Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары



бет15/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2 - бөлімше. Жылыту және желдету
792. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының негізгі ғимараттары мен имараттарының жылыту және желдеткіш жүйесін жобалау кезінде осы нормалардан басқа қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттар басшылыққа алынады:

ҚР ҚНжәнеЕ 4.02-42-2006, МСН 4.02-03-2004, ҚР ҚН 4.02-11-2003;

ҚНжәнеЕ 2.09-04, ҚНжәнеЕ 2.09-03, ҚНжәнеЕ 2.04-05;

ҚНжәнеЕ 2.01-02, ҚНжәнеЕ 3.05.-03-85, ҚНжәнеЕ 3.05.07-85.

793. Жылыту және желдету жүйесі үшін суды жылу тасымалдағыш ретінде қолданады.

794. Ғимараттардағы ауа ортасы, объектілердің өртке қарсы қауіпсіздігі талап ететін жағдайларды қамтамасыз ету және қолдау үшін жылыту-желдету құрылғыларын автоматтандыру және оларды технологиялық қондырғымен блоктау қарастырылады.

795. Жобаларда прогресивті құрылыс-монтаждау жұмыстарын қолдануды қамтамасыз ететін шешімдер қарастырылады.

1 - тарау. Шахта үстіндегі ғимараттар (мұнаралы копрлар)
796. Жылыту жергілікті қыздыру приборларымен, ауа-жылыту агрегаттарымен және жылытылған үрлеу ауамен (ПСУ және операторлық ғимараттар үшін) үш ауысымдық жұмыс режиміндегі есептік температураға дейін қарастырылады.

797. Өндрісітік ғимараттардағы ауаның есептік параметрлері қолданыстағы нормативтік құжаттар және технологиялық тапсырмалар бойынша қабылданылады.

798. Шахта үстіндегі ғимаратта (мұнаралы копрда) тозаңдану ашақтарының болуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес технологиялық тапсырмалар негізінде және РМ-631-04/67 Металлургия өнеркәсібі кәсіпорынын жылыту және желдетуді жобалау жөніндегі Нұсқаулықта баяндалған ұсыныстарды, МСТ 14-17-96, Жергілікті сорғыштар және кен дайындау фабрикаларының технологиялық қондырғылар жабулары альбомын ВНИИБТГ, басылым 2 және құрылыс нормаларының тиісті тарауларын ескере отырып, аспирация және үрмелі желдету жүйесінің құрылғысы қарастырылады.

799. Құрамында тозаңы бар ауаны, фильтрдегі ауаны тазарту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес зиянды заттардың атмосферадағы қалдық мөлшерінің таралуын қамтамасыз етеді.

800. Шахталардың сорғыш оқпандарын ауа тасталуының жылдамдығын арттыру мақсатында факелды құралдармен жабдықталады.

801. Үрмелі ауа мөлшерін технологиялық қондырғыдан жылу бөлінулердің еруін тексере отырып, жергілікті сорғыштардың компенсациясы есебінен анықталады.

802. Үрмелі ауаны жоғарғы зонаға беру аз жылдамдықпен іске асырылады.

803. Жұмыс емес уақытта жөндеу дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде консолды-бұрылу құрылғыларын қолдана отырып, бұл жағдайда олардың үрлеме ауасымен компенсация талап етілмейді, дәнекерлеу учаскесінде жергілікті сорғыштар қарастырылады.

804. Жабылмайтын ашық ойықтары бар және отқа төзімділіктің нормаланбаған шегіндегі ғимарат ретінде қарастырылатын шахта үстіндегі ғимаратта (мұнаралы копрда) транзитті ауа жүретін жерлерді отқа төзімді сылау талап етілмейді (жылу орталығының жабық қосалқы ғимаратының ауа шығаратын жері, сорғыштар, көтергіш-сұрыптау торабтары, операторлық және басқалар).

2 - тарау. Көтергіш машиналар ғимараттары
805. Көтергіш машиналар ғимараттарын жылыту + 50С дейін жергілікті қыздыру приборларымен және жылыту агрегаттарымен қамтамасыз етіледі.

806. Ғимараттағы ауаның есептік параметрлерді технологиялық тапсырмалар мен қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша қабылданады.

807. Машина залының желдеткіші артық жылудың сіңірілу есебінен орындалады. Қондырғының жылу бөлуі технологиялық мәліметтер бойынша қабылданады.

808. Ерекше жылу бөлетін электр ғимараттарды желдету осы ғимараттардан рециркуляциялық ауа бөліну пайдалана отырып, орындалады.

809. Сорғыш желдеткіш әдетте, жоғары зонадан шығады.

810. Үрлемелі ауа қажет болғанда жоғары зонаға аз жылдамдықпен беріледі.



3 - тарау. Желдеткіш – калориферлі
811. Желдеткіш ғимаратында жергілікі қыздыру агрегаттарымен + 50 дейінгі кезекші жылу беру қарастырылады.

812. Калорифер ғимараты жылыту агрегаттарымен + 50 дейінгі жылумен қамтамасыз етіледі.

813. Көтергіш-сұрыптау торабтары ғимараттарында және май станцияларында желдетудің дербес жүйесі қарастырылады.

4 - тарау. Жер асты ұсату кешені
814. Жер асты ұсату кешенінің шаңдану қондырғысының герметизациясы жобаның технологиялық бөлігінде орындалады.

815. Жер асты кешенін шаңсыздандыру жөніндегі техникалық шешімдер тасталатын ауаның тазарта отрып, шаңданатын торабтардың аспирациялануы қамтамасыз етіледі.

816. Аспирациялық ауаны тазарту дәрежесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қабылданады.

817. Аспирациялық жүйе сорғыштарының конфигурациясы мен мөлшері, олардың технолгиялық қондырғыға қосылу орны қондырғыны алған орында нақтыланады.



5 - тарау. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар
818. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды жылыту және желдеткіш жүйесі тарау басында көрсетілген ҚНжәнеЕ талаптарына сәйкес жобаланады.

819. Шамхана ғимараттарын желдету технологиялық тапсырмалар негізінде дербес қарастырылады.

820. Зарядтау залында герметикалық толықтырусыз және электролитті ауыстырмай батареяларды зарядтау кезінде желдеткіш жылу бөлінулерді жою қамтамасыз етіледі.

821. Респираторлықта зиянды бөлінулері (респираторлар, құрғатуға арналған шкафтар және басқалар) болатын технологиялық қондырғылардан жергілікті сорғыштар құрылғысы орнатылады.

822. Зиянды заттар бөлетін қондырғылардың шамшырақтарын жөндеу жөніндегі шеберханада жергілікті сорғыштар (дәнекерлеуге арналған стол, қайрау-тегістеу станоктары және басқалар) қарастырылады.

823. Үрмелі ауа дербес үрмелі камерадан жойылатын ауаның көлеміне тең көлемде беріледі.

824. Ылғалдылығы 0,5 кг артық киімдерді құрғатуға арналған құрғату камералары жартылай рециркуляция жасай отырып, жылы ауа беруге арналған құрылғылармен жабдықталады.

Жылу желілерін жөндеу кезінде электрокалориферлердегі үрмелі ауаның қызуын қамтамасыз етіледі.



3 - бөлімше. Желдеткіш құрылғыларының шуымен күресу
825. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының жаңа ғимараттары мен имараттарын реконструкциялау және жобалау кезінде бас желдеткіш құрылғының және желдеткіш жүйенің шуымен күресу жөнінде өшіргіш құрылғылары қарастырылу және басқа шаралар іске асырылады.

826. Желдеткіш құрылғыларының аэродинамикалық жүйесімен күресу үшін:

максималды ПӘК кезінде осы құрылғыда және рұқаст етілген қоршаған жылдамдықта жұмыс істейтін желдеткіш таңдау;

желдеткіш астына вибро оқшаулаушы негіз;

эластикалық ендірме арқылы желдеткіштерге ауа жібергіштер қосу;

желдеткіш қондырғыларын дыбыс оқшаулаушы жеке ғимаратта орналастыру.

827. Бас желдеткіш құрылғылары мен желдеткіш жүйелерінің аэродинамикалық шу деңгейі Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдеде бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі және ҚНжәнеЕ 11-12-77 Шудан қорғау және ҚН-245 Өнеркәсіп кәсіпорындарының жобалау нормаларына сәйкес есептелінеді.

Дыбыс қысымы деңгейінің рұқсат етілетін нормалары және дыбыс деңгейі артқан кезде шу өшіргіш құрылғылары қарастырылады.



14 - бөлім. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
828. Жер асты тәсілімен игерудің тау-кен өндіру кәсіпорындарын жобалаудың барлық сатыларында еңбек қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

829. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының құрылыс, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында технико-экономикалық негіздемесінде қауіпсіздік талаптары Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімімен ресімделеді.

830. Жобалау кезінде еңбек туралы заңнамалық актілерден, қолданыныстағы жалпы мемлекеттік және салалық талаптар мен нормалардан шығатын еңбекті қорғау және тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы қауіпсіздік техникасының барлық мәселелері көрсетіледі:

еңбекшілердің кәсіптік дайындалуын ұйымдастыру (жаңа немесе қолданыстағы оқу базасын пайдалану);

еңбекшілердің санитарлы-тұрмыстық, медициналық және сауықтыру-профилактикалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (таза және жұмыс киімдеріне әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар құрылысы, душ және жуыну бөлмелері, арнайы киімдерді тазарту, құрғату және жөндеу ғимараттары, асхана, буфет, газдалған су дайындау, фотария, ингалятория, әйелдерге арналған жеке гигиена бөлмесі, медпункт, ауыз сумен жабдықтау, тамақтану пункттері);

еңбекшілерді арнайы киіммен, арнайы аяқ-киіммен, арнайы қорғаныс құралдары және инвентарьмен, (өзін-өзі құтқару, каска, шахтер шамы, газоанализатор, сақтандырғыш белдіктері, қорғаныс көзілдірігі, шуға қарсы құлақшын, резина қолқап, диэлектрикалық кілемше, вибро қорғаныс қолғап және басқалар);

тұрақты және сенімді желдеткіш, талап етілетін температуралық режимді ұстау, жарықтандыру деңгейі, рұқсат етілетін вибрация және шу, ауаның шаңдануы мен газдануы деңгейін қолдау арқылы жұмыс орындарында қалыпты жұмыс жағдайын туғызу;

жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыру;

жұмыс зоналары мен өтетін орындардың қажетті енін қамтамасыз ету;

ауыр қол жұмысын қысқарту;

жұмыс орындарында қолайсыз өндірістік факторларды нейтралдау, олардың нормаларға талаптар және ҚНжәнеЕ (шаң болу, шу вибрация және тағы басқа) белгіленген деңгейінен ауытқуы кезінде техника мен технологияның жекелеген сұрақтарының шешілмеуіне байланысты нейтрализациялау;

өндірістік эстетика жөніндегі шараларды іске асыру (интерьер, бояу, ақтау, ғимаратты түстермен безендіру);

қолданыстағы талаптарға сәйкес еңбектің тиімді режимі орнатылады.

831. Күші мен сипаты жағынан кез келген тау-кен соққылары құбылысының болу мүмкіндігі жағдайында игерілетін кен орындарының газ және шаң бойынша қауіпті тау кен өндіру кәсіпорындарын жобалау кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріліп, басшылыққа алынады.



15 - бөлім. Тау кен өндіру кәсіпорындарын өртке қарсы қорғау
832. Тау кен өндіру кәсіпорындарын өртке қарсы қорғау жөніндегі жобалық шешімдері, соның ішінде технологиялық тапсырмалар мен шахта үстіндегі ғимараттар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі бекіткен Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына, Қазақстан Республикасы ҚНжәнеЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өртке қарсы қауіпсіздігі, РНТП 01 Жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен имараттар санаттарын анықтау, МСТ 2.02-02-2004 Орман материалдарының қоймалары. Өртке қарсы нормалары, ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001 сумен жабдықтау. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат берген (2007 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша) өрт-техникалық өнімдер тізімінің талаптарына сәйкес келеді.

833. Қолданыстағы нормалар мен талаптарда көрсетілмеген өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жобалық шешімдер, соның ішінде эксперименталды, жобалаушылар тапсырмалары бойынша зерттеулер мен ұсынымдар негізінде орындалады.

834. ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-08-2002 Ғимараттар мен имараттарды автоматты өртке қарсы сигнал берумен, автоматты өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы хабардар ету, жүйелерімен жабдықтау нормаларына сәйкес өрт сөндірудің және сигнал берудің автоматты жүйесін жобалау аттестацияланған ұйымдарға тапсырылады.

16 - бөлім. Қоршаған ортаға әсер ету бағасы
835. Тау-кен өндіру кәсіпорындарын жобалау кезінде кәсіпорын қызметінің қоршаған ортаға әсерін болдырмайтын немесе минимумға жеткізудің техникалық және технологиялық шешімдерін орындау негізгі міндет болып табылады.

836. Қоршаған ортаға әсер ету бағасы бойынша жобалық шешімдер тау-кен өндіру кәсіпорындарының объектілеріне арналған жобалық материалдар құрамындағы міндетті болу керек.

837. Қоршаған ортағы әсер ету бағасы бөлімінің орындалуы кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық және нормативтік құжаттар басшылыққа алынады:

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қантардағы (2007 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);

Қазақстан Республикасының Су кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі (2007 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 шілдедегі (2007 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);

Қазақстан Республикасының Заңдары:

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 (2007 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы туралы 2004 жылғы № 361-II (2007 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қантардағы (2007 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен);

Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі (2007 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

838. Қоршаған ортағы әсер ету бағасы әзірлеу Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-п бұйрығымен бекітілген жоспар алды, жоба алды және жобалық құжаттар әзірлеу кезінде көзделетін шаруашылық және басқа қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулық нұсқамаларына сәйкес іске асырылады.

839. Қоршаған ортаға әсер етуін бағалау сатысы Нұсқаулыққа сәйкес тау-кен өндіру кәсіпорындарының жобалық құжаттарын әзірлеу сатысына сәйкес келеді.

840. Көзделетін қызметтің қоршаған ортағы әсер етуін алдын ала бағалау сатысы қоршаған орта және әлеуметтік-экономикалық орта құрамындағы мүмкін өзгерістер бағыттарын және олардан пайда болатын қоғам өміріндегі және қоршаған ортадағы әсерін анықтайды. Технико-экономикалық негіздеме және технико-экономикалық есептердің жобалық әзірлемелеріне сәйкес келеді.

841. Қоршаған ортағы әсер ету бағалау сатысы көзделетін шаруашылық қызметтің нақты объектілері мен ғимараттарының қоршаған ортаға әсер етуінің барлық аспектілерінің толық көлемдегі егжей-тегжейлі талдауын қарастырылады. Тау-кен өндіру кәсіпорындарын және кен орындарының құрылысы, орналастыру жобаларына сәйкес келеді.

842. Қоршаған ортағы әсер ету бағалау сатысы Қоршаған ортағы әсер ету бағасын жобалау сатысында қабылданған көзделген қызметті іске асыру жөніндегі жеке техникалық шешімдер жұмыс құжаттарын дайындау кезінде едәуір өзгерген жағдайда әзірленуі керек. Бұл жағдайда бөлімді әзірлеу Қоршаған ортағы әсер ету бағасы материалдарына қатысты түзетуші сипат алу керек.



17 - бөлім. Кен орындарын кешенді игеру
843. Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі кен орындарын игеру жобасы 1996 жылғы 27 қаңтардағы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң (2007 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) және Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі Бірыңғай талаптарға сәйкес келеді.

844. Тау-кен өндіру кәсіпорындарын жобалау осы кен орындарына жинақталған жер қойнауы ресурстарының барлық жиынтығын ескере отырып, атап айтқанда:

меншікті пайдалы қазбалар кен орындары;

пайдалану болашақта эконмикалық тиімді болуы мүмкін қазып алынған және бөлек сақталатын сапасыз пайдалы қазбалар жиынтығы;

кен орындарын орындарын пайдалану кезінде (діңгектер қалған, бос жыныстармен араласқан, және тағы басқа) жоғалған, баланстан тыс қорларда консервирленген;

жер асты қазбаларын ұңғылаудан жер бетінде қалыптасатын бос тау-кен жыныстарының үйінділері;

кен орындарын қайта өңдеу объектісі болуы мүмкін минералды ресурстар;

қайта өңдеудің әртүрлі сатысында қалыптасқан минералды шикізат қалдықтары, соның ішінде құнды компоненттері болатын қайта өңдеу өндірістерінің ағынды сулары;

кен орындарына байланыстырылған тұщы минералды және термалды сулар, газ тәріздес заттар;

болашақта жылу энергиясын алу көзі болуы мүмкін жер қойнауының тереңдіктегі жылуы;

кен орындарын игеру кезінде пайда болатын және бос жыныстарды сақтауға және басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін жер қыртысындағы техногенді жолақтар.

845. Кен орындарын кешенді игеру қажеттілігіне сәйкес тау-кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық сызбасы көптеген талаптарға жауап береді және қамтамасыз етеді:

кен орындарының игерудің рационалды қарқындылығын;

қорларды алудың тиімді толықтығын;

тау-кен өндіру кәсіпорындарын құру және жұмыс істеуімен байланысты барлық шығындарды минимизациялау;

қазылатын шикізаттың, оны пайдаланудың барынша тиімділігін алдын ала анықтайтын сапалы сипаттарын қалыптастыру;

қоршаған табиғи ортанының максимальды сақталуының мүмкіндігі.

18 - бөлім. Құрылысты ұйымдастыру.

1 - бөлімше. Жалпы талаптар
846. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының құрылысын ұйымдастыруды жобалауды осы нормалары, олардың құрылысы мен реконструкциясын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу кезінде қабылданатын шешімдерге, өндірістік қуаттылықты қолдау кезінде құрылысты ұйымдастырудың және жер асты кеніштерін (шахталарын) техникалық қайта жарақтандыру кезіндегі жекелеген мәселер бойынша шешімдерге таралады.

847. Нормалар тіке оқпандар (ұңғылаудың арнайы тәсілдерін қолданбай) құрылысын, оқпан маңындағы аулалармен тіке оқпандардың түйісуі, бункерлердің кенді жер асты ұсатумен, тіке оқпандарды, көлденең, еңіс және камералы қазбаларды бедерлеу, жер бетіндегі ғимараттар мен имараттар, шахта құрылысы кезінде шахталық көтергіш, жер асты қазбаларындағы және жер үстіндегі тау-кен массасының көлігін, су төкпе, желдеткіш, электро-, пневмо-, жылумен жабдықтау, кәріз және шахта суларын тазарту сызбасын және құралдарын таңдау жөніндегі негізгі техникалық шешімдерді жобалауды реттеуші ережелер, қағидалар, талаптар кешенін белгілейді.

848. Тау-кен өндіру кәсіпорындары құрылысын ұйымдастыру жөніндегі жобалық шешім келесі талаптарға сәйкес келеді:

технологиялық-республика, шетел тиісті озық техникалық жетістіктердің деңгейіне сәйкес келетін технологияларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

ұйымдастыру-қолданыстағы жұмысты ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

экономикалық-жоғары технико-экономикалық көрсеткіштерді, қаржы, еңбек, табиғи және басқа ресурстардың үнемделуін, құрылыс мерзімі мен оның нормативтік мәнінің сақталуын қамтамасыз ету;

тау-кен техникалық-игерілетін кен орындарының тау-кен геологиялық және гидрогеолоиялық шарттарына байланыстырылған болуы;

эргономикалық-қондырғылар түрлері мен оны пайдалану сызбалары құрылыс кезінде барынша жақсы еңбек жағдайын тудыру керек;

қауіпсіздік-травматизмді болдырмайтын, құрылыс өндірісінің максималды қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

қоршаған табиғи ортаны қорғау-су және ауа кеңістігінің ластану мүмкіндігін болдырмау, құрылыс кезінде бұзылған жерлердің минималды шығындармен рекультивациялануын қарастыру.

849. Барынша күрделі объектілер немесе шахта құрылысы кешендері (оқпандарды ұңғылау, бункерлі ұсату кешені, үлкен камераларды ұңғылау және басқалар) ғимараттарының технологиясын жан-жақты әзірлеу жұмысты ұйымдастыру жобасын қарастырылады.

850. Жұмыстарды ұйымдастыру жобасында болады:

алаңның (немесе деңгейжиектердің тереңдету кезіндегі) оқпанды (дайындық және негізгі кезеңге) тұрғызуға қажетті тұрақты және уақытша ғимарттар, имараттар, құрылғылар және басқа объектілердің орналасуымен ситуациялық жоспары;

оқпанды ұңғылауға (тереңдету) және көлденең тау-кен қазбаларын (күрделі типтік емес уақытша ғимараттар имартаттар және коммуникациялар үлгілі тізімі 46-кестеде келтірілген) жүргізуге арналған жер бетіндегі (деңгейжиектер) уақытша ғимараттар мен имараттардың жұмыс сызбасы.


46 – кесте


Жұмыс құжаттары құрамында қарастырылатын күрделі

типтік емес уақытша ғимараттар, имараттар

және коммуникациялар тізімі


№№

р/н


Жобалау объектілерінің атауы

Жобалау жұмыстарының түрлері, жұмыс сызбаларының атауы

1

2

3

1

Құрылыс кезіндегі жер бетіндегі және шахтадағы күрделі және типтік емес ғимараттар




2

Көтергіш құрылғы

Оқпандарды ұңғылау, тереңдету, жөндеуге және құрылыстың II кезеңінде тау-кен қазбаларын жүргізуге арналған көтергіш машиналар мен ұңғылау шығырының сәулет-құрылыс, электр, сантехникалық және тау-кен механикалық бөліктер, ұңғылау копрлары, оқпанда ұңғылау, бедерлеу, тереңдету оқпанды жөндеу және II кезеңдегі тау-кен қазбаларын жүргізу.

3

Электр қосалқы станция

Сол сияқты, жоғары вольтты және төменгі вольтты қосалқы станция үшін.

4

Патрондарды зарядтауға арналған ғимараттар

Сол сияқты

5

Желдеткіш бойынша жалпы шахталық және блокты ғимараттар

Оқпанды ұңғылау, тереңдету, жөндеу және оқпанды бедерлеуге арналған жер бетіндегі желдеткіш құрылғысы, көлденең және еңіс қазбалар жүргізу кезіндегі жер бетіндегі және шахтадағы желдеткіш құрылғысы.

шахтаға түсетін ауаны қыздыруға арналған калорифер құрылғысы,



орнату, герметикалық шахталық ғимараттар.

6

Су төкпе бойынша жалпы шахталық және блокты ғимараттар

Басты, учаскелік және айдау құрылғылары II кезеңдегі тау-кен қазбаларын жүргізу барысындағы, су төкпені ұйымдастыру.

7

Шахта құрылысы кезеңіндегі жалпы шахталық ғимараттар мен имараттар

Уақытша әкімшілік-тұрмыстық комбинат, оқпан маңындағы сусымалы материалдар мен цементке арналған ыдыстары бар қоймалар, мех шеберханалар, арматура цехтары және жинақталған темір бетон цехтары, металлконструкция және ағаш бекітпені бұзу цехтары, қойма ғимараттары және эстакадалар, жүргіншілер галереясы, асханалар.

8

Кәсіпорындардығ тұрақты ғимараттар, имараттар қондырғылардың оларды құрылысы, жөндеу және реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру кезінде пайдаланылатын құралдар

Әкімшілік-тұрмыстық комбинат, копрлар, көтергіш машиналар, желдеткіш қондырғы, шахта үстіндегі ғимараттар блогы және қосалқы станция, мех.шебюерханалар, тоқарба депосы, алаң ішіндегі инженерлік желілер мен ғимараттар.

9

Бұрғылау қондырғысының ғимараттары мен имараттарының орналасуыа қарай шахта оқпандары, штолен, тоннельдерде орналастыру, тау-кен бұрғылау қондырғыларын және қондырғылдардың оқпан қимасы алаңында орналастыру

Құрылыстың II кезеңінде тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде Көлденең және еңіс қазбалар жүргізуге арналған оқпандарды қайта жарақтандыру кезіндегі оқпандарды үңгілеу, жөндеу және бедерлеу, жер үстіндіе және шахтадағы тасымал.

10

Ерекше күрделі конструкциялы және жұмыс өнімділігі әдісі бар имараттар, құрылысы үшін арналған құралдармен құрылғылар арнайы көмекші ғимараттарұмыс өнімділігі әдістері күрделенген жүргізілген Құрал жабдықтар мен құрылғыл арнайы көмекші ғимараттар үшін

Оқпандарды бұрғылауға арналған жабдықтар мен құралдар, бұрғылау сөрелері, оқпандарды бедерлеуге арналған сөрелер мен люлькалар, қабықша қалқаны, оқпанда бекіткіш жасауға арналған метал қалыптар, оқпандарды бедерлеу кезіндегі бұрғылау құрылғысы, қондырғыларды оқпандарға беруге арналған телфер жолдары, бұрғылау құрылғыларына қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, жыныс көтергіш машиналар мен бұрғылау агрегаттары, типтік емес уақытша клеттер мен скиптер, вагондарды аударушылар, итеру вагоншалары, жетекті тиеу және түсіру құрылғы, еңіс бұрылыстар, тоннельдер штолендерді (жылжымалы металл қалыптар, вагондарды аударуға арналған аударушылар, су төкпе арықтарын және сужинағыштарды бұрғылау және тазарту, оқпанды бұрғылау, тереңдету, жөндеуге және II кезеңінде тау-кен қазбаларын жүргізуге арналған ұңғымадағы тұрақты көтергіш машиналар копрлар мен қондырғылар, оқпан (шахтада және шахта үстінде) маңындағы алмастыру құралдарығ тиеу құралдары, бұрғылау көтергіш машиналар, копрлар және қондырғылардың II кезеңінде тау-кен қазбаларын жүргізуге арналған құралдары, жер бетінде және шахтадағы желдеткіш құрылғылар мен ғимараттар (желдеткіш каналдар, трубақұбырлары, кроссингтер, далдардар, есіктер және тағы басқа), шахта копрларын және басқа ауыр шахта қондырғыларын жылжытуға арналған құрылғылар мен қондырғылар, ірі блокты ғимараттар мен имараттарды монтаждауға арналған құрылғы, ыдыстар мен арқанды ілуге арналған құрылғы, жер асты камераларының тиеу және ұсату қондырғыларын монтаждауға арналған құрылғы, ірі блокты қондырғыны және конструкциядардың ірілдендірілген монтаждау конструкцияларын жинауға арналған құрылғы, жер асты суларының деңгейін жасанды төмендету, жер асты суларын қатыру, тампонаждау, жыныстарды химиялық және термикалық бекіту, шпунттталған қоршаулар мен кессондар жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ететін құрылғы, жарақтандыру және жер асты ғимараттарын «жер суларындағы қабырға» (сваилардағы, қабықша және түсіру құдықтарындағы жер асты суларын, салуларды басу! тәсілімен салуға арналған арнайы құрылғылар, қысылған жағдайдағы жұмыс кезінде ғимараттар мен имараттарға жақын жұмыс жасаған уақыттағы қорғаныс сақтандырғыш құрылғы.

11

Алаң ішіндегі инженерлік желілер және ғимараттар

Ауыз сумен және өртке қарсы су жабдықтау, (шахтада және жер үстінде) суландыру және тозаң басу, қазандық құрылғы, жылу қамту желілері, жылу тұтынушыларын қосу, сығылған ауа (шахтада және жер үстінде) желісі, шахтада және жер үстінде электрмен қамтамасыз ету, шахтада және жер үстінде (уақытша) сигнал беру, жарықтандыру, байланыс желісі, өнеркәсіп және шаруашылық қалдық ағындар кәріздері және шахтада және жер үстінде тасымал жолдар, уақытша автомобиль жолдары, жүретін жолдар, уақытша теміржол жолдары, жол маңындағы қоймалар, пандустар, өтетін орындар, көпірлер, эстакадалар, және басқалар, жолдардағы жасанды ғимараттар.

851. Құрылысты ұйымдастырудың жобасын әзірлеу 847 тармақта көрсетілген құрылысты ұйымдастыру кезіндегі жекелеген мәселелер бойынша шешімдердің өзара байланысын қамтамасыз ету үшін қажет:

II кезеңдегі тау-кен бұрғылау жұмыстары бойынша шешімдер көтерудің шектік мүмкіндіктері (орталық төтелдер және флангілік оқпандарға дейін);

II кезеңдегі тау-кен бұрғылау жұмыстары кесетесінде желдеткіш, су төкпе, жер асты көлігіне арналған қосымша қазбаларды тіркеуге алуды қамтамасыз ету;

шахтадағы көтеру мүмкіндіктеріне қарай жүк ағынын (оқпандар төтелдерінен кейін);

жер асты көлігінің құралдарын есетегеннен кейін тасымалдың шығу қабілеті.

852. Тау-кен өндіру кәсіпорындары құрылысының еркін кестесі 848 тармағы барлық мәселелер бойынша іріктеліп, қалыптасқаннан кейін және 851 тармақ талаптары қанағаттандырылғаннан кейін әзірленеді.

853. Тау кен өндіру кәсіпорындарын реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру кезінде құрылысты ұйымдастыру жөніндегі жобалық шешімдер қолданыстағы кәсіпорындар жұмыстарымен байланыстырылған және бас мердігер құрылыс ұйымымен қатар қолданыстағы кәсіпорынмен (тапсырыс берушімен) келісілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет