2п, 4с).
3. Постсинтездік кезең G2: - жасуша бөлінуге даярланады; - жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, арнайы ақуыздар синтезделеді. Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G2 аяқталысымен жасуша митозға түседі
Паразитология

2. Науқас саусақ араларындағы, шынтақ пен қолтық астындағы терінің ауқымды зақымдалуыларының болуына байланысты дерматологқа жүгінді. Терісінде лас-ақ түсті иірімді жолақтар болды. Науқаста дененің осы бөліктерінде қышу пайда болды, ол әсіресе түнде күшейеді.


Сұрақтар:


Котыр кене


1. Паразиттің түрін анықтаңыз.Осы паразиттің медициналық маңызын жазыңыз. Осы кластың басқа да түрлерін атаңыз.


2Осы паразиттің морфологиялық ерекшеліктерін және тіршілік циклін сипаттаңыз


Қотыр кене адамның терiсi iшiнде пара­зиттiк тiршiлiк етедi, қотыр ауруының қоздырғышы. Иксод тұқымдасына жататын өкiлi - жайылым кенесi Аргас тұқымдасына жататын өкiлi - ауыл кенесi






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет