Сонымен, ғалымдардың ойын қорытындылай келе,
жаһандық білім беру
− адамдарға қазіргі әлемнің күрделі болмысы мен жүйелерін түсінуге және
өзара байланысты әлемнің қиындықтарына төтеп беруге мүмкіндік беретін
құндылықтарды,
көзқарастарды,
білім
мен
дағдыларды
дамытуға
бағытталған процес деген тұжырымдамаға келеміз.
1.2 Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігінің құрамы мен мәндік сипаттамасы
Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында жоғары білім
берудің басты ұлттық міндеті – елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси
өміріне белсенді қатысуға дайын кәсіби құзыретті тұлғаны қалыптастыру деп
көрсетілген. Дамыған елдердің білім беру жүйесінде жаңа білім беру
стандарттары үшін басты бағдар ретінде кеңінен пайдаланылатын «құзырет»,
«құзыреттілік» ұғымдары отандық білім беру жүйесіне де кірді. Осындай
жауапты міндеттерді шешу осы құзыреттерді игерген және оқу үдерісінің
талаптарына сәйкес ұйымдастыра алатын кәсіби білікті мамандарды даярлауды
талап етеді [5, с. 3-85].
«Құзыреттілік» терминін алғаш рет 1965 жылы американдық лингвист,
Массачусетс университетінің профессоры Ноам Хомский енгізді [107]. Ол
құзыреттілік ұғымын адамның кез-келген әрекетті орындау қабілетін сипаттау
үшін қолдануды ұсынды. Кейіннен ғалым терминнің мағынасын сөйлеу
әрекетімен байланыстырды.
Қазақ энциклопедиясы «құзырет» ұғымын белгілі бір ұйымның немесе
лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары
мен міндеттерінің жиынтығы ретінде анықтайды [108].
Бұл зерттеудің мәселелерін тереңірек ашуға И. А. Зимняяның
түсіндірмесі ықпал етеді, автор өз еңбегінде: «құзыреттіліктер оқыту мазмұнын
және оның кейінгі қызметін дамытуға ықпал ететін адамның барлық зияткерлік,
жеке қасиеттері, психологиялық сипаттамалары ретінде түсініледі» деген
анықтама берген [41, с. 34-41]. Сонымен қатар зерттеуші өзінің «Негізгі
құзыреттер − білім беру нәтижесінің жаңа парадигмасы» атты еңбегінде
құзыреттіліктің үш негізгі тобын бөліп көрсетеді:
а) өзіне жеке тұлға ретінде, тіршілік субъектісі ретінде қатысты
құзыреттілік;
ә) адамның басқа адамдармен өзара әрекеттесуіне байланысты
құзыреттілік;
б) адамның қызметіне қатысты құзыреттілік: оның барлық түрлері мен
формаларында көрініс табады.
Осы бағытта А.И. Турчиновтың да пікірі көңіл аударарлық. Ғалым
құзыреттілікті белгілі бір лауазымның құзыреті шегінде адамға тән кәсіби
тәжірибенің мәнерлілік дәрежесі, көрінісі деп түсіндіреді [39, с. 3-270].
29
Ресейлік ғалымдар Т.Б. Гребенюк, В.П. Гурова өздерінің «Жоғары сынып
оқушыларының
оқу-тәрбие
үрдісінде
мотивациялық
құзыреттілігін
қалыптастыру»
атты
монографиясындағы
талдауға
сүйене
отырып,
«құзыреттілік» ұғымы интегративті екенін көрсетеді, және жүйенің
элементтерін олардың арасындағы байланыс ретінде сипаттайды. Бұл
тұжырымдаманың нақты мазмұны жағдайлардың түрлеріне байланысты
болатынын атап өткен жөн. Сондықтан негізгі (ең әмбебап) құзыреттер тек
жалпы білімнің ғана емес, сонымен бірге жалпы адамның білім беру
тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Бұл түсінікте құзыреттілікке
бағытталған білім үздіксіз білім беру идеясының негізі бола алады [109].
Ал С.Е. Шишов пен В.А. Кальней сынды ғалымдардың пікіріне сүйенсек,
құзырет ұғымы білімдер емес, дағдылар саласына жатады. Құзырет-бұл білім,
тәжірибе, құндылықтар, оқыту арқылы алынған бейімділікке негізделген жалпы
қабілет. Құзырет ұғымы білімге де, дағдыларға да байланысты емес. Құзыретті
болу - бұл ғалым немесе жоғары білімді болуды білдірмейді. Адамның мінез-
құлқын өмір жағдайларының шексіз алуан түріне бейімдеу жеке адамның
«белгілі бір жағдайда алған білімі мен тәжірибесін жұмылдыру» қабілетімен
байланысты деп тұжырымдайды [110].
Біздің зерттеу жұмысымыздың нысаны ретінде қарастырылып отырған
«құзыреттілік» мәселесін зерттеуде батыс ғалымдары да зор үлесін қосқанын
атап өту қажет, мысалы, американдық зерттеуші R. Boyatzis құзыреттілікке
келесідей анықтаған: «Құзыреттілік қабілет ретінде анықталады, бұл біз «ниет»
деп атайтын негізгі құрылымның айналасында ұйымдастырылған, өзара
байланысты, бірақ әртүрлі мінез-құлық жиынтығы» [44, р. 150-161].
Ғалым R.P. Milrud құзыреттілікті белгілі бір салада сыртқы әлеммен
тиімді өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және адамның әртүрлі
құзыреттіліктерінің өзара әрекеттесуіне байланысты кешенді жеке ресурс
ретінде қарастырады. Сонымен қатар, құзыреттілік адамға әртүрлі жағдайларда,
соның ішінде ол үшін жаңа жағдайларда әрекет етуге көмектесетін білімді,
іскерлікті,
дағдыларды
қолданудың
белгілі
бір
саласы
ретінде
түсіндіріледі [111].
Ұлыбританиялық зерттеуші Paul Vare құзыреттілікке бет бұру оқу
бағдарламасының мазмұнына, оқытылатын нәрседен қарағанда үйренген
нәрсеге, яғни оқытудың нәтижесіне көбірек назар аудару деп есептейді. Бұл өте
маңызды тарихы бар ауысым. Ғалым тіпті құзыреттілікке бет бұрудан
туындайтын кейбір қауіптерді талқылайды. Оларды келесідей қорытындылауға
болады: тұжырымдамалық шатасу; контекстің орталық рөлі; педагогикаға әсері;
білім берудің кең мақсатына қатысты іргелі мәселелерден алшақтату [43, р. 11-
17]. Байқап отырғанымыздай, автордың көз-қарасында құзыреттілікке бет
бұрудың жағымды жақтарымен қоса жағымсыз тұстарына да сипаттама
беріледі.
Гонконг университетінің профессоры Wing On Lee 21 ғасырдың
құзыреттілік дискурсына үлесін қоса отырып, құзыреттілік «білуді үйрену»,
«әрекет етуді үйрену», «болуды үйрену» және «бірге өмір сүруді үйрену» атты
оқытудың төрт тірегін құрайтынын алға тартады. Автордың пікірінше, 21
30
ғасырдағы құзыреттілік ұғымы білім экономикасының пайда болуымен және
студенттердің қоғамның тез өзгеретін экономикасына бейімделуі үшін өмір
бойы білім алу қажеттілігімен сипатталады. Бұл өз кезегінде 21 ғасырдағы
білімгерлердің сыни және шығармашылық ойлау қабілеті, өздігінен және
бірлесе оқу қабілеті, ресми және бейресми түрде оқу қабілеті, бәсекелестік және
ынтымақтастық қабілеті және т.б. Сол сияқты дағдыларға қойылатын
талаптардың өзгеруіне әкелді [72, р. 22-23].
Құзіреттілікке «білімдерді, стандарттарды, әдістерді, рәсімдерді,
қабілеттер мен дағдыларды, көзқарастар мен құндылықтарды біріктіруге және
жандандыруға негізделген әртүрлі шынайы мазмұндағы іс-әрекет жиынтығы»
деген анықтама да берілген. Өмір бойы білім алуға (LLL) арналған Еуропалық
біліктілік жүйесінің ұсынымдары құзыреттіліктің мәнін «жауапкершілік» және
«автономия» терминдерімен байланыстырып, оны «жұмыс немесе оқу
жағдайларында, сондай-ақ кәсіби және жеке даму» білімді, дағдыларды және
жеке, әлеуметтік және/немесе әдіснамалық қабілеттерді пайдаланудың
дәлелденген қабілеті» ретінде сипаттайды [112].
Испан зерттеушісі Fernández March анықтамасына сүйенетін болсақ,
құзыреттілік жалпы сипаттамалары бар жағдайларға қабілеттер мен
дағдыларды біріктіру және бейімдеу нәтижесінде пайда болатын жан-жақты
жаңашылдық ретінде анықталуы мүмкін [113].
Juan A. Martin-Garcia бастаған зерттеушілер тобы құзыреттілікті
комбинаторлық, тұрақты, контекстік және эволюциялық деп ажыратады. Олар
құзыреттіліктерді, қабілеттер мен дағдыларды контекстік ноу-хауда
күрделіліктің
үш
категориясы
ретінде
қарастырады.
Ғалымдардың
пайымдауынша, құзыреттілік қабілеттер жиынтығымен қалыптасады және олар
өз кезегінде бірқатар дағдыларға айналады. Олардың барлығы нәтижесінде
күрделі кәсіби қызмет атқару үшін қажет. Құзыреттілік көптеген ресурстарды
қажет етеді, бұл, өз кезегінде, білім беру бағдарламаларында оқу
нәтижелерінің түрлерін шектеуді қажет етеді, сонымен қатар көптеген
ресурстардың динамикалық түрде ұйымдастырылуының себебі болып
табылады. Оның дамуы уақытты қажет етеді және мансап бойы жалғасады. Бұл
саналы, рефлексивті оқытуға әкелетін ресурстарды таңдау және біріктіру
қажеттілігін тудыратын шеңбер. Барған сайын қиын жағдайларда жұмыс істей
отырып, ресурстарды жұмылдыру және біріктіру тиімдірек бола түсуде [114].
Құзырет, құзыреттілік ұғымдарын талдаған шетелдік ғалымдардың
тәжірибелеріндегі көтерілген мәселер отандық жүйеде де орын алып отыр.
Отандық ғалымдар Б.А. Жекибаева «педагогикалық құзыреттілік»
ұғымына талдау жасай келе, «құзыреттілік» мазмұны едәуір кеңейгенін және
мұғалімнің функционалды міндеттерімен ғана шектелмейтінін көрсетеді.
Мұғалімнің негізгі құзыреттеріне авторлар келесі ұғымдарды жатқызады:
іскерлік құзыреттілік бұл − мұғалімнің өзінің және басқа адамдардың қызмет
түрлеріне рефлексия негізінде шешім қабылдауымен байланысты; арнайы
құзыреттілік – болашақ мұғалімнің оқушыларға оқытылатын пәндерді жетік
білуі; әлеуметтік құзыреттілік-әлеуметтік өзара іс-қимылда өмір сүру, өзгеру
және бейімделу қабілеті мен дайындығы; болашақ мұғалімнің эмпатияға,
31
қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа, штеленістерді шешуге қабілеттілігі;
әдістемелік құзыреттілік-алынған білімді, дағдыларды басқа ғылымдармен
бірге өз бетінше білім алу үшін мақсатты пайдалану мүмкіндігі жеке (дербес)
құзыреттілік-болашақ
педагогтың
дербестігі,
жеке
құзыреттілігі,
аутопсихологиялық дайындығы, сенімділігі, саналы жауапкершілігі, өзін-өзі
ынталандыруы, құндылықтарға өзін-өзі саналы бағдарлауы [115].
Отандық ғалым С.С. Құнанбаева «құзырет, құзыреттілік» ұғымын
«әлеуетті бүтін» және «актуалдандырылған жеке» қарым-қатынасын көрсететін
бірлік ретінде қарастырып, білім берудің түпкілікті нәтижесі ретінде білім беру
үрдісінде мазмұнды және оны қолдана білуін жүйе құраушы фактор ретінде
әрекет ететін «түлек-маман» моделін құру кезінде көрініс табатын, құзыреттілік
жүйесі ретінде айқындалатынын айтса [35, с. 3-260], өзге отандық зерттеуші
К.С. Құдайбергенева құзыреттілікті
белгілі бір сала бойынша жан-жақты
хабардар, білгір деген мағынада қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар
төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу ретінде түсіндіреді [32, б. 3-330].
Ғылыми еңбектерде кездесетін «құзыреттілік» ұғымдарының бірқатар
анықтамаларын қамтып, олардың негізгі сипаттамаларын 3-кестеде көрсетуді
ұйғардық.
Кесте 3 – «Құзыреттілік» ұғымы туралы отандық және шетелдік зерттеуші
ғалымдардың анықтамалары және олардың сипаттамалары
Анықтама көзі
(аторлары)
«Құзыреттілік» ұғымына берілген
анықтамасы
Негізгі сипаттамалары
1
2
3
Сөздік
Құзырет − белгілі бір ұйымның немесе
лауазымды тұлғаның заң жүзінде бел
гіленген құқықтары мен міндеттерінің
жиынтығы
Құзыреттілікке
ие
болу,
яғни
маманның белгілі бір саладағы білімі
мен тәжірибесі
- құқықтар мен міндеттер
жиынтығы;
- білім мен тәжірибе
Н. Хомский
Құзыреттілік − адамның кез-келген
әрекетті орындау қабілеті
- қабілеттілік
И. А. Зимняя
Құзыреттілік − оқыту мазмұнын және
оның кейінгі қызметін дамытуға
ықпал
ететін
адамның
барлық
зияткерлік,
жеке
қасиеттері,
психологиялық сипаттамалары
-зияткерлік, жеке қасиеттер;
-психологиялық
сипаттамалар
А.И.Турчинов
Құзыреттілік-белгілі бір лауазымның
құзыреті шегінде адамға тән кәсіби тә
жірибенің
мәнерлілік
дәрежесі,
көрінісі
-кәсіби тәжірибе
А.В. Хуторской
Құзіреттілік - адамның өзіне және
қызмет нысанына жеке көзқарасын
қамтитын тиісті құзыреттерге ие
болуы
-жеке көзқарас
32
3-кестенің жалғасы
1
2
3
R. Boyatzis
Құзыреттілік қабілет ретінде анықта
лады, бұл біз «ниет» деп атайтын
негізгі
құрылымның
айналасында
ұйымдастырылған өзара байланысты,
бірақ әртүрлі мінез-құлық жиынтығы
-мінез-құлық жиынтығы
R.P. Milrud
Құзіреттілік - белгілі бір салада
сыртқы әлеммен тиімді өзара әрекет
тесу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
және адамның әртүрлі құзыреттілік
терінің
өзара
әрекеттесуіне
байланысты кешенді жеке ресурс
-кешенді жеке ресурс
Б.А. Жекибаева
мен
Г. Абилькасимова
Құзіреттілік - өзінің және басқа
адамдардың
қызмет
түрлеріне
рефлексия негізінде шешім қабылдауы
-рефлексия негізінде шешім
қабылдау
Ш.Т. Таубаева
Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту мен
әлеуметтену процестері барысында
меңгерген білім мен тәжірибеге негіз
делген, оның жалпы қабілеті мен іс-
әрекетке даярлығы ретінде айқын
далатын,
тұлғаның
кіріктірілген
қасиеті
- білім
мен
тәжірибеге
негізделген
тұлғаның
кіріктірілген қасиеті
С.С. Құнанбаева
Құзыреттілік -«әлеуетті бүтін» және
«өзектендірілген
жеке»
қарым–
қатынасын көрсететін бірлік
- «әлеуетті бүтін»
- «өзектендірілген жеке»
К.С.
Құдайбергенева
Құзыреттілік
–белгілі
бір
сала
бойынша жан-жақты хабардар, білгір
деген мағынаны қарастыра отырып,
қандай да бір сұрақ төңірегінде
беделді түрде шешім шығара алу
дегенді білдіреді
- жан-жақты хабардар;
- білгір.
Берілген анықтамаларды талдау негізінде, кестеден көрініп тұрғандай,
ғалымдар құзыреттілікті кәсіби тәжірибе ретінде сипаттайды және
құзыреттілікке ие болу, маманның белгілі бір саладағы білім мен тәжірибеге
қол жеткізуі екенін жоққа шығармайды (А.И. Турчинов, Ш.Т. Таубаева).
Сондай-ақ, А.В. Хуторской мен R.P. Milrud «құзыреттілікті» жеке көзқарас,
жеке ресурс тұрғысынан түсіндірсе, ғалым R. Boyatzis
құзыреттілікті өзара
байланысты, бірақ әртүрлі мінез-құлық жиынтығы ретінде анықтайды.
Осы тұста авторлардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, құзыреттілік
ұғымын екі тұрғыдан сипаттауға болады:
а) құзыреттілік – нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір
міндеттерді шешуге қатыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын
жеке тұлға мүмкіншіліктері;
ә) құзыреттілік – танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттің теориялық
тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі
[62].
|