Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет18/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
29.05.2023 dis

Сонымен, 
біз 
зерттеу 
жұмысымыздың 
шеңберінде 
кәсіби 
құзыреттілікті адамның жеке-тұлғалық сапамен ұштасқан білім, білік, 
дағдыларын қандай да бір кәсіби салада қолдана алу қабілеті ретінде анықтап, 
осы анықтамаға сүйенеміз.
Яғни, кәсіби құзыретттілікті тек білім, білік, дағдының кіріктірілген 
жиынтығын белгілі бір кәсіби салада қолдана алу қабілеті ретінде ғана емес, 
сонымен бірге кәсіби қызметті тиімді атқаруға оң әсер ететін тұлғалық сапа да 
кәсіби құзыреттіліктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысымызда «кәсіби құзыреттілік» ұғымы жан-жақты 
қарастырылып, оған талдау жасалды. Ендігі кезекте педагог-психологтың 
кәсіби қызметіне тоқталамыз. Осы негізде бізге педагог-психологтартың кәсіби 
қызметіне талдау жүргізу орынды болып көрінді. Сондықтан да біз «педагог-
психологтың кәсіби қызметі» ұғымының мәнін нақтылау және педагог-
психологтың кісіби портретін құру міндеттерін алға қоямыз. 
Қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларын қамтыған серпінді және 
жаһандық өзгерістер білім беру саласында да айтарлықтай өзгерістерге септігін 
тигізді. Қазіргі заманғы болмысқа сәйкес келу үшін жоғары оқу орнының түлегі 
жаңа жағдайға бейімделіп қана қоймай, оны өзгерте алады, сонымен бірге өзін-


39 
өзі өзгерте отырып дамыта алады. Бұл жағдайда жоғары білім берудің маңызды 
міндеті 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзіреттілігінің 
ерекшеліктерін анықтау [125]. 
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлері мен оларға 
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары 
нормативтік құқықты актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сәйкес 
анықталады. Соның ішінде педагог-психологтардың лауазымдарының үлгілік 
біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог- психологтарға келесідей біліктілік 
талаптар қойылады: білім беру процесіне қатысушылардың қиындықтарын 
анықтау және диагностикалау, білім беру және ұйымдастырушылық-
әдістемелік қызмет кезінде психологиялық көмекті сүйемелдеуді қамтамасыз 
ету [3]. «Педагог» кәсіптік стандартының кәсіптік карточкасының 9-
қосымшасына сәйкес педагог-психологтың кәсіби қызметі келесі бағыттарды 
қамтиды:
1. Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика 
жүргізу. 
2. Білім беру процесі қатысушыларына психологиялық-педагогикалық 
көмек көрсету. 
3. Білім беру ортасын құру жағдайында психологиялық-педагогикалық 
мониторинг жүргізу. 
4. Білім беру қызметінің дамытушылық және түзету бағдарламаларын 
жоспарлау мен әзірлеуде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 
М.Р. 
Битянованың 
пікірінше, 
«педагог-психолог» 
мамандығы 
психологиялық және педагогикалық бағыттағы кәсіби қызметті жүзеге асыруды 
көздейді. М.Р. Битянова педагог-психолог қызметінің төрт негізгі бағытын атап 
өтеді: психодиагностика, психокоррекциялық және дамытушылық жұмыс, 
кеңес беру және ағарту, әлеуметтік- бақылаушылық қызмет [126]. 
Ресейлік зерттеуші А. Марголис өзінің «Педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілік критерийлері» атты еңбегінде педагог-психологқа қажет 
құзыреттер ретінде келесі құзыреттерді көрсетеді: психологиялық қызметтің 
қажеттілігі бойынша диагностикалық бағалау;
тұлғааралық қарым-қатынас, 
ынтымақтастық, 
кеңес 
беру, 
құзыреттілік 
шекараларын 
анықтау;
психологиялық-тәрбиелік принциптер, оқу орнындағы психологиялық іс-
әрекеттің жүйелі құрылымын ұйымдастыру;
балалардың психологиялық және 
әлеуметтік құзыреттілігін арттыруға ықпал ететін алдын алу және түзету 
жұмыстарын жүршізу; рефлексия;
арнайы терминологияны, логиканы, дұрыс 
сөйлеуді білу, ұсыныстарды тұжырымдау; құқықтық және этикалық 
принциптерді сақтау [67, с. 15]. 
Отандық ғалым П.Т. Абдуллаева өзінің университеттік білім беру 
жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін 
қалыптастыруға бағытталған диссертациялық жұмысында «Заманауи педагог-
психолог – бұл жоғары психологиялық-педагогикалық білім алған маман, ол 
білім беру үрдісін психологиялық қамтамасыз етуге, тұлғалық даму мен тиімді 
әлеуметтенуді қамсыздандыруға, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен 
нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғауға, олардың 


40 
дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған 
кәсіби қызметті жүзеге асырушы» [60, б. 303-308]. 
Бүгінгі таңда педагог-психологтың білім берудегі маңыздылығы жеке 
тұлғаның дамуын психологиялық-педагогикалық қолдаудың өзекті мәселелерін 
шешумен және қазіргі қоғам жағдайында білімгерлерді әлеуметтендірумен 
байланысты. Балалардың психологиялық денсаулығын нығайтуға байланысты 
өзекті мәселелерді шешу үшін білім беру ұйымдарының психологиялық 
қызметтерін одан әрі дамыту қажеттілігі артып келеді. Осыған орай кәсіби 
стандартқа сәйкес еңбек функцияларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретін педагог-психологтың біліктілігі мен кәсіби құзыреттеріне қойылатын 
талаптар артып келеді.
Жоғарыда көрсетілген ғылыми еңбектер мен нормативтік құжаттарды 
талдау бізге педагог-психологтың кәсіби портретін келесі 1-сурет арқылы 
сипаттауға мүмкіндік берді. 
Сурет 1 – Педагог-психологтың кәсіби портреті 


41 
Білім мен озық тәжірибені басқалармен бөлісуге дайын болу – кәсіби 
педагог-психологтың маңызды қасиеттерінің бірі деп санаймыз. Психология
бұл − практикалық сала, сондықтан оқушылармен қарым-қатынас жасаудың 
қай әдістері ұтымды болатынын білу үшін оларды сыныпта тәжірибеден өткізу 
қажет. Біздің ойымызша, заманауи педагог-психолог болу бұл − өз 
жетістіктерімен және озық тәжірибелерімен осы саладағы басқа мамандармен 
бөлісу
Жыл сайын цифрландыру қамтыған салалардың саны өсуде және білім 
беру саласы да бұл заңнамалықтан тыс қалмады. Заманауи педагог-психолог 
«трендте» болуы және оқушылармен жұмыс жүргізу әдістемелерінде жаңа 
технологияларды қолдануы маңызды. Мысалы, бүгінде Instagram, Tik-Tok 
сынды әлеуметтік желілер қазақстандық оқушылардың өмірінің ажырамас 
бөлігіне айналып үлгерді, ал педагог-психологтардан өз кезегінде осы жаңа 
заманауи трендтерді зерттеп, олардың балаларға деген кері әсерімен қатар 
берер пайдасын да назардан тыс қалдырмай оңтайлы ұсыныстар беруі күтіледі.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, педагог-психолог үшін ең маңызды 
қасиеттердің бірі – оқушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін назардан тыс 
қалдырмау. Яғни, оқушылардың жеке мүмкіндіктерін барынша толық анықтау, 
өзінің белсенділігін нығайту, оның жеке басының бірегейлігін ашу. Әр баланың 
дамуы мүмкін және оның күшті жақтарына айналуы мүмкін жеке ерекшеліктері 
бар. Жалпы, баланың қабілеттерінің дамуы әрқашан оның ерекше, тек өзіне тән 
қасиеттерінің дамуымен байланысты болуы керек. Ең бастысы−жеке 
ерекшеліктермен күресу емес, оларды дамыту, балалардың мүмкіндіктерін 
зерттеу және жеке даму ережелері бойынша тәрбие жұмысын құру педагог-
психологтың принціпіне айналу қажет деп есептейміз. 
Осы орайда, балалардың мүмкіндіктерін зерттеуде педагог-психолог үшін 
маңызды қағида − гумандық ұстаным. Бұл ретте педагог-психологтың 
балаларға деген құндылықтарға негізделген адами қарым-қатынасы 
сүйіспеншіліктен, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан, олардың 
денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаудан, диалогтық қарым-
қатынастан, әр баланы сол күйінде жылы қабылдаудан, әр баланың даралығын 
қолдаудан көрінеді. 
Бұдан бөлек кәсіби педагог-психолог психологиялық-педагогикалық 
өзара іс-әрекетті жоспарлау және қамтамасыз ету процесінде сұраныс 
бойынша білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін 
келесі білімдерді жүйелі түрде қамтуы тиіс: 
1. Педагогикалық, жас ерекшелік және арнайы психологияның негіздері, 
теориясы, принциптері, әдістемесі мен мазмұны. 
2. 
Дамыту, оқыту және әлеуметтену процесін психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын құру. 
3. Білім алушыны жеке сүйемелдеу бағдарламасын жасау үшін 
жүргізілетін психологиялық бақылауды талдау. 
4. Білім алушыларды тиімді сүйемелдеу мақсатында тәжірибелік 
кейстермен қамтамасыз ету. 


42 
5. Психологиялық диагностика нәтижелерін статистикалық және 
математикалық өңдеу әдістері. 
6. Білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін алынған 
диагностика нәтижелерінің негіздемелерін психологиялық-педагогикалық 
интерпретациялау және рәсімдеу талаптары. 
7. Білім беру жүйесіне және психологиялық-педагогикалық қызметті 
жүзеге асыруға қатысты нормативтік-құқықтық актілер [127]. 
Кәсіби әрі сұранысқа ие педагог-психологтың негізгі ұстанымдарының 
бірі − үздіксіз білім алуға ұмтылу және оқуға жаңаны зерттеуге деген 
мотивация. Себебі, педагог-психолог өзінің кәсіби саласы туралы көп білсе де, 
қарым-қатынастың жаңа әдістерін үйренсе де, тіпті өзінің диагностикалық 
әдістемелеріне көбірек технологияны қалай енгізу керектігін білсе де, өз білімін 
үнемі кеңейту маман ретінде дамудың кілті болып табылады. 
Сондымен, біздің ойымызша, жоғарыда көрсетілген педагог-психологқа 
қажет ұстанымдар, қағидалар, білімдер мен тәжірибелердің тұтастығы ғана 
педагог-психологтың функционалдық міндеттерін ұтымды түрде атқаруға 
мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымыздың кіріспе бөлімінде көрсетілгендей, жаңа 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларда нәтиженің сапасы түлектің белгілі бір 
жалпы және кәсіби құзыреттердің қалыптасуын білдіреді. Бұл кәсіби 
құзыреттілік кез келген маманның соның ішінде педагог-психологтың кәсіби 
қызметін сәтті жүзеге асыруға дайындығын қамтамасыз ететіні анық. 
Біз зерттеу жұмысымыздың барысында «Жаһандану», «Жаһандық білім 
беру», «Құзыреттілік», «Кәсіби құзыреттілік» ұғымдарына көптеген 
ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, талдау жасау арқылы, 
аталған ұғымдардың мәнін нақтыладық. Ендігі кезекте, біз үшін жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілінің мәнін ашу 
міндеті тұр. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілінің мәнін сипаттауда біз Азия қоғамы жанындағы жаһандық білім 
беру орталығының директоры Veronica Boix Mansilla ұсынған бес білікті негізге 
алдық [128]. Оның ішінде:
1) әлемді зерттеу; 
2) перспективаларды таразылау;
3) идеялармен бөлісу;
4) әрекет ету;
5) тәжірибені қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет