Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
29.05.2023 dis

Сонымен, жоғарыда көрсетілген ғылыми еңбектерді саралау жоғары 
оқу орнында оқу нәтижесінде алған білім, білік, дағдыны және кәсіби өзін-өзі 
дамытуға бағытталған іс- әрекеттің жоғары сапалы болуы үшін қажетті 
өзара байланысты жеке тұлғаның қасиеттер жиынтығы ретінде 
«құзыреттілік» терминінің жалпылама анықтамасын беруге мүмкіндік берді. 
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда құзыреттілік, құзырет терминдерін 
талдау барысында оларды бір-бірінен ажырату маңызды деп санаймыз. Алайда 
бұл терминдердің бірегей анықтамасы болмағандықтан, екі ұғымның ара жігін 
ажыратуда қиындықтар туындайды. Ғылыми-педагогикалық еңбетерде бұл 
ұғымдар мәндес ұғымдар ретінде де (R. Boyatzis, R.P. Milrud), бір-бірінен 
ерекшеленетін ұғымдар ретінде де (А.В. Хуторской,
И. А. Зимняя) сипатталады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес «құзырет» ұғымына білім мен түсінік 
(академиялық саладағы теориялық білім, білуге және түсінуге деген қабілет), 
әрекет етуге бағытталған білім (практикалық білімді нақты жағдаяттарда 
қолдану), өмір сүруге бағытталған білім (қоғамда өмір сүрудің маңызды 
құралы ретіндегі құндылықтар) жатады. 
Құзыреттілік мәселесін зерттеуде атақты зерттеуші А.В. Хуторской өз 
еңбегінде былай деп жазады: «Құзыретке белгілі бір объектілер мен үрдістер 
шеңберіне қатысты берілген және оларға қатысты сапалы қызмет үшін қажетті 
өзара байланысты жеке қасиеттердің жиынтығын (білім, дағдылар, қызмет 
әдістер) жатқызамыз, ал құзіреттілік − адамның өзіне және қызмет нысанына 
жеке көзқарасын қамтитын тиісті құзыреттерге ие болу» [40, с. 58-63]. Демек, 
құзыреттілікке ие болу дегеніміз−белгілі бір білімге, белгілі бір сипаттамаға ие 
болу, бір нәрсені білу; құзыретке ие болу дегеніміз − кез-келген салада белгілі 
бір мүмкіндіктерге ие болу. 
Олай болса, «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарының ара жігін ажырату 
үшін, біз екі ұғымның түбегейлі айырмашылығын 4-кесте түрінде көрсетуді 
жөн көрдік. 
Кесте 4 – Авторлар берген анықтамаларға сәйкес «Құзырет» пен «құзыреттілік» 
ұғымдарының айырмашылығы
Автор 
Құзырет 
Құзыреттілік 



А.В. Хуторской 
Сапалы қызмет үшін қажетті 
өзара 
байланысты 
жеке 
қасиеттердің жиынтығы 
Адамның өзіне деген және қызмет 
нысанына деген жеке көзқарасын 
қамтитын тиісті құзыреттерге ие 
болуы 
С.Е. Шишов пен
В.А. Кальней 
Білім, тәжірибе, құндылықтар 
жиынтығын 
тәжірибеде 
бейімдеуге негізделген жалпы 
қабілет 
Адамның белгілі бір жағдайда 
алған білімі мен тәжірибесін 
жұмылдыру 
А.М. Лукашенко Жеке тұлға жақсы білетін және іс-
әрекетке дайын болатын пәндік 
сала 
Белгілі бір салалардағы қызметті 
орындау үшін түлекті даярлау нәти 
жесі ретінде сипатталатын жеке 
қасиеттердің 
интеграцияланған 
жиынтығы 


34 
4-кестенің жалғасы 



С.В. Коляда
Адам білуі қажет құқықтар мен 
міндеттер шеңбері 
Адамның білімі мен білігі 
Г.А.Сергеев 
Объектілердің немесе процестер 
дің белгілі бір шеңберіне қатысты 
берілген және оларға қатысты 
сапалы және нәтижелі әрекет ету 
үшін қажетті өзара байланысты 
жеке қасиеттердің жиынтығы 
Адамның өзіне және қызмет 
саласына 
қатысты 
жеке 
көзқарасын 
қамтитын 
тиісті 
құзыретке ие болуы 
4-кестеде берілген анықтамаларға сүйене отырып, осы екі ұғымның 
шекаралары анық емес екенін байқауға болады. Алайда, құзыреттілік құзыретке 
қарағанда кең ұғым екендігі анық. Білім, білік, дағдылардан құралған 
құзыреттер жиынтығы адамның құзыреттілігінде көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет