«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»


Жедел медициналық көмек персоналының негізгі қызметі



бет3/20
Дата25.06.2022
өлшемі117.97 Kb.
#459475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
УМК ЖМЖС

Жедел медициналық көмек персоналының негізгі қызметі:

  • Әртүрлі жағдайдағы(ауырып қалғандар, емдік-профилактикалық мекемелерден тыс жағдайлар, табиғи апаттар, катастрофалар) науқастарға стандартты медициналық көмекке сүйене отырып, тәулік бойы, уақытында, сапалы медициналық жәрдем көрсету.

  • Шұғыл ауруханалық көмек қажет ететін зардап шеккендер мен инфекциялық науқастарды уақытында тасымалдау.

  • Жедел медициналық станция көмегіне жүгінген науқастарға,амбулаторлы науқастарды қабылдауға арналған кабинеттерде медициналық көмек көрсету.

  • ЖМКС қызмет атқаратын аймақтағы барлық оқыс оқиғалар мен ситуацияларды денсаулық сақтауды басқарудың муниципалды органдарына жеткізу.

  • Жедел медициналық көмек бригадаларының біркелкі комплектілігі, яғни ЖМК бригадасы барлық құрал-жабдықтармен, ауысымы реттелген медициналық персоналдармен толық қамтамасыз етілуі керек.

ЖМЖ қызметінің ұйымдастырылу принциптері:

  • Географиялық белгілері бойынша

  • -қалалық

  • -ауылдық бөлімшелер, пункттер

  • Ауруханалармен қарым-қатынасы бойынша және әкімшілік басқару типі бойынша

  • -өз бетінше бекеттер

  • -біріккен (ауруханалардың құрамында)

  • -қалаларда –көп салалы ауруханалармен бірге

  • -ауылдық жерде-орталық аудандық ауруханамен

  • ЖМЖ беру принциптері бойынша

  • -шақыртудың түрі - ауру, жарақат, қайғылы оқиғаның түріне қарай

  • Қаржыландыру көзі бойынша

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы

ЖМЖБ қызметінің ұйымдастырылуы

  • ЖМЖБ – тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу-профилактикалық мекеме болып табылады немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.

  • Тұрғындарының саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады

  • Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ЖМЖ бекеттерінің құрамында қосалқы бекеттер (бөлімшелер) ұйымдастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет