Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет74/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85
Жұбаева монография

-лау/-леу жұрнағының екінші бір ерекшелігі – бұл жұрнақ басқа кішірейткіш мәнді жұрнақтардың үстіне жалғана алады. Басқа сын есімнен сын есім (сапалық сын есім) тудырушы жұрнақтардың ешқайсысында да мұндай қабілет жоқ. Бұл жағынан келгенде, лау/-леу жұрнағы өзімен төркіндес -рақ/-рек жұрнағының қызметіне жуықтайды. Мысалы, ақшылдау, қызғылттау т.с.с. Сонымен қатар -шыл‚ -ғыл‚ -ғылт(-ым)‚ -қай‚ -аң т.б. жұрнақтары бірен-саран сөздерге ғана жалғанатын болса, -лау/-леу жұрнағы барлық сын есімдерге жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды әрі ондай сөздер лексикалық бүтін бола алмайтындықтан‚ сөздік құрамға сол күйінде енбейді. Осындай ерекшеліктеріне байланысты Ы.Маманов -лау/-леу жұрнағын сөз тудырушы қосымшалар қатарына қоспайды.
«Қазақ грамматикасында» сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар ретінде 1. -ғыл, -гіл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым. 2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім. 3. -ғыш, -ілдір. 4. -аң, -қай, -ша, -ше жұрнақтары аталған [77, 467-б.]. Сонымен қатар А.Ысқақов та шырай формаларын «заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары» деп сипаттай келіп, заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындық реңдері мен мәндерін білдіретін формаларға –ғыл, (-қыл), (-қылт), -ғылт, -ғылтым, (-қылтым), -ғыш ғана (-кене), -ілдер, -қай, -қан, -ақ (-ек), -шыл, -шіл, -шылтым (-шілтім), -ша (-ше) жұрнақтарын жатқызады [223, 184-б.].
Қазақ тілінде -ғыл, -ғылт(-ым); -шыл, -аң, -қай, -ілдір т.с.с. жұрнақтардың танылуы жағынан да екі түрлі пікір бар:

  1. Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, Н.Созонтов, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов еңбектерінде де -шыл, -ғыл, -ғылт, -лау, -ша жұрнақтары сын есімнің кішірейту мәнді жұрнақтары ретінде беріледі де, олар шырай көрсеткіштері қатарында қарастырылмайды. Келтірілген жұрнақтарды сөз тудырушы жұрнақтар ретінде танитын еңбектер қатарында: Ж.Шәкенов «Қазақ тіліндегі сын есім категориясы» [224], Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі», С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» [25] т.б. еңбектерге тән. Түркология бойынша Н.А.Баскаков, Э.В.Севортян, Б.О.Орузбаева, Дж.Уметалиева, Ф.А.Ганиев, М.Хабичев, К.Любимов, А.Г.Хамитова т.с.с. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

  2. Қ.Жұбанов -ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -ақ демеулігін шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді. Сонымен қатар С.Аманжолов салыстырмалы шырай көрсеткіші ретінде -ғылт(-ым) жұрнағын да атайды. Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев оқулығында -ғыл‚ -ғылт(ым), -шыл‚ -іл-дір т.б. жұрнақтары шырай ретінде түсіндіріледі. Аталған жұрнақтарды форма тудырушы жұрнақтар деп танып, оларды шырай көрсеткіштері ретінде қарастыру Ғ.Мұсабаев «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары», «Қазіргі қазақ тілі», «Современный казахский язык», «Қазақ тілінің грамматикасы», А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» т.б. еңбектерде өріс алған. Сонымен қатар өзбек‚ ұйғыр‚ түрікпен тілдерінің грамматикаларында да аталған қосымшалар шырай көрсеткіштерінің қатарында берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет