Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
29.05.2023 dis

Тренингтік 
бағдарламаның 
мазмұндық 
аспектілері
Тренингтік 
бағдарлама 7 сабақтан тұрады. Бірінші сабақ кіріспе болып табылады және 
болашақ педагог-психологтың жаһандану жағдайында кәсіби дайындығы 
туралы жалпы идеяны жетілдіруге бағытталған. Қалған алты сабақ 
инновациялық және толеранттылық құзыреттіліктің өлшемдері ретінде 
бекітілген алты тақырыптық блокқа бөлінген: бірінші блок сыни ойлау, екінші 


126 
блок зерттеушілік, үшінші блок кәсіпкерлік, төртінші блок толеранттлық
бесінші блок өзін-өзі дамыту және алтыншы блок шиеленістерді шешу. 
Тренинг бағдарламасына сәйкес сабақ жоспары: 
1. Сабақты бастауды ұйымдастыру (5 мин). 
2. Сабаққа ынталандыру (5 мин). 
3. Сабақтың мақсатын анықтау (5 мин). 
4. Білімнің бастапқы деңгейін бақылау (15 мин). 
5. Тапсырмамен жұмыс бойынша нұсқаулық. 
6. Тапсырмамен өзіндік жұмыс (30 мин): 
– нәтижені топтарда талқылау; 
– кіші топтар бойынша нәтижелерді талдау; 
– нәтижелерді ұсыну. 
7. Талқылау қорытындысын шығару, бекіту (30 мин). 
8. Қорытынды білім деңгейін бақылау (15 мин). 
9. Тренинг қатысушыларының жұмысын бағалай отырып, сабақты 
қорытындылау - (10 мин). 
10 үй тапсырмасы (5 мин) 
Тренингтен күтілетін нәтижелер: 
– жаңа ақпаратты игеру (мәселені терең зерттеу); 
– деректерді жинау әдісін меңгеру; 
– оқытудың жаңа тәсілін ұсыну; 
– тренинг қатысушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру; 
– талдау әдісін меңгеру (проблемалық талдау) ; 
– мәтінмен жұмыс істей білу; 
– теориялық және практикалық білімді ұштастыру. 
Сабақтарды өткізу кезіндегі жұмыстың негізгі әдістері: case study, project-
based learning, problem-based learning, SWOT analysis, Fishbone method, 
жаттығулар, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікірталастар, әңгімелер, 
визуализация және т.б. Бұл тренинг қатысушыларына осы тақырып бойынша 
теориялық материалмен танысуға және кейбір практикалық дағдыларды 
дамытуға мүмкіндік береді. Негізгі жаттығуларды жұмысты жандандыру үшін 
немесе негізгі жаттығулардан кейін психологиялық және эмоционалды босату 
үшін қоланылады.
«Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту» тренингінің мазмұндық аспектілерін 21-сурет ретінде 
бейнелеуді жөн көрдік. 
Тренингтік бағдарламаның мазмұны. Бірінші сабақ тренингке 
қатысушыларда жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамыту туралы жалпы идеяны жетілдіруге арналған. 
Мақсаты – жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамыту туралы жалпы түсінікті қалыптастыру. 
Бірінші сабақ келесі міндеттерді шешеді: тренингке қатысушылармен 
танысу және байланыс орнату, бір-бірінің алғашқы әсерлерін қалыптастыру; 
топта жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасау; алдағы сабақтарға оң 
мотивация беру және өзара түсінушілікке, өзара әрекеттесуге көзқарасты 


127 
қалыптастыру; топ қатысушыларын жұмыстың мазмұны, тренингтің мақсаты 
мен міндеттері туралы хабардар ету тренинг ұзақтығы мен кестесін айқындау; 
жұмысқа қосу, жұмыстың одан арғы бағыттарын айқындау; тренингтік топтағы 
жұмыстың негізгі принциптерімен (ережелерімен) танысу және оларды 
анықтау; рефлексия дағдысын дамыту. 
 
 
Сурет 21 – «Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту» тренингінің мазмұндық аспектілері 
 
Бірінші сабақтың негізгі бөлімінде: Kahoot платформасы арқылы тестілеу 
түрінде тренинг қатысушыларының «жаһандану» феномені туралы жалпы 
түсінігін анықтау, әзіл түрінде берілген кейбір сұрақтар арқылы 


128 
қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, өзін еркін ұстап, тренингке деген 
ынтасын арттыру көзделеді. «Жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында шағын дәріс 
(мақсаты − жаһандану үрдісінің педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін 
дамытудағы рөлімен таныстыру); «Venn diagram» (Венн диаграммасы бұл − екі 
немесе одан да көп ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының 
визуалды көрінісі. Ол шеңберлерді сурет ретінде қолдана отырып, екі немесе 
одан да көп мәліметтер жиынтығы арасындағы қатынасты бейнелейді) шынайы 
кейс, 2 практик педагог-психологтардың кәсіби қызметін талдау және 
салыстыру, бірі жаһандану тенденцияларына сәйкес заманауи кәсіби маман 
болса, екіншісі жоғары білім алғаннан кейінгі құзыреттілігін ары қарай 
дамытпаған, білімін жетілдірмеген жаһандық трендтерге сәйкес келмейтін 
маман (мақсаты – педагог-психологтардың 2 моделін көрсетіп, талдау және 
салыстыру арқылы жаһандану жағдайында қосымша құзыреттіліктер мен 
дағдылардың қажеттігін дәлелдеп, тренинг қатысушыларының жаһандық 
деңгейдегі маман болуға мотивацияларын арттыру). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет