Жасушалық биология
1Аталық бездің иірімді каналдарының көлденең кесіндісінен сперматогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі жасушалар анықталдыБір адамда барлық сперматозоидтардағы хромосомалардың жиынтығы мен ДНҚ мелшері бойынша ұқсасбірақ бұл жасушалардың материалының генетикалық әртүрлілігі байқалады.
Сұрақтар
1Берілген суреттегі 5-ші немердегі сперматогенездің кезеңін атаңыз және оған сипаттама беріңіз.
Қалыптасу кезеңі-сперматазоидтың басы мойны және құйрығы қалыптасады.
2Сперматогенездің барлық сатысын жазыңыз және өр сатысындаы хромосомалардың жиынтығы мен ДНҚ мөлшерін көрсетіңіз.
1. Көбею сатысы. Жасушалар (сперматогониялар, овогониялар) бірнеше рет митоз жолымен көбееді, соның нәтижесінде жасушалар саны артады. Ол жасушалардаға хромосомалар жиынтығы диплоидты 2n2c.
2. Өсу сатысы. Бұл саты I-ші мейоздың интерфазасына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің маңыздылығы да сол - ДНҚ молекуласы екі еселенседе хромосомалар саны өзгермейді. Генетикалық материалдың мөлшері 2n4c.
3. Пісіп-жетілу сатысы. Мейоз жүреді, жасуша екі рет бөлінеді — редукциялық (мейоз I) және эквациялық бөліну(мейозII).
4. Қалыптасу кезеңі немесе спермиогенеза (тек сперматогенезеге ғана тән). Сперматидтер ядросы тығыздалады, хромосомалардың спиралдануы салдарынан олар иннерті күйде болады. Гольджи комплексі ядроның бір полюсіне ығысып ферменті бар акросома түзеді, ол ұрықтың жұмыртқа жасушасына енуіне мүмкіндік береді. Ядроның екінші полюсіне центрольдар жылжды, оның біреуі талшықтың (құйрықтың) қалыптасуына қатысады. Бір талшық митохондрияға спиральды орам жасайды. Сперматидтердің цитоплазмасы ығыстырылады, сондықтанда сперматозоидтың басында цитоплазма болмайды.
Паразитология
2.Дәрігерге жүгінген науқас, үй жағдайында терісінен ұзындығы 10 мм-дейсұр-қоңыр түсті, денесі қатты ұсақ бұдырланған жамылғымен жабылғанүстінен қарағанда тұмсығы көрінбейтін паразитті алып тастағанын айтты.
Сұрақтар:
1Осы кеенің түрін анықтаңызОның медициналық маңызын жазыңыз.
2Осы кененің тіршілік циклін сипаттаңыз
Аргас кене
Аргас тұқымдасына жататын өкiлi - ауыл кенесi
Ауыл кенесiнің қорек көзі - әртүрлi сүтқоректiлер (қорқау қасқырлар, кемiрушiлер т.б.). Қан соруы аз уақыт, бiрақ көп қайталанады. Сондықтанда ұрғашылары иксод кенелерiне қарағанда аз мөлшерде бiрнеше қайтара жұмыртқа салады. 10 жылдан артық аштыққа төзiмдi, қайталамалы кенелiк сүзектiң спирохеттерiн трансмиссивтi және трансовариальды жолдармен тасымалдайды. Ауру тыныс алу жүйесiнiң қабынуымен, орталық жүйке жүйесiнiң зақымдалуымен сипатталады. Науқас зақымдалғаннан кейiн 2,5-4 айдан кейiн ғана жазыла бастайды. Жоғарыда аталған ауруларды алдын алу және диагноз қою үшiн кенелердi сыртқы белгiлерi бойынша ажырата бiлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |