Малярияның химиопрфилактикасы
Жекеше, топты және жалпы химиопрофилактика болып бөлінеді. Жүргізу ұзақтығы бойынша – қысқа, маусымдық және маусымаралық. Жекеше химиотерапия эндемиялық ошаққа шығатын барлық адамдарда жасалады. Онда мефлохин, хлорохин және доксициклин жатады.
Химиопрофилактиканың әсері препараттың дұрыс таңдалуына және оны дұрыс қолдануына байланысты. Сондықтан дәрігер малярияның географиялық орналасуы туралы білу кереек. Малярияға қарсы перапараттардың химиопрфилактика үшін ұссынысы ДДҰ материалдарында көрсетілген.
Маляряиға қарсы препараттардың абсолютті эффективті және қауіпсіз препараттар жоқ екенін білген жөн. Қандағы препараттың қажетті концентрациясын алу үшін және кері реакцияларды анықтау үшін перапратты алдын ала қолдану қажет. Мефлохин 2 апта бұрын, хлорохин-1апта бұрын, прогуанил және доксициклин-1 апта бұрын. Дәрілік заттарды ошақта болған барлық уақытта қолданған кезінде, тек 6 айға дейін. Эндемиялық ошақтан шыққан уақыттан кейін 4 арта бойы дәрілік затты қолдануды тоқтату керек.
Жүкті әйелдердің химиопрофилактикасын І триместрде хлорохинді прогуанилмен қосып, кейін 2 триместрде мефлохинмен алмастыру қажет.
Жүктілік кезінде малярия емінің ерекешелігі.
Жүкті әйелдердің малярия еміндегі препарат хинин, ол көптеген плазмодиялардың штамына әсер етеді және парентеральды енгізгенде қоздырғышқа тез әсерін көрсетеді. Хининді қолданған кезде хининнің мөлшері 1,0 г/тәулігіне. Жүктіліктің асқынбаған тропикалық малярия кезінде мефлохинді қолдануға болады.
Р.falcifarum маляриясының негізгі асқыныстары.
-
мидың дәрілермен асқынуы
-
маляриянық гемаглобинурия (жедел гемолиз және жедел бүйрек жетіспеушілігі
-
жедел өкпе қабынуы
-
гипогликемия
-
лактат-ацидоз
-
жүктілік кезінде ұрықтың өлімі
Маляряиға қарсы препараттардың кері әсерлері
Малярияның қысқа уақытты терапияның кері әсерлері сирек. Бірақ жоғары сезімталдық, Г-6-ФД жетіспеушілігі бар науқастарда жедел гемолиз дамуы мүмкін. Негроид нәсілді адамдарда хлорохин тері қышымасына әкеледі. Хлорохинмен ұзақ емдеу ретинопатияға әкеледі.
Амебиаз
Амебиаз – Entamoeba histolitica-мен қоздырылатын, тоқ ішектің ойық жаралық зақымдалуымен жүретін, созылмалы ағымды және ішектен тыс асқынуларға әкелетін, мысалы абсцесс, инфекциялық ауру.
Антимикробты препараттардың таңдалуы.
Инвазивті амебиазды емдегенде таңдаулы препараттар нитроимидозол тобындағы тіндік амебицидтер: метронидозол, тинидозол, орнидозол, секнидозол.Оларды ішектік амебиазды және әртүрлі орналасқан абсцесстерді емдеу үшін қолданады. Нитромидозол АІТ жақсы сіңіріледі, сондықтан оны ішке қабылдайды. Метронидозол парентеральды қолданылуы тек ішке қабылдау мүмкіндігі болмағанда.
Альтернативті препараттар. Инвазивті амебиазды және бауырдың амебалық абсцесстерін емдеу үшін эмитин гидрохлоридін және хлорохинді қолдануға болады.Кері реакцияларды ескере отырып эметин және дегидроэметин резервті препараттар ретінде қолданады, әсері болмағанда нитроимидозолды қолдануға болады. Хлорохинді дегидроэметинмен алмастырып бауырдың амебалық абсцессін емдеуге болады.
Инвазивті емес амебиаздың емінде ашық амебоцидтерді қолданады – этофамид, дилоксанида фуроат. Сонымен қатар оларды емді аяқтаған соң тағайындайды, ішектегі амебалардың элиминациясы және рецидивтің алдын алу үшін.
Нитроимидозол тобы
Нитроимидозолдар – анэробты бактерия және протозойлы инфекция қоздырғыштарына жоғары белсенділік көрсететін синтетикалық МҚП. 1960 жылы алғашқы препарат – метронидозол медициналық қолдануына рұқсат етілді. Кейін тинидазол, орнидазол, секнидазол, сонымен қатар жергілікті қолданатын тернидазол препараттары ашылды.
Белсенділік спектрі: Нитромидазол көптеген анэробтарға белсенділігін көрстеді – грам теріс және грам оң: бактероидтар, кластридиялар,Fusobacterium Spp, Eubacterium Spp, Pertostreptococcus Spp, P.riger, G.vaginalis, P.acnes төзімді болады. Нитроимидозолға қарапайымдар сезімтал.
Әсер ету механизмі: Нитроимидазолдар микроорганизмге таңадамалы бактерицидті әсер көрсетеді. Олардың ферменттік жүйелері нитротопты қалыптастыра алады. Препараттың қалсыптасқан белсенді түрлері ДНК репликациясын және тіндік тыныс алуды тежеп микробты клеткадағы белок синтезін бұзады.
Фармакокинетика: Нитроимидазол ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі. Метронидазол таблетка түрінде интрвагиналды енгізгенде жақсы сіңіріледі. Қынаптық гельді қолданғанда абсорбция төмен болады. Метронидазолды сырттай қолданғанда сіңірілмейді. Нитримидазол көптеген тіндерде және биологиялық сұйықтықтарда таралады, ГЭБ арқылы жақсы өтеді, сүт безедеріне және плацента арқылы жақсы өтеді, сілекей және асқазан сөлі арқылы бөлінеді. Нитроимидазол бауырда белсенді және белсенді емес метоболиттерді түзеп, метаболизге ұшырайды. Организмнен баяу шығарылады, зәрмен 60-80%, нәжіспен 15%, өзгермеген түрде 20%. Жартылай бөліну ұзақтығы 6 сағ.
Кері реакциялары: Жүйелі қолданғанда:
АІЖ: ауыздағы кері дәм, іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу, диарея.
ОЖЖ: бастың ауыруы, бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылысы, естің бұзылысы, діріл, сирек – эпилептикалық ұстамалар.
Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыма
Гематологиялық реакция: лейкопения, нейтропения. Жергілікті реакция: флебит және тромбофлебит.
Интравагинальды қолданғанда: қышыма, қынаптың ашуы, бөліністің күшеюі, зәр бөлудің жиілеуі.
Сыртқа қолданғанда: фотодерматит
Көрсеткіштер: Жүйелі: аяробты немесе аэробты-анаэробты аралас орналасқан инфекция: НДП инфекциясы (аспирациялық пневмония, ми абсцессі), интраабдоминалды және ауыз қуысының инфекциясы; псевдомембранозды колит;
Протозойлы инфекциялар: трихоманияз, лямблиоз, балантидиаз, амебалық дизентерия және ішектік емес амебиазы.
Жергілікті: вагинит. Бактериальды вагиноз. Себорейлі экзема.
Кері көрсеткіштері: Нитроимидазолға кері реакция. ОЖЖ органикалық аурулары. Жүктілік.
Ескерту: Аллергия. Барлық нитроимидазолдарға қайшылықты. Педиатрия, Жаңа туған нәрестелерде жартылай бөліну кезеңі 1 тәулікке созылады.
Паромомицин
Табиғи антибиотик – аминогликозид, құрылысы және антимикробты белсенділігі бойынша неомицинге жақын. Паромомициннің қағидалық айырмашылығы – қарапайымдарға әсер етуі. Бактериалды инфекцияда қолданбайды.
Белсенділік спектрі: Клиникалық мәні патогенді амебаларға, криптоспорияға және лейшманияларға әсер етеді.
Әсер ету механизмі: Паромомициннің протозоацидті эффекті рибосомамен ақуыз белок синтезінің бұзылуымен байланысты.
Фармакокинетика: АІЖ сіңірілмейді, ішек қуысында жоғары қосылымда түзейді және нәжіспен бөлінеді. Зақымдалған шырышты қабат арқылы абсорбциялануы мүмкін. Сыртқы қолданғанда сіңірілмейді.
Кері реакциялар: АІЖ: іштегі ауырсыну және дискомфорт, лоқсу, құсу, диарея. Егер АІЖ сііңірілсе, онда нефротоксикалық, ототоксикалық немесе вестибулотоксикалық әсер етеді. Алдын алу шаралары: АІЖ жаралы зақымдалуында және ауыр бүйректік жетіспеушілікте қолдануға тыйым салынады.
Көрсеткіштер: Инвазивті емес амебиаз (симптомсыз тасымалдаушылық). Криптоспоридиоз. Теріліік лейшманиоз.
Кері көрсеткіштер: паромомицинге гиперсезімталдылық. Ауыр бүйректік жетіспеушілік. АІЖ-ң эрозивті зақымдалуы. Ішектің өтімсіздігі.
Ескерту: Паромомицин «қуысты» амебицид болғандықтан, оны ішектен тыс амебиаз кезінде қолдануға болмайды.
Эметин және Дигидроэметин
Эметин Ipecacuana өсімдігінің алкалоиды, ал дигидроэметин – оның жартылай синтетикалық аналогы болып табылады. Резервті препарат ретінде және ауыр ішектік және ішектен тыс амебиаз кезінде, әсіресе токсикалығы төмен дигидроэмитин қолданылады. Ем тек стационарда жүргізілу керек.
Белсенділік спектрі: Патогенді амебаларға әсер етеді. Эметин және дигидроэмитин – тіндік амебицидтер, бауырдың және ішектің қабырғасында орналасқан паразит клеткасына әсер етеді.
Әсер ету механизмі: Амебицидті әсер әлі толық анықталмаған. Мұндағы паразиттің ядросы және цитоплазмасындағы дегенеративті өзегірстермен байланысты.
Фармакокинетика: Ішке қабылдағанда әлсіз сіңіріледі. Бұлшықетішілік енгізгенде жақссы сіңіріледі. Көптеген мүшелер мен тіндерде таралады. Бауырда, өкпеде, көкбауырда, бүйректе жиналады. Бүйректен баяу бөлінеді. Жартылай бөліну ұзақтығы 5 тәулік. Кей науқастарда препаратты тоқтатқаннан 1,5-2 айдан кейін зәрдің құрамында анықтауға болады.
Кері реакциялар: Эметинді қолданғанда жиі байқалады. Неғұрлым ұзақ қабылдағанда, соғұрлым жиі ауырлық деңгейі жоғарылайды. АІЖ: лоқсу, құсу, диарея.
Жүрек-қан тамыр жүйесі: жүректегі ауырсыну, тахикардия, ЭКГ-дағы өзгерістер, гипотензия. Ауыр жағдайда жедел дегенеративті миокардит дамуы ммүкін.
Қаңқа бұлшықеті: ауырсыну, иньекция аймағындағы тырысу. Абсцесс және некроз дамуы мүмкін. Жүйке жүйесі: жайылған бұлшықеттік әлсіздік, сезімталдықтың бұзылуы. Тері: экзематозды, эритематозды немесе уртикарлы бөртпе. Бүйрек: нефротоксикалық әсер
Бауыр: трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, токсикалы гепатит.
Көрсеткіштер: ауыр ішектік және ішектен тыс амебиаз, бауыр абсцессі. Кейде хлорхининмен қосып тағайындайды.
Кері көрсеткіштері: эмитинге және дегидроэмитинге гиперсезімталдылық. Бүйрек аурулары. Жүрек аурулары. Қаңқа бұлшықеттерінің ауырсынуы. Жүктілік. Омыраумен қоректендіру. Жас балаларда.
Дилоксанид фуроаты
Синтетикалық препарат, дихлорацетамид туындысы. «Қуысты» амебецид ретінде қолданылады.
Белсенділік спектрі: E.Histolytica
Фармакокинетика: Толық зерттелмеген. Ішектік эстераза әсерінен дилоксанид фуроат гидролизденіп белсенді дилоксанид түзіледі. Оның көп бөлігі сіңіріліп, бауырда метоболизденіп, зәрмен бірге экскрецияланады. Абсорбцияланған дилоксанид амебаларға әсер етіп, нәжіспен бөлінеді.
Кері реакциялар: АІЖ: жиі метеоризм, іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу. Тері: қышыну.
Көрсетккіштер: ішектік амебиаз
Кері көрсеткіштер: Дилоксанидке және дихлорацетамид туындыларына гиперсезімталдық. Жүктілік. 2 жасқа дейін.
Этофамид
Дилоксанид фуроат сияқты дихлорацетамид туындысы болып табылады. Клиника-фармакологиялық сипаттама бойынша дилоксанид фуроатқа ұқсас. «Қуысты» амебицид ретінде қолданылады.
Лямблиоз
Лямблиоз – Giardia lamblia-мен шақырылатын, ішектің функциональды бұзылысымен, бірақ симптомсыз жүретін протозоилы инфекция.
Антимикробты препараттардың таңдалуы
Таңдау препараттары: метронидазол ересектерге 0,25 г әр 8 сағ (тамақтану кезінде), балаларға 15 мг/кг/тәул. 3 рет. Қабылдау ұзақтығы 5-7 күн. Альтернативті препарат: тинидозол 2,0г 1 рет.
Токсоплазмоз
Тоскоплазмоз – Toxoplasma gondii қарапайымдыларымен шақырылатын ағымы әртүрлі және клиникалық көріністері полиморфты инфекция. Көбінесе токсоплазмамен инфекцияланғанда симптомсыз тассымалдаушылық дамиды. Мүшелердің және жүйелердің ауыр зақымдануы иммунотапшылығы бар науқастарда дамиды.
Антимикробты препараттардың таңдалуы
Емді жүргізу аурудың жедел фазасында эффективті. Созылмалы токсоплазмоз кезінде эффективті, себебі препараттар эндозоидтарға әсер етеді.
Таңдау препараттары: пирметаминнің сульфаниламидтермен алмасуы. Алғашқы 2 күнде пирметамин ересектерге 0,075-0,1 г, кейін 5,7 мг/тәәул; балаларға тәуліктік дозасы
Мг/кг, кейін мг/кг. Сульфаниламидтер ересектерге 2,0-4,0 г/тәул, балалрға 0,1 г/кг/тәул. Ем ұзақтығы 2,4 апта, қажет болса циклді 7 күннен кейін қайталуға болады. Пириметаминді сульфаиламидпен бірііктіргенде гематотоксиканы алдын алу үшін ішке фолий қышқылын 10-20 мг/тәул күн ара қабылдау керек. Қажет болса жүйелі глюкокортикоидтар қабылданады. Альтерантивті препараттар: спирамицин, клиндамицин, кларитромицин, ко-тримоксазал. Клиндомицин 0,3 г әр 6 сағ + пириметамин.
Жүкті әйелдерді және нәрестелерді емдеу қағидалары
Жүкті әйелдерге спецификалық ем жүргізілмейді, егер инфекция жүктілік алдында жұқса және токсоплазмоздың клиникалық белгілері болмаса. Егер инфекция жүктіліктің басында жұқса (қанда токсоплазмозға қарсы IgM антиденелер титрі көбейеді) жүктілік бойы спирмицин тағайындалады. ПЦР әдісі бойынша амниолитикалық сұйықтықта токсоплазма ДНК анықталса пириметамин мен сульфаниламидті және фолий қышқылды терапия жүргізіледі.
Нәрестелерге де пириметамин+сульфаниламидтер, фолий қышқылын тағайындайды. Терапияны бірнеше ай жүргізеді.
Лейшманиоз
Лейшманиоз – амдамдардың және жануарлардың трансмиссивті протозоилы инфекциясы. Мокситтермен таралады, терінің және шырышты қабаттың шектеулі зақымдануы, кейін тыртық (тері лейшманиозы) немесе ішкі мүшелердің зақымдалуы, қалтырау, спленомегалия, анемиямен, лейкопениямен (висцеральды лейшманиоз) жүреді.
Негізгі қоздырғыштар: тері лейшманиозы: Leishmania tropica (L.tropica minor), L.mayor, L.aethiopica, L.mexicana, L.brazieliersis, L.peruviana. Висцеральды лейшманиоз: L.donovani, оның түрлері нфекцияның әртүрлі клиника-эпидемилогиялық түрлерін тудырады.
Антимикробты препараттардың таңдалуы
Таңдау препараттары: терілік лейшманиоздың спецификалық емі үшін- меглюмин антимонат. Емді препаратты жергілікті енгізу арқылы жүргізеді (концентрациясы Sb 85 мг/мл) зақымданған аймақты тығыз инфильтрациялайды. 1-3 инъекцияны1-2 күн аралығымен енгізеді. L.mayor-мен шақырылған зоонозды тері лейшманиозын емдеу үшін паромомицин майын қолданады. Қатты қабыну реакциясы кезінде және лейшманиомалар тыртықты тінде орналасатын болса жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Препаратты парентеральды 10-20 мг/кг/тәул клиникалық немесе паразитологиялық жазылғанша қолданады. Висцеральды лейшманиозды емдеу үшін меглюмин антимонатты бұлшықетішілік 20 мг Sb/1 кг/тәул, 10-15 инъекция.
Меглюмина антимонат
Бесвалентті сурьманың органикалық байланысы.
Белсенділік спектрі: Leishmania Spp
Әсер ету механизмі: протозойға қарсы әсері толық анықталмаған.
Фармакокинетика: Парентеральды енгізгенде көптеген мүшелерге таралып, теріде, ретиккулоэндотелиальды жүйе клеткаларында жиналады. Бүйрекпен экскрецияланады. Жартылай бөліну ұзақтығы тамырішілік енгізгенде 2-30сағ, бұлшықетішілік-1 ай.
Кері реакциялар: Бесвалентті сурьма бауырда үшваленттіге ауысады, ал оның улылығы өте жоғары.
АІЖ анорексия, лоқсу, құсу.
Гиперсезімталдылық реакциясы: бөртпе, қалтырау, артралгия, миалгия, жөтел, пневмония.
Жүйке жүйесі: бас ауыруы, бас айналу, полиневрит. Нейротоксикалылығы: бүйрек функциясының бұзылысы, жедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуы. Алдын алу шаралары: клиникалық және лабораторлы бақылау.
Жүрек: ауырсыну, Т тісшесінің өзгеруі, ырғақтың бұзылуы, миокардит.
Бауыр: трансаминазаға белсенділігінің жоғарлауы, гепатит. Алдын алу шаралары: клиникалық және лабораториялық бақылау.
Ұйқы безі: амилаза белсенділігінің жоғарлауы, панкреатит
Жергілікті: енгізген аймағындағы ауырсыну.
Көрсеткіші: висцеральды, терілік, тері-шырышты лейшманиоз
Кері көрсеткіші: сурьма препараттарына гиперсезімталдылық. Бүйрек функциясының ауыр бұзылыстары. Бауыр функциясының ауыр бұзылыстары. Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауыр сырқаты. Өкпе туберкулезі.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Туберкулезға қарсы әсері басым преапрат:
-
стрептомицин
-
ПАСК
-
рифампицин
-
этамбутол
-
пиразинамид
2. Стрептомициннің кері әсерлері:
-
аллергиялық реакциясы
-
бүйрек қызметінің бүзылуы
-
гемолиз және дисбактериоз
-
псевдомембранозды колит
-
көру жүйкесінің невриті
3. Ототоксикалық әсері бар туберкулезге қарсы препарат:
-
рифампицин
-
стрептомицин
-
этамбутол
-
пиразинамид
-
изониазид
4. Туберкулездің химиотерапиясының жалпы қағидалары:
-
ерте және ұзақ емделуі
-
біріктірілген химиотерапиясы
-
химиотерапияны ұнемі бақылау
-
құрамында ақуыз жоғары диета
-
барлық аталғандар
5. Изоникотин қышқылының туындыларының препараты:
-
стрептомицин
-
изониазид
-
канамицин
-
пиразинамид
-
ПАСК
6. Изоникатин қышқылының туындыларының препараты:
-
стрептомицин
-
канамицин
-
фтивазид
-
пиразинамид
-
ПАСК
7. Изоникотин қышқылының туындыларының препараты:
-
стрептомицин
-
канамицин
-
ПАСК
-
пиразинамид
-
тубазид
8. Рифампицинге барлығы тән, мынадан басқа:
-
бактерицидті әсер ету
-
торша сыртында және торша ішілік әсер етеді
-
каверналарға жақсы енеді
-
тек туберкулез таяқшасына әсер етеді
-
туберкулездің барлық түрлерінде қолданылады
9. Изониазидке барлығы тән, мынадан басқа:
-
микробқа қарсы әсер етуінің спектры кең
-
ферменттерді тежеп, микол қышқылдың синтезін бүзады
-
бактерицидті әсер көрсетеді
-
ацетилдену жолымен белсенділігі төмендейді
-
невриттер, үйқысыздық, психикалық бүзылыстар байқалады
10.Туберкулез микобактериаларына бактерицидті әсер көрсететін антибиотик:
-
циклосерин
-
канамицин
-
рифампицин
-
стрептомицин
-
барлық аталғандар
11. Плазмодидің преэритроцитарлы түрлеріне әсер ететін препарат:
-
хиноцид
-
хингамин
-
бигумаль
-
хлоридин
-
акрихин
12. Ішек сыртылық амебиазға әсер ететін препаратт:
-
энтеросептол
-
хингамин
-
мефлохин
-
тетрациклин
-
фурозолидон
13. Плазмодидің эритроцитарлы түрлеріне әсер ететін препараттарына барлығы жатады, біреуінен басқа:
-
хинин
-
хингамин
-
мефлохин
-
хлоридин
-
акрихин
14. Лямблиоз кезінде барлық препараттардың әсері бар, біреуінен басқа:
-
аминохинолин
-
энтеросептол
-
фуразолидон
-
метронидазол
-
хингамин
15. Гельминтоздың қандай түрлерінде пиперазинді қолданады:
-
анкилостомидоз
-
трихостронгилоидоз
-
энтеробиоз
-
трихоцифалез
-
тениоз
16. Плазмодидің параэритроцитарлы түрлерінде әсері бар препарат:
-
акрихин
-
бигумаль
-
хлоридин
-
хингамин
-
примахин
17.Трихомонадозды емдеуге қолданылатын препарат:
-
солюсурьмин
-
хлоридин
-
метронидазол
-
акрихин
-
сульфадиметоксин
18.Трихоманодозды емдеуге қолданылатын препарат:
-
солюсурьмин
-
хлоридин
-
трихомонацид
-
акрихин
-
сульфадиметоксин
19.Ішек сыртылық гельминтозды емдеуде қолданылатын препарат:
-
дитразин
-
хлоксил
-
празиквантель
-
битинол
-
мебендазол
20.Токсоплазмозды емдеуде қолданылатын препарат:
-
хингамин
-
метронидазол
-
хиниофон
-
сульфадимезин
-
солюсурьмин
21. Лейшманиозды емдеуде қолданылатын препарат:
-
хиниофон
-
эметин
-
солюсурьмин
-
метронидазол
-
хлоридин
22. Аскаридозды емдеуге барлық препараттар қолданылады, біреуінен басқа:
-
пиперазина адипинат
-
мебендазол
-
нафтамон
-
фенасал
-
левамизол
23. Ішек қабырғасында және бауырда амебаны жоятын препарат:
-
эметин гидрохлориді
-
хлоридин
-
хингамин
-
хиниофон
-
метронидазол
24. Амебиаздың ішектік түрінде қолданады:
-
эметин гидрохлориді
-
хлоридин
-
хингамин
-
хиниофон
-
метронидазол
25. Токсоплазмоздың жедел және созылмалы түрінде қолданылады:
-
эметин гидрохлориді
-
хлоридин
-
хингамин
-
хиниофон
-
метронидазол
26. Висцералды лейшманиозды емдеуде қолданылатын препарат:
-
мономицин
-
хингамин
-
солюсурьмин
-
хлоридин
-
сульфадиметоксин
27. Арбидолдың вирусқа қарсы әсер ету спектрын көрсет:
-
қарапайым герпестің вирусы
-
А және В грипптің вирустары
-
вирусты гепатиттің қоздыргышы
-
белдемелі теміреткінің қоздырғышы
-
оспаның қоздырғышы
28. Патогенді саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болған микоздарда қолданылатын препарат:
-
амфотерицин
-
гризеофульвин
-
итраконазол
-
тербинафин
-
барлық аталғандар
29. Синтетикалық жолмен алынған саңырауқұлақтарға қарсы препарат:
-
амфотерицин В
-
гризеофульвин
-
йод препараттары
-
нистатин
-
леворин
30. Интерферонның микробқа қарсы әсер ету спектры:
-
А грипптің қоздырғышы
-
герпестің қоздырғышы
-
оспаның қоздырғышы
-
вирусты гепатитің қоздырғышы
-
әсер ету спектры кең
Жауап эталондары:
1 – с) 16 – e)
2 - b) 17 – c)
3 – b) 18 – e)
4 – е) 19 – c)
5 – b) 20 – d)
6 - е) 21 – c)
7 - е) 22 - d)
8 – d) 23 – a)
9 - a) 24 – d)
10 – e) 25 – b)
11 – d) 26 – c)
12 – b) 27 – b)
13 – e) 28 – e)
14 – e) 29 - c)
15 – c) 30 – a)
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Грэхам Д.Г., Ароксон Дж. К. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. М. Медицина. 2000 - 740 б.
-
Харкевич Д.А. Фармакология. 6-е изд. М.: Медицина, 2006 - 570 б.
-
Harvey R.A., Champe P.C. Pharmacology . Philadelphia, 1992 – 512 р.
-
Katzung B.G. Basic and Clinical Pharmacology. New Jork. 2003 - 1214 р.
-
Padmaja Udaykumar Textbook of Medical Pharmacology New Delhi, 2006 - 581 р.
-
Pharma Guide. Karachi.-2002-2003 – 708 р.
-
Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology . Edinburgh.-1999 – 830 р.
-
Reilly M.A. Pharmacology.- Philadelphia, 1997 – 325 р.
-
Tripathi K.D. Essentials of Medical Pharmacology New Delhi, 1999 - 935 р.
М А З М Ұ Н Ы
Қысқартылған сөздердің тізімі …………………………… ……………………3
КІРІСПЕ………………………… ………………………………………………….4
1. Антисептиктер және дезинфекциялық заттар ........ ................................................5
2. Антибиотиктер............................................................................................................11
3. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.............................................................................20
4. Вирусқа қарсы заттар. …………………………………………………………..... 29
5. Туберкулезге қарсы қолданылатын заттар.............................................................. 40
6. Гельминттерге қарсы заттар .....................................................................................49
7. Протозойға қарсы заттар……………………………………………………………67
8. Өзіндік жұмыстың тапсырмасы: тесттік тапсырмалары......................................79
9. Жауап эталондары ……………………………………………………………......…83
10. Әдебиеттер.................................................................................................................84
ҚММА-баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі - 40
Көлемі 5.4 баспа табақ
100 дана
Достарыңызбен бөлісу: |