Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет46/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70
29.05.2023 dis

Екінші сабақ жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамытудағы «инновациялық құзырет» блогының «сыни 
ойлау» компонентіне арналған. 
Тренингтік бағдарламаның екінші сабағының мақсаты − болашақ 
мамандардың жаһандану жағдайында кәсіби қызметіндегі сыни ойлау 
дағдысының маңыздылығын ашып, оны дамыту бойынша жаттығулар кешенін 
ұйымдастыру: 
1. Қолданылатын тәсіл: Brain Storming (Миға шыбуыл).
Миға шабуыл-бұл 
топтық шығармашылық әдісі, оның көмегімен қатысушылар өздігінен 
енгізген идеялар тізімін жинау арқылы белгілі бір мәселені шешуге күш 
салады. Басқаша айтқанда, ми шабуылы бұл − тыйымдарды жою арқылы 
белгілі бір мүдделер аймағында жаңа идеялар мен шешімдер шығаратын 
жағдай. Тренинг қатысушылары еркін ойлана алады және мүмкіндігінше 
өздігінен жаңа идеяларды ұсынады. 
Тапсырма №1 (22-сурет).
Сұрақ 
Білім беру сапасы төмендеп кетпейді ме? 
Неліктен үлгерімі жоғары оқушы, үлгерімі төмен оқушымен қатар жазғы уақытта ұзақ 
оқуы тиіс? 
Жазғы уақытта қызмет атқаратын мұғалімдерге үстемақы төлене ме? 
Мұғалімдер үшін бұл шамадан тыс жүктеме болмай ма? 
Осы ұзартылған уақытта оқушылар немен айналысады? 
Сурет 22 – №1 тапсырма бойынша сұрақтар тізімі 
Бизнесмен және Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы Айдын 
Рахымбаев Қазақстанда мектеп демалысының ұзақтығын төрт аптаға 
қысқартуды және соның есебінен оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін 


129 
ұзартуды ұсынды. Оның айтуынша, оқу жылының ұзақтығы Азияның алдыңғы 
қатарлы елдеріне қарағанда көп, бұл оқытудың тиімділігіне кері әсерін тигізеді. 
Бұл ұсыныс қоғам арасында пікірталас туғызуда. 
Берілген жағдайға дұрыс баға беру үшін келтірілген сұрақтардың 
қайсыларына жауап алу қажет? 
Тапсырма №2. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының 
президенті Мәдина Тыныбаева түсіндіріп өткендей, қазақстандық және 
халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдау бірінші сынып 
оқушысына бір мезгілде үш тілді үйрену қиын екенін көрсетті (23-сурет). 
Ұйғарым 
Бірінші сыныпта баланың алдымен ана тілінде және жас ерекшеліктеріне сәйкес өз 
ойларын жеткізуге, оқуға, дұрыс жазуға үйренуі маңызды. 
Екі немесе одан да жақсысы үш тілді білу −
біздің артықшылығымыз. Ағылшын тілін білу 
қажеттілігі күмән тудырмауы тиіс. Ғылыми мақалалардың 90% - дан астамы ағылшын 
тілінде, интернеттегі контенттің 60% - ы ағылшын тілінде. 
Біз тілдерге қатысты жаңа дискурс қалыптастыруымыз қажет. Қазір бізде тілге 
байланысты парадокс «немесе-немесе», ал біз мемлекеттік тілді білудің айқын және сөзсіз 
басымдылығын ескере отырып, «және» жүйесін ұстануымыз қажет. 
Үштілдідіктің үлкен бір мәселесі «жартытілділік» болып табылады, баланың тілдік жүйесі 
қалыптаспай жатып ығысады. Бізде жартылай тілді балалар көп. Бұл үштілділік емес, 
жартытілділік, яғни балалар сөз қазақ тілінде, орыс тілінде немесе ағылшын тілінде екенін 
толық ажырата алмайды.
Сурет 23 − №2 тапсырма бойынша ұйғарымдар тізімі 
Ұсынылған ұйғарымдардың қайсысында ағылшын тілі маңыздылығының 
идеясы берілген? 
Тренинг қатысушылары үйренеді: 
– мәселе туралы ақпаратты оның белгілі бір мақсаттарға сәйкестігі 
тұрғысынан бағалауды; 
– мәселе туралы өз пікірін білдіру үшін қандай ақпарат жетіспейтінін 
талдауды. 
Үшінші сабақ жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамытудағы «инновациялық құзырет» блогының 
«зерттеушілік» компонентіне арналған. 
Тренингтік бағдарламаның үшінші сабағының мақсаты: болашақ 
мамандардың жаһандану жағдайында кәсіби қызметіндегі зерттеушілік 
дағдысының маңыздылығын ашып, оны дамыту бойынша жаттығулар кешенін 
ұйымдастыру. 
Қолданылатын тәсіл: SWOT analysis (Свот талдау). SWOT талдауы 
(немесе SWOT матрицасы) бұл – адамға немесе ұйымға бизнестегі 
бәсекелестікке немесе жобаны жоспарлауға байланысты күшті және әлсіз 
жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға көмектесетін стратегиялық 
жоспарлау әдісі. 
Мысал ретінде, Солтүстік Алабама университетіне жасалған свот 
талдауды қарастырамыз (24-сурет).


130 
Сурет 24 – Солтүстік Алабама университетіне жасалған свот талдау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет