қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар қылмыстық əрекеттi
болдырмайтын қажеттi қорғану, мəжбүрлi қажеттiлiк жəне т.б. жағдайларда қауiптi қол
сұғушылықтан қорғау кезiнде келтiрiлген зияндарға азаматтардың құқықтарын бөлiп бередi.
Мысалы, қажеттi қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе
мемлекеттiң мүддесiне қол сұққан екiншi адаммен құқықтық қатынасқа түседi жəне сол қол
сұғушыға зиян келтiре отырып қорғану құқығына ие болады. Екiншi жағынан қорғанушының
iс-əрекетiн заңды деп тануға тек ғана құқыққорғау органдары өкiлеттi. Əрбiр жағдайда тек
сот, прокуратура жəне тергеу органдары ғана қауiптi қол сұғушылықтан қорғану кезiнде
келтiрiлген зиянмен байланысты оқиғаларды жан-жақты қарауға жəне оны келтiрген зияны
үшiн жауаптылықтан ресми түрде босатуға мiндеттi.
Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшiн арнайы əдiстердi қолдану қажет.
Əдiс дегенiмiз - қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық саласының ықпал ету
шараларының жиынтығы.
Əрбiр қылмыстық құқықтық қатынастардың өзiне тəн əдiстерi бар:
1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану əдiсi,
- қылмыстық жауаптылықтан жəне қылмыстық жазадан босату əдiсi;
- Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану əдiстерi жатады.
2). Реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- Барлық қоғам мүшелерiне жеке адамға, қоғам мен мемле кетке келтiрiлген қауiптi
əрекеттермен белсендi күресу құқықтарын бөлiп беру. Мысалы, қажеттi қорғану құқығы.
3). Ескертушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату əдiсi жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай əрекеттердiң қылмыс болып табылатынын жəне
қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған
адамға тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiрген
құқықтың бiр ерекше саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |