Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та



бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#124854
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Рифампицин


Табиғи рифампициннің жартылай синтеттикалық туындысы. 70-ші жылдардың басынан бері қолданылады. Кең спектрлі әсерге ие және фармакокинетикалық әсерлері бар. Бірақ қолдануға көрсеткіштеріндегі оған тез тұрақтылық дамуы рифампициннің қолдануын шектейді. Оны көбінесе туберкулезде, атипиялық микобакториозды және сирек жағдайларда кейбір ауыр инфекцияларда, антимикробты препараттар тиімсіз болғанда қолданады.
Әсер ету механизмі

Бактериоцидті әсерге ие, РНК синтезінің арнайы ингибиторы болып табылады.


Белсенділік спектрі

Рифампицин – туберкулез микобактериясына, атиптік микобактерияларға, әр түрлі грамм оң кокктарға басымырақ әсер көрсететін кең спектрлі антибиотик.

Грамм оң микроорганизмдерге әсер етеді грамм теріс кокктар – N.meningitidis және N.gonorrheae –сезімтал, бірақ емдеу үдерісінде тез тұрақтылық пайда болады.

Рифампицин M.influenzae, H.ducrei, B.tularensis, B.anthracis, L.monocytogenes, F.tularensis, легионелалар, риккетсияларға қарсы белсенділікке ие.

Enterobacteriaceae тұқымдастығы және ферменттемейтін грам теріс бактерияларға сезімтал емес. Рифампицин грамм оң анаэробтарға қарсы белсенділікке ие.
Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі. Тағамның биотиімділігін төмендетеді. Қанның сарысуында шың қосымдылығы 2 сағаттан соң анықталады. Фармакокинетикалық көрсеткіштері тәуліктік дозада 1 рет қабылдаған да және емдеу ұзақтығы 10-41 күннен артық болғанда тұрақты болып табылады.

Қақырық, сөл, мұрын сұйықтығында, өкпеде, плевралді және перитонеоналді сұйықтықтарды, бүйреке және бауырда әсерлі қосылымдар түзеді. Туберкулезді менингит кезінде жұлын-ми сұйықтығында әсерлі қосылымдарда анықталады. Плацента арқылы және ана сүтіне өтеді.

Бауырда белсенді метаболит түзіп, метаболизмге ұшырайды. Ағзадан өт және несеп арқылы шығарылады, онда дозасы жоғарылағанда бүйректің үлесі жоғарылайды. Жартылай шығарылу уақыты 1-4 сағат.


Жағымсыз реакциялары

Асқазан ішек жолдары: тәбеттің төмендеуі, құсу, лоқсу, іш өту

Бауырда: трансаминадазалар және билирубиннің деңгейінің жоғарылауы; сирек дәрілік

гепатит.


Қауіпті факторлары: алкоголизм, бауыр аурулары, басқа гепатотоксикалық препараттармен қосу.

Аллергиялық реакциялар: бөртпелер, эозинофилия, Квинке ісігі, терілік синдром қызарумен, бет және бас терісінің қышыумен, жас ағумен көрініс береді.

Грипп тәрізді синдромдар: бас ауыруы,қызба, сүйектердің ауырсынуы.

Гематологиялық реакциялар: тромбопениялық пурпура, нейтропения.

Бүйректе: қайтымды бүйрек жеткіліксіздігі.

Көрсеткіштері: Туберкулезді емдеу. Лепра
Рифабутин

Рифампицин S-тің туындысы. Табиғи көптеген туындылары бойынша рифампицинге ұқсас.



Айырмашылықтары

Рифампицинге тұрақты M.tuberculosis-тің кейбір штамдарына (25-40%) әсер етуі мүмкін.

Атипиялық микобактерияларға басым белсенділік көрсетеді.

Биотиімділігі тағам қабылдағаннан соң қабылдағанда өзгермейді.

Жартылай шығарылу уақыты ең ұзақ 16-45 сағат;
Увеит туындатуы мүмкін

Цитохром Р450 рифампицинге қарағанда әлсіз индукторы болып бір уақытта енгізгенде метаболизмді жылдамдатып, келесі препараттардың зидолвудиннің, циклоспоринннің, пероралді контрацевтивтердің, пероралді диабетке қарсы заттардың қандағы қосылымдарын төмендетеді. Рифабутиннің этамбутолдан, пиразиамид және теофиллиннің әсерлеуінің иқтималдылығы төмен.

Флуконазол және клотриромицин рифабутиннің метаболизмін тежейді, оның қандағы қосылымдарын жоғарылатады.

14 жасқа дейінгі балаларда, жүктілк, кезінде қолданбайды.



Көрсеткіштер

Әртүрлі таралудағы туберкулезде, M.tuberculosis-тің рифампицинге резистенті, бірақ рифабутинге сезімтал штамдарымен шақырылатын туберкулездерде.

M.avium – intracellulare және басқа атипті микобактериялардың кешені мен шақырылған инфекцияларда емдеу.

АИВ-инфекциясы бар науқастарда атипті микобактериоздың алдын-алу мақсатында

Қарсы көрсеткіштері

Препаратты жекеше көтере алмау. Бауырдың ауыр аурулары. Жүктілік. 14 жасқа дейінгі балалар.



Пиразинамид

Пиразинамид – синтетикалық туберкулезге қарсы препарат



Әсер ету механизмі

M.tuberculosis-ке әлсіз бактерицидті әсер көрсетеді, бірақ айқын «залалсындырушы» әсерді макрофагтар ішінде және жаңа қабыну ошағында көрсетеді. Баяу көбейетін микобактерияларға, оның ішінде торша ішілік және сыртылық әсер көрсетеді. Персистирлеуші түрлеріне көбінесе қышқылды ортада әсер етеді. Әсер етуінің толық механизмі анықталмаған



Белсенділік спектрі

M.tuberculosis-ке қарағанда белсенділікке ие. Туберкулез микобактерияларына біріншілік тұрақтылық көрсетуі пиразинамидке тән емес, бірақ монотерапия кезінде ол дамиды.



Фармакокинетикасы

Асқазан ішек жолдары арқылы жақсы сіңіріледі. Барынша деңгейі 2-3 сағаттан кейін белгілі болады. Барлық ұлпаларға және биологиялық сұйықтықтарға тез енеді. Бауырда басым метаболизмге ұшырайды. Метаболизм өнімдерінің көп бөлігі (70?) несеп арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты 9-12 сағат, буйрек жеткіліксіздігі кезінде жоғарылайды. Гемадиализ кезінде шығады.



Жағымсыз реакциялары

Асқазан ішек жолдары: жиі лоқсу және құсу

Зат алмасудың бұзылысы: гиперурикемия, ол артралгия және миалгия мен көрініс береді.

Бауырда: трансаминадазалар деңгейінің жоғарылауы, дозаға тәуелді гепатотоксикалық

Гематологиялық реакциялар: тромбоцитопения, эритроидты гиперплазия.

Басқа: дәрілік қызба, дизурия.



Көрсеткіштері

Пиразинамид туберкуклездің біріктірілген терапиясы кезіндегі туберкулезға қарсы препараттың I-ші тобына жататын препараттар.



Қарсы көрсеткіштері

Препараттты жекеше көтере алмау. Бауыр және бүйректің ауыр түрдегі аурулары. Подагра. Асқазан ішек жолдарының-ң ауыр бұзылыстары. Гипотериоз. Эпилепсия. Психоздар.



Этамбутол

Этамбутол – синтетикалық туберкулезге қарсы препарат



Әсер ету механизмі

Этамбутолдың белсенділігі микобактериялардың торша мембранасының синтезін тежеуімен байланысты.

Препарат бактериостатикалық әсер көрсетеді. Тек қана көбейетін микобактерияларға қарсы белсенділікке ие, әсері 1-2 күннен соң пайда болады.

Белсенділік спектрі

Этамбутол M.tuberculosis және бірқатар атипті микобактерияларға қарсы белсенді. Басқа туберкулезге қарсы препараттармен айқас тұрақтылық байқалмайды.



Фармакокинетикасы

Асқазан ішек жолдары арқылы жақсы сіңіріледі, қанның сарысуында барынша қосылымдары 2-4 күннен соң анықталады. Ағзаның көптеген ұлпаларына және биологиялық сұйықтықтарына, жұлын-ми сұйықтығына өтеді.

Торша ішілік қосылымдары торша сыртылықтан 2 есе артық болады. Эритроциттерде жиналуына байланысты қанда ұзақ айналымда болады. Бүйректе өзгермеген (50%) және өзгерген метаболиттер түрінде (8-15%) басымырақ шығарылады. Этамбутолдың бір түрі Асқазан ішек жолдары арқылы өзгермеген түрінде шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты 3-4 сағат, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде жоғарылайды.

Жағымсыз реакциялары

Жүйке жүйесі: бас айналу, ретробульбарлы неврит, перифериялық невропатиялар, парестезиялар

Асқазан ішек жолдары: лоқсу, құсу

Алларгиялық реакциялар: бөртпе т.б.

Басқа: қақырық мөлшері көбеюімен жөтелдің күшеюі

Көрсеткіштері

Этамбутол қазіргі кезде ұсынылған туберкудез химиотерапиясының бірнеше кестесінің компоненті. Препарат басқа туберкулезге қарсы препаратардың біріншілік резистенттіке күдік туғанда қолданылады.



Қарсы көрсеткіштері

Препаратты жекеше көтере алмау. Кез-келген этиологиялық көру жүйкесінің невриті, диабеттік ретинопатия. Көздің қабыну аурулары. 2 жасқа дейінгі балалар.



II –ші топтағы Туберкулезге қарсы препаратттар
Циклосерин
Алғашқа табиғи микробқа қарсы препараттың бірі. Қазіргі кезде оны синтетикалық жолмен алады.

Әсер ету механизмі

D-аланиннің бәсекелестік антагонисті болып табылады. Бактерия торшасындағы аланин қышқылының синтезіне жауапты ферменттерді тежейді. Қосылымдарына байланысты бактериостатикалық және бактерицидті әсер көрсетеді.



Белсенділік спектрі

Циклосерин бірқатар грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге, спирохеталар және риккетсияларға қарсы белсенділікке ие. Бірақ тәжірибеде циклосериннің маңыздылығы M.tuberculosis және кейбір атипті бактерияларға белсенділігінің жоғарылығы.

M.tuberculosis-тің циклосеринге тұрақтылығы сирек жағдайларда пайда ьолады. Ұзақ уақыт емдегенде де; 6 ай бойы емдегеннен кейін 20-30% тұрақты штамдар анықталады. Басқа туберкулезге қарсы препараттарға айқас тұрақтылық анықталмаған.

Фармакокинетикасы

Ауыз арқылы ішке қабылдағанда қанда жоғары дозаға тәуелді қосылымдар түзіп, толық сіңіріледі. Қайта қолдану кезінде кумуляция дамиды. Ағзаның барлық ұлпаларымен сұйықтықтарынан жақсы өтеді. Терапевтикалық деңгейлері қақырықта, бронх ағашының сұйықтықтарында, өкпе ұлпасында, плевра және іш қуысында, лимфа түйіндерінде анықталады.

Бауырда жартылай метаболизмге ұшырайды. Ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты – шамаммен 10 сағат, жетіспеушілік кезінде жоғарылайды. Гемадиализ кезінде шығарылады.

Жағымсыз реакциялары

Орталық жүйке жүйесінде: бас ауыруы, бас айналуы, тепе-теңдіктің бұзылысы, тітіркендіргіштік; ауыр жағдайларда көрудің нашарлауы, психоз, эпилепсиялық тырысулар.

Алдын-алу шаралары: тәуліктік дозада 1,0г-нан көп қабылдамау, препараттың қандағы қосылымдарын бақылау, пиридоксинді қабылдау.

Жәрдем шаралары: седативті және тырыспаға қарсы препараттарды қабылдау

Асқазан ішек жолдарында: лоқсу, тәбеттің төмендеуі, диарея, іш қату.

Бактериолиз реакциясы: гипертермия, қақырық мөлшерінің жоғарылауы, лейкоцитоз

Аллергиялық реакциялар: сирек бөртпе және т.б.

Көрсеткіштері

Туберкулез (өкпелік және өкпеден тыс) –аурудың барлық түрлеріне және кезеңдеріне



Қарсы көрсеткіштері

Жүктілік. Препаратты жекеше көтере алмау. Бүйрек жеткіліксіздігі. Психоздар. Эпилепсия.


Этиоамид және протионамид
Этионамид және протионамид – құрылысы бойынша ұқсас синтетикалық препараттар, изоникатин қышқылы туындылары болып табылады. Протионамид біраз жақсырақ қабылданады.

Әсер ету механизмі

Бактериостатикалық әсер көрсетеді. Оның механизмі белгісіз. Олар әсірісе қышқылдық ортада торша ішілік немесе торша сыртылық орналасқан туберкулез микобактериясының тез және баяу көбейетініне қарсы белсенділікке ие. Арнайы қабыну ошағында фагоцитозды белсендіреді, басқа туберкулезға қарсы препараттарға қарсы тұрақтылықтың дамуын тежейді. Оларға синергизмдік әсер көрсетеді.



Белсенділік спектрі

M.tuberculosis-ке, жоғары концентрацияларда M.leprae және кейбір атипті микобактерияларға да әсер көрсетеді. Микобактерияларда екі препаратқа да айқас тұрақтылық байқалады.



Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі және ағзаның барлық ұлпаларына және сұйықтықтарына, жұлын-ми сұйықтығына да таралады. Препараттарды олардың қуысына және капсуланған құрылымдарына ену қабілетіне байланысты « енуші» деп атайды. Бауырда метаболизмге ұшырайды, бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты 2-3 сағат.



Жағымсыз реакциялары

Асқазан ішек жолдары: анорексия, лоқсу, ауыздағы жағымсыз дәм, ашыған иіспен кекіру, құсу.

Орталық жүйке жүйесі: ұйқышылдық, көзге елестеулер, депрессия

Бауырда: гепатит дамуына алып келетін гепатотоксикалық реаакциялар



Көрсеткіштері

Туберкулезді емдеу



Қарсы көрсеткіштері

Жедел гастрит. Асқазан және ішек жарасы. Жаралы колит. Бауыр циррозы және басқа да асқыну сатысындағы бауыр аурулары. Жүктілік. Препаратты жекеше көтере алмау. 14 жасқа дейінгі жас.



Парааминосалицил қышқылы (ПАСҚ)

Клиникада 40-ші жылдардан бері натрий және кальций тұзы түрінде қолданады.



Әсер ету механизмі

ПАСҚ-ң туберкулостатикалық әсер етуінің негізінде M.tuberculosis-тің өсу факторы болып табылатын ПАБҚ-мен антогонизмі жатыр. ПАСҚ белсенді бөліну сатысындағы микобактерияларға әсерін көрсетеді және тыныштық жағдайындағы микобактерияларға дәрілік әсер етпейді. Торша ішілік орналасқан қоздырғыштарға әлсіз әсер етеді.



Белсенділік спектрі

ПАСҚ тек қана M.tuberculosis-ке белсенді әсер көрсетеді. Басқа микобактерияларға әсер етпейді.



Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі, бірақ АІЖ шырышты қабатын тітіркендіреді. Бауырда, аздап асқазанда метаболизмге ұшырайды. Несеппен шығарылады, жартылай шығарылу уақыты 30 минут.



Жағымсыз реакциялары

Асқазан ішек жолдары: лоқсу, құсу, диарея, іштің ауруы

Аллергиялық реакциялары: бөртпе және т.б.

Бауырда: трансаминадаза деңгейінің артуы, протромбин синтезінің бұзылысы

Басқа: гипокалиемия, агранулоцитоз, гипертериоз, кристаллурия

Көрсеткіштері

ПАСҚ басқа туберкулезге қарсы препараттарді көтере алмау кезінде немесе микобактериялардың көптеген тұрақтылығы кезінде қолданылады.



Қарсы көрсеткіштері

Бауыр мен бүйренктің ауыр аурулары. Амилоидоз. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы. Бақылаусыз жүрек жеткіліксіздігі. Жүктілік. Препаратты жекеше көтере алмау.


Тиоацетазон
Тиоацетазон 40-ші жылдардың соңына қарай шығарылды. Қазірде жоғары уыттылығына байланысты шектеулі қолданады.

Әсер ету механизмі

Бактериостатикалық әсер көрсетеді, ол оның мыспен кешенді тұздар түзуіне байланысты. Аз дозаларда фагоцитозды күшейтеді.



Белсенділік спектрі

Туберкулез және лепра микобактериясына қарсы белсенді. Әлемнің кейбір аймақтарында микобактериялар табиғи тұрақтылыққа ие. Этионамид және протионамид айқас тұрақтылыққа ие.



Фармакокинетикасы

Асқазан ішек жолдары арқылы жақсы сіңіріледі. Шамамен 1/3 бүйрек арқылы өзгермеген күйде шығарылады, ал қалғаны матаболизмге ушырайды. Жартылай шығарылу уақыты – 13 сағат.



Жағымсыз реакциялары

Бауырда: гепатит дамуына әкелетін гепатотоксикалық реакциялар

Гематологиялық реакциялары: тромбоцитопения, агранулоцитоз, гематолитикалық анемия.

Асқазан ішек жолдарында: іштің ауыруы, лоқсу, құсу

Аллергиялық реакциялар: бөртпе т.б.

Көрсеткіштері

Денсаулық сақату саласы төмен қаржыланатын елдерде резервті туберкулезға қарсы препарттар ретінде қолданады, себебі ол барлық туберкулостатиктер ішінде ең төмен бағалы болып келеді.



Қарсы көрсеткіштері

Асқазан ішек жолдарының ауыр аурулары. Бауыр мен бүйректің ауыр аурулары. Қан жасау патологиясы. Қант диабеті. Жүктілік.



Капреомицин

Табиғи полипептидті құрылымды МҚП

Әсер ету механизмі Бактериостатикалық әсер көрсетеді.

Белсенділік спектрі Тек қана M.tuberculosis-ке қарсы белсенді. Стрептомицинге қарсы айқас тұрақтылыққа ие емес.

Фармакокинетикасы

Асқазан ішек жолдары арқылы нашар сіңіріледі. Бұлшықет ішілік енгізгенде қан сарысуындағы шың қосылымдары 1-2 сағаттан кейін жетеді. ГЭТ-дан өтпейді. Плацента арқылы өтеді. Метаболизмге ұшырамайды. Бүйректен өзгермеген күйінде шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты 4-69 сағат.



Көрсеткіштері

I-ші топ препараттарына және қабылдануы нашарлағанда, оларға тұрақтылық дамығанда резервті туберкулезға қарсы препарат ретінде қолданады.



Қарсы көрсеткіштері

Препаратты жекеше көтере алмау. Жүктілік. Балалық шақ.


Туберкулезге қарсы біріктірілген препараттар

Қазірде бірқатар біріктірілген туберкулезға қарсы препараттар қолдануда. Оларды шығарудың себебі ДДҰ-ң туберкулезді қысқа мерзімді химиотерапиясы арқылы емдеу туралы хаттамасына сәйкес, ол емдеудің 2 фазасынан тұрады: бастапқы және жалғасушы фаза. Біріктірілген туберкулезға қарсы препараттардың I-ші топ препараттарының әр түрлі қосарлануынан тұрады. Олар: рифампицин, изониазид, пиразинамидтің, этамбутолдың қосарлануы. Біріктірілген туберкулезға қарсы препараттартарды қолдану әсіресе, көптеген таблеткаларды қабылдаудан науқастардың күдіктенуі кезінде амбулаторлы емдеу өзіні ақтаған.

Біріктірілген туберкулезға қарсы препараттар бауыр аурулары, подагра, қант диабеті, кәрі жастағы науқастарға байқап тағайындау керек. Емдеу барысында бауыр қызметін, қан сарысуындағы зәр қышқылының деңгейін, көру қызметтерін бақылау керек.

ГЕЛЬМИНТТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР
Гельминттерге қарсы заттар – гельминттерді өлтіретін(vermicide) немесе шығаратын(vermifuge) дәрілер.

Гельминтоз – бұл паразитті құрттармен (глисттермен) туындайтын ауру болып табылады.


ГЕЛЬМИНТОЗДАР ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ



Дөңгелек құрттар Жалпақ құрттар

(нематодтар) Цестодтар

сорғыштар таспа құрттар

(трематодтар) (цестодтар)

Гельминтоздар әр жерде, (дүниежүзінің 1/3 халлқы зақымдалған) , бірақ ең жиі санитарлы деңгейі төмен және кедей халқы көп дамушы елдерде басым кездеседі.

Адам ағзасында олар асқазан ішек орналасқан, бірақ кейбіреулері тіннен тінгеауысып тіршілік етеді. Олар иесінің ағзасында оның тағамын қолданады, қан кетуге әкеледі, ағзаларын зақымдайды, токсиндерін бөліп, лимфостазға әкеледі де білінерлік зиян келтіреді. Гельминтоздар өлімге сирек әкеледі, бірақ көбісі адам ауруларына әкеледі.

Гельминттердің жүйке жүйесі омыртқалылардың жүйке жүйесінен айтарлықтай өзгеше. Осының нәтижесінде гельминттерге қарсы заттардың әсері жүреді. Дөңгелек құрттардың тежеуші және қоздырушы ацетилхолин, ГАМК медиаторлары бар жүйке-бұлшықетті синапстары бар.


Гельминттердің орналасуы


Ішектік гельминтоздар Ішектен тыс гельминтоздар

ГЕЛЬМИНТТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША

1. Клеткалық улар – төртхлорлы этилен

2. Жұмыр құрттардағы жүйке – бұлшықет жүйе функциясын бұзатын –

Пирантела памоат (комбантрин)

Пиперазина адипинат

Диэтилкарбамазид (дитразин)

Левамизол (декарис)

Нафтамон
3. Жалпақ құрттардың жүйке-бұлшықет жүйесін салдандырып, олардың жабынды ұлпаларын зақымдайтын.

Празиквантел (билтрицид)

Никлозамид (фенасал)

Битионол (битин)
4. Гельминттердің энергетикалық процесстеріне әсерететін

Аминоакрихин

Пирвиния памоат

Декарис (левамизол)

Мебендазол (вермокс)

Албендазол (зентал)
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША
5. Бензимидазол туындылары –

Левамизол (декарис)

Мебендазол (вермокс)

Албендазол (зентал)
6. Басқа химиялық топтардың туындылары

Пирантела памоат (комбантрин)

Празиквантел (билтрицид)

Никлозамид (фенасал)

Битионол (битин)

Пиперазин адипинат
ІІ. ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ ТҮРІ МЕН ОРНАЛАСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

1. Ішек гельминтоздары


  • НЕМАТОДОЗДАР

1) Аскаридоз (аскаридалар – Ascaris lumbricoides) –


мебендазол, пирантела памоат, албендазол

левамизол, пиперазин, нафтамон
2) Энтеробиоз (острицалар – Enterobius vermicularis) –

Пирантела памоат, мебендазол, албендазол

Пиперазина адипинат, пирвиния памоат
3) Трихоцефалез (анкилостомалар – Ancylostoma duodenale, Necator
americanus) – мебендазол, пирантела памоат,

албендазол, левамизол, нафтамон, төртхлорлы этилен
5) Стронгилоидоз (ішек угрицалары – Strongiloides stercoralis) –

Албендазол, празиквантел
6) Трихостронгилоидоз (трихостргилоиды – Trichostrongylide туыст.) –

Пирантела памоат, албендазол, левамизол,

Пиперазина адипинат, нафтамон


  • ЦЕСТОДОЗДАР

1) Дифилоботриоз ( жалпақ лентец – Diphylothrium latum) –



Празиквантел, фенасал, трихлорофен,

Аминоакрихин

2) Тениоз (қарулы цепень – Taenia solium) –



Празиквантел, трихлорфен

3) Тениаринхоз (қарулы емес цепень - Taenia saginata ) –



Празиквантел, фенасал, трихлорофен, аминоакрихин

4) Гименолипидоз (ергежейлі цепень – Hymenolepis nana) –



Празиквантел, фенасал, трихлорофен, аминоакрихин


  • ТРЕМАТОДОЗДАР

1) Метагонимоз (метагонималар – Metegonimus yokogawai) –



Празиквантел, төртхлорлы этилен
ІШЕКТІК ЕМЕС ГЕЛЬМИНТОЗДАР


  • НЕМАТОДОЗДАР

1) Филяритоз (Wuchereria bancrofti, Brugia malayi – лимфа жүйесі; Loa Loa – тері асты май шелі; Onchocerca volvulus – тері асты май шелі, көз тіндері) – ивермектин(мектизан)


2) Трихнеллез (Trichinella spiralis – бұлшық ет, тоқ ішек) - мебендазол


  • ТРЕМАТОДОЗДАР

1) Шистосомоздар (бильгарциоз; Schistosoma mansoni, S. Haematobium, S.japonicum - қан тамырлары) – празиквантел, антимонила натрия тартрат

2) Фасцилез ( Fasciola hepatica - бауыр, өт қапшығы) – хлоксил,битионол

3) Описторхоз ( Opistorchis felineus - бауыр, ұйқы безі) – празиквантел, антимонила, натрия тартрат, хлоксил

4) Клонорхоз ( Clonorchis sinensis - бауыр, ұйқы безі) – празиквантел, антимонила натрия тартрат хлоксил, албендазол

5) Парагонимоз ( Paragonimus westermani - өкпе, ми, лимфа түйіндері, т.б.) – празиквантел, хлоксил, битионил, эметина гидрохлорид




  • ЦЕСТОДОЗЫ

1)Цистицеркоз ( Cysticercus cellulosae - цистицеркоидты кезең Tenia solium - бұлшықет, ми, көз тіндері, т.б.) – мебендазол, албендазол

2) Эхинококкоз ( Echinococcus granulosus, E. multilocularis - бауыр, өкпе, ми, т.б. тіндер) – мебендазол, албендазол

3кесте


3 кесте ГЕЛЬМИНТТЕРГЕ ҚАРСЫ ХИМИОПРЕПАРАТТАРДЫ ТАҢДАУ


Гельминтоз

түрі


Қоздырғыш

Гельминттерге қарсы

дәрілерді таңдау



Қосымшалар

І қатар препараттар

Альтернативті препараттар

Нематодалар

Nemathelminthes

(Nematoda класы)

АСКАРИДОЗ – жұмыр гельминттер Ascaris lumbricoides –пен шақырылатын адам гельминтозы. Аурудың ерте фазасында аллергиялық синдроммен, кеш фазасында - АІЖ функция бұзылысымен сипатталады.

Пирантел, 10мг/кг 1 рет

Левамизол, мебендазол, албендазол




АНКИЛОСТОМИДОЗ – Ancylostomatidae тұқымдастығына нематодаларының адам организмінде паразиттерлеуімен шақырылатын гельминтоздар.

Ancylostoma duodenale және Necator americanus темір тапшылық және АІТ функциясының бұзылысымен сипатталатын созылмалы ағыммен өтеді.



Пирантел

Левамизол, мебендазол, албендазол

Анемия белгілері болса, арнайы емге темір препараттарын қосады, ал қажет болса фолий қышқылы

ТРИХОЦЕФАЛЕЗ - Trichocephflus trichiuris – влагославымен шақырылатын адам гельминтозы.

АІТ функциясының бұзылуымен сипатталатын созылмалы ағыммен өтеді.



мебендазол

албендазол







ЭНТЕРОБИОЗ(оксиуроз) – Enterobius (Oxuyris) vermicularis острицамен шақырылатын адам гельминтозы. Ішек бұзылыстарымен перианальді қышынумен сипатталады.

пирантел

Мебендазол, албендазол

Әдетте таңдалынған препаратты 7-10күн аралығында екі рет қабылдауға тағайындайды, себебі бір рет қолдану жиі реинвазиялармен суперинвазиялар болғандықтан қажетті әсер бермеуі мүмкін.

Сәтті дегельминтизацияның негізгі шарттары болып, жанұяның барлық мүшелерін бір уақытта емдеу және қайталамалыжұғудың алдын алу үшін гигиеналық режимді қатаң сақтау.



СТРОНГИЛОИДОЗ- жалпы аллергиялық көріністермен және АІТ зақымдануымен сипатталатын созылмалы ағымды гельминтоз. Қоздырғышы – ішек угрицасы (Strongiloides stercoralis)

Албендазол- 3күн курсы

Ивермектин- 1рет




ТРИХИНЕЛЛЕЗTrichinella туысының нематодасының адам организміне паразиттеумен шақырылатын гельминтоз. Жедел ағыммен, қызбамен, бұлшықеттегі ауырсынумен, ісінумен, гиперэозинофилиямен және басқа аллергиямен көрініс береді. Трихинеллез емі жеке және арнайы (этиотропты) және патогенетикалық терапиядан тұрады.

Мебендазол – 7-14күн ішінде әрбір 8 сағ сайын 0,1г дозасында

Албендазол – 7-14күн ішінде 10мг/кг/тәул дозасында 3 рет қабылдайды

Симптоматикалық терапия құрамына антигистаминді стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды тағайындау кіреді. Неврологиялық бұзылыстармен, миокардитпен, өкпе жеткіліксіздігімен бірге ауыр инвазия болсаглюкокортикоидтарды, преднизолонды – ішке, 20-80мг/тәул дозасымен 5-7күн және кейін дозасын азайтамыз, 1-1,5 аптадан кейін препаратты емнен аламыз. Глюкокортикоидтаршектегі периодын ұзартатын болғандықтан антигельминтті препараттар (мебендазол немесе албендазол) тағайындайды. Оларды глюкокортикоидпен бірге қабылдау керек және оларды алғаннан кейін бірнеше күн қабылдайды.




ТОКСОКАРОЗ – иттердің жұмыр гельминті – Toxocara canis (сирек мысық паразиті – T.cati) личинкаларымен адамды инвазиялау нәтижесінде дамитын ауру. Клиникалық симптоматикасы полиморфты және личинкалар локализациясына байланысты: астмоидты жағдай, қызба, терідегі уртикарлы бөртпелер, көрудің нашарлауы, гепатомегалия эпилептоидты жағдайлар, эозинофилия.

Албендазол – 10-20күн ішінде 10мг/кг/тәул

Диэтилкарбамазин – 3 апта ішінде 3мг/кг/тәул







ФИЛЯРИТОЗДАРFilariide тұқымдастығының нематодасымен шақырылатын тропикалық гельминтоздар тобы. Трансмиссивті берілумен, баяу дамумен, ұзақ ағыммен сипатталады. Кең таралғаны – лимфалық филяритоздар(вухерериозжәне бругиоз) онкоцеркоз және лоаоз.

Диэтилкарбамазин – Курсы 12-14 күн, бірінші күні - тәуліктік дозаның 1/3 –н бастайды. 3-4 күні толық доза. 3-6 айдан кейін микрофилярийлер қанда анықталса, емдік курсы қайталанады.

Ивермектин – монотерапия немесе диэтилкарбамазин немесе албендазолмен қосып.

Асқынулар (лимфааденит, лимфангит) дамыса, арнайы ем антибактериальді терапия және хирургиялық операцияларын қосарланады. Аурудың обструктивті стадиясында пілдік дамыса, консервативті ем әсері әлсіз.




ЛОАОЗ – филяриатоз, жұмсақ тіндер ісінуімен, коньюктива зақымдануымен, серозды қабықшалар мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен сипатталады. Қоздырғышы – Loa Loa түрінің нематодасы.

Диэтилкарбамазин – курс 2-3 апта. Емді кіші дозадан бастап, біртіндеп көбейтіп, 3-5 күн ішінде терапевтікке ауыстырады.

Диэтилкарбамазин


Лоаоз емінде диэтилкарбамазин жиі ауыр аллергиялық реакциялар туғызады. Олар гельминттер өлімімен байланысты, интенсивті инвазияда – менингоэнцефалитке шейін. Сондықтан терапияны стационарда антигистаминді дәрілік заттар тағайындап жүргізіледі.




ОНХОЦЕРКОЗ – («өзендік соқырлық») – жіп тәрізді нематода, Onchocerca volvulus шақырылатын, терінің теріасты қабатының, лимфа түйіндерінің зақымдануымен және көздің соқырлыққа дейін дамуымен сипатталатын ауру.

Ивермектин – 1ретті

Диэтилкарбамазин – алғашқыда аз дозада қолданып, кейін біртіндеп стандартты дозаға дейін жоғарылатады. Емді 10 күн көлемінде жалғастырады.




Цестодоздар (Cestoidea)

ТЕНИАРИНХОЗ – бұқа цепенімен қоздырылатын гельминтоз (Taeniarhynchus saginatus) АІТ қызметінің бұзылуымен және ішектенгельминттің бунақтарының өздігінен түсуімен сипатталады.

Празиквантел - 25мг/кг бір рет

Никлозамид – кешке ұйқы алдында 2,0г және таңертең аш қарынға 1,0г. 5 сағаттан кейін іш өткізгіштерді қабылдайды.







ТЕНИОЗ, ЦИСТЕЦЕРКОЗ – адам ішегінде шошқа цепенінің болуымен шақырылатын гельминтоз(Taenia solium ). Цистицеркоз дегеніміз адамда осы гельминттің жұмыртқалық сатысының болуынан туындайтын инвазия; ең ауыр түрі – нейроцистицеркоз.

Никлозамид - түнде 2,0г. Қабылдаудын 15 мин бұрын 1,0-2,0г натрий гидрокарбонатын ішу керек. Препараттың әсері жоғарылап, сколекстің және дамымаған бунақтарының жойылуына әкеледі.

Празиквантел – 25мг/кг 1 рет







ДИФИЛЛОБОТРИОЗ – қоздырғыштары Diphylothrium туыстастығына жататын лентецтер болып табылатын гельминтоз. Негізгі қоздырғышы – жалпақ лентец - Diphylothrium latum . АІТ қызметінің бұзылысының созылмалы ағымымен және мегалобластты анемия дамуының мүмкіндігімен сипатталады.

Празиквантел – 25мг/кг 1 рет




Айқын анемия кезінде дегельминтизацияға дейін В12 витаминін тағайындайды.




ГИМЕНОЛЕПИДОЗHymenolepis туыстығына жататын цепеньмен шақырылатын адам және ұсақ кеміргіштер гельминтозы. Асқорыту мүшелерінің қызметінің бұзылысымен сипатталады.

Празиквантел – күніне 2 рет 2мг/кг (10күн интервал)










ЭХИНОКОККОЗДАР – адам Taeniidae тұқымдастығына жататын – Echinococcus granulosus және E.multicularis –тің жұмыртқаларының болуымен шақырылатын созылмалы ағымды гельминтоздар.

Альбендазол – 10-20 мг/кг/тәул. Үздіксіз цикл ұзақтығы 3 аптадан бірнеше айға дейін; цикл саны 1-ден20-ға дейін және одан да көп. Цикл арасындағы үзіліс 21-28 күн немесе емді бірнеше жыл көлемінде үздіксіз жүргізеді.

Мебендазол – алғашқы 3 күнде әрбір 12сағат сайын 0,5г, келесі 3 күн әрбір 8 сағат сайын 0,5г, кейін 15-24 ай көлемінде 25-30 мг/кг/тәул 3-4 рет қабылдайды.

Эхинококкозбен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі - хирургиялық. Консервативті терапия бауыр, өкпе және т.б. мүшенің зақымдануында қолданылады, мұнда операциялық кірісу өмір үшін қауіпті болып табылады.

Терапия кезінде паразиттің өміршеңдігінің төмендеуімен және өлімімен байланысты асқынулар пайда болуы мүмкін: кистаның іріңдеуі, кенет жарылуы, альвеолярлы эхинококктың ыдырауынан абцеске әкелетін қуыстардың пайда болуы. Асқынудың үлкен жиілігі өкпе эхинококкозының емі кезінде байқалады. әсіресе кистаның диаметрі 6см-ден жоғары болса. Осындай жағдайларда өкпенің іріңдігі (абцесс) мен плевра эмпиемасының дамуы байқалады. Бұл асқынулар хирургиялық емді жиі қажет етеді.



Трематодоздар

(Trematoda)

ОПИСТОРХОЗ, КЛОНОРХОЗ - гепато-билиарлы жүйенің және ұйқы безінің зақымда-луымен сипатталатын, Opisthorchis felineus және Clonorchis sinensis трематодтарымен шақы-рылатын гельминтоздар.

празиквантел курс-1күн.




Ауыр ағымды жедел сатысында десенсибилиздеуші және дезинтоксикациялық терапияны қолданады. Созылмалы сатысында комплекстік терапияны гастро-энтерологиялық профильді науқастарды емдеудің жалпы принциптері бойынша жүргізіледі.




ПАРАГОНИМОЗ – тыныс алу мүшелерін, кейде бас миы мен басқа мүшелерді зақымдайтын гельминтоз. Қоздырғы-шы: Paragonimide тұ-қымдастығы: Paragonimus westermani, P. skjabini және т.б. трематодтар.

празиквантел курс-1күн.




Эктопиялық прагонимозбен ауыратын науқастарды, әсіресе ОЖЖ зақымы кезінде, міндетті түрде стационарда емдеу қажет.




ШИСТОСОМОЗДАРSchistosoma туыстастығының трема-тодтарымен шақыры-латын тропикалық гельминтоздар. Жедел сатысында токсико-аллергиялық реакциялармен, созылмалы сатысында қоздырғыштың түріне байланысты дамыған ішектің (S.mansoni, S.japonicum, S.intercalatum, S.mecongi) немесе зәр-жыныс жүйесінің (S.haematobium) зақымдалуымен сипат-талады.

празиквантел курс-1күн.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет