Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары


- бөлімше. Кендердің резервті қоймаларына қойылатын талаптар



бет14/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

4 - бөлімше. Кендердің резервті қоймаларына қойылатын талаптар
705. Кендердің резервті қоймалары төрт типті болады:

жылжымалы реверсивті таспалы конвейерлермен тиелетін және конвейерлі көлікке грейферлі крандармен түсірілетін;

арнайы тиеу машиналарымен (штабель-жинақтаушы) тиелетін және конвейерлі көлікке грейферлі крандармен түсірілетін;

жылжымалы реверсивті таспалы конвейерлермен тиелетін және ожаулы немесе роторлы экскаваторлармен түсірілетін;

штабель жинаушымен тиелетін және роторлы электр экскаваторлармен түсірілетін.

Соңғы тип барынша жеңіл құрылыс конструкцияларын пайдаланудан барынша үнемді болып табылады.

Кендердің резервті қоймалары пайдаланылатын механизмдер мен машиналар және қоймаларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар параметрлерін ескере отырып, жобаланады.

706. Конструкциялары бойынша қоймалар ашық және жабық болады. Жобаларда тиеу және түсіру кезінде тозаңданудың алдын алу жөніндегі шараларды көздей отырып, кеннің ашық қоймаларын пайдалану тиімді.

707. Резервті қоймалардың сыйымдылығы 5-10 тәулік шегінде қабылданады.

5 - бөлімше. Мұнаралы копрларға қойылатын талаптар
708. Көп арқанды көтергіш машиналар төменгі жағы бункерлер, шахта үстіндегі ғимараттың технологиялық қондырғыларының және көтергіш құрылғылардың көмекші қондырғыларының түсіру құрылғылары орналастыру үшін максималды пайдаланылатын, мұнаралы копрлардың жоғары жағында орнатылады.

709. Мұнаралы копрдың машина залы еденінің белгісі түсіру құрылғысы үстіндегі қайта көтеру немесе амортизациялық құрылғыларды орналастыруды ескере отырып, жоғары қабылдау алаңының және ауытқу шкифтерінің биіктігімен анықталады.

710. Машина залының дейінгі биіктік 20 м асатын мұнаралы копрларда барлық қабаттарға қызмет көрсету үшін жүк-жолаушылар лифтілерін (сатыдан басқа) орналастыру қарастырылады.

711. Мұнаралы копрдың машина залының ғимараты оған көтергіш оқпандардан арқандармен келетін су мен шаңның түсуінен қорғалған.

712. Мұнаралы копрларда тартпа немесе айдамалы желдеткіші бар оқпандар үстінде орналасатын ыдыстарды жылжытуға арналған бөлімшелер герметикалық орналастырылады.

713. Машина залындағы ауа температурасы +18°С. Электрдвигательдерден артық жылу бөлінген кезде сору-тартпа желдеткіш қарастырылады.

714. Монтаждау және жөндеу жұмыстары үшін қарастырылады:

машина залында-копрдың барлық қабатына жүктердің жерден көтерілуін қамтамасыз ететін көпірлі немесе аспалы кран (кранның жүк көтерімділігі және мұнаралы копрдың жабуларындағы монтаждау ойықтарының габаритті мөлшері көтергіш машинаның максималды торабтарының көтеруін қамтамасыз етеді;

копр станогына нольдік алаңда көтергіш ыдыстарды енгізуге арналған көтергіш кран;

көтергіш ыдыстар мен арқандарды ілу және ауыстыруға арналған механизмдер кешені.

715. Көп арқанды көтеру кезінде клеттерді орналастыру үшін тербелетін алаңдар пайдалану тиімді.

716. Мұнаралы копрлардың жобалары ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары 13 тарауының талаптары мен нұсқаулықтары ескеріледі.

717. Мұнаралы копрлардың конструкциясы ҚНжәнеЕ 2.01-07 Жүктемелер және әсер етулер және ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары 18 тарауының нұсқаулықтарына сәйкес келеді.

718. Жабуларға уақытша нормативтік жүктемелерді қабылданған технологиялық қондырғылар массасына сәйкес, бірақ 3,92 кПа (400 кгс/м²) кем емес, жабулардың кейбір учаскелерінде қолданылатын технологиялық қондырғыларға байланысты монтаждау жүктемелері ескеріледі.

719. Көтергіш ыдыс кенеттен қысылып қалған авариялық жүктеме көтергіш машиналар завод дайындаушыларының нұсқаулықтарына сәйкес анықталады, ал болмаған жағдайда бір тармақтың барлық көтеру арқандарының жалпы үзілу күшін 1,75 тең қабылданады.

720. Амортизациялық балкалар құрылғылары авариялық тежеулердегі арқандардағы күштік жүктемеге есептелген.



6 - бөлімше. Жөндеу және қойма шаруашылығы
721. Жер асты кеніштерінің тау-кен өндіру металлургия кәсіпорындарының жөндеу және қойма шаруашылықтарын жобалау шахталар, кеніштер және байыту фабрикаларының ОНТП-6 қойма кешендерін және жөндеу-механикалық шеберханаларын технологиялық жобалаудың жалпы одақтық нормалары талаптарына сәйкес іске асырылады.

10 - бөлім. Бас жоспар

1 - бөлімше. Жалпы талаптар
722. Тау-кен жұмыстарын жер асты тәсілімен жүргізу тау-кен кеніш кәсіпорындарының бас жоспары тау-кен өндіру кәсіпорындары үшін міндетті болып табылатын, салалық және арнайы нормаларды ескере отырып, өнеркәсіп объектілерін орналастыру тәртібін анықтайтын жалпы мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес әзірленеді:

ҚНжәнеЕ 11 Өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспарлары;

ҚНжәнеЕ 11-8 қазылатын аумақтардағы ғимараттар мен имараттар;

ҚН 245 Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары;

Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары, Астана, 2008 жыл;

Жұмыстарды жер асты тәсілімен жүргізу кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары Астана, 2008 жыл.



2 - бөлімше. Кен өндіруші кәсіпорындар құрамы
723. Кен өндіру кәсіпорындарының құрамы жобалауға арналған тапсырмалармен және осы кәсіпорын құрылысына әзірленген негіздеуші материалдармен анықталады.

724. Жер асты тәсілімен әзірлеу жүргізетін кәсіпорындар құрамына әдетте, келесі объектілер енгізіледі:

жер асты қазбаларымен бас (тіке және еңіс) және көмекші көтерулер оқпандары;

бас және көмекші оқпандар кезінде шахта үстіндегі кешендер (шахта үстіндегі және машина ғимараттары, мұнаралы және укосты копрлар, желдеткіш-калориферлі құрылғы, компрессорлық станциялар және электро қосалқы станция, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар);

жөндеу, қойма, көлік мақсатындағы ғимараттар мен имараттар;

кен дайындау фабрикалары;

түсіру кешенімен тауарлық өнім қоймалары;

салу кешендері (өндірілген кеңістікті салу жұмыстар кезінде);

әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі;

жер асты игерулерінің бос жыныстарының және ұсату-сұрыптау және байыту фабрикаларының құрғақ қалдықтары, баланстан тыс кендер қоймалары, байыту фабрикаларының ылғалды қалдықтарды сақтау орындары (қалдық қоймалары).

725. Пайдалану масштабтарына байланысты жаңадан салынатын, реконструкцияланатын кәсіпорындарды жобалау кезінде цехтар (жинау, сақтау, алғашқы өңдеу және сынықтарды түсіру және түсті және қара металл қалдықтарының участоктары).

3 - бөлімше. Құрылысқа арналған алаңды таңдау
726. Тау кен өндіру кәсіпорындары объектілерін салу және орналастыру үшін алаңдар таңдау ҚНжәнеЕ 1.02.01-8, ҚНжәнеЕ 11-89 және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

727. Алаңдарды таңдау бас жоспар бойынша алдын-ала әзірлеулер, технико-экономикалық негіздеме бойынша жасалған әзірлемелер негізінде, аудан немесе өндірістік ауданның (егер болғанда) жоспарына сәйкес іске асырылады.

728. Өнеркәсіп кәсіпорнын орналастыру орны келесі факторлар ескеріле отырып, жүргізіледі:

пайдалы қазбалар шығындарының шамасы (өндірістің алаң астында ескерту діңгектерін қалдыру қажеттілігі болғанда);

жер асты тау-кен игерулерінің зиянды әсерден қауіпсіздік шаралары (жер бетіне құлау зонасы);

кенжарлардан бас көмекші көтергішке дейін тау-кен массасын тасымалдау шығындар.

729. Өнеркәсіп ауданына (торабында) тау-кен өндіру кәсіпорындарын орналастыру кезінде алаңдарды таңдауды өнеркәсіп торабына енетін көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың, инженерлік ғимараттар мен желілердің жалпы объектілерінің кооперацияларын ескере отырып, жобаланады.

730. Алаңды таңдау құрылысқа арналған алаңдарды таңдау туралы акт жасаумен аяқталады.



4 - бөлімше. Бас жоспарды жинақтау
731. Алаңды жинақтауды ауданның (жердің рельефі, желдің бағытына қарай бағыттау, құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайлары және басқалар) табиғи жағдайларды ескере отырып, орындалады.

Жоспарлау оқшаулау, желдету және мүмкін тозаңдануларға қатысты санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Жанар-жағар май материалдары, орман, бекіткіш және қазандықтардағы көмірлер қоймалары алаңдарда шахта үстіндегі ғимараттардан, ауа беретін оқпандардан және желдету-калориферден 100 м кем емес қашықтықта жою кезінде бағыттаушы желдің бағытын ескере отырып, орналастырылады.

732. Салынатын аумақтар санын азайту мақсатында өндірістік ғимараттар мен имараттарды максималды ірілендіру және блоктау қарастырылады.

733. Тау-кен техникалық жағдайлар бойынша шахта оқпандары жерде оның құндылығына, мәніне және ауыл шаруашылығына арналған мақсатына байланыссыз жерге орналастырылады.

734. Жер асты әзірлеулерімен үздіксіз байланысты ғимараттар мен имараттар оқпан маңындағы алаңдарда (копрлар, шахта үстіндегі және машина ғимараттарындағы желдету-калориферлі, компрессорлы және жер асты жұмыскерлері үшін тұрмыстық корпустар) орналастырылады.

735. Кенді қайта өңдеуші фабрикалар, ремонт, қойма және көлік мақсатындағы объектілер мүмкіндігінше ауыл шаруашылығы жерлерінде және бірінші топтағы ормандарда орналастырылады.

736. Ауыл шаруашылығы жерлерінде және бірінші топтағы ормандар шегінде жоғарыда аталған объектілерді орналастыру қажеттілігі технико-экономикалық варианттарды салыстыру негізінде анықталады.

737. Жерасты қазбаларынан бос жыныстарын және кен қайта өңдеу фабрикаларының қалдықтарын орналастыру үшін балкалар және орлар, пайдалы қазбалары жоқ, құрылыс көп салынған, ормансыз, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз аумақтар және жер асты құлаулары зонасы аумақтары қолданылады. Соңғысы, егер тау-кен техникалық шарттар бойынша және жер үсті сияқты, жер асты тау-кен жұмыстарында да қауіпсіздік бойынша орындауға болады.

738. Жынысты қалдықтардан өнеркәсіп құрылысына дейін қашықтық ҚНжәнеЕ 11-89, тұрғын үй құрылысына дейін-ҚН-245 талаптарына сәйкес анықталады.

5 - бөлімше. Кәсіпорынның өрт, әскерилендірілген

және қарауыл күзеті
739. Кәсіпорынды күзету қолданыстағы өртке қарсы нормаларға және талаптарға (ҚНжәнеЕ 2.01-02 и ҚНжәнеЕ 11) сәйкес жобаланады.

740. Тау-кен кәсіпорнында әскерилендерілген және қарауыл күзетіне жарылыс заттар қоймалары, жанар-жағар май материалдары, шаруашылық ауыз су және өндірістік су тартқылар қоймалары, материалды-техникалық қамсыздандыру жатады.

741. Ведомстводан тыс және ведомстволық күзет саны бір тәуліктік постқа 6 бірлік әскерилендірілген және 4,53 бірлік-күзеттің қарауыл бөлімшелерінде, әкімшілік-басқару персоналын, қызметтік ит шаруашылығының рұқсат беру бюросы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді есепке алмағанда, басшылық құрамды және қызмет көрсететін персоналды есепке алмағандағы есеппен қабылданады.

11 – бөлім. Кеніш үстіндегі көлік
742. Нормалар кен өндіру кәсіпорындарының өнеркәсіп алаңдарында жер асты тәсілімен пайдалы қазбалар игеруді жүргізетін технологиялық көлікті жобалауға таралады.

743. Нормалар сыртқы көліктің барлық түрін, соның ішінде темір жол, автомобиль және құбырды жобалауға таралмайды.

744. Жүктерді тасымалдауға арналған өнеркәсіп алаңының аумағында келесі көлік түрін қабылдауға жол беріледі: темір жол-тоқарба немесе жылу арба, автомобиль, құбыр тартқышпен, ілмелі арқан жолдар, колеи 1520 мм және 750 мм.

745. Көліктің қандайда бір түрін пайдалану технико-экономикалық негіздеме есептерімен негізделген.

746. Кеніштердің өнеркәсіп кәсіпорындарында көлікті жобалау кезінде қолданылуы жер асты тәсілмен игеретін тау-кен өндіру кәсіпорындары үшін міндетті қолданыстағы нормативті (құрылысты жобалаудың талаптары, электр қондырғылардың құрылысы, типтік жобалар, өрт және өндірістік санитария талаптары, ашық тәсілмен игеретін тау-кен өндіру кәсіпорындарының технологиялық жобалау құжаттары, қауіпсіздік талаптары, нұсқаулар және басқалар) басшылыққа алынады.

747. Көліктің арнайы түрін жобалау кезінде (құбыр, конвейерлі поездар және басқалар) технологиялық тапсырмаларды мамандандырылған ұйымдарды жобалауға пайдаланылады.



12 – бөлім. Жылумен қамтамасыз ету

1 - бөлімше. Жылу көзін таңдау
748. Жылуэнергиясының мөлшері жобаланатын тау-кен өндіру кәсіпорындары, құрылыс базасы, қала (кент) және сырттағы тұтынушылары бойынша жылу жүктемелерінің арту перспективасын ескере отырып, анықталады.

749. Жылу көзін таңдау және сырттағы кәсіпорындар тұтынушыларымен жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу көзделетін тау-кен өндіру кәсіпорындары көзделіп отырған құрылысы ауданын жылумен қамтамасыз ету сызбасын әзірлеуге жауапты аттестацияланған ұйым орындайтын жылумен қамтамасыз ету сызбасы негізінде шешіледі.

Жалпы жылу көзі ғимаратына негізгі салым салу барлық жылу пайдаланатын кәсіпорындардың үлестік қатысы есебінен қамтамасыз етіледі. Құрылыстағы үлестік қатысу жылу көзі кооперацияға енетін кәсіпорынның жылуды максималды сағаттық шығындарына пропорционал анықталады.

750. Аумағы ЖЭО орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету ауданына немесе аудандық қазандық аумағына жақын орналасқан тау-кен өндіру кәсіпорындарының жылумен қамтамасыз етілуі әдетте, осы көздерден іске асырылады. Кәсіпорынның меншікті жылу көзі болу қажеттілігі технико-экономикалық негіздеме есептерімен негізделеді.

751. Жел бағытын және зиянды тастаулармен ауа бассейнінің ластануын төмендету жөніндегі шаралардың орындалуын ескере отырып, жылу көзін жылу жүктемелері ортасында орналастырылады.

752. Табиғи газ, қатты немесе сұйық отын жылу көзінің отыны ретінде қызмет көрсетеді. Сұйық отынды пайдалануға ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Отын түрі мен мөлшері белгіленген тәртіппен белгіленген.

753. Қатты және сұйық отындарды жылу көзіне беру, әдетте темір жол көлігімен қарастырылған. Темір жолдан алыс орналасқан қуаттылығы аз қазандықтарға жылу көздерін автомабиль жолдарымен беру қарастырылады.

754. Қазандық агрегаттарын таңдау және олардың бірлік өнімділігі жылу көзінің әртүрлі жұмыс режимі кезіндегі жылу жүктемесінің шамасымен, отын түрімен, жылу тасымалдағыштар түрлері мен параметрлерімен анықталады.

755. Жылу көздері жобасын әзірлеу кезінде жылу жүктемелері келесі жұмыс режимдері үшін анықталған: максималды қысқы; орташа барынша суық айға; орташа жылу беру кезеңіне; орташа жазғы.

756. Қазандықта орналастырылатын қазандық агрегаттары орташа режимдегі жүктемелер кезіндегі қазандық агрегаттарының жұмыс режимін тексере отырып, максималды қысқы режимнің жылу жүктемелері кезінде қазандықтың өсетік өнімділігі бойынша таңдалады. Қазандықтың өнімділігі жағынан барынша үлкен қазандықтың істен шыққан кезінде жұмыс режимін тексеру. Бұл жағдайда жұмыс істеп тұрған қазандықтар жылу беруді қамтамасыз етеді:

барынша суық айдың режимі бойынша анықталатын мөлшерде-жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз етуге;

сырттағы ауаның минималды есептік температурасы және оқпан сағасының қатып қалмауын қамтамасыз ету кезінде шахтағы минималды рұқсат етілетін ауа берілуі кезіндегі жылу шығынымен анықталатын мөлшерде ауа беретін оқпандардың басты желдеткіш-калориферлі құрылғыларына;

сыртқы ауа температурасына тәуелсіз минималды рұқсат етілетін жүктемелермен анықталатын мөлшерде-жылудың басқа технологиялық тұтынушылары мен желдеткіш жүйесіне.

757. Қазандықта екіден кем емес қазандық орнату қарастырылады.

758. Жаңадан салынатын немесе реконструкцияланатын қазандықтар жобасында технико-экономикалық көрсеткіштер келтірілген. Белгіленген жылу қуаттылығының бірлігіне және жіберілген жылу бірлігіне арналған меншікті көрсеткіш қазандық қондырғысының ұқсас құрамының типтік қазандықтарының меншікті көрсеткішінен артық болмайды.

2 - бөлімше. Жылу тасымалдағышта таңдау
759. Жылу тасымалдағыш ретінде әдетте 150-700С. Графигіндегі жоғары температуралы су қолданылады.

Технико-экономикалық есептер негізінде жылу тасымалдағыштың есептік температурасын арттыру немесе төмендетуге жол беріледі.

760. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының, құрылыс базасы және одан тыс кәсіпорындарының технологиялық қажеттеліктері үшін қазандықтан шығатын темпертурасы 200 ÷ 2200С болатын 0,4-тен 1,0 МПа дейінгі қысымдағы құрғақ қаныққан бу немесе 0,8 ÷1,2 МПа қатты қыздырылған бу пайдаланылады.

Бу параметрлері технологиялық тапсырмалар негізінде қабылданады. Будың барынша төмен параметрлерін талап ететін технологиялық тұтынушылар болған кезде оларды төмендету тұтынушыларда жүргізіледі.



3 - бөлімше. Ыстық сумен қамтамасыздандыру
761. Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыздандыру сызбасы ашық немесе жабық болады. Сызбаны таңдау бастапқы су сапасын ескере отырып, жүргізіледі.

762. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтаудың ашық сызбасы жылу көзін қажеттілігіне қарай қаттылығы мен коррозиялық қасиеттерін төмендету бөлігінде өңдеуге жататын ауыз су сапасындағы сумен қамтамасыз ету кезінде қолданылады.

763. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтаудың жабық сызбасы су сапасы бойынша ашық сызбада қолдануға қарсы көрсетілген және тұтынушылардың жылу пункттерінде суды қосымша өңдеу (деаэрация, жұмсарту және басқа) талап етілмеген жағдайда қолданылады.

764. Ыстық сумен жабдықтау жүйесіне жылу беру негізінен кәсіпорынның жылу көздерінен қарастырылады.



4 - бөлімше. Жылу желілері
765. Жылу энергиясын жылыту, желдеткіш, ыстық сумен жабдықтау және технологиялық қажеттіліктерге бір уақытта беруге мүмкіндік беретін екі құбырлы жылу желілері. Технико-экономикалық негіздеме кезінде басқа сызбаларды қолдануға жол беріледі.

766. Ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жылу желілерінің судын циркуляциялануымен жазғы уақытта жұмысы қарастырылады. Қажеттілігіне қарай жазғы желілік және айдаушы сорғыштар орналастырылады.

767. Жылу желілерін жоспарлы жөндеу және жазғы уақытта ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету кезінде беретін және кері магистралдар арасында резервті далдалар ғимараттары қарастырылады.

768. Тұтынушылардағы әртүрлі берілген бу параметрлері кезінде бу желілері жүйесінің параметрлері жылу көзі қондырғыларының стандартты параметрлерімен анықталады. Егер жылу шығыны будың әртүрлі параметрлерінде 30 МВт (25 Гкал/ч) кем емес құраса, бу тұтынушыларының жеке топтарына, бу жүйесінің дербес жүйесін қарастыруға жол беріледі.

769. Кәсіпорын аумағында жылу желілерін салу-жер үсті және басқа жалпы құрылыс конструкцияларындағы инженерлік коммуникациялармен біріктіріледі.

13 - бөлім. Өнеркәсіптік санитария

1 - бөлімше. Сумен жабдықтау және кәріздер
770. Тау-кен кәсіпорындарының су шаруашылығын жобалау кезінде ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001, ҚР ҚН 4.01-102-2001, ҚР РДС 1.04-11-2002, Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын басшылыққа алады.

771. Тау-кен кен өндіру кәсіпорындарының сызбасында су төкпе суларының өндірістік сумен жабдықтау немесе ауыл шаруашылығы жерлерін суландыру үшін есептік қамтамасыз етуге сәйкес максималды пайдаланылуы қарастырылады.

772. Кен орындарының жер асты қазбаларындағы су төкпе сулары жөндеу-механикалық шеберханалар, автобазаларда автомашиналарды жуу, түтін сорғыштар мен гидро күл жоюды суыту, бос жыныстар үйінділерінде тау-кен массасын суландыру, қазандықтар, айналмалы жүйені қоректендіру үшін қолданылуы мүмкін.

773. Тұтынушыларға су беру өндіріс технологиясы және жалпы мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарымен анықталатын өндірістік сумен жабдықтау жүйесінің әсер ету сенімділігі санатын ескере отырып, қарастырылады.

774. Өндірістік қажеттіліктерге берілетін су сапасы Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қызмет көрсету персоналы үшін тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуді ескере отырып, технологиялық талаптарға сәйкес келеді.

775. Жер асты тау-кен қазбаларына ауыз су сапасындағы су беру өнеркәсіп алаңының шаруашылық-ауыз су, су құбырынан бір су тартқы бойынша жүргізіледі.

776. Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат құрамында тау-кен жұмысшыларын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін газдалған су дайындауға арналған межеге ғимарат қарастырылады. Газдалған су дайындауға арналған су тұтыну нормасы ауысымдағы бір жұмыс істеушіге 3,0 л мөлшерінде қабылданады. Тұздық ерітінді концентрациясы 0,5 %, ал температурасы + 200С.

777. Жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмыскерлері сыйымдылығы 1,0 л тұздалған газды сумен толтырылған жеке флягалармен, басқа жұмыскерлер үшін сыйымдылығы 10-20 л болатын баллондарда газдалған су жеткізу қарастырылады. Газдалған суы бар баллондар таза ыдыстары бар шкафтар мен пайдаланылған ыдыстарға арналған жәшіктерімен жұмыскерлердің барынша көп жиналған орындарында орналастырылады.

778. Жер асты жұмыскерлеріне арналған тұрмыстық ғимараттардағы моншамен пайдалану нормасы 1 душты торға-500 л/сағ, флягаларды жууға 1 адамға-2,5 л, аяқ киім ауысымда 1 адамға 10 л.

779. Киімдер мен арнайы киімдерді жуу және жерасты жұмыскерлерінің арнайы киімдерін химиялық тазартуға арналған су шығыны нормалары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және темір рудалары және қорғасын шахталарының тау-кен жұмыскерлерінің арнайы киімдері мен арнайы аяқ-киімдерін сақтау және күту жөніндегі уақытша ұсыныстарға сәйкес қабылданады.

780. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының өнеркәсіп алаңдары аумағынан жаңбыр суларын шығару ауданның климаттық жағдайларын ескере отырып, су ағарлардың ашық жүйесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық органдардың тиісті негіздемесі және келісімі болғанда немесе әрі қарай локальды тазарту ғимараттарында тазартылған суларды өнеркәсіп алаңының сумен жабдықтау айналу жүйесін толықтыру және аумақты суару үшін пайдалану үшін жабық жүйе бойынша орындалады.

781. Жерасты тау-кен қазбаларын өртке қарсы сумен жабдықтау үшін судың тиісілмейтін қоры сақталатын жоғары деңгейжиектердің су төкпелерінің су жинағыштары қолданылады. Тау-кен шарттары бойынша судың осындай қорын жинауға мүмкіндігі болмағанда, ал сыртқы су құбыры жер бетінде жер асты қазбалардағы өртті сөндіруге үздіксіз су беруді қамтамасыз ете алмаса, онда жер үстінде шахтаның оқпан маңында өрт су қоймасы қарастырылады.

782. Кен орындарында жер асты қазбаларындағы өртті сөндіруге арналған өрт су қоймасының сыйымдылығы өздігінен жанбайтын жыныстарда 3-сағат ішінде 5 л/с екі жіңішке ағыны есебінен анықталады.

783. Ағашпен бекітілген шахтаның барлық тіке оқпандары, сағаларында сыртқы өртке қарсы су құбырымен немесе резервуардан құбырмен қосылған сақиналы (периметрі бойынша) құбырлармен жабдықталған және оқпандарда арнайы өрт сөндіруге арналған арнайы су бүріккіштермен жабдықталған.

784. Оқпандарда өрт сөндіру үшін, жер асты қазбаларындағы су бүркеулері құрылғылары үшін құбырлар осы қазбалардың 1 м2 көлденең қимасына шаққанда 3 м3/сағ. мөлшерінде судың берілуін қамтамасыз етеді.

785. Барлық өртке қарсы құбырларында диаметрі 65 мм өрт крандарындағы қысым 4 кем емес және 10 м артық емес.

786. Шахта үстіндегі кешеннің өнеркәсіп алаңдарында жер асты қазбаларынан жеткізілетін тұрмыстық ағындар бар вагоншаларды қабылдау және төгу станциясының ғимараты салынады.

787. Төгу станциялары вагоншаларды жууға арналған ішкі су құбырымен және оларды дезинфикциялауға арналған құрылғымен жабдықталған. Вагоншаларды дезинфекциялау 1 вагоншаға хлор суы ерітіндісінің беріктілігі 1 % кезінде 150 л болатын хлор суымен жүргізіледі. Хлор әгіндегі активті хлордың мөлшері 25 % болғандағы бір операцияға арналған хлор әгінің мөлшері 6 кг.

788. Кеніштен фабрикаға кен берудің циклді-ағынды технологиясының жер асты трактісіндегі ғимараттарда өндірістік-өртке қарасты су құбыры және өндірістік кәріздер қарастырылады.

789. Жарылыс заттарының қоймаларын жобалау кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының материалдары басшылыққа алынады.

790. Шахта суларының ластануын әрбір нақты кеніш үшін нақты химиялық талдаулар немесе технология мәліметтері бойынша қабылданады. Оларды тазарту әдістерін анықтау кезінде республикалық нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

791. Ішкі өртке қарсы және біріктірілген шаруашылық-өртке қарсы су құбыры жобаларында металл трубалар қолданылады.

Металл емес трубалар қолданудан бас тарту әрбір нақты жағдайда негізделеді.

Сумен жабдықтау мен кәріздерінің сыртқы және ішкі желілері, нөсерлік кәріздер, ішкі су ағындарының жобаларында нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, пластмасса құбырлар қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген барлық желілер мемлекеттік нормативтік құжаттарды және ҚР төтенше жағдайлар министрінің өртке қарсы қызмет комитеті, ҚР аумағында қолдануға рұқсат берген (2007 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша) Өрт-техникалық өнімдер тізімін басшылыққа ала отырып, жобаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет