Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет17/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
29.05.2023 dis

Өзіміздің зерттеу жұмысымыздың шеңберінде біз құзырет ретінде 
білім, білік, дағдының интегративті жиынтығын түсінеміз. Ал, құзыреттілік, 
біздің түсінігімізде, аталған білім, білік, дағды мен жеке тұлғалық 
қасиеттердің жиынтығын белгілі бір міндеттерді орындауда, тәжірибеде 
қолдана алу қабілеті болып табылады.
Сонымен, бірінші ұғым құзыреттер жиынтығын білдіре отырып, нақты 
кәсіби білімнің және берілген пән саласындағы тиімді қызмет үшін қажетті 
жеткілікті тәжірибенің болуын білдіреді. Екінші ұғымға тоқталатын болсақ, 
алынған білімді, дағдыларды қолдану қабілетін, сондай-ақ негізделген іс-
әрекеттердің сәтті жүргізілуін қамтамасыздандыратын жалпы және кәсіби 
қызмет саласындағы міндеттерді шешудегі практикалық тәжірибе ретінде 
қарастырылады.
Осы орайда, жаһанданған жылдам өзгеріске ұшырап жатқан әлемдегі 
адамның кәсіби іс-әрекетінің жетістіктеріне байланысты кәсіби құзыреттілік кез 
келген кәсіби қызмет үшін қажет. Біздің қарастырып отырған мәселеміз 
жаһандану жағдайында қызмет ететін болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі болғандықтан, осы мәселеге тереңірек тоқталуды жөн көрдік.
Кәсіби құзыреттілік ұғымы бұл − күрделі және көп қырлы категория. 
Аталған ұғым философия, психология, педагогика, әлеуметтану, кәсіптік білім 
берудің теориясы мен әдістемесі, акмеология, андрагогика, еңбек психологиясы 
және басқа да гуманитарлық ғылымдарда жіті назарға алынып жан-жақты 
зерттелуде. 
А.К. Маркова кәсіби құзіреттілікті мұғалімнің білімі мен дағдылар 
жүйесін, оның құндылық бағдарларын, іс-әрекет мотивтерін қамтитын көп 
факторлы құбылыс ретінде анықтайды және, ең бастысы, сөйлеу, стиль, қарым-
қатынас, өзіне және өзінің қызметіне деген көзқарас сияқты өзге білімнің 
аралас салаларына байланысты мәдениеттің интеграцияланған көрсеткіштерінің 
маңызды сипаттамасын енгізеді [116]. Педагог-психолог үшін білімнің аралас 
салалары бұл − білім беру үрдісіне қатысушыларды оқытуға және 
психологиялық сүйемелдеуге жүйелі көзқарасты қамтамасыз ететін ақпараттың 


35 
тұтас қабаты, сондықтан эрудиция мен ізденгіш ақыл бұл − психологиялық-
педагогикалық білім саласындағы кәсіпқойдың маңызды жеке сипаттамалары.
Сондай-ақ, Е.В. Семёнованың пайымдауынша құзыреттер мыналарды 
қамтиды: білім, іскерлік, дағдылар, өзгеретін орта жағдайында кәсіби 
міндеттерді тиімді шешу қабілеті, кәсіби қызметті тиімді іске асыруға 
дайындық [117]. 
Келесі маңызды пікір О.Е. Лебедевке тиесілі. Зерттеуші құзыреттілік 
тұрғысынан пәннің мақсаттарын анықтау оның мазмұнын таңдаудан бұрын 
болуы керек деп есептейді: алдымен сіз осы пәннің не үшін қажет екенін 
анықтап, содан кейін қажетті нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін мазмұнды 
таңдауыңыз қажет. Бұл ретте кейбір нәтижелерді оқу пәнінің білім беру 
үрдісінің басқа компоненттерімен өзара әрекеттесуі кезінде ғана алуға 
болатындығын, ал кейбір нәтижелерге тек пән аясында қол жеткізуге 
болатындығын және олардың басқа пәндерді оқыту есебінен алу мүмкін емес 
(немесе қиын) екенін ескеру қажет [118]. 
Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін зерттей отырып, А.П. Кустова 
оның құрамына болашақ маманның коммуникативті, эмоционалды-еріктік, 
мотивациялық, интеллектуалдық қасиеттері мен бейімделу, тұлғаралық түсіну, 
стресске қарсы тұру сияқты кәсіби құзыреттерін жатқызады [119]. 
Ғалым В.А. Далингер кәсіби қызметтегі құзыреттілік тәсіл пәндік білім 
беруден қарағанда, пәндер арқылы білім беруге баса назар аудару қажет деп 
санайды. Осылайша, адамды тұлға ретінде қалыптастыру, оқушының 
адамгершілік және зияткерлік әлеуетін дамыту, шығармашылық ойлау және 
әлеуметтік белсенді тұлғаларды даярлауды неғұрлым тиімді қамтамасыз 
етеді [120]. 
М.Б. Аржаник болашақ психологтардың кәсіби құзыреттілігі ретінде 
«сапалы кәсіби қызмет үшін қажетті кәсіби білім, білік, қарым-қатынас және 
жеке қасиеттер жиынтығын» түсінеді [121]. Сондай-ақ ол кәсіби құзіреттер 
құрылымында арнайы немесе пәндік (математикалық) құзыреттердің болу 
қажеттілігін атап көрсетеді. 
Осылайша, негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру тек оқу 
пәндерін оқу арқылы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны тәрбиелеуді, 
оқытуды және дамытуды қамтитын жалпы білім беруді ұйымдастыру арқылы 
жүзеге асырылады. Демек, оқу үрдісін білім беру үрдісімен сәйкестендіру 
дамуға кері әсерін тигізеді себебі тұлға ретінде тәрбиелеу мен дамытуды 
назардан тыс қалдырады. Білім беру үрдісі оқу іс-шараларынан басқа міндетті 
түрде білім алушыларға қосымша білім беруді, болашақ маманның күнделікті 
өмірінің практикасы болып табылатын олардың әлеуметтік-шығармашылық 
қызметін қамтуға тиіс. Бұл жағдайда құзыреттілік білімге қосымша талаптар 
қояды, өйткені жоғары кәсіби білім берудің мақсаты − білім мен дамуға 
негізделмеген, оқу пәндерінің мақсаттарының жиынтығы түрінде ұсынылуы 
мүмкін емес. 
В.И. Байденконың зерттеулеріне [122], сондай-ақ автордың көпжылдық 
тәжірибесіне сүйене отырып, біз кәсіби құзыреттілік тәсіл түріндегі кәсіби 
құзыреттілікті игерудің заманауи анықтамаларына көшуді ұсынамыз, ал ол өз 


36 
кезегінде басқа да оқытудағы инновациялық тәсілдер сияқты кезең-кезеңімен 
енгізуді талап етеді. Енгізудің бірінші кезеңінде, мысалы, білімгерлердің 
қарапайым жалпы білім алу құзыреттерін қалыптастыруға болады, мысалы: 
а) практикалық сабақтар үдерісінде оқыған, естіген, көрген және алған 
негізгі мазмұнынан қажетті кәсіби дағдыларды алу; 
ә) кәсіби қызметке қатысты оқу материалын логикалық қабылдау; 
б) ең тиімді ситуациялық шешімдерді таңдау, таңдалған нұсқаларды 
бағалаудың жеке критерийлерін құру; 
в) шағын және үлкен топтарда тұлғааралық өзара іс-қимылды 
ұйымдастыру және қатысу; 
г) нәтижелердің сапасын кейіннен анықтай отырып, орындалатын 
әрекеттерге уақыт бөлу. 
Біздің ойымызша, жоғарыда пайымдалған білімгерлердің дағдылары 
жеке-жеке емес, интеллектуалдық және моторикалық дағдылар қалыптасатын 
құзыреттілік блоктарының тұтас жүйесінде қалыптасуы керек екені анық.
«Кәсіби құзыреттілік» мәселесі отандық зерттеу нысандарының арасында 
да зор өзектілікке ие. Біз, өзіміздің зерттеу жұмысымызда қазіргі отандық 
ғалымдардың «кәсіби құзыреттілік» феноменін зерттеген авторлардың 
жұмысын тереңірек зерттеп, талдауды жөн көрдік. Оның ішінде болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін 
қарастырған көрнекті ғалым А.К. Аманова диссертациялық жұмысында: 
«Кәсіби құзіреттілік – белгілі бір практикалық және теориялық мәселелерді 
шешу үшін алған білімі мен дағдыларын практикада, күнделікті өмірде қолдана 
білу. Оқытудағы құзыреттілік білім беру нәтижесінде оқытудың сапасын 
қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде кешенді тәсілді жүзеге асыруды, оқыту 
сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді» деген 
тұжырымдамаға келеді [61, б. 3-140]. 
Отандық зерттеуші Т. Есимгалиева болашақ педагог- психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды көптілді білім беру жағдайында 
тұрғысынан жан-жақты зерделеген. Автор кәсіби құзыреттілікті педагогикалық 
қызметті тиімді жүзеге асыруға арналған қажетті білім, дағдылар мен 
тәжірибені игеру ретінде сипаттайды [62, б. 3-189]. 
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін өте маңызды болып табылатын еңбектің 
авторы К.О. Оразбаева кәсіптік білім берудегі құзыреттілік түйіні нәтижеге 
жетуді көздейтінін алға тартады және болашақ мұғалімдерді даярлауда осыны 
ескеру жаһандық қайта құрулар жағдайында қызмет атқаратын болашақ 
мұғалімдердің ең қажетті сапасын дамыту мәселесін шешеді деп есептейді [76, 
б. 45]. 
Отандық зерттеуші О.Х. Аймағамбетованың пайымдауынша, кәсіби 
құзыреттілік категориясы болашақ мамандарды дайындауда маңызды болып 
табылады, өйткені ол жеке және топтық сананың мәнін салыстырмалы түрде 
тұтас, тұрақты білім ретінде ашады. Осы тұжырымдаманың көмегімен жеке 
тұлғаның дайындық дәрежесі ашылады және белгілі бір кәсіби қызмет саласына 
қатысты жаңалықтары, кәсіби салада өзін-өзі толыққанды жүзеге асыру үшін 
қажетті белгілі бір жеке қасиеттері мен сипаттамаларында көрініс табады [123]. 


37 
Оқытушылардың кәсіби дайындығын дамыту мәселесін зерттеуге зор 
үлесін қосқан өзге отандық ғалым Н.Д. Хмель кәсіби құзыреттілік 
студенттердің жеке басының дамуын ынталандыратын, шығармашылық 
қабілеттерін және өзін-өзі тануға және өзін-өзі танытуға дайындығын 
қалыптастыратын 
осындай 
іс-әрекетке 
бағытталған 
мұғалімнің 
трансформациялық және басқарушылық іс-әрекетінде көрінеді деп санайды. 
Сондай-ақ, автор кәсіби құзыреттілік элементтеріне келесілерді жатқызады:
а) мазмұнды жеткізуде және аудиторияның ерекшеліктеріне бейімделуде 
көрінетін оқытылатын пәннің материалын еркін меңгеру; 
ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру тәсілдерін 
қалыптастыру үшін оқыту әдістерін қолданудағы әдістемелік құзыреттілігі; 
б) оқушылардың өзара іс-қимылы және оқу процесін ұйымдастыру 
саласындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі; 
в) оқушылардың танымдық іс-әрекетінің, қабілеттерінің және тұлғаның 
бағыттылық 
мотивтерін 
қалыптастыру 
кезінде 
іске 
асырылатын 
дифференциалды-психологиялық құзыреттілігі; 
г) педагогикалық іс-әрекеттің рефлексиясы немесе аутопсихологиялық 
құзыреттілігі [124]. 
Отандық ғалымдардың құзыреттілікті талдаудағы бағыттарын зерделей 
келе, оларды төмендегіше топтастыруды жөн көрдік (5-кесте). 
Кесте 5 – Отандық ғалымдардың еңбектеріндегі «кәсіби құзыреттілік» ұғымына 
берген анықтамалары 
Автор 
«Кәсіби құзыреттілік» ұғымына берген анықтамасы 


Ш.Т.Таубаева 
Кәсіби құзыреттілік – тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқарудағы 
теориялық және практикалық даярлығының бірлігі. Маманның жұмыс 
мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуы, 
күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігі, және іс-
әрекет нәтижесін бағалауға даярлығы. 
Б.Т. Кенжебеков Кәсіби құзыреттілік – белгілі бір әрекеттерді орындауға даярлығы мен 
тәжірибелік қабілеттілігі 
Т. Есимгалиева 
Кәсіби құзыреттілік – педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға 
арналған қажетті білім, дағдылар мен тәжірибені игеру 
А.К. Аманова 
Кәсіби құзіреттілік – белгілі бір практикалық және теориялық 
мәселелерді шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын практикада, 
күнделікті өмірде қолдана білу 
Д.К.Садирбекова Кәсіби құзіреттілік – тұлғаның психологиялық, педагогикалық және 
пәндік саладан білімділік, біліктілік деңгейін тиімді жүзеге асырудағы 
кіріктірілген қасиеті 
У.К. Орынбаева 
Кәсіби құзыреттілік –адамның қандай да бір салада игерілген 
білімдерді, дағдыларды тәжірибеде тиімді жүзеге асыру қабілеті 
К.О. Оразбаева 
...кәсіптік білім берудегі құзыреттілік түйіні нәтижеге жетуді 
көздейтінін алға тартады және болашақ мұғалімдерді даярлауда 
осыны ескеру жаһандық қайта құрулар жағдайында жұмыс істейтін 
болашақ мұғалімдердің ең қажетті сапасын дамыту мәселесін шешеді 


38 
5-кестенің жалғасы 


А.Б.Тасова 
«оның өзара субъектіліктілік түсінушілік қарым-қатынасындағы жаңа
проблемаларды айрықша, жылдам, маңызды, тиімді қоюды, шешуді 
қамтамасыздандыратын кәсіби-тұлғалық сапасы» 
С.Т.Тлеубай 
Кәсіби құзыреттілік − білім мен біліктің және дағдының жиынтығы, 
сонымен қатар субъектінің күнделікті өмірде кездесетін түрлі 
проблемалық ситуацияда қандай іс-әрекет қолдану керектігін анықтай 
алуы және оны іске асыру жолында меңгерген білімі мен біліктілігін 
және іс-әрекет дағдысын ұштастыра алу қабілеті. 
Жоғарыда келтірілген авторлардың басым көпшілігі кәсіби құзыреттілікті 
тұлғаның кәсіби біліктерін тәжірибеде қолдануымен байланыстырады. 
Мысалы, Б.Т. Кенжебеков кәсіби құзыреттілікті тұлғаның белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауға даярлығы мен тәжірибелік қабілеттілігі деп 
тұжырымдайды. Сондай-ақ, зерттеуші А.К. Аманова да кәсіби құзыреттілікті
тұлғаның алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдана білуі ретінде 
сипаттайды. 
У.К. 
Онгарбаеваның 
анықтамасы 
да 
осы 
айтылған 
тұжырымдамаларға негізделеді. Автор кәсіби құзыреттілікті адамның қандай да 
бір салада игерілген білімдерді, дағдыларды тәжірибеде тиімді жүзеге асыру 
қабілеті деп көрсетеді. Осы орайда, біздің ойымызша, ғалым Ш.Т. Таубаеваның 
кәсіби құзыреттілік ұғымына берген анықтамасына ерекше назар аударған жөн, 
себебі автор өз анықтамасында кәсіби құзыреттілікті тек тәжірибелік даярлық 
қырынан сипаттамай, тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқарудағы теориялық және 
практикалық даярлығының бірлігі ретінде анықтайды. 
Кәсіби құзыреттілікке берілген барлық басқа да түсіндірмелер осы 
анықтамаларға қайшы келмейді, алайда біз кәсіби құзыреттілік ұғымының 
мәнін толықтай ашатын жеке дара анықтамасын ұсыну қажет деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет