Жасушалық биология



бет8/17
Дата31.01.2024
өлшемі54.11 Kb.
#490280
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Сессия-1 (копия)

Жасушалық биология

Медициналық-генетикалық кеңеске науқас баласы бар ерлі-зайыптылар жүгінді. Ата – анасының екеуі де сау, әйелінің жасы – 35, күйеуінің жасы-40. Кариотиптеу нәтижесі: 46, XX, 5p-


Сұрақтар:


делеция

1. Ұсынылған кариотип бойынша мутация түрін анықтаңыз. Осы мутация тобының тағы да қандай түрлерін білесіз?

2. Бұл мутацияның пайда болуының генетикалық механизмдерін түсіндіріңіз.


1 Хромосомалaқ мутация. 1. Гендік 2. Хромосомалық 3. Геномдық


2 Хромосома ішілік аберрацияларға жатады: 1. Делеция (жетіспеушілік) – генетикалық материалдың азаюына алып келетін хромосоманың қандайда бір бөлігінің үзіліп, жоғалуы. Мысалы, адамда 5 хромосоманың қысқа иығының делециясы “мысық айқайы” синдромына әкеледі.


Паразитология

2. Қазақстанның ауылдарының бірінде үш күн бойы қатты бұлшық ет ауруымен және беттің ісінуімен қатар жүретін жіті фебрильді аурулардың 9 жағдайы анықталды. 8 күн бұрын барлық науқастар сол ауылда үйлену тойында болды, үйде ысталған шошқа етін жегендігі анықталды.


Сұрақтар:


Трихинелла


1. Паразиттің түрін, оның медицинадағы маңызын анықтаңыз.


2. Осы паразиттің даму циклін сипаттаңыз.


Trichinella spiralis (трихинелла)– трихенеллез ауруының қоздырғышы, табиғи - ошақтық аурулар тобына жататын биогельминт.


Тіршілік циклы (6 сурет). Адамнан басқа, трихинелла шошқаларда, атжалмандарда, иттерде, аю, түлкі және көптеген басқа сүтқоректілерде паразиттік тіршілік етеді. Ағзасында трихинелла тіршілік ететін кез келген жануар бір мезгілде негізгі және аралық иесі болады. Ұрықтанған аналықтары личинкаларын тiрiдей ащы iшекте туады, содан соң өледі. Личинкалары қанмен және лимфамен қозғала отырып, қаңқа бұлшық еттерiне тоқтайды, әсiресе көк еттi, қабырға аралық, шайнау, дельта тәрiздi бұлшық еттерге спиральданып, орналасып, зақымдайды (аталуы осыдан шыққан). 2-2,5 айдан кейiн личинкалардың сырты капсуламен қапталады, шамамен бiр жылдан кейiн капсуланың сырты iзбестенедi. Капсула iшiнде личинкалар 20-25 жылға дейiн тiршiлiгiн сақтайды, бiрақ жоғарыда көрсетiлген бұлшық еттерге түспесе, өздерiнiң тiршiлiгiн жояды. Құрт өзiнiң толық даму циклын аяқтау үшiн екiншi бiр ағзаның iшегiне түсулерi қажет. Бұл трихинеллезбен зақымданған жануарлардың етiн жегенде жұғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет