124
Практикалық сабақ барысында әлемдегі сұранысқа ие топ 10 шет тілдер
тізімі және олардың сұранысқа ие болу себептері талқыланады.
Тақырып 12. Ағылшын тіліне деген жаһанды сұраныстың артуы мен оның
себептері
(Лекция – 2 сағат)
.
Он екінші тақырып ағылшын тілінің жаһандық тіл ретіндегі
маңыздылығын атап көрсетеді, себебі әлемдегі коммуникациялардың көп бөлігі
ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ,
ағылшын тілі ғылыми
зерттеулерде, бизнесте және білім беруде қалай кеңінен қолданылатынын
көрсетеді. Сонымен қатар саяхат, туризм және ойын-сауық салалары ағылшын
тілін негізгі қарым-қатынас тілі ретінде қабылдаудан қалай пайда көретініне
назар аударылады.
Практикалық сабақ барысында ағылшын тілі деңгейін тестілейтін
IELTS,TOEFL сынды халықаралық емтихандар және олардың функциялары,
сонымен қатар ағылшын тілінің беретін мүмкіндіктері талқыланады.
Тақырып 13. Зерттеу жүргізудегі ағылшын тілінің рөлі
(Лекция – 2 сағат)
.
Он үшінші тақырып шеңберінде ағылшын тілі – ең маңызды академиялық
және кәсіби құралдардың бірі сонымен
қатар мобильді халықаралық
қоғамдастық үшін ең маңызды тіл және ғылыми әлемнің ресми тілі ретінде
қарастырылады.
Практикалық сабақ барысында Scopus базасына енетін бірнеше ғылыми
журналдың ресми сайтымен дұрыс жұмыс жасау нұсқаулығы ұсынылады.
Тақырып 14. Жаһанды құзыретті болудағы шетел тілін меңгерудің рөлі
(Лекция – 2 сағат)
.
Осы тақырып аясында кем дегенде бір шетел тілін меңгеру жаһанды
құзыретті болудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады,
шетел тілінде
білім алуда, зерттеу жүргізуде, кәсіби қызметтегі ұтымды тұстары айқын
көрсетіледі.
Практикалық сабақ барысында электрондық ортадағы жазбаша іскерлік
қарым-қатынаста шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру
әдістемесі ұсынылып, білімгерлерге ағылшын
тілінде шетелдік ғалымға
электрондық хат жазу бойынша нұсқаулық ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: