Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та



жүктеу 1.38 Mb.
бет2/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жүйелі қолдану үшін


Кетоконазол Флуконазол Итраконазол

Жергілікті қолдану үшін


Клотримазол Миконазол Бифоназол Эконазол Изоконазол Оксиконазол

Аллиламиндер:

Жүйелік қолдану үшін – Тербинафин

Жергілікті қолдану үшін – Нафтифин

Әр түрлі топтағы препараттар:

Жүйелік қолдану үшін – Гризеофульвин Калий йодид

Жергілікті қолдану үшін – Аморолфин Циклопирокс
Полиендер

Пилиендерге, табиғи антимикотиктерге, нистатин, леворин және натамицин, жергілікті және ішке қолданылатын, көбінесе жүйелік ауыр микоздар кезінде қолданылатын Амфотерицин В жатады. Липосомалді Амфотерицин В қазіргі заманғы күшті жақсы қабылданатын полиендер ішіндегі дәрілік түрі. Осы Амфотерицин В-ны липосомаға инакапсуляция жасап алады, ол өзінің белсенді затын тек саңырауқұлақ торшасымен жанасқанда бөледі, ал басқа сау торшаларға интанкті болады.


Әсер ету механизмі

Полиендер концентрациясына байланысты фунгистатикалық және фингицидтік әсер көрсете алады, ол саңырауқұлақтың мембранасындағы эргостеролымен байланысуына орай, нәтижесінде оның бүтіндігі бұзылып, цитоплазманың құрамы жоғалып торшаның өліміне алып келеді.


Белсенділік спектрі

Полиендер саңырауқұлақтарға қарсы препараттардың ішінде ең кең in vitro белсенділік спектріне ие. Жүйелік қолдану кезінде (Амфотерицин В) оған Candida spp, Aspergillus spp, C.neoformans, микоплазмоз қоздырғыштары (Mucon spp. Rhizopus spp және т.б.) S.schenckci; эндемиялық микоз қоздырғыштары (B.dermatidis, H.capsulamum, C.immitis, P.brasiliensis) және кейбір басқа саңырауқұлақтар сезімтал. Бірақ жергілікті қолданғанда (нистатин, леворин, натамицин) олар көбінесе Candida spp-ға әсер етеді. Полиендер одан басқа кейбір қарапайымдыларға қарсы да белсенділікке ие – трихомонадалар (натамицин), лейшманиялар және амебалар (Амфотерицин В). Полиендерге саңырауқұлақ – дерматомициттер және псевдоаллергия (P.boydii) тұрақты.


Фармакокинетикасы

Барлық полиендер толығымен дерілік АІЖ арқылы қабылдағанда және қолданғанда сіңірілмейді. Амфотерицин В венаішілік қолданғанда көптеген мүшелерге және ұлпаларға (өкпе, бауыр, бүйрек, бүйрекүсті безі, бұлшық еттер т.б.) плевралді, перитеоналді, синовиалді және көзішілік сұйықтықтарға таралады. ГЭТ-дан нашар өтеді. Бүйректермен баяу шығарылады, енгізілген дозаның 40%, 7 күн ішінде шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты – 24-48 сағат, бірақ ұзақ уақыт қолдану кезінде ұлпаларда кумуляцияға байланысты 2 аптаға дейінгі ұзаруы мүмкін. Липосомалді Амфотерицин В-ң фармакокинетикасы толығымен анықталмаған. Оның қанда стандарттыға қарағанда жоғары шың қосылымдарын туындатуы туралы мәліметтер бар. Ол буйрек ұлпасынан дерлік өтпейді (сондықтан нефротоксикалығы төмен). Жоғары кумулятивті қасиетке ие. Жартылай шығарылу уақыты орташа 4-6 күн, ұзақ уақыт қолданғанда 49 күнге дейін ұзаруы мүмкін.


Жағымсыз раекциялары

Нистатин, леворин, натамицин

(жүйелік қолданғанда)

АІЖ: іштің ауруы, жүрек айнуы, құсу, диарея.

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, Стивенс-Джонс синдромы

(жергілікті қолданғанда)

Теріні және шырышты қабаттарды тітіркендіріп күйдіру сезімін қалыптастырады.


Амфотерицин В
Венаішілік инфузияға реакциясы: қалтырау, дірілдеу, лоқсу, құсу, бас ауру, гипотензия. Алдын-алу шаралары: стероидты емес қабынуға қарсы заттар және гистаминге қарсы дәрілік заттарды енгізу арқылы промедикациялау.

Жергілікті реакциялар: инфузия орнында ауырсыну, флебит, тромбофлебит,.

Алдын-алу шаралары: гепарин енгізу



Буйректер: қызметінің бұзылысы, диурездің төмендеуі немесе полиурия.

Бақылау шаралары: несептің клиникалық анализін мониторингтау, одан кейін аптасына 2 реттен көп емес.

Алдын- алу шаралары: гидратация, басқа нефротоксикалық дәрілік заттарды шектеу.

Бауыр: гепатотоксикалық әсердің болуы мүмкін.

Бақылау шаралары: клиникалық және лабороториялық мониторинг.



Электролит баланысының бұзылысы: гипокалиемия, гипомагнемия.

Бақылау шаралары: қан сарысуындағы электролит қосылымдарын аптасына 2 рет анықтау.



Гематогиялық реакциялар: жиірек анемия, сирек лейкопения, тромбоцитопения.

Бақылау шаралары:қанның клиникалық анализінде тромбоцит санын анықтаумен аптасына 2 рет анықтау.



АІТ: іштің ауруы,анорексия,лоқсу,құсу,диария.

Жүйке жұйесі: бас ауруы, бастың айналуы парездер, сезмталдықтың бұзылуы, тремор, тырысулар.

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, бронхоспазм.

Липосамалды Амфотерицин В

Стандартты препараттармен салыстырғанда жиі анемия, қызба, қалтырау, гипотензия туындатады, нефротоксикалылығы төмен.


Қолдануға көршеткіштер
Нистатин, леворин. Тері ланлидозы, ауыз қуысы және жұтқыншақ, ішек кандидоздары. Кандидозды вульвовагинит ( алдын – алу емдеуге қолдану тиімсіз!)
Натамимицин

Тері, ауыз қуысы, жұтқыншақ, ішек кандидозы. Кандидозды вульвовагинит. Кандидозды баланопостит. Трихомонадалы вулвовагинит.


Амфотерицин В

Жүйелік микоздардың ауыр түрлері.

Тері және шырышты қабаттардың кандидозы (жергілікті). Лейшманиоз. N.fowleri туындататын, біріншілік амебалы менингоэнцефалит.
Липосомалды Амфотерицин В.

Бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардағы жүйелік микоздардың тиімсіз кезінде, оның нефротоксикалығында немесе көк тамыр ішілік инфузияға айқын реакцияларда премединациямен басылмайтын жағдайларда.



Қарсы көрсеткіштер:

Барлық полиендер үшін Полиен тобындағы препараттардарға аллергиялық реакция кезінде.
Амфотерицин В үшін қосымша.

Бауыр қызметінің бұзылысы. Бүйрек қызметінің бұзылысы. Қант диабеті. Барлық қарсы көрсеткіштер салыстырмалы, себебі Амфотерицин В дерлік барлық жағдайда өмірлік көрсеткіштер бойынша қолданады.



Азолдар
Азолдар құрамында жүйелік (кетаконазол, флуконазол, клотримазол, миканозол) және жергілікті (бифанозол, изоконазол, клотримазол, миконазол, оксиканазол, эконазол) қолданылатын дәрілік заттары бар синтетикалық антимикотиктер ішіндегі ең үлкен топ болып есептелінеді. Айта кететін жағдай жоғарыда аталған «жүйкелік» азолдардың ішіндегі алғашқысы-кетаканазол-клиникалық тәжірибеге итраназолды енгізгеннен соң, өзінің жоғарғы уыттылыға байланысты өз мағынасын жоғалтты және ол соңғы кездерде жиі жергілікті қолдануда.
Әсер ету механизмі

Азолдардың фунгистатикалық әсері жоғары, ол оның саңырауқұлақ мембранасының негізгі құрылымдық компоненті-ланостеролді эргостеролға айналуын катализдеуші цитохром Р-450-тәуелді 14а-деметилазаны ингибирлеуі мен байланысты. Жергілікті әсер ететін препараттар жоғарғы локалді қосылымын қалыптастырғанда бірқатар саңырауқұлақтарға фунгицидті әсер ету мүмкін.


Белсенділік спектрі

Азолдар саңырауқұлақтарға қарсы белсенділіктің кең спектріне ие. Итраканазолға кандидоздың негізгі қоздырғыштары сезімтал (c.lusitaniae және т.б.), Aspergillus spp,. Fusarium spp, c.neoformans,дерматомицеталар (epidermophytor spp, Trihophyton spp, Microsporum spp)., S.schenerii, P.boidii, H.capsulatum, B.dermatitidis, C.immitis, P.brasiliensis және басқа саңырауқұлақтар тұрақтылық жиі C.glabrata және C.Krusei-де көздейді. Кетоконазол спектрі бойынша интраконазолға жақын, бірақ Aspergillis spp.-ға әсер етпейді. Флуконазол көптеген кандидоз қоздырғыштарына қарсы белсенділікке ие (C.albicans, C.paparsilosis, C.lusitaniae және т.б. криптококк және коксидионтқа, дерматомициттерге. Оған бластомицеттер, гистоплазмалар, паракоксидионттар және споротрикстың сезімталдығы төмен.



Аспергиллаларға әсер етпейді. Жергілікті қолданылатын азолдар Candida spp., дерматомицеттер M.furfur-ға басымырақ белсенді болады. Бірқатар беткейлік микоздар туғызатын саңырауқұлақтарға әсер етеді. Оларға және де кейбір грамм оң кокктар және коринобактерияларға сезімтал. Клотримазол кейбір анаэробтарға және трихомонадағы әлсіз белсенділікке ие.

Фармакокинетикасы

Кетоконазол, флуконазол және итраконазол АІЖ арқылы жақсы сіңіріледі. Мұнда кетоконазол және итраконазолдың сіңірілуі үшін асқазанда қажетті дәрежеде қышқылдың деңгейі қажет, себебі олар тұз қышқылымен әрекеттесіп жақсы сіңірілетін гидрохлоридке айналады. Капсула түрінде тағайындалған интраконазолдың биотиімділігі тағаммен бірге қабылдағанда, ал ерітінді түрінде-аш қарынға қабылдағанда жоғары болады. Флуконазолдың қандағы шың қосылымы 1-2 сағаттан кейін, кетоканазол және интраконазолда 2-4 сағатта жоғарылайды.

Флуконазолға плазма ақуыздарымен ең төменгі байланысу деңгейі (11%), ал кетоконазол және интраконазол үшін 99% плазма ақуыздарымен байланысу деңгейі тән.

Флуконазол және кетоконазол салыстырмалы түрде ағзада тең дәрежеде таралып, әр түрлі мүшелерде, ұлпаларда және сұйықтықтарда жоғары қосылымдар түзеді. Флуконазол ГЭТ және гематофталмикалық тосқауыл арқылы жақсы өтеді. Сағырауқұлақта менингитпен ауыратын науқастардың жұлын-ми сұйықтығындағы флуконазолдың деңгейі қан сарысуындағы деңгейінің 52-85% құрайды. Кетоконазол ГЭТ арқылы нашар өтеді және жұлын-ми сұйықтығында төмен қосылымдар тудырады.

Итраконазол липофилді болғандықтан, құрамында майдың құрамы жоғары ұлпаларда және мүшелерге таралады: бауыр, бүйректер, үлкен шарбы майы. Саңырауқұлақты зақымдалуға айқын бейім ұлпаларда жиналуға қабілетті, ол теріде де (эпидермисте де), тырнақ пластинкасында, өкпе ұлпасы, гениталиде, себебі осы мүшелерде оның қосылымдары плазмаға қарағанда 7 рет жоғары болады. Қабыну экссудатында интраконазол деңгейі плазмадағы деңгейінен 3,5 есе жоғары болады. Сонымен қатар «сулы» ортада-сөлде, көзішілік сұйықтықта, жұлын-ми сұйықтығында интраконазол дерлік болмайды.

Кетоконазол және интраконазол бауырда метоболизмге ұшырайды, АІЖ арқылы шығарылады. Итраконазол терінің май және тер бездерінің секреті арқылы жартылай шығарылады. Флуконазол жартылай метоболизденеді, бүйректер арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Кетоконазолдың жартылай шығарылу уақыты 6-10 сағат, интраконазол 20-45 сағат, бүйрек жетіспеушілігі кезінде өзгермейді. Флуконазолдың жартылай шығарылу уақыты 30 сағат, бүйрек жетіспеушілігі кезінде 3-4 тәулікке дейін жоғарылуы мүмкін.

Итраконазол гемодиализ кезінде ағзадан шығарылмайды, осы прцедураны орындау кезінде флуконазолдың қосылымдары сарысуда 2 есе азаяды.

Жергілікті қолданатын азолдар жоғары және қажетті дәрежеде тұрақты эпидермисте және терінің төмен жатқан зақымдалған қабаттарында қосылымдары түзеді, туғызылған қосылымдары тері микозын туындататын саңырауқұлақтардың МПК-нан асып түседі. Ұзақ уақытқа созылатын қосылымдары бифаназолға тән, жартылай шығарылу уақыты тері арқылы 19-32 сағатты құрайды.



Жағымсыз реакциялары

Барлық жүйелік азолдар үшін жалпы:

АІЖ: іштің ауыруы, тәбеттің бұзылысы, лоқсу, құсу, диарея, іш қатуы.

ОЖЖ: бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің нашарлауы, парезтезиялар, тремор, тырыспалар.

Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, Стивенс-Джонс синдромы.

Гематологиялық реакциялар: тромбоцитопения, агранулоцитоз.

Бауыр: трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, холезтаздық сарғаю


Итраконазол үшін қосымша

Жүрек-қан тамыр жүйесі: іркілмелі жүрек жетіспеушілігі, артериальді гипертензия.

Бауыр: гепатотоксикалық реакциялар

Метоболикалық бұзылыстар: гипокалиемия, ісінулер.

Эндокринді жүйе: кортикостероидтардың бөлінуінің бұзылысы.
Кетоконазол үшін қосымша

Бауыр: ауыр гепатотоксикалық реакциялар, гепатиттің дамуы

Эндокриндік жүйе: кортикостероидтар және тестостеронның бөлінуінің бұзылысы, ол ерлерде гинекомастия, олигоспермия, импотензиямен, әйелдерде-етеккір айналымының бұзылысымен көрініс береді.
Жергілікті азолдар үшін жалпы

Интравагиналді енгізу кезінде: қышыну, күйдіру сезімі, шырышты қабаттың гиперемиясы және ісінуі, қынаптан бөліністердің бөлінуі, зәр шығарудың жиілеуі, жыныстық қатынас кезінде ауырсыну, жыныстық серіктесінің аталық безінде ашу сезімінің болуы.



Қолдануға көрсеткіштері
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет