Желдибаева райгуль сериковна


Қосымшада тәжірибелік-эксперимент тік жұмыста пайдаланылған  материалдар беріледі



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
29.05.2023 dis

Қосымшада тәжірибелік-эксперимент тік жұмыста пайдаланылған 
материалдар беріледі. 
 


19 

ЖАҺАНДАНУ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
БОЛАШАҚ 
ПЕДАГОГ-
ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 
«Жаһандану», «Жаһандық білім беру» ұғымдарының мәні 
Бүгінгі таңда жоғары білім берудегі қазақстандық білім мен ғылымның 
жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үлкен маңыздылыққа ие, және бұл – 
Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-
2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты басымдықтарының бірі 
болып табылады [2]. Біз, жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатына қол жеткізу үшін 
болашақ мамандарды қажетті біліммен, дағдылармен қамтамасызыздандыру, 
қазіргі заман талабына сәйкес құзыреттерге ие болуын және қазақстандық 
еңбек нарығында ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болу мүмкіндігін 
қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін біз педагог-психологтың кәсіби 
құзыреттілігін қарастырмас бұрын, мұндағы «жаһандану», «жаһандық білім 
беру» ұғымдарына талдау жасап, мәнін айқындауды жөн көрдік.
«Жаһандану» термині алғаш рет 1980 жылдары Гарвард бизнес 
мектебінде трансұлттық корпорациялардың жаһандық қызметіне байланысты 
пайда болды. Экономиканы жаһандандыру мәселелерін зерттеудегі «ізашар» 
және «жаһандану» терминін енгізуші ретінде американдық ғалым Т. Левитті 
атап өту қажет [84].
Алғашында экономика саласына ғана қатысты қолданылған «жаһандану» 
термині қазіргі таңда көптеген салаларды қамтиды, оның ішінде халықаралық 
сауда, 
телекоммуникация, 
халықаралық 
қаржы, 
трансұлттық 
корпорациялардың қызметі, техникалық және ғылыми ынтымақтастық, 
мәдениет және де білім беру саласы.
Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) адам дамуы 
бойынша баяндамасы жаһандануды әлем тұрғындарының экономикалық, 
технологиялық, мәдени, сондай-ақ саяси деңгейдегі өзара тәуелділігін 
арттыруға бағытталған үрдіс ретінде сипаттайды [85]. 
Жаһандану феноменін айқындауда маңызды рөл атқарған авторлық 
ғылыми еңбек ғалым Cheng- ге тиесілі, автордың пайымдауынша, жаһандану 
әлемнің әр түкпіріндегі елдер мен қоғам арасындағы құндылықтарды, білімді, 
технологияны және мінез-құлық ережелерін білу, бейімдеу және дамытуға 
қатысты үрдіс [86]. 
Ғалым И.Ф. Кефели жаһандануды көп қырлы ұғым ретінде анықтай 
отырып, оны мәдени-тарихи тұрғыда ұлттық мәдениеттің барлық түрін 
қамтитын жалпы адамзаттық мәдениет ретінде сипаттайды [87].
Сондай-ақ зерттеуші Mgr. Lenka Pelegrinova-ның еңбегінде де келесідей 
құнды ақпарат берілген: «...Жаһандану деп әдетте қоғам дамуының алдыңғы 
тарихи кезеңдерімен салыстырғанда жоғары сапалы деңгейде интеграция үрдісі 
түсініледі. Ол қолданыстағы ұлттық өзара тәуелділікті, интеграцияны және 


20 
ұйымдастыруды 
қамтитын 
жаһандық 
өзара 
тәуелділік 
деңгейін 
анықтайды» [88]. 
Профессор P. Scott та аталған зерттеу мәселесіне зор үлесін қосқан 
зерттеушілердің бірі, автор жаһандануды технологиялар мен бұқаралық 
мәдениет саласындағы әлемдік тәртіптің түбегейлі өзгеруі ретінде қарастырған. 
Оның пікірінше, жаһандану − білім беру мен қоғамның жаңа пішіндерін 
қабылдауға бағытталған үрдіс. Ғалым, әсіресе, жаһандану үрдісінің жоғары 
білім беру жүйесіне ықпал етуіне көп көңіл бөлген, ол жаңа технологияларды 
қолдана отырып, жаһандану жоғары білімге айтарлықтай әсер ететініне назар 
аудартқан (мысалы, трансұлттық білім беру және жоғары білім берудің 
көптеген баламалары, сонымен қатар виртуалды кеңістіктегі студенттер мен 
оқытушылардың ұтқырлығының күрт өсуі) [69, р. 3-9]. 
Жаһандану мәселесінің түрлі аспектілері ресейлік ғалымдардың да 
еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы, Ю.В. Федорованың анықтамасы 
бойынша жаһандану, көбінесе, білім берудің сапалы жаңа жағдайларымен 
байланысты. Жаһанданудың қазіргі кезеңі көбінесе экономикалық, ақпараттық 
және басқа да қызмет түрлерінің дамып келе жатқан трансұлттануының өзара 
тәуелділігін сипаттайды [89]. 
Ғалымдар А.Г. Володин мен Г.К. Широковтың пікірлерінше болмыстың 
жаңа сапасы жаһандануды кешенді геоэкономикалық, геосаяси және 
геогуманитарлық құбылыс ретінде түсінуді негіздейді, және бұл өз кезегінде, 
аталған үрдіске кіретін елдердің өмірінің барлық аспектілеріне күшті 
демонстрациялық әсер етеді [90]. 
Зерттеуші И.О. Радионова жаһандануды 21 ғасырдың екінші жартысында 
бүкіл әлемді қамтыған әлеуметтік және экономикалық дағдарыстың 
ғаламдануы ретінде түсіндіреді [91]. 
Жаһандану феноменін С.Л. Зарецкая келесідей анықтайды: «Жаһандану – 
21 ғасырдың басындағы дүниежүзінің даму үдерістерін сипаттайтын, халықтар 
мен мемлекеттер арасындағы байланыс пен өзара тәуекелділікті нығайтып, 
жалпы ғаламшар аумағындағы қоғамдық дамудың жаңа кезеңін көрсететін 
әлеуметтік байланыстар мен қоғамдық үрдістердің жаңа сапасы» [92]. 
Сондай-ақ, зерттеуші В.В. Михеев бұл жөнінде келесі анықтаманы 
ұсынады: «Жаһандану – елдер мен өңірлердің экономикалық және саяси өзара 
тәуелділігін біртұтас әлемдік құқықтық өріс пен экономикалық және саяси 
басқарудың әлемдік ұйымдарын құру туралы мәселені көтеру және қажетті 
деңгейге дейін дамытудың күрделі жүйесі» [93]. 
Өзге ресейлік ғалым А.Н Чумаковтың
пайымдауынша, «Жаһандану – 
адамзаттың түрлену үрдісіне қарама-қарсы эволюция барысында адамзаттың әр 
түрлі құрамының артикуляциялық үрдісі» [94]. 
Отандық зерттеушілер арасында Д.А. Пардабеков пен Б.Б. Мейрбаевтың 
жаһанданудың теориялық-әдістемелік аспектісіне арналған жұмыстарын атап 
өткен жөн. Авторлар жаһандануды мәдени және өркениеттік факторлардың 
күрделі өзара әрекеттесуімен, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларында 
қарама-қайшы және көпқырлы әрекеттерімен ерекшеленетін құбылыс екенін 
алға тартады [95].


21 
Өзге отандық зерттеуші К.О. Оразбаева жаһандану ұғымына келесідей 
анықтама береді: «Жаһандану – жалпы саяси экономикалық, басқа да әлемдік 
даму кезеңі, өндірістік дамудың жоғары сатысы, ұлттардың мемлекеттердің, 
технологиялардың, нарықтың бірігуі, әр текті әлемнің біртұтастыққа айналуына 
байланысты өзгерістердің жиынтығы» [76, б. 4-156]. 
Жоғарыда біз шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми 
еңбектерінде «жаһандану» ұғымына берілген анықтамаларына талдау жасадық. 
Ендігі кезекте біз аталған анықтамаларды жүйелеп, кесте түрінде беруді жөн 
көрдік (1-кесте). 
Кесте 1 – «Жаһандану» ұғымы туралы шетелдік және отандық зерттеушілердің 
анықтамалары 
Автор 
Анықтама 
Cheng 
Жаһандану – әлемдегі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру 
салаларындағы үздік трендтерді бейімдеп, елдердің ортақ мақсаттарға 
жету үшін интеграциялану процесі. 
I.F. Kefeli 
Жаһандану – мәдени-тарихи тұрғыда ұлттық мәдениеттің барлық 
түрін қамтитын жалпы адамзаттық мәдениет. 
Mgr. Lenka 
Pelegrinova 
Жаһандану бұл − қоғам дамуының алдыңғы тарихи кезеңдерімен 
салыстырғанда жоғары сапалы деңгейіндегі интеграция процесі. 
P.Scott 
Жаһандану − білім беру мен қоғамның жаңа пішіндерін қабылдауға 
бағытталған үрдіс. 
А.Г. Володин, 
Г.К. Широков 
Жаһандану 
− 
кешенді 
геоэкономикалық, 
геосаяси 
және 
геогуманитарлық құбылыс. 
С.Л.Зарецкая 
Жаһандану − 21 ғасырдың басындағы дүниежүзінің даму үрдістерді 
сипаттайтын, халықтар мен мемлекеттер арасындағы байланыс пен 
өзара тәуекелділікті нығайтып, жалпы ғаламшар аумағындағы 
қоғамдық дамудың жаңа кезеңін көрсететін және әлеуметтік 
байланыстар мен қоғамдық үрдістердің жаңа сапасы. 
В.В. Михеев 
Жаһандану − елдер мен өңірлердің экономикалық және саяси өзара 
тәуелділігін біртұтас әлемдік құқықтық өріс пен экономикалық-саяси 
басқарудың әлемдік ұйымдарын құру туралы мәселені көтеру және 
қажетті деңгейге дейін дамытудың күрделі жүйесі. 
А.Н Чумаков 
Жаһандану-адамзаттың түрлену үрдісіне қарама-қарсы эволюция 
барысында адамзаттың әртүрлі құрамының артикуляциялық процесі. 
К.О. Оразбаева 
Жаһандану – жалпы саяси экономикалық, басқа да әлемдік даму 
кезеңі, 
өндірістік 
дамудың 
жоғары 
сатысы, 
ұлттардың 
мемлекеттердің, технологиялардың, нарықтың бірігуі, әр текті әлемнің 
біртұтастыққа айналуына байланысты өзгерістердің жиынтығы. 
Д.А.Пардабеков,
Б.Б. Мейрбаев 
Жаһандану − мәдени және өркениеттік факторлардың күрделі өзара 
әрекеттесуімен, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларында 
қарама-қайшы және көпқырлы әрекеттерімен ерекшеленетін құбылыс. 
1-кестеде көрсетілген анықтамалар мазмұны «Жаһандану» ұғымын көп 
қырлы феномен ретінде сипаттайды. Cheng, Mgr. Lenka Pelegrinova, P. Scott, 
А.Н. Чумаков сынды зерттеушілер жаһандануды «процес» ретінде анықтайды,
А.Г. Володин, Г.К. Широков, Д.А.Пардабеков, Б.Б. Мейрбаев жаһандануды 
«құбылыс» ретінде танып, саяси, экономикалық және мәдени факторлардың 


22 
өзара әрекеттесуімен сипаттайды. Өзге зерттеуші В.В. Михеев жаһандануды 
күрделі жүйе ретінде анықтаса, шетелдік зерттеуші I.F. Kefeli жаһандануды 
мәдениет деп түсіндіреді. Аталған анықтамалардың ішінде біздің зерттеу 
жұмысымыздың бағытына жақын келетін анықтама зерттеуші К.О. Оразбаеваға 
тиесілі, ғалым жаһандануды әлемнің біртұтастыққа айналуына байланысты 
өзгерістердің жиынтығы тұрғысынан сипаттайды. 
Осы анықтамалардың ешқайсысы бір-біріне қайшы келмейді әрі бірін-бірі 
толықтырады. Біз берілген анықтамалармен келісеміз, алайда өзіміздің зерттеу 
жұмысымызда жаһандануды «тенденция» ретінде қарастырамыз, себебі, 
тенденция белгілі бір саладағы (саясат, экономика, мәдениет, білім беру) 
тұрақты дамудың бағытын сипаттайды және ұзақ мерзімді құбылыс болып 
табылады. Ал, жаһандану өз кезегінде, қолдан жасалған процес емес, кей 
жағдайда жаһандану қай саланы болсын жаппай жаулау арқылы өз 
позицияларын нығайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет