Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты: нысаны, пәні,
мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық
негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, қорғауға
ұсынылатын қағидалары, ғылыми жаңалығы мен теориялық және тәжірибелік
мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.
«Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда
философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін
дамыту теориялық тұрғыдан негізделеді. «Жаһандану», «Жаһандық білім беру»,
ұғымдарының мәні нақтыланады. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігінің мәндік сипаттамасы беріліп,
құрылымы айқындалады. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың
кәсіби
құзыреттілігін
дамытудың
психологиялық-
педагогикалық шарттары анықталып, құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалады.
«Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамытудың тәжірибелік-эксперимент жұмысы» атты екінші
тарауында жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін
дамытудың
диагностикасы
анықталып,
мазмұндалады.
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін
дамытудың әдістемесі жасалады, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент тік
жұмыс барысында тексеріліп, нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда зерттеу жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстың
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар жасалынып, ғылыми тұрғыдан
ұсыныстар беріледі, зерттеушілерге арналған зерттеу перспективасы
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |