Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары



бет13/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

9 - бөлімше. Вагоншалармен алмасу
615. Вагоншалармен алмасу механизмдерін автоматтандыру кезінде қарастырылады:

технологиялық талаптарға сәйкес технологиялық мезанизмдер жинағы және оларды автоматтандыру мүмкіндігіне қарай қажет блокировкалаумен толық немесе жартылай автоматтандыру;

оператордың механизмдерді (бір немесе барлық кешен) басқаруы әдетте, бір ортақ басқару пультінен болады.

10 - бөлімше. Көтергіш құрылғылар
616. Скипті көтергіш құрылғылары аппараттардан команда беру арқылы көтеру циклін, көтергіш ыдыстың түсіру және тиеудің бақылау процестерін және берілген параметрлермен жылдамдық диаграммасын автоматты өңдеуді толық автоматтандырумен қарастырылады.

617. Скипті көтергіш құрылғыларының автоматты сызбасымен қарастырылады:

қозғалыс және берілген параметрлермен цикл элементтерін автоматты өңдеу басталғанға дейін машинст командасы бойынша басқару;

барлық командаларды машинист немесе скип алып жүрушінің беретін жылдамдығы 0,3 м/с артық емес ревизия режимі.

618. 12-16 м/с жылдамдыққа есептелген үлкен жүкті көтергіш ыдыстармен жабдықталған кен көтергіш оқпандар тереңдігі 800 м артық кезінде әрі қарай пайдалану құралдарының инженерлік бағалай отырып, «Көтергіш ыдыс-бедерлеу» жүйесінің динамикалық параметрлерінің статикалық жағдайын бақылау қарастырылады.

619. Көмекші, желдеткіш және бас оқпандардың, олардың көп функциялы мақсатына байланысты клетті көтергіш құрылғылар-жетек түріне қарай жартылай немесе толық автоматтандырылады.

620. Клетті көтергіш құрылғыларды автоматтандыру сызбасында қарастырылады:

теле басқару және теле сигнал беру аппаратурасы арқылы деңгейжиектерден үш алаңның біріне (нольдік, адамдық, қабылдау) немесе кез-келген деңгейжиектерге жұмыс режимі;

қозғалыс және тоқтату басында машинст командасы бойынша қолмен басқару, бұл жағдайда максималды жылдамдық пен үдеу автоматты шектеледі;

барлық командаларды машинист немесе клеттегі (деңгейжиектен) сигнал жүрушінің беретін жылдамдығы 0,3 м/с артық емес ревизия режимі.

621. Клетті инспекторлы көтергіш құрылғы оқпанның 300 м артық тереңдігі кезінде тұрақты ток жетегінде басқарудың лифтілі режимі жобаланады.

622. Шахталық оқпандық сигнал беруді жобалау кезінде қарастырылады:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында қарастырылған талаптар мен қауіпсіздік жағдайлары орындалады;

өнеркәсіптің сериялы шығаратын оқпанды сигнал беру аппаратура кешенін пайдалану;

оқпанды сигнал беруде жеке жобалар әзірлеу қажеттілігі кезінде принципиальды шешімдер мен сигнал беру көлемі нақты технологиялық талаптар (деңгейжиектер саны, оқпан маңындағы алаңдар қондырғылары, көтергіштер түрлері және басқалар) ескеріле отырып, шығарылатын аппаратурада көрсетілгенге ұқсас қабылданады.

11 - бөлімше. Конвейерлік көлік
623. Шахталық конвейерлік көлікті автоматтандыру кезінде қарастырылады:

барлық конвейерлік желі бойында іске қосу алдындағы ескерту сигнал беру;

конвейерлік желілерді дистанционды іске қосу және тоқтату кезінде технологиялық бірізділіктік сақталуы;

конвейерлік желінің қалыпты жұмысын және қабылдау бункерлері, штабельдер және тағы басқа толтырылуын бақылау;

ағындар, науа, бітелуін, конвейерлерде материалдардың болуын, сонымен қатар конвейер желісімен тасымалданатын материалдарды автоматты есепке алуды, тозаңдарды автоматты басуды-тек технологиялық талаптармен негізделген қажетті жағдайларда ғана (қондырғы сынуы туралы ескерту, конвейерлік желінің бос жұмысының уақытын қысқарту, өнімсіздікті есепке алу және басқалар) бақылау;

конвейерлердің авариялық жағдайын (үзілу, таспаның тіреліп қалуы, подшипниктердің қатты қызуы, двигательдің қатты қызу және басқалар) бақылау;

таспаның ендік жыртылуын (жыртылудың сериялық дайындалатын датчиктері болған жағдайда) бақылау;

механизмнің және оның ағын бойынша алдындағыларының жұмыс істемейтін бөлігін автоматты сөндіру және операторға тиісті сигнал беру;

конвейерлік желінің кез келген пунктінен орталықтандырылған авариялық тоқтату және іске қосу мүмкіндігі;

дистанционды басқару істен шыққан уақытта жергілікті блокировкаланған басқару;

келтіру және тартқыш станциялардың шектеулері шешілген кезде конвейерді іске қосуға жол берілмейді.

624. Күрделі ағынды-көлік жүйелері үшін ағынды-көлік жүйелерін операторлық пункттен басқару қарастырылады.

Операторлық пунктке телемеханика элементтерін пайдалана отырып, барлық бақыланатын параметрлер мен механизмдердің авариялық жағдайының сигналдарының жазбасы шығарылады.

12 - бөлімше. Тоқарба көлігі
625. Тоқарба тасымалдарын автоматтандыру түрлері: стрелкалар мен сигналдарды электрмен орталықтандыру, автоматты бағдаршамды блокировкалау, стрелкалар мен сигналдарды автоматты блокировкалау, қозғалатын тоқарбадан машинистің стрелкалық ауыстырулармен дистанционды басқаруы, құрамдарды тиеу және түсіру орындарында (сериялы шығарылатын тиісті аппаратура болған жағдайда).

626. Автоматты бағдаршамды блокировкалау, қозғалатын тоқарбадан машинстің стрелкалық ауыстырулармен дистанционды басқаруы жер асты кенішінің өнімділігіне және қолданыстағы тоқарбалар санына қарамастан оқпан маңындағы аулаларды қоса алғанда барлық қазбалар үшін автоматтандыру құралдарының негізгі түрі болып табылады.

627. Қолданыстағы және жаңадан жобаланатын жер асты кеніштері үшін стрелкалар мен сигналдарды электрмен орталықтандыруды жобалауға ерекше жағдайда жол беріледі және технико-экономикалық негіздеме есептерімен негізделген. Күрделі көлік сызбалы және сақина тәріздес тасыма учаскелеріндегі қарқынды поезд қозғалысының деңгейжиектері үшін стрелкалар мен сигналдардың автоматты блокировкасы қарастырылады. Бағдаршамдық автоматты блокировка екі немесе одан артық тоқарбаның барлық жұмысы кезінде қарастырылады.

628. Жаңадан салынатын шахталарда тоқарба тасыманы автоматтандыру жобасы есепті жылға арналған жолды дамыту үшін әзірленеді. Қолданыстағы шахталар үшін тоқарба тасыманы автоматтандыруды көрсетілген құрылғысыз жобаланатын өнімділік жоспарын қамтамасыз ету мүмкін болмайтын жолды дамыту үшін жобаланады.

629. Автоматты тоқарба тасыманы жобалау кезінде поездар қозғалысын ұйымдастыру және маршрут жасау әзірленеді. Маршрут әзірлеуге тек негізгі маршруттар енгізіледі. Маршрут жасау аппаратураның (стрелкалы электржетектер, датчиктер, бағдаршамдар және кабельдер) барынша аз мөлшерін қамтамасыз етеді. Қысатын ұштары болатын стрелкалық ауыстырулар қолданылады.

630. Тоқарба тасыманы автоматтандыру құрылғысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады.

631. Тоқарба машинистеріне команда беру үшін негізінен екі мәнді қызыл (тоқтататын) және жасыл (рұқсат беретін) көрсеткішті бағдаршамдар қолданылады. Әдетте, бағдаршамда тыйым салатын көрсеткіштер жанады.

632. Бағдаршамдар поезд жүрісінің немесе жол осінің оң жағынан орналастырылады.

633. Сигнал беру жүйесі құрам бағдаршамнан өткеннен кейін автоматты түрде жасыл түстен қызыл түске ауысуын қатамасыз етеді. Жекелеген жағдайда көрсеткішті маршрут босағаннан кейін ауыстыруға жол беріледі.

634. Поездарды автоматтандырудың электр сызбасымен байланыстыру үшін келесі орындарды мақсатына қарай орналастырылатын жол датчиктері қолданылады:

поездың бағдаршамға жақындауы туралы, ортадан шыққаннан кейін-бағдаршам алдында 5-10 м қашықтықта, қалған жағдайда-бағдаршам алдында тежеу жолынан кем емес қашықтықта хабарлайтын сұрау датчиктері;

бағдаршамның сигналды оттарын жасылдан қызылға ауыстыру датчиктері-бағдаршамнан кейін 1-2 метр қашықтықта;

маршруттарды бөлу (босату) датчиктері-маршрутты толық босатуды қамтамасыз етеді.

Жол датчиктері болмаған жағдайда орындардан сигнал беру үшін қолмен әсер ету датчиктері (батырма) орнатылады.

635. Поездар қозғалысын қамтамасыз ету үшін қарсы маршруттарды блокировкалау, оларды қоршаған участок босағанға дейін сигнал берілген сәттен бастап іске асырылады.

636. Тоқарбалардан басқарылатын бағыттамалар жағдайдың жарықты көрсеткіштерімен жабдықталады және жергілікті бастырма басқаруы болады.

637. Бағыттамалар мен сигналдарды дистанционды басқару кезінде диспетчердің басқару пультында бағдаршам оттарының жағдайын, бағыттамалар орналасуын, маршрутты участоктардың бос еместігін жарықты бақылау қарастырылады. Пультта орталықтандыру жүйесінің жұмысы бұзылған жағдайда электр сызбаларды қалпына келтіру үшін маршруттарды жасанды бөлудің пломбаланған батырмалары орналастырылады.

638. Автоматтандыру аппаратурасы тау-кен қазбалары орындарында құрамның рельстік жолдан шығып кету кезінде зақымдануын болдырмайтын адамдар өтетін жағынан орнатылады.



13 – бөлімше. Өзіндік жүретін көлік
639. Деңгейжиектерде немесе саты астында екі немесе одан артық өзіндік жүретін қондырғылар жұмысы кезінде автоматты бағдаршам сигнал беру және блокировка қарастырылады.

640. Автоматты бағдаршам сигнал беру және блоктау жобасы жер асты қазбалары бойынша көлік құралдары қозғалысының талаптары, жол белгілерін және көрсеткіштерін (мемлекеттік автоинспекция ұқсас белгілер) қою өзара байланысты.

641. Автоматты бағдаршам сигнал беру және блоктауды жобалау кезінде өзіндік жүретін қондырғы қозғалысын ұйымдастыру сызбасы және маршруттарға бөлу әзірленеді.

Қондырғы қозғалысын ұйымдастыру сызбасы және маршруттарға бөлуді әзірлеу кезінде әрбір штрек және әрбір панель бойынша қозғалыс бағыты негізделген. Маршрутқа бөлу кезінде қозғалысты ұйымдастыру сызбасына сәйкес барлық мүмкін маршруттар енгізіледі. Маршруттарға бөлу аппаратура мен кабельдердің барынша ең аз санын ескере отырып, жасалады.

642. Блок-участокта және сұрау учаскелерінде өзіндік жүретін қондырғы болмағанда, автоматты бағдаршам сигнал беру және блоктау аппаратурасы бағдаршамдардың тыйым салу оттарының қалыпты жауын қамтамасыз етеді.

643. Бағдаршамдар өзіндік жүретін қондырғылар жүрісінің немесе жол осінің оң жағынан орналастырылады.

644. Өзіндік жүретін қондырғылардың деңгейжиектер бойынша қозғалысын фиксациялау және бағдаршам сигнал беру және блоктың электр сызбаларының қалыпты жұмысы үшін жол датчиктері қолданылады.

Сұрау датчиктері (өзіндік жүретін қондырғылардың-бағдаршам алдында 6-10 м қашықтықта, бағдаршамның сигналды оттарын жасылдан қызылға ауыстыру датчиктері-бағдаршамнан кейін 1-3 м қашықтықта; маршруттарды бөлу (босату) датчиктері-маршрутты толық босатуды қамтамасыз ететін орындарда.

Жол датчиктері болмаған жағдайда орындардан сигнал беру үшін қолмен әсер ету датчиктері (батырма) орнатылады.

645. Автоматты бағдаршам сигнал беру және блокировкалау жұмысына қолданылатын датчиктер келесі талаптарға сәйкес келеді:

жұмыс істеудің жоғары сенімділігі болу;

екі жақты өзіндік жүретін қондырғының (оларды кезекпен жұмыс істеуін фиксациялау арқылы екі датчик орнатуға жол беріледі) қазбалардағы қозғалыс бағытын қамтамасыз етеді;

қондырғының жүрісін қиындатпау.

646. Қамтамасыз етеді:

бағдаршам оттарына (жасыл) рұқсат ететін жасалған сұраныс арқылы автоматты ашу, егер берілген және қарсы маршрут бос болса;

қалыпты жанып тұрған тыйым салатын (қызыл) сигналды сұраныс датчигі және блок-участоктағы жұмыс істеулер кезінде жанып-сөніп тұратын қызылға автоматты ауыстыру;

блок-участок босағаннан кейін жанып-сөніп тұрған қызыл сигналдан жасылға автоматты ауыстыру;

көлік машинасы бағдаршамнан шыққаннан кейін рұқсат беретін оттың тыйым салушыға автоматты ауыстыру;

ауысуы шығуы блок-участок босағаннан кейін жанып-сөніп тұрған қызыл сигналдан жасылға автоматты ауыстыру;

блок-участок босағаннан кейін маршрутты автоматты бөлу;

қарсы маршруттардың бір уақытта берілу мүмкін еместігі;

рұқсат ететін шамның қосылуынан бастап және маршрутты бөлгенге дейін «Автомибильден сақтан» ескерту сигнал беруді қосуға арналған команда беру;

сигналдың ашылу сәтінен олар қоршаған участок босағанға дейін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарсы маршруттарды блокировкалау.

647. «Автомибильден сақтан!» транспаранты жаяу жүрушілер үшін жақсы көрінетін орында, қызметтік ғимараттан шығатын орындарда, участок бұрылыстарында (бұрылыс басында және соңында) және тұйық қиылыстың әрбір жағынан тіке учаскелерде орнатылады.

648. Өзіндік жүретін қондырғы аз саны кезінде (деңгейжиектер мен сатылар астында 2-3 бірлік) автоматты бағдаршам сигнал беру және блоктаудың электр сызбаларын жасау релелік блоктарды қолдана отырып жүргізіледі. Әрбір релелік блок үшін арнайы кемерлік құрылғы талап етіледі.

649. Қарқынды қозғалатын өзіндік жүретін қондырғының деңгейжиектері үшін автоматты бағдаршам сигнал беру және блоктаудың электр сызбаларын жасау арнайы камераларда орналастыратын, жабық кодты штативте орнатылатын кодты блоктарды қолдана отырып жүргізіледі.

650. Қарқынды қозғалатын өзіндік жүретін қондырғының деңгейжиектерінің қарсы қозғалыс орындарында тиісті бағдаршамдар мен датчиктер орналастыра отырып, жол айрықтарда құрылғысын орналастыру ұсынылады.

651. Деңгейжиекте шахта ішілік көлік диспетчерінің болуы кезінде бағдаршам оттарының жағдайын, қарқынды қозғалатын деңгейжиектері участоктарының бос еместігін жарықпен бақылауды қарастырылады. Бағдаршам сигнал беру және блоктаудың автоматты аппаратурасы (штатив, аппаратурасы, қоректендіру, шығаратын табло) бұл жағдайда шахта ішілік көлік диспетчері ғимаратында орналастырады.



9 – бөлім. Шахта үстіндегі ғимараттар, имараттар және қондырғыларға қойылатын талаптар

1 - бөлімше. Шахта үстіндегі ғимараттар
652. Жобалау-жинақтау шешімдер қабылдау кезінде неігзігі міндет болып табылады:

механизациялаудың максималды мүмкін дәрежесімен технологиялық қондырғыны пайдалану, өндірістік және көмекші процестер мен операциядарды автоматтауға тиімді жағдай жасау;

қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету.

653. Негізгі және көмекші технологиялық, көтергіш-көліктік қондырғыларды жөндеу қызметін ұйымдастыру үшін жақсы жағдай жасау мақсатында максималды унифирленеді.

654. Шахта үстіндегі ғимараттарды жобалау және құрылысы кезінде технико-экономикалық көрсеткіштерді арттыруға, конструктивті-жинақтау шешімдерге және алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік кәсіпорындардың техника және технология деңгейі, еңбек өнімділігі жөніндегі жетістіктеріне бағытталған жобаға өзгерістен енгізіледі.

655. Көтергіш және таза ауа беретін құрылғылармен жабдықталған шахта үстіндегі ғимараттар арқылы шығатын оқпандардың ауаны сорып алуына жол бермеуі үшін өнімділігі басты желдеткіш құрылғысынан бірнеше рет артық үлкен өнімділігі болатын калориферлі құрылғымен, желдеткішпен канал бойынша оқпанға айдалмайды. Қысқы уақытта бұл желдеткіш ауаны калориферлік құрылғы арқылы айдайды.

656. Желдеткіш құрылғымен жабдықталған шахта үстіндегі ғимарат герметикалы және өнеркәсіп алаңынан хабарлау үшін камерасы болады. Шлюзді камералар саны мен мөлшері жобада анықталады.

657. Шахтаға қондырғылар мен материалдарды, ұзын өлшемді қоса алғанда, беру механизацияланған құралдармен жабдықталған төменгі қабылдау алаңдары арқылы іске асырылады. Шахта үстіндегі ғимараттардың бірінші қабаты мен дарбазалар конструкциялары көтергіш ыдыстарды ауыстыру мен оқпанға ұзын өлшемді материалдарды және өте үлкен қондырғыларды түсіру мүмкіндігі ескеріле отырып, анықталады.

658. Клетті шахта ғимараттарының олардың мақсатына қарай бір немесе екі қабылдау алаңы болады. Клеттерде кендер мен жыныстарды көтеру үшін шахта үстіндегі ғимарат екі қабылдау алаңдарымен жабдықталады. Олар екіге бөлінеді:

пайдалы қазбаларды немесе жыныстарды қабылдау үшін және клеттегі вагоншаларды ауыстыру үшін қызмет ететін негізгі қабылдау алаңы;

шахтадағы қондырғылар мен материалдарды беруге арналған көмекші (нольдік) алаң.

Клеттерге адамдарды отырғызу адамдардың әкімшілік-тұрмыстық ғимаратта қозғалу сызбасына байланысты, осы алаңдардың біреуінде қарастырылады. Шахта үстіндегі алаңдарды адамдарды отырғызуға арналған алаң ретінде жабдықтауға болады.

659. Негізі қабылдау алаңында өзі лақтыратын отырғызу жұдырықтары немесе тербелетін алаңдар орнатылады. Көмекші (нольдік) алаңда отырғызу жұдырықтарын орнату қажеттілігі жобада анықталады.

660. Екі қабатты клеттерге адамдарды бір уақытта отырғызу кезінде клеттің екі қабаты да отырғызу ретінде жабдықталған.

661. Ауысымына 20 вагоншадан артық жүк ағыны кезінде жоғарғы және төменгі қабылдау алаңдарында клеттер мен аударушыларда вагоншаларды алмастыруды автоматты режимде жұмыс істеуге рұқсат беретін итергіштер, орын ауыстыру арбалары, стопорлар және басқа қондырғылар арқылы механизацияланады.

662. Қондырғылар арасындағы өтетін орынның минималды ені (таспалы конвейерден басқа):

қондырғының жылжымайтын бөлігінен немесе қоршауынан-0,7 м кем емес;

қондырғының жылжитын бөлігінен немесе қозғалатын вагоншалардан- 0,1 м кем емес (жеке тұрған колонналарды 0,75 м дейін азайтып соңғы мөлшерді өзгертуге болады).

Адамдарды клетке отырғызу орындарында өтетін орын ені 2,0 м кем емес биіктікте 2,0 м.

663. Таспалы конвейерлер бойындағы өтетін орындар ені ҚНжәнеЕ 2.05-07 «Өнеркәсіптік көлік» сәйкес қабылданады.

664. Параллель тасымал жолдарының осьтері арасындағы қашықтық көлік құралдарының шығып тұратын бөлігінің габариттері арасында саңылауды қамтамасыз етеді.

665. Ғимарат шегіндегі барлық тасымал жолдары, компенсатор мен вагон асты орын ауыстыру арбаларының (платформа) биіктігінен басқа, еден деңгейімен бірге салынады.

666. Қабылдау алаңы мен клет, дөңгелек аударушы мен вагон асты арба (платформа) рельстері бүйірлері арасындағы саңылау 30 мм аспайды.

667. Қосалқы көтергіш ыдыстарды (скип, клет) және құралдарды орналастыруға арналған орынды шахта үстіндегі ғимараттардың төменгі алаңында оларды оқпанда монтаждау үшін қарастырылады.

668. Еден деңгейінен 0,3 м жоғары орналасқан қызмет көрсететін немесе өтетін алаңдардың биіктігі 1 м кем емес қоршаулы таяныштары болады.

669. Жұмыс алаңдарына баратын сатылар ені:

бір жұмыскер болғанда-0,7 м кем емес;

алаңда екі немесе одан артық жұмыскер болғанда-1,0 м кем емес.

Басты өтетін орындардағы сатылар ені 0,7 м кем емес, бірақ 1,2 м артық емес. Жұмыс алаңдарына баратын сатыларының еңіс бұрышы 80° артық болмайды.

670. Тау-кен массасын вагондардан түсіру жүргізілетін негізгі қабылдау алаңында (клетті көтергіш кезінде) ғимаратты ылғалды жинау көзделген.

671. Шкив астындағы алаңдарға жету үшін шахта үстіндегі ғимараттың оның шатырына шығу желден және атмосфералық түсулерден қорғайтын ғимарат ішінде не сыртында орналасқан саты арқылы іске асырылады.

672. Көп қабатты шахта үстіндегі ғимаратта орны мен саны жобада анықталатын қоқыс құбырлары орналастырылады.

674. Шахта үстіндегі ғимараттың бос алаңдарында қосалқы, қойма және көмекші мақсаттағы ғимараттар орналасқан.

675. Шахта үстіндегі ғимараттың қабылдау бункері мен тиеу торабтарын тозаңсыздандыру үшін орталықтандырылған аспирациялық құрылғы қабылданады.

676. Аспирациялық құрылғы және сантехникалық қондырғы шахта үстіндегі ғимарат ішінде, олар болмағанда-тиісті климат жағдайларына байланысты ашық алаңдарды орналасады.

677. Жүктеме торабтарының конструктивті-жинақтау шешімдері минималды мүмкін биіктіктермен орындалады.

678. Қабылдау бункерлерінен ірілігі 300 мм кендерді түсіру торабтарында пластиналық қоректендіргіштер қойылады.

679. Әрбір тиеу алаңының клетті оқпандарындағы копрларда операторларды орналастыру клетті толтыру жағынан жүргізіледі.

680. Таза ауа қабылдайтын өртке қарсы лядалар және суландыру оқпандарын басқару нольдік алаңда орналасқан екі тәуелсіз орындардан (нүкте) іске асырылады: копрға тікелей жақын орналасқан шахта үстіндегі ғимараттан және шахта үстіндегі ғимараттан оқшауланған және жеке кіретін орны бар пункттен.

681. Шахта үстіндегі ғимараттың құрылыс бөлігі жобасында ҚНжәнеЕ Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары және имараттарының барлық талаптары мен нұсқаулары орындалады.

682. Шахта үстіндегі ғимараттың құрылыс контсрукциясы ҚНжәнеЕ 2.01-07 Жүктемелер және әсер етулер және ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары тарауларының талаптарына сәйкес анықталатын, тұрақты, уақытша, ұзақ, қысқа мерзімді және ерекше жүктемелер есептелінеді. Шахта үстіндегі ғимараттарының герметикалығын есептеу кезінде желдеткішпен жасалатын депрессиядан болатын уақытша ұзақ белгі ауыстыратын жүктеме ескеріледі.

683. Жабулардағы пайдалы жүктеме 3.92 кПА (400 кгс/м²) қабылданады. Жабулардың жеке учаскелеріндегі монолитті жүктеме қолданылатын технологиялық қондырғыларға байланысты қабылданады.

684. Санитарлық торабтар машина залында немесе оларды тіке бойынша 25 м артық емес қашықтықта орналастыра отырып, аралық қабаттарда жақын орналасқан жабуларда орналастырады.

2-бөлімше. Қабылдау бункерлерге қойылатын талаптар
685. Скипті шахта үстіндегі ғимараттардың шахтадан шығатын кен немесе жыныстарды қабылдауға арналған қабылдау бункерлері болады.

686. Скипті көтергіштің қабылдау бункерлері сыртқы көліктің түсіру бункерлерімен біріктіріледі. Байыту фабрикалары немесе ұсату-сұрыптау фабрикаларының ұсату бөлімшелерімен байланысты қабылдау бункерлері байыту фабрикаларын жобалаудың технологиялық жобалау нормалары бойынша жобаланады.

687. Бір уақытта түсіру бункерлері болып табылатын скипті қабылдау бункерлерінің сыйымдылығы: кеніштің сағаттық өнімділігі бойынша бақыланатын кендер үшін 5-6 скип сыйымдылығына тең, ал бақыланбайтын кендер үшін 0,25-0,5 болып қабылданады.

688. Түсіру бункерлерінің сыйымдылығы сыртқы көлік түріне және оның жұмысын ұйымдастыруға байланысты жобада анықталады. Бақыланатын кендер үшін экскаватормен түсіретін ашық буферлі қоймалар жобаланады.

689. Көп ұялы бункерде жөндеу болғанда сөндіруге болатын мүмкіндік қарастырылады.

690. Бункерлер, ағындар, лотоктардың шығу саңылауларының мөлшері кен бөлігінің максималды үш еселі шамасынан кем болмайды. Бункерлер мен ағындарды жобалау кезінде тіреулер болған жағдайда араластыруға арналған конструкциялар мен шаралар қарастырылады.

691. Бункерлер, ағындар, лотоктардың соққы тиетін және қозғалатын тау-кен массасымен үйкелетін ішкі беті ауысатын футеровкамен жабылған.

Бөлшекті бақыланбайтын кеннің минимальды еңіс бұрышы 50° кем емес, ал ұсатылған және бақыланатын рудалар үшін-65°.

Қабылдау бункерлері тік бұрышты призма немесе цилиндрлік формада жобаланады.

Бункерлер және шығатын құрылғылар ұзындығы тиісті климат жағдайларында жылытылған немесе жылулары болады.

3 - бөлімше. Эстакада, галерея тиеу және қайта тиеу

торабтарына қойылатын талаптар
692. Жүк эстакадалар әдетте, ашық болып қарастыралады. Қазақстанның Солтүстік облыстарының кеніштері үшін жабық жылытылмайтын болып жобаланады. Тұрмыстық және шахта үстіндегі ғимараттан немесе штолендер сағалары арасынан адамдардың өтетін орындары жабық және жылытылған.

693. Эстакада, галерея тиеу және қайта тиеу торабтарының ұзындығы, биіктігі және орналасуы ғимараттың оқпан маңындағы технологиялық сызбасымен жоспарда анықталады. Эстакада және галереяның барынша қарапайым және мүмкіндігіне қарай тік сызықты бейнелер қолданылады.

694. Ішкі габариттер, конструкциялар, материалдар, өтетін орындар және тіреулер арақашықтығы ҚНжәнеЕ 2.09.03 Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимарттары талаптарымен анықталады. Галереялар мен ғимараттардың темір жол және автожолдармен қиылысуы кезінде олардың жер үстіндегі деңгейден биіктігі ҚНжәнеЕ 2.05-07 Өнеркәсіп көлігі және МСТ 9238 сәйкес келеді.

695. Кеннің резервті қоймасы галереясының орналасу биіктігі оның сыйымдылығына және кенді қоймадан көлік құралдарына түсіру тәсілімен анықталады.

696. Кеннің резервті қоймасы учаскесінде галерея тіреулерінің арақашықтығы тиеу машиналарының ыңғайлылығына қарай, оны максималды арттыруға тырыса отырып, бірақ 18 м кем емес шартымен анықталады.

697. Ашық эстакадалар екі жағынан биіктігі 1 м кем емес таяныштармен қоршалады.

698. Жүк эстакадасын, галерея, тиеу және қайта тиеу торабтарының құрылыс конструкциясы ҚНжәнеЕ 2.01-07 Жүктемелер және әсер етулер және ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары тарауларының талаптарына сәйкес анықталатын, тұрақты, уақытша, ұзақ, қысқа мерзімді және ерекше жүктемелерді ескере отырып, анықталады.

699. Жабулардағы пайдалы жүктеме 2,94 кПА (300 кгс/м²) қабылданады.

700. Жабулардағы есептік жүктемелерді анықтау үшін ҚНжәнеЕ 2.01.07 «Жүктемелер және әсер етулер» сәйкес жүктеме коэффициенттері қолданылады.

701. Көлік құралдарынан жүктемелер динамикалық коэффициентін қолдана отырып, арттырылады: 1,1-көлік галереялары үшін және 1,2-тасымал эстакадалары үшін.

702. Жүктеме торабтарының конструктивті-жинақтау шешімдері минималды мүмкін биіктіктермен орындалады.

703. Түсіру торабтары және тиеу торабтарын тозаңсыздандыру орталықтандырылған аспирациялық құрылғы арқылы іске асырылады.

704. Тарту-сору желдеткіші торабының қондырғылары жылжымалы автокрандармен жөндеу кезінде қызмет көрсету үшін торабтар жанында ашық алаңда орналастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет