Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет42/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
29.05.2023 dis

Тақырып 1. Жаһандану концепциясы және оның даму тенденциялары 
(Лекция – 2сағат). 
Лекцияның мақсаты: білімгерлердің жаһандану феномені жайлы жалпы 
түсінігін қалыптастыру, білім берудегі жаһандану үрдісімен, оның ішінде 
Қазақстанның жоғары оқу орындарында жаһанданудың даму бағыттарымен 
таныстыру. 
Практикалық сабақ барысында жаһандану феномені жайлы түрлі 
ғалымдар, журналисттер мен эксперттердің ой пікірлері және PISA сынды 


122 
ұйымдардың жаһандану үрдісіне арналған зерттеу жұмыстарымен және 
нәтижелерімен білімгерлерді таныстыру жүргізіледі. 
Тақырып 2. Жаһанданудың елдің дамуына, жеке өмір салтына және 
ғылыми-зерттеу қызметіне әсері (Лекция – 2 сағат). 
Екінші тақырыпта жаһандану үрдіснің еліміздің дамуына ықпалы 
қарастырылады, сонымен қатар, жаһандық үрдістің ажырамас бөлігі ретінде 
танылған ғаламтордың, Tik-Tok, Instagram, Facebook сынды әлеуметтік 
желілірдің жалпы қоғамдағы орны мен жасөспірімдердің өмірінде алатын 
рөліне тереңірек тоқталамыз. 
Практикалық сабақ білімгерлердің жаһандану үрдісінің ықпал ететін 
бағыттарымен (экономика, саясат, геополитика, білім беру, масс-медиа..), 
жалпы бұл үрдістің артықшылықтары мен кемшіліктерімен тереңірек танысуға 
мүмкіндік береді. 
Тақырып 3. Жаһандық проблемаларды білу және түсіну (Лекция – 2 
сағат). 
Лекцияның мақсаты білімгерлерді жаһандық мәселелермен таныстыру 
және бұл мәселерді шешудің кейбір жолдарын талдау. 
Практикалық сабақ барысында білімгерлер экологиялық проблемалар, 
экономикалық өзгерістер, жаһандық кедейлік, халықтың өсуі, адам құқықтары 
мен саяси қақтығыстар бойынша шешілмейтін болып көрінетін мәселерді Brain 
storming, Case study сынды тәсілдер арқылы талдап, бұл мәселерді шешуге өз 
үлестерін қосуға деген мотивацияларын арттыру көзделеді.
Тақырып 4. Қазіргі әлемдегі және қоғамдағы халықаралық ұйымдар мен 
мекемелердің рөлі(Лекция – 2 сағат). 
Лекция қазіргі ең беделді халықаралық ұйымдардың жаһандану 
үрдісіндегі рөліне және функцияларына негізделеді. Сонымен қатар, ҚР-ның 
аталған ұйымдарға мүше болу тарихы қарастырылады. 
Практикалық сабақ барысында БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, ДДҰ, ДСҰ, НАТО 
сынды ұйымдарға жеке-жеке тоқталып, өзекті мәселелері бойынша SWOT 
талдау жасау ұсынылады. 
Тақырып 5. Педагогика және психология саласындағы негізгі 
халықаралық танылған зерттеу әдістері (Лекция – 2 сағат). 
Берілген тақырып аясында келесі сұрақтар тізімін қамту көзделген: 
болашақ педагог-психологтың кәсіби шеңберіндегі әлем мойындаған зерттеу 
әдістері, қолдану аясы және даму тарихы. 
Практикалық сабақ барысында келесі зерттеу әдістеріне талдау 
жүргізіледі: сауалнамалар, пәнаралық және трендтік зерттеулер, ғаламторға 
негізделген зерттеулер, эксперименттер, квази-эксперименттер, сұхбаттар және 
т.б. 
Тақырып 6. Халықаралық мәдени ынтымақтастықтың халықаралық 
интеграциялық процестерге әсері (Лекция – 2 сағат). 
Алтыншы тақырыпта мемлекеттердің өзара іс-қимылының жаңа 
нысандарын құратын, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен 
тетіктерін табатын қазіргі заманғы интеграциялық үрдістер қарастырылады. 
Қазіргі уақытта мемлекетаралық бірлестіктер негізгі міндеттер ретінде тек 


123 
экономикалық және саяси бірлестікті ғана емес, сонымен бірге халық және 
олардың мәдениеттерін біріктіруді де қоятынына назар аударылады. 
Практикалық сабақ барысында білім деңгейін көтеру және жетілдіру 
Қазақстанның мәдениеті мен тарихының таралуы; мемлекеттік маңызы бар 
мәдени мұраны сақтау және қорғау; коммерциялық емес сипаттағы мәдени 
алмасулар бойынша бірнеше халықаралық келісімшарттар қарастырылып, 
талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет