Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та



бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#124854
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ПИРАНТЕЛА ПАМОАТ
Пирантела памоат – пиримидин туындысы. Тек жұмыр құрттарға ғана белсенді.

Синонимдері: Комбантрин, Немоцид, Aguipiran, Bifantrel, Cobantril, Combantrin, Helmex, Medintel, Nemocid, Pamex, Pamintel, Pamotrin, Pelmintrel, Pyrantel embonate, Strohgid P, Trilombrin.

Белсенділік спектрі. Аскаридалар, острица, анкилостомалар және кейбір басқа нематодтар.

Әсер ету механизмі. Пирантела памоат гельминттерге қатысты нерв- бұлшықет бөгетін тудыратын деполяриздеушімиорелаксант түрінде әсер етеді.

Фармакокинетика. АІЖ-да нашар сіңіріледі. Нәжіспен басым шығарылады (зәрмен 15% төмен).

Жағымсыз әсерлері. Іштің ауыруы, анорекся, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық.

Көрсеткіштері: Аскаридоз. Энтеробиоз. Анкилостомидоз.

Қарсы көрсеткіштері: Пирантелге аса сезімталдық. Жүктілік. Төс арқылы тамақтандыу.

Шығару түрлері: таблетка 0,25г-нан қорапта 3 данадан, суспензия, құрамында 1 мл- де 50мг преператы бар, 15 мл-к флакондарда. Сақтау. Б тізімі.
Мебендазол

Синонимдері: Вермокс, Antiox, Mebensole, Mebutar, Medosil, Multielmin, Necamin, Nemasole, Ovitelmin, Pantelmin, Pluriverm, Sirben, Telmin, Vermirax, Vermox, Vertex, Vormin.

Левомизолмен құрылымдық ұқсастығы бар, бірақ белсенділік спектрі кеңірек.



Белсенділік спектрі: Аскаридалар, острицалар, анкилостомалар, власоглав, трихинеллалар және басқа нематодтар қатары. Кейбір цестодалардың личинка сатысы (эхинококк, альвеококк).

Әсер ету механизмі. Гельминтке қарсы әсері клеткалық тубулиннің синтезінің глюкозаның қолданылуының бұзылуына және АТФ түзілуінің тежелуіне негізлелген. Нәтижесінде паразиттер қозғалғыштығын жоғалтады және өледі. Бірақ бұл процесс бірнеше күнге ғана созылады және ішекте жойылмаған паразиттер қалуы мүкін.

Фармакокинетика. АІЖ-да баяу және толық сіңірілмейді. Қолданылу дәрежесі тағаммен бірге қабылдағанда жоғарылайды, әсіресе майлы тағаммен. Қандағы максимальді концентрациясы 2-5 сағаттан кейін дамиды. Қан плазмасының белоктрымен байланысуы – 90-95%. Бауырда, май ұлпаларында, дернәсіл кисталарында шоғырланады. Плацента арқылы өте алады. Бауырда аздап метаболизденеді. 90% нәжіспен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі – 2,5-5,5 сағ.

Жағымсыз реакциялар: Іште ауыспалы ауырсыну, диарея, сирек – жүрек айну және құсу, бөртпе, есекжем, алопеция (сирек), бас ауыру, бас айналу.

Көрсеткіштері: Энтеробиоз. Аскаридоз. Анкилостомидоз. Трихоцефалез. Трихинеллез. Эхинококкоз. Полиинвазия.

Қарсы көрсеткіштер. Мебендазолға аса сезімталдық. Жүктілік. Емшекпен қоректендіру. 2 жасқа дейінгі балалар. Спецификалық емес жаралы колит. Крон ауыруы.

Шығару формасы: Қорапта 6 дана 0,1г таблетка түрінде, суспензия 20г/мл. Сақтау: Б тізімі.
Албендазол

Мебендазолмен құрылымдық ұқсастық бар. Нематодқа қарсы кең спектрлі белсенділігі бар. Сонымен қатар кейбір цестодтарға әсер етеді. Эхинококкоз кезінде мебендазолға қарағанда әсері жоғары.



Синонимдер: Зентал

Әсер ету механизмі: Бета-тубулиннің полимеризациясын таңдамалы тежейді, гельминттердің ішек каналы клеткаларының цитоплазмалық микротубулярлы жүйенің белсенділігін бұзады, глюкозаның қолданылуын төмендетеді, немотод бұлшық еттерінде органеллелардың қозғалысын бөгейді.
Белсенділік спектрі: Аскарида, острица, анкилостома, стронгилоида, власоглав, трихинелла және т.б. нематодтар. Эхинококк, шошқа цепенінің дернәсілдік формасында жақсы әсер етеді.

ИВЕРМЕКТИН
Топырақтың (жерлік) streptomyces avermictilis актиномицетадан алынатын жартылай синтетикалық макроциклдық лактон. Кейбір филяриатоз, стронглоидоз аурулары кезінде гельминттерге қарсы препарат ретінде қолданылады. Сонымен қатар қышыманы емдеуге қолданылады. Қазіргі уақытқа Ресейде тіркелмеген, коммерциялық сатылмайды.

Синонимдер: мектизин.



Әсер ету механизмі гельминттердің жүйке жүйесіндегі ГАМҚң тежеуіш процесін күшейтеді, нәтижесінде олардың қозғалысы тежеліп, өледі.

Белсенділік спектры. Onchocevca volvulus, wuchevivoa bancrafti микрофилярийі жәнеде ішекте орналасқан строн гилоидты (strongiloides stercovalis) емдеуде әсері жоғары. Сонымен қатар қышыма кенесі (sarcopres scabrei) ивермиктенге сезімтал келеді.

Фармококинетика. Ауыз арқылы қабылдағанда пайдалы дәрежесі (биодоступность) әр адамда әркелкі қанда максимальды концентрациясы 4сағаттан кейін дамиды. Қан сарысуының белоктарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Көптеген ұлпаларға таралады, аз мөлшерде емшек сүтіне өтеді. ГЭБден өтпейді. Бауырда метаболизмге ұшырайды, нәжіспен сыртқа шығады. Жартылай ағзадан шығу периоды 12-16 cағат.

Кері реакциялар: көбінесе онхоцеркозбен (микрофилярий ыдырағаннан кейін) ауыратын науқастарды емдегенде байқалады. Аллергиялық реакциялар, гипотензия, конъюнктивит, қабақтың ісінуі, алдыңғы увеит, кератит, хориоретиит (алдын алу және көмек шаралары: глюкокортикоидты енгізу) байқалады. Стронгилоидоз НРды емдегенде сирек және жеңіл ағыммен көрінеді. Жалпы әлсіздік, бас айналу, тремер, іштегі жайсыздық, жүрегінің айнуы көрінеді.

Көрсеткіштер: Онхоцеркоз. Лимфатикалық филяристоз: бругиоз, вухерериоз, стронгилоидоз, қышыма.

Қарсы көрсеткіштер. Ивермектинге гиперсезімталдық 5 жасқа дейінгі балалар, эпилепсия, менингитпен ауыратын науқастарға беру керек.
Антимонил натрия тартрат

Синонимдер: винносурьменнонатрий тұзы, винномурьмоқышқыл Na, Natrium tartaricos tibeum, sodim antimony tartrate, stibil et Natrii tartars, stibnal, stibyal, tartarus natronatus



Әсер ету спектры: шистосомоз

Әсер ету механизмі: анаэробты циклдың ферментерінің тиол тобын тежеу арқылы шистозомазаның өмір сүруін аайтады. Глюкоза -6-фосфаттан фруктоза дисфосфаттың түзілуін тежейді, альдолазаның белсенділігін төмендетеді.

Қолдануға көрсеткіштер. Шистосоматозды емдеуге қолданады. Пайдаланудың қиындығы мен кері әсердің нәтижесінде кең көлемде қолданылмайды. 1% ерітінді түрінде натий хлоридтің изотондық ерітіндісі 5% глюкоза қосылысып тамыр ішіне енгіземіз. Ерітінді жаңа дайындалған автоклавта немесе сулы баняда стерилизацияланған болу керек. Баяу енгізеді (2мл-ді 1минутта). Енді тек жүргіземіз. Әртүрлі сзыбанұсқаулар ұсынылған.

  1. препаратты күн сайын енгіземіз. Барлығы 20 инъекция. 1 реттен доза 1,0-1,2мг/кгкурстық емнің бар дозасы 1,3г-нан аспау керек (130мл 1% ерітіндіде ). Кері әсері болмау үшін 10-11инъекциядан кейін дозаны сәл төмендетеміз, ал 15-ші инъекцияда қайтадан жоғарылатамыз. Мысалы, 60кг науқасқа 1 5мл 1% ерітіндіні, 2-11инъекцияда -7мл, 12-25инъекцияда 5мл-ден, ал 16-20 инъекцияда 7мл енгіземіз.

  2. белсенді курс: емді 1-2күнде жүргіземіз. 3Сағат сайын 1 күнде 3инъекция саламыз. Ересектер үшін бір реттік доза 0,06-0,12 (6-12мл 1%ерт) басқа да сызба нұсқалар бар.

Жағымсыз реакциялар: жүрек айну, құсу, бас ауруы, артралгия, тері бөртпесі, дене температурасы көтерілу және т.б. болуы мүмін. Жағымсыз әсерді азайту үшін антигистаминді препараттарды, унитиальды тағайындаймыз. Тамыр ішілік енгізген жерде флебит дамуы пайда болуы мүмкін, яғни ерітіндінің тері астына өтуі ауырсынуды тудырады, ұлпа ісінеді.

Қарсы көрсеткіштер: жүректің, бүйректің органикалық аурулары, жүктілік, қалтырау, қарт жас, менструация.

Шығарылу формасы: ұнтақ, сақтау Б тізімі.
Хлоксил

Дәмсіз, иіссіз, ақ түсті кристалды ұнтақ. Суда ерімейді, спиртте аз (қиын) ериді.



Әсер ету спектры: опистархоз, фасциолез, хлонорхоз.

Әсер ету механизмі: гельминттердің протеолиттік ферменттерінің әсерінен бауырда, өт шығару жолдарында, ұйқы безінде тез әлсіреп, өлуіне әкеледі.

Қолдануға көрсеткіштер: бауырдағы гелминтоз; описторхоз, фасциолез, клонорхозды емдеуге қолданылады. Хлоксилмен емдеу циклы 2 күнге созылады. Жеңіл таңертеңгі астан 1 сағаттан өткеннен кейін (1Ст тәтті шай, 100ақ нан) науқас препаратты ұнтақ түрінде ішеді (1/2 ст.сүтпен) күндізгі доза 0,1-0,15г/кг (6-1-г ересектерге) әрбәр 10мин, сайын 2гнан қабылдайды. 2күнде науқас 10-20препараттарды қолданады. Хлоксилді 5күндік сызбанұсқаны бойынша қолданылуы туралы мәліметтер бар. Курс бойынша жалпы доза сәл сондай, бірақ науқас 5күн бойы күн сайын 0,06 г/кг препаратты қолданады. Сонымен қатар 3күндік сызбанұсқа ұсынылған, препаратты күн сайын 0,1г/кг мөлшерінде береді.

Тәуліктік дозаны 2Сағат интервалмен 2-3рет сүтпен қабылдайды. Бұл сызбанұсқа описторхоздың ошағын емдеу үшін қолданылатын жалпылама әдіс. Хлоксилдан кейін босандырғышты (слабительное) тағайындалады. Қажетті жағдайда емдеу курсын 4-6ай интервалмен қайталап жүргізеді.



Кері әсерлер: бауырдың көлемі үлкеюі мүмкін, бауыр аймағындағы ауырсыну, протеинурия, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек аймағындағы ауырсыну, жоғарылаған эозинофилия, описторхистердің ыдырап, өлуінен аллергиялық көрініс беруі мүмкін. Аллергиялық реакция дамығанда антигистаминді препараттар, кальций хлориді тағайындалады.

Қарсы көрсеткіштер: бауыр ауыруы (гельминтоздарға байланыссыз) миокард бұзылысы, жүктілік. Әсер етудің жеткіліксіздігі, жиі кері реакциялардың дамуы трематодозды қолданылатын жалпылама химиотерапияға хлоксилды пайдалануға қиындатады.

Шығарылым формасы: ұнтақ, сақтау Б тізімі.
Аминоакрихин

Иіссіз қызыл сарғыш ұсақ кристалды ұнтақ. Аздап гигроскопты. Суда, спиртте ериді. Құрылысы, әсер ету механизмі бегекке қарсы препарат акрихинге ұқсас.



Әсер ету спектры: гименолипидоз

Әсер ету механизмі: гельминттерді энергетикалық процесттерін бұзу арқылы өлтіреді.

Қолдануға көрсеткіштер: кейбір цестодоздарды емдеуде әсерлі және де трихомонадты кольпиттерді емеуде қолданылады. Гименолепидоз кезінде аминоакрихинді таңертеңгі ашқарынға 1рет ішке қабылдауды тағайындайды немесе жарты сағат үзіліспен ересектерге 0,5-0,4г,балаларға 6жастағы -0,15 8жас -0,2 13-15жас-0,3

Емдеу курсы 3-4 циклдан тұрады, әрбір циклдің ұзақтығы 3 күн, циклдер арасындағы интервал 5-6күн. Емдеу алды күнінде және сол күні босатқышты тағайындайды (аминоакрихинді, қабылдағаннан кейін ½-1сағ) Құртқа қарсы препарат ретінде аминоакрихин кең қолданылмайды. Трихомонадты кольпит кезінде аминоакрихинді жергілікті және ішке қабылдайды. Жергілікті 2% паста түрінде (Лассар пастасында) 3күнде 1рет 5г пастаны енгізеді, барлығы 8 рет енгзу. Жергілікті курсты менструация аяқталғаннан кейін 3 менструациялық цикл бойында қайталайды. 5күн бойы 0,1г-нан күніне 3рет жергілікті препаратты енгізудің І курсымен біруақытта немесе оны аяқтағаннан кейін ішке қабылдайды. Осы курсты қайталағанда ішке қабылдауды тағайындамайды.



Кері әсерлер: аминоакрихинді жергілікті қолданғанда мынадай тітіркендіргіш, көріністер дамуы мүмкін: эпителийдің десковмациясы, бөліністер, жыныс мүшелерінің ісінуі, қысқа уақытқа дене қызуы көтерілуі мүмкін. Кері әсерлер дамығанда емді уақытша тоқтатады, нәтижесінде ауырсыну көріністері жойылады. Аминоакрихинді жергілікті қынаптың кілегейлі қабатының қарттық, склеротикалық өзгерістері кезінде қолдануға болмайды.

Қарсы көрсеткіштер: гастрит, ойық жара ауру кезінде ішке қабылдауды тағайындалмайды.

Шығарылым формасы: қорапта 15 дан 0,1г таблетка түрінде.


Нафтамон

Химиялық құрылысы бойынша амоний қосындысы болып табылады.

Синонимдер: Alcopar, Beprenii hydroxyl naphthoas, Debefcnium

Әсер ету механизмі: препарат паразиттің бұлшық етінің жиырылуына әкеліп, ішектен шығуына себепкер болады.

Фармакокинетика. Нафтамонды 2 дәрілік форма (пішінде) шығарады. Жасыл сары түсті, арнайы иісі бар, ішекте еритін қабықпен қапталған нафтамона таблетка түрінде және ішекте еритін, жасыл сары түсті, иіссіз немес әлсіз иіссіз нафтамон (tabulettac Naphtammoni enterosolibiles) таблеткасы түрінде. Нафтамон таблеткасын қаптаған ацетилфталилцеллюлоза 12еліішекте немесе ащы ішектің жоғарғы бөлімінде ыдырауына көмектеседі, сондықтан препарат ащы ішектің жоғарғы бөлімінде гельминттерге қарсы әсер етеді. Ал ішекте ыдырайтын нафтамон таблеткасы нафтанон таблеткасымен салыстырғанда ішектің төменгі бөлімінде, тоқ ішектің жоғарғы бөлімінде, яғни власоглавтың негізгі орналасқан жерінде ыдырайды, екеуі де таблетка түрінде.

Қолдану көрсеткіштері: аскаридозды, анкилостамидозды, энтеробиозды, трихостронгилоидозды, трихоцефалезды емдеуде қолданылады. Оны аш қарынға, таңғы асқа 2сағат бұрын ішке шайнамай, сумен ішеді. Ересектерге және 10жастан ересек балаларға 5г препаратты (10 таблетка) 3-6 жас -2,0-2,5г (4-5таблетка), 6-7 жас- 3г (6таблетка), 8-9жас-4г (8 таблетка) береді. Ересектерге 1 реттік, тәуліктің жоғары ішке қабылдау дозасы -5г, 3-5 жас-2,5г, 6-7 жас-3г, 8-9жас-4г, 10-14 жас-5г. Алдын ала дайындық пен диетаны сақтау міндетті емес, бірақ ащы, тұзды майлы тағамдар мен сүтті шектеген дұрыс. Бұл препараттардың іш босатқыш әсері болғандықтан оны қабылдағаннан кейін іш босатқыш препараттарды тағайындап керегі жоқ. Препаратты 3-5 күн аралығында қабылдайды. Қажетті жағдайда емдеуді 2-3 аптадан кейін қайталайды. Нафтамомен емдеуді стационарлық жағдайда жүргізеді.

Кері әсерлер: нафтамонды қабылдағанда жүрек айнуы, құсу, жиі іш өтуі мүмкін. Препаратты қабылдауды тоқтатқанда бұл көріністер жоғалады.

Кері көрсеткіштер: бауыр қызметінің бұзылысы.

Шығарылым формасы: құрамында 0,5г нафтамон бар, қабықпен жабылған нафтамон таблетка (Tabulettae Naphthamoni K oboluctae) және құрамында 0,5г нафтамон бар, ішекте еритін нафтамон таблеткасы түрінде.

Сақтау: Б тізімі, құрғақ, жарық түспейтін жерде.


Асқабақ тұқымдары

Піскен, тазартылған және ыстықпен күйдірілмей кептірілген біржылдық қарапайым асқабақтың (Cucuvbita pepo L), ірі асқабақтың (Cucuvbita maxima Duch) және мускатты асқабақтың (Cucuvbita moctata Duch) асқабақ тұқымдастығының (Cucuvbitaceae) тұқымдары.



Әсер ету спектры: таспа құрттар

Қабылдауға көрсеткіштер: асқабақтың тұқымдары әртүрлі таспа құрттарға (өгіз, шошқа, ергежей цепень, жалпақ таспа құрт және т.б.) қарсы қолданылады. Белсенділігі бойынша ол жаңа синтетикалық препараттардан артта қалады, бірақ токсикалық (улы) әсер тигізбейді және кері әсер туғызбайды. Оны көбінесе басқа құрттарға қарсы препараттарды нашар қабылдағанда береді. Асқабақ тұқымын қабылдаудан 2күн бұрын науқасқа күн сайын таңертең клеткалы және қабылдаудан бір күн бұрын кешке тұзды іш босатқышты тағайындайды. Асқабақ тұқымын пайдаланудың 2 әдісі бар.

Шикі немесе ауамен кептірілген асқабақ тұқымдарын қатты қабығынан тазартады, ішідегі жасыл қабықшаны қалдырады, 300г тазартылған тұқымды (ересектерге) кішкене мөлшермен келіде үгітеді, сосын келіні 50-60мл сумен жайып, тарелкаға құяды, 50-100г балды немесе тоспаны қосуға болады. Дайындалған қоспаны науқас ашқарынға, төсекте жатып, аздаған мөлшермен 1сағат ішінде қабылдайды, 3Сағаттан кейін іш босатқышты береді, жарты сағаттан кейін ішектің қозғалысына байланыссыз клизма қояды. Клизманың немесе іш босатқыштан кейінгі іш өтуден кейін ғана тамақ ішуге болады. Күндізгіні қабылдауды балаларға 3-4 жастан тағайындайды, 5-7 жас-100г, 8-1-жас -150г, 15-18 жас-200-260г. Асқабақтың тұқымын қабығымен бірге еттартқышта немесе келіде үгітеді, екі есе көп мөлшерде сумен араластырады, екі сағатқа сулы баняда жеңіл оттың үстінде буландырады, қайнатуға жеткізбейді. Қайнатпаны марлімен сүзеді, қайнатпаның бетіндегі майлы кілегейді алып тастайды, барлық қайнатпаны ашқарынға 20-3-минут аралығында қабылдайды, екі сағаттан кейін тұзды іш босатқышты қабылдайды. Ересектерге 500г тазартылмаған тұқымдардан қайнатпаны, 10жасқа дейінгі балаларға 300гнан, 5-7 жас-200г, 5 жас-100-150г тағайындайды. Жалаңаш (қатты қабығы жоқ) асқабақ тұқымын өңдемей 150-200гды пайдаланады, және де жалаңаш асқабақ тұқымын (150г тұқымды  450мл суда сулы баняда 1 сағат бойы қайнатады, суытады, қалың матадан сүзеді, ересектердің дозасы 400-45-мл қайнатпа) және эмульсияны (150г тұқымды  450мл суды қосып үгітеді, ересектерге  400-500мл)



Шығарылым формасы: картонды қорапта 130-гнан

Сақтау: құрғақ жерде



Пижма гүлдері (Flores Tanaceti Vulgaris)

Гүлденудің басында жиналған және кептірілген гүлшоғыры. Көпжылдық жабайы шөпті қарапайым пижма өсімдігінің (Tanacetum vulgare) астра тұқымдастығының (Astevaccae) флавоноидтың эфир майы (0,3-2%) органикалық қышқылдар және басқа да заттары құрамында бар.



Қабылдауға көрсеткіштер: аскаридоз және острица кезінде, құрттарға қарсы және өтайдағыш ретінде қолданылады. Тұнба түрінде қабылдайды: бір асхана қасық бір стақан ыстық суға, бір асхана қасықпен күніне үш рет)

Қарсы көрсеткіш: жүктілік

Шығарылым формасы: картон қорабында 75гнан

Дәрмене жусан гүлі.

Дәрмене тұқым (Flores Cinae). Дәрмене жусанның (Avtemisia cina Berg) мәдени немесе жабайы бұтағының, күрделі гүлшоғыр тұқымдастығының (compositae) тамыздың басынан қыркүйектің ортасына дейін жиналған (гүлдері ашылғанға дейін) шоғырлар 2,5%тен кем емес сантонин құрамында. Қабылдауға көрсеткіштер кей кезде аскаридаларға қарсы зат ретінде құрттарға қарсы қолданылады. Гүлшоғырын келіде үгітеді, тоспамен, қантпен, бормен, сироппен бірге ішеді. Бірінші күні дитаны, түнде іш босатқышты, екінші, үшінші күні дәрмене тұқымның бір ұнтағын үш рет тамаққа дейін 1,5-2сағат бүрын, түнде қабылдағаннан кейін іш босатқышты тағайындайды. Жасқа байланысты цитварлық тұқымды (ұнтақты) келесі доза бойынша тағайындайды.


Жасы Доза

1-3жас 0,25-0,75

4-6 жас 1,0-1,5

7- 9 1,75-2,25

10-14 2,5-3,5

15 4,0


ересектер 5
шығару пішіні: ұнтақ, сақтау; Б тізімі 4 кесте


МНН

Дәрілік пішіні

F ішке

Т ½ сағ

Дозаның тәртібі

Д3 ерекшелігі белсенділігі тар спектрлі

Бензимидазол туындылары
Левамизол

Таблетка 0,05г

0,15

НД

3-4


Ішке, ересектер; аскаридоз кезінде 1рет, 0,15г энтеробиоз кезінде 0,15г 7-10 күн аралықта екі рет

Балалар: аскаридоз кезінде 2,5мг/кг 1 рет, энтеробиоз – 2 рет, 2,5мг/кг 7-10 күн



Аскаридоз, энтерибиоз кезінде қолданылады. AITде жақсы сіңіріледі. Жақсы көтеріледі. Жүктілік, емшекпен қоректендіру кезінде қабылдауға тийым салынады.

Мебендазол

Таблетка 0,1

5-10

2,5-5,5

Ішке: ересектерге; аскаридоз кезінде үш күн бойы 0,2 г/тәул. Энтеробиоз кезінде 1рет 0,1г, анкилостомидозды 1саг.-0,1г 3 кун бойы, трихоцефалез -3-6 кун бойы, 12 саг. 0,1г, трихинеллез кезінде бір екі апта бойы әрбір сегіз сағат сайын 0,1-0,2г

Нематодқа қарсы кең спектрлі белсенділікте болады. Кейбір цестодтарға әсер етеді

AIT-де левамизолға қарағанда нашар сіңіріледі. Екі жасқа дейінгі балаларға, жүктілік, емшекпен қоректендіру, ішектің ауыр бұзылыстары кезінде қолдануға тиым салынады.


№ 4 кесте. Гельминттерге (құрттарға) қарсы препараттар. Негізгі мінездемесі мен қабылдау ерекшеліктері


ФК: AIЖ-де нашар сіңеді, майлы тағаммен дәрінің биожетістігі жоғарылайды. Алғашқы бауыр арқылы өтуінде жүйелі гельминтке қарсы әсері қамтамасыз ететін албендазола сульфоксид байланысқан белсенді метоболитпен биотрансформацияға ұшырайды. Қанда жоғарғы концентрациясы 2-5сағат пайда болады. 70% белок қан плазмасымен байланысады. Көптеген тіндер мен организмнің барлық орталарына тарайды. Жоғарғы концентрациясы бауыр мен өтте жиналады. Бауырда метаболизацияға ұшырайды. Зәр арқылы сыртқа шығады. Жартылай шығарылуы 10-15сағатта, бүйрек жетіспеушілігі кезінде көрінеді.

Жағымсыз реакциялар: іште ауру сезімі, лоқсу, құсу, диарея, бас ауру, бас айналу, мененгизм симптомдары, тері қышуы, бөріту, қызба.

Ұзақ қабылдағанда: трансаминаз активтілігі, фосфатаза жоғарылайды.



Профилактика: екі реттік лабораторлық бақылау әрбір циклдік ем кезінде. Гемолитикалық реакция (ұзақ мерзім қабылдаса) нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопния, агранулоцитоз панцитопения.

Профилактика: екі реттік бақылау клиникалық қан анализіне әрбір циклдік ем кезінде алынады.



Көрсеткіш: аскаридоз. Анкилостомидоз. Странгилоидоз. Трихинеллез. Трихоцефалоз. Нейроцистицеркоз. Полиинвазия.

Қарсы көрсеткіш: албендазолға жоғары сезімталдық. Жүктілік. Емшекпен қоректендіру, екі жасқа дейінгілер. Ретинопатия.

Шығарылу формасы: таблетка 0,2 грамм.
Празиквантел

Синонимы: biltride, cesol, cestox, Cistricid, Droncit, Pyguiton. Отандық аталуы Азинокс. Гельминтке қарсы белсенділігі, кең спектрлі. Изохинолин туындысы. Трематодоздарда, цестодоздарда қабылданады.



Әсер ету механизмі: гельминттердің жайылған мускулатуралық жиырылуын шақырады. Тұрақты салдануға соқтырып, олардың өліміне әкеледі.

Белсенділік спектрі: трематодтар, шистосомдар.

Цестодтар: шошқа цепені, сиыр цепені, ергежейлік цепені т.б.



ФК: AIЖ жақсы сорылады, биодоступность. Тағамға байланыссыз. Қандағы максимальды концентрациясы 1-3сағат пайда болады. Плазма белоктарымен 80% байланысады. Көптеген тінде, мүшелерге таралады. ГЭБ арқылы өтеді. ЖСда (СИЖ) концентрациясы 14-20% қан плазмасы деңгейінде. Емшек сүтіне өтеді. Бауырда метаболизацияға ұшырап, бүйрекпен экскретцияланады. Жартылай бекіну кезінде 1-1,5г.

Жағымсыз реакциялар: іште дискомфорт сезімі тууы мүмкін, құсу, лоқсу, сұйық нәжіс, тері қышуы, есек жем, церебральді цистицеркоз кезінде: бас ауру, бас айналу, ұйқышылдық, бас ішілік қысымның жоғарылауы, дірілдеу.

Көрсеткіш: терматодоздар: олисторхоз, клонорхоз, парагонимоз, шистосомоз, цестодоздар, тениаринхоз, тениоз, дифиллоботриоз, гименолепидоз, цистицеркоз.

Қарсы көрсеткіш: празиквантелға жоғары сезімталдық жүктілік. Емшекпен қоректендіру. Көз цистицеркозы, төрт жасқа дейінгілер. Бауыр зақымдары кезінде.

Шығарылу формасы: ұнтақ. Сақтау: Бтізімі.
Никлозамид

Салициланилид туындысы. Ішекті зақымдайтын лнталық гельминттер инвазисясында қолданады. Ішектік емес цистдоздарда эффект жоқ, мысалы, цистицеркоз, эхинококкоз.

Синонимы: фенасол.

Әсер ету механизмі: никлозамид гельминттерге салдану мен бірге олардың AIЖдегі протеолиттік ферментеріне төзімділігін төмендетеді. Механизм негізі: қышқылданған фосфорилденген глисттарды тежеу немесе АТФазаны стимулдеу болып табылады. Теницидті эффект бар, бірақ овоцидті әсерінен айрылған, осымен байланысты ішекте шошқа цепенінің мүшелері қорытылуы кезінде онкосфералап кездесуі мүмкін. (тірі глист тұқымдары)

Белсенділік спектрі: сиыр цепенінен ергежейлік, жалпақ лентецтен т.б., цестодтардан активті. Фармакокинетика. AIЖде сорылмайды, нәжіспен экскрецияланады.

Жағымсыз реакциялар: негізгі жақсы қабылданады, қолайсыз жағдайлар сирек. Іште дискомфорт сезімі, ауырсыну болуы мүмкін, құсу, жарықтан қорқу, тері қышуы.

Көрсеткіш: тенмаринхоз. Дифиллоботриоз. Гименолепидоз.

Қарсы көреткіш: никлозамидке жоғары сезімталдық, жүктілік, он екі елі ішек, асқазан, ойық дара ауруы, анемия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет