Жетписбаев батыр адамович


§2. Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi



Pdf көрінісі
бет4/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§2. Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi
 
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, 
қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, 
қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым 
мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың 
немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза 
түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi 
бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi жөнiнде сөз қозғамас бұрын, бiз əуелi қылмыстық 
құқықтың мақсаты не соны анықтап алуымыз қажет. Өйткенi, кез келген əрекет, жұмыс 
белгiлi бiр мақсатсыз жасалмайды, сондықтан қылмыстық заңның да өз мақсаты бар. Бiрақ 
бұл жөнiнде бiздiң қылмыстық заңымызда айтылмаған, онда тек қылмыстық заңның 
мiндеттерi ғана көрсетiлген.
Қылмыстың мақсаты жөнiнде қылмыстық құқық теориясында бiрнеше ойлар айтылған. 
Мысалы, профессор Е.I.Қайыржановтың айтуынша, « мақсат дегенiмiз- қандай да бiр 
əрекеттердi қолдану немесе iске асыру арқылы қол жеткiзуге ұмтылатын əлеуметтiк нəтиже, 
ал мiндет деген сол нəтижеге жету жолдарың. Яғни, қоғамда мақсатсыз мiндеттер болмайды, 
ал мiндет мақсатсыз тууы мүмкiн емес деген сөз.
Бұл тұрғыдан алғанда қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе 
белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау 
емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып
табылады жəне бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол 
жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:


 1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,
2). қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;
3). қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;
4). қоғамға қауiптi əрекеттердiң шеңберiн анықтау;
5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.
Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да мiндеттерi бар олар жоғарыда аты аталған негiзгi 
мiндеттердi толықтырып нақтылап отырады. 
Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тəрбиелiк жəне жалпы 
ескертушiлiк тұрғысынан да əсер етедi. Қылмыстық заңдағы «мына əрекеттi жасасаң 
жазаланасың!ң деген жариялану фактiсiнiң өзi қоғам мүшелерiне əсер етедi. Сонымен бiрге 
сот процесiнiң өзi де қылмыскердi ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелердi 
тəрбиелеп жəне қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 2-бабына сəйкес қылмыстық заңның 
мiндеттерi болып:
1.
Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған 
ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, 
қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, 
бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып 
табылады.
2.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Осы Кодексте қыл мыстық жауаптылық негiздерi 
белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып 
табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық 
ықпал ету шаралары белгiленедi делiнген. 
Жаңа 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнде қоғамның 
саяси, экономикалық жəне əлеуметтiк өмiрiнде орын алған сапалық өзгерiстер ескерiлген. 
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне де тiкелей 
байланысты. Мемлекетiмiздiң нарықтық экономикаға көшуi, экономикалық кризистер, өтпелi 
кезеңге байланысты қоғамда орын алып отырған жұмыссыздық, жоқшылық қылмыстылықтың 
сапалық жəне сандық жағынан да арта түсуi мен қылмыстың бұрын жұртқа беймəлiм 
түрлерiнiң өмiрге келуiне септiгiн тигiздi. Ұйымдасқан, кəсiптiк, банк жүйесiндегi, 
компьютерлiк жəне т.б. экономикалық қылмыстар кең белең алды. Қылмыстылықтың санын 
азайтуда, қылмыс тылықпен күресуде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын саяси
экономикалық жəне саяси-əлеуметтiк шаралардың маңызы зор. Жоғарыда аталған қылмыстық 
құқықтық мiндеттер қылмыстылықпен күресу саласындағы мемлекеттiк саясаттың бiрi болып 
табылатын қылмыстық саясат арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық саясаттың мазмұны-
қылмыстық заңдарды қолданудың мiндеттерiн, қылмыстан сақтандырудың тиiмдi жолдарын 
табу, қылмыстылықпен күресуде заңдылық қағидаларын сақтау. Ауыр қылмыс жасаған
адамдарға қолданылатын қылмыстық шараларды жетiлдiру, ал керiсiнше, қоғамға қауiптiлiгi 
онша ауыр емес қылмыстарды жасағандарға қоғамнан оқшауламай-ақ қолданылатын 
шараларды белгiлеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет