2.3 Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамытудың әдістемесі
Анықтау эксперименті болашақ педагог-психологтардың біз ұсынып
отырған инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық құзыреттерінің
төмен деңгейінің басымдығын көрсетті. Осыған орай, аталған мәселе бойынша
қалыптастыру эксперименті жүргізу қажеттілігі туындайды.
Қалыптастырушы эксперимент 2021-2022 оқу жылында І.Жансүгіров
атындағы
Жетісу
университетінің
«Педагогика
және
психология»
мамандығының 2 курс эксперименттік тобының студенттерімен (45 адам)
өткізілді.
Қалыптастыру экспериментті тиімді түрде жүзеге асыру үшін, ең
алдымен, оның әдістемесін жасауды жөн көрдік (20-сурет).
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
Жоғары
Орта
Төмен
31
33
18
9
51
58
22
20
31
29
47
51
20
27
22
20
58
53
Деңгей %
Эрудиция
Мәдениетаралық коммуникация
Шет тілін меңгеру
117
Сурет – 20 Жаһандану жағдайында болашақ педагог психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамыту әдістемесі
Әдістеменің мақсаты – психологиялық-педагогикалық шарттарды жүзеге
асыруды әдістемелік қамтамасыздандыру.
118
Аталған әдістемені жасау негізіне психологиялық-педагогикалық шарттар
алынды. Психологиялық-педагогикалық шарттарды жүзеге асыру үш кезеңмен
айқындалады: мотивациялық, білімділік және біліктілік.
Осы әдістеменің мотивациялық, білімділік, біліктілік кезеңдерін жүзеге
асыру үшін біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда келесі психологиялық-
педагогикалық шарттарды ұсынамыз:
1. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамытуға ыңғайлы орта құру.
2. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамытуды теориялық қамтамасыздандыру.
3. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін дамытуды практикалық қамтамасыздандыру.
Ендігі кезекте біз жоғарыда көрсетілген әр психологиялық-педагогикалық
шартты жүзеге асыру жолдарына тоқталуды жөн санаймыз.
Бірінші
психологиялық-педагогикалық
шарттың
шеңберінде
біз
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін
дамытуда, олардың инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық
құзыреттерін жетілдіруге деген мотивациясын арттыру үшін ыңғайлы орта
құру мақсатында аудиториядан тыс іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды
қарастырамыз:
1. «Secret of success of educational psychologist» (педагог-психологтың
табыстылығының құпиясы) атты ашық есік күндері І. Жансүгіров атындағы
Жетісу университетінің педагогика және психология кафедрасының
жетекшілігімен ұйымдастырылады. Аталған іс-шараның мақсаты еліміздің әр
түрлі өңірлерінде және алыс жақын шетелде қызмет ететін білікті, тәжірибелі,
жаңашыл практик педагог-психологтармен онлайн/офлайн форматта кездесулер
өткізіп, олардың өздерінің кәсіби салаларына қосқан үлесін насихаттау арқылы
білімгерлерге үлгі ету.
«Secret of success of educational psychologist» атты ашық есік күндерін
ұйымдастыруда келесі міндеттер шешіледі: білімгерлердің болашақ қызметіне
деген оң көзқарасын қалыптастыру; кәсіби құзыреттерін дамытуда
қызығушылықтарын арттыру; өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту
қажеттіліктерін қалыптастыру; белсенділікті, дербестікті, жауапкершілікті,
креативтілікті дамыту; педагогика және психология саласындағы мәселелер
бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету.
Іс-шара барысында болашақ педагог-психологтар мамандардан өздерінің
кәсіби саласындағы үздік трендтер, диагностикалық әдістемелер, диагностика
нәтижелерін интерпретациялау әдістері, кеңес беру тәжірибесін жүзеге асыру
бойынша мағлұмат алып, қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.
«Secret of success of educational psychologist» ашық есік күндері мастер
класс, әңгімелесу, дөңгелек үстел формаларында өткізіледі.
2. «10 сұхбат» жобасы. Аталған жоба аясында әлемнің үздік ЖОО-дары
мен ғылыми орталықтарында «Болашақ», «Erasmus+», «Stipendiun Hungaricum»,
«DAAD» сынды халықаралық бағдарламалар аясында шетелде білім алған
немесе тағылымдамадан өткен білім беру, ғылым, экономика, бизнес, мәдениет,
119
IT, денсаулық сақтау, т.б. салаларында қызмет атқаратын табысты әрі
сұранысқа ие қазақстандық және шетелдік мамандармен сұхбат жүргізіледі.
Жобаның мақсаты – болашақ педагог-психологтарды өздерінің және
басқа да кәсіби салалалардағы озық тәжірибемен және жаһандану дәуірінде
қажет құзыреттермен таныстыру. Аталған іс-шараның бірінші кезеңінде
білімгерлер сұхбаттасуға шақыру алған қонақтар жайлы бейнематериал көріп,
кейіпкерлерді жақынырақ танып, түрлі салаларда жеткен жетістіктеріне көз
жеткізуге мүмкіндік алады. Екінші кезең барысында халықаралық тәжірибесі
бар кәсіби мамандар бідімгерлердің сұрақтарына онлайн және офлайн форматта
жауап беріп, кері байланыс алуға мүмкіндік алады. «10 сұхбат» жобасы диалог,
сұхбат, әңгімелесу, пікірталас формалары негізінде жүзеге асырылады.
Қалыптастырушы эксперименттің білімділік сатысында жаһандану
жағдайында
болашақ
педагог-психологтардың
кәсіби
құзыреттілігін
дамытудың екінші психологиялық-педагогикалық шарты (дамытуды теориялық
қамтамасыздандыру)
жүзеге
асырылады.
Аталған
психологиялық-
педагогикалық шартты жүзеге асыру үшін біз «Formation of global competence in
the context of higher education» элективті курсын негізге алдық.
Әзірленген арнайы курс элективті пәндер (таңдау бойынша курстар)
цикліне кіреді. Ұсынылып отырған элективті курс ЖОО-да маман ретінде
болашақ педагог-психологты кәсіби даярлаудың бір бөлігі бола отырып,
«Formation of professional competence in preparation of future teacher»,
«Organization of scientific and pedagogical research in a foreign language»,
«Жоғары білім беруді интернациянализациялау», «Research organization and
planning», сияқты пәндерінің мазмұндық бірліктерін жинақтайды, жүйелейді.
Элективті курс бағдарламасын толығырақ қарастырайық. Элективті
курстың негізгі мақсаты – дүниетанымдық құзыреттілікті дамыту арқылы
болашақ педагог-психологты кәсіби қызметке дайындау. Біз ұсынып отырған
элективті курс инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық
құзыреттерді игеруге арналған бағдарламаны қамтиды. Ұсынылған элективті
курс келесі міндеттерді шешуге арналған:
– сыни ойлау, зерттеушілік, кәсіпкерлік, ұтымды оптимизм, жаңашылдық,
эмпатия және мәдениеттің адам мінез-құлқы мен әлемдік оқиғаларға әсерін
түсіну сияқты дағдыларды қалыптастыру;
– білімгердің айналасынан тыс әлемді зерттеуге, ағымдағы мәселелерді
тұжырымдауға және оқу бағдарламасының бағытына сәйкес зерттеулер
жүргізуге ынталандыруды дамыту;
– географиялық, тілдік, идеологиялық және мәдени кедергілерді жеңе
отырып, әртүрлі аудиториялармен тиімді қарым-қатынас жасай білу қабілетін
дамыту.
«Formation of global competence in the context of higher education»
элективті курсын жобалау алгоритміне сәйкес біз оқыту мазмұнын іріктеу және
құрылымдау принциптерін анықтадық:
– ғылыми принцип – педагогикалық және психологиялық ғылымның
қазіргі даму деңгейіне сәйкес материал мазмұнын таңдау;
120
– практикалық-бағдарлау принципі – материал мазмұнын таңдау,
заманауи білім беруді модернизациялауды ескере отырып, кәсіби
педагогикалық-психологиялық міндеттерді шешуге бағытталған; алған
білімінің сипатына сәйкес әртүрлі практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
– мәдени сәйкестік принципі – нақты әлеуметтік-мәдени мәселелерде
кәсіби мәселелерді шешуге көмектесетін материал мазмұнын таңдау шарттары;
– ізгілендіру принципі – білімгерлерді әртүрлі көзқарастарды салыстыруға,
әр адамның жеке басын құрметтеуге, жағымды психологиялық ахуал жасауға
бағыттайтын оқу материалының диалогтық сипаты.
Қойылған мақсаттарға сәйкес, оқытудың оңтайлы нысандары мен әдістері
жабдықталды. Дәрістерді ұйымдастырудың жетекші формасы дәстүрлі және
проблемалық дәрістер болып табылады. Практикалық сабақтарды ұйымдастыру
оқытудың инновациялық әдістері мен нысандарын қолдануға негізделеді: brain
storming, case-study, SWOT analysis, project based learning, problem- based
learning, Fishbone method және т.б., сондай-ақ білімгерлердің ұжымдық топтық
жұмысқа, пікірталастарға, нақты жағдайларды талдауға, іскерлік, рөлдік
ойындарға, кейінгі рефлексиямен тренингтік жаттығулар, шығармашылық
тапсырмаларды орындауға т.б. қатысуын көздейді. Практикалық сабақтарды
өткізу кезінде білімгерлердің қажеттіліктері мен мүдделері ескеріледі.
Студенттің
өзіндік
жұмысын
ұйымдастыру
(СӨЖ)
тапсырмаларын,
жаттығуларды орындауды; тақырыптың жеке мәселелерін зерделеуді,
баяндамалар, эссе жазуды; ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауды көздейді.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына
(ОСӨЖ) ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер бойынша білімгердің
аудиториядан тыс жұмысын (консультация) білдіреді.
Болжамдалады: білімді игеру сапасын бақылаудың ағымдағы, аралық
және қорытынды нысандары. Ағымдағы бақылау білімгерлердің өзіндік
жұмысы үшін тапсырмалардың, практикалық сабақтардағы тапсырмалар мен
жаттығулардың орындалуын бағалау арқылы жүргізіледі. Тапсырмалар мен
жаттығулар – бұл курстың негізгі талаптарын көрсететін тапсырмалар
жиынтығы. Аралық бақылау студенттердің тест, эссе жазуынан тұрады.
Қорытынды бақылау емтиханды қамтумен қатар ағымдағы және аралық
бақылау бойынша балдарды жинақтайды.
Курсты аяқтағаннан кейін білімгерлер дағдыланады:
1. Маңызды мәселелерді тұжырымдап, жақсы ойластырылған және
жасына сәйкес зерттеулер жүргізу арқылы айналасынан тыс әлемді зерттеуге.
2. Түрлі көзқарастарды мұқият және құрметпен тұжырымдап, түсіндіре
отырып, бөтен және өзінің көзқарасын қабылдай білуге.
3. Географиялық, тілдік, идеологиялық және мәдени кедергілерді жеңе
отырып, идеяларды әртүрлі аудиторияға тиімді жеткізуге.
4. Өзін әлемнің бір бөлшегі ретінде қарастырып, рефлексивті түрде
қатысу арқылы әлемдегі жағдайды жақсарту үшін әрекет етуге.
Элективті курстың оқу-тақырыптық жоспары берілген 29-кестеде
көрсетілген.
121
Кесте 29 – Элективті курстың оқу-тақырыптық жоспары
Тақырып атауы
Сағат саны
барлығы лекция практика СОӨЖ СӨЖ
Жаһандану концепциясы және оның даму
тенденциялары
4
2
1
1
Жаһанданудың елдің дамуына, жеке өмір
салтына және ғылыми-зерттеу қызметіне
әсері
4
2
1
1
Жаһандық проблемаларды білу және
түсіну
4
2
1
1
Қазіргі әлемдегі және қоғамдағы халықара
лық ұйымдар мен мекемелердің рөлі.
5
2
1
1
1
Педагогика және психология саласындағы
негізгі халықаралық танылған зерттеу
әдістері
4
2
1
1
Модуль 2 Intercultural communication
Халықаралық мәдени ынтымақтастықтың
халықаралық интеграциялық процестерге
әсері
4
2
1
1
Мәдениетаралық диалогтың
дипломатиясы
4
2
1
1
Әртүрлі мәдениеттердің жаһандық
құзыреттілігі туралы көзқарастары.
4
2
1
1
Жаһандық азаматтық ұстанымды
тәрбиелеудегі мәдениетаралық қарым-
қатынастың рөлі.
5
2
1
1
1
Мәдениетаралық коммуникацияны
зерттеудің прогресі мен болашағы
4
2
1
1
Модуль 3 Foreign language proficiency
Шет тіліне және оны меңгеруге сұраныс
саласындағы жаһандық трендтер
4
2
1
1
Ағылшын тіліне деген жаһанды
сұраныстың артуы мен оның себептері
4
2
1
1
Зерттеу жүргізудегі ағылшын тілінің рөлі
4
2
1
1
Жаһанды құзыретті болудағы шетел тілін
меңгерудің рөлі
5
2
1
1
1
Болашақ педагог-психологты кәсіби
бағытталғын шет тілінде оқытудың
маңызы.
5
2
1
1
Достарыңызбен бөлісу: |