Саңырауқұлаққа қарсы дәрі ретінде калий йодид ішке және қоюландырылған ерітінді ретінде (1,0 г/мл) қолданылады. әсер ету механизмі толық анықталмаған.
Белсенділік спектрі
Көптеген саңырауқұлақтарға қарсы белсенділікке ие. Бірақ негізгі клиникалық мәні S.schenckii – ға әсер етуінде.
Фармакокинетикасы
АІЖ тез және толығымен сіңіріледі. Қалқанша безіне басымырақ таралады. Сөл бездерінде, асқазанның шырышты қабаттарында, сүт безінде жиналады. Сөлдегі асқазан сөліндегі және емшек сүтіндегі қосылымдары қан сарысуындағы мөлшерінен 30 есе жоғары. Негізінен бүйректер арқылы шығарылады.
Жағымсыз реакциядары
АІЖ: ішті ауруы, лоқсу, құсу, диарея
Эндокринді жүйе: қалқанша безі қызметінің бұзылысы
Йодизм реакциялары: бөртпе, ринит, конъюктивит, стоматит, ларингит, бронхит.
Басқа: лимфоаденопатия, жақасты бездерінің үлкеюі.
Айқын жағымсыз жағдайлар туындағанда дәрілік заттың дозасын төмендету немесе қабылдауды уақытында тоқтату қажет. 1-2 апта уақыт өткеннен соң емдеуді аз дозадан бастап жалғастыруға болады.
Көрсеткіштер: терілік, терілік-лимфатикалық споротрихоз.
Қарсы көрсеткіштер
Йод препараттарына гиперсезімталдық, қалқанша безінің гиперфункциясы. Қалқанша безінің ісіктері.
Аморолфин. Жергілікті қолдануға арналған синтетикалық антимикотик, ол морфолин туындысы болып табылады.
Әсер ету механизмі Қосылымына байланысты фунгистатикалық және фунгицидтік әсер көрсетеді. Ол оның саңырауқұлақтар мембранасының құрылымын бұзуымен байланысты.
Белсенділік спектрі. Саңырауқұлаққа қарсы кең спектрлі белсенділік көрсетеді. Оған Candida spp, дерматомицеттер, Pityrosporum spp, Cryptococcus spp және басқа да бірқатар саңырауқұлақтар сезімтал.
Фармакокинетикасы. Жергілікті қолданғанда тырнақ пластинкасын және тырнаққа жақсы өтеді. Жүйелік абсорбция төмен және клиникалық мәнге ие емес.
Жағымсыз реакциялары. Жергілікті: ашу сезімі, қышыну немесе терінің тырнақ маңындағы бөлімінің тітіркенуі, тырнақтардың дисколорациясы
Қабылдауға көрсеткіштер. Ашытқылы және батпақтық саңырауқұлақтармен шақырылатын дерматомицеттер қоздыратын онихомикоз. Онихомикоздың алдын-алу
Қарсы көрсеткіштер. Аморолфинге гиперсезімталдық. Жүктілік, емшекпен емізу. Жастың 6 жасқа дейін болуы.
Циклопирокс. Жергілікті қолдануға арналған саңырауқұлаққа қарсы синтетикалық препарат. Кең спектрге ие. Әсер ету механизмі анықталмаған.
Белсенділік спетрі. Циклопироксқа Candida spp, дерматомицеттер, Pityrosporum spp, Cryptococcus spp және басқа да бірқатар саңырауқұлақтар сезімтал. Одан басқа кейбір гармм оң және грамм теріс бактериялар, микоплазмалар және трихомодаларға әсер етеді. Бірақ тәжірибелік мәнге ие емес.
Фармакокинетикасы. Жергілікті қолданғанда тері және оның қосалқыларының әр түрлі қабаттарынан тез өтіп, беткейлік микоздар туғызатын қоздырғыштардың МПК-сынан жоғары локалді қосылымдар түзеді. Кең ошақтарға жаққанда әлсіз сіңірілуі мүмкін, сарысу ақуыздарымен 94-97% байланысады, бүйректер арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты – 1,7 сағат.
Жағымсыз реакциялары. Жергілікті: күйдіру, қышыну, тітіркендіру, терінің құрғауы және қызаруы.
Қабылдауға көрсеткіштер. Ашытқылы және батпақты саңырауқұлақтар, дерматомицеттерқоздыратын дерматомикоздар. Онихомикоз. Саңырауқұлақты вагинит. Табанның саңырауқұлақты ауруларының алдын-алу.
Қарсы көрсеткіштер. Циплоспоринге жоғары сезімталдық. Жүктілік.
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ЗАТТАР
Вирусқа қарсы терапия жалпы алғанда әлі толық нәтижесіз. Ол негізінен вирустардың торша ішінде өмір сүріп, оның метаболизміне қатысатындығына байланысты. Қиындық тудыратын жағдай, ауру симптомдары вирустың барынша көбейгенінен кейін ғана көрініс береді. Сондықтан вирусты инфекциямен күресуде алдын алу немесе инфекциялық кезеңдегі аурулармен қатынаста болғандарды емдеу керек.
Вирусқа қарсы заттардың әсер етуі әртүрлі болады. Ол вирустың торшамен байланысуының әртүрлі кезеңіне байланысты. Сонымен вирусқа қарсы заттар келесі түрде әсер етеді:
-
Торшадағы вирус адсорбациясын және оның торшаға енуін тежейді.
-
Вирусты геномның босану үдерісін тежейді.
-
“Ерте” вирустың ақуызының ферменттерінің синтезін тежейді.
-
Нуклеинді қышқылдың синтезін тежейді.
-
“Кеш” вирустық ақуыздың синтезін тежейді.
-
Вириондар “жиынын” тежейді.
Дәрілік зат ретінде қолданылатын негізгі вирусқа қарсы заттар келесі топтармен жіктеледі:
Синтетикалық заттар
Нуклеозидтер аналогтары – зидовудин, ацикловир, видарабин, ганцикловир, трифлуридин, идоксуридин.
Пептидтер туындылары – саквинавир
Адамантан туындылары - мидантан, ремантадин
Индолкарбон қышқылының туындылары – арбидол
Фосфоноқұмырсқа қышқылының туындылары – фоскарнет
Тиосемикарбазон туындылары – метисазон
Макроорганизм жасушаларымен өндірілетін биологиялық заттар
Интерферондар
Клиникалық әсері дәлелденген вирусқа қарсы препараттар антибиотиктерге қарағанда саны аз. Нәтижелі қолдану ерекшелігіне байланысты вирусқа қарсы препараттарды бірнеше топқа бөлуге болады: герпеске қарсы, цитомегаловирустарға қарсы, гриппке қарсы және кең спектрлі белсенділікке ие заттарға. 1 кесте.
АИВ инфекциясы кезінде қолданылатын антиретровирусты препараттар тобын қазіргі басқаруда қарастырылмайды.
Вирустар да, бактериялар секілді вирусқа қарсы химиопрепараттарға резистенттілік тудыра алады.
Топ
|
Препараттар
|
Герпеске қарсы
|
Ацикловир
Валацикловир
Пенцикловир
Фамцикловир
|
Цитомегаловирустарға қарсы
|
Ганцикловир
Фоскарнет
|
Гриппке қарсы
М2 – каналдарының блокаторлары
Нейроаминидаза ингибиторлары
|
Амантадин
Ремантадин
Занамивир
Озельтамивир
|
Белсенділік спекторы кең
|
Рибавирин
Ламивудин
Интерферондар
|
№ 1 кесте. Вирусқа қарсы препараттардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |