Догматтық (дəлелденбеген қағида) əдiс формальды логика жəне грамматика ережелерiн
қолдануға негiзделген. Ол қолданылып жүрген қылмыстық құқықтық нормаларды жүйелеу
жəне оларға түсiнiктеме беру, оларды талқылау мен қылмыстық құқықтық негiзгi ұғымдарды
анықтау үшiн тағайындалады.
Социологиялық (нақты-социологиялық) əдiс қылмыстық құқықтық нормаларды,
қылмыс пен
жазаны əлеуметтiк құбылыс ретiнде талдауда пайдаланылады. Ол қылмыстық заң
болмысының нақты оқиғаларын жəне оның қылмыскерге жəне қылмысқа əсерiн белгiлi бiр
схема немесе бағдарлама бойынша талқылаудан немесе iрiктеудi қолданудан тұрады. Егер
догматтық əдiс қылмыстық құқықтық нормалардың жəне қылмыстық заңның түсiнiгiн
анықтауға көмектессе, ал социологиялық əдiс олардың əлеуметтiк мазмұнын ашуға ықпал
жасайды. Социологиялық əдiстер сұрау жүргiзу, анкета, интервью алу,
эксперттiк бағалау
жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Салыстырмалы-құқықтық əдiс қылмыстық құқықтық институттарды, категорияларды жəне
ұғымдарды осыған ұқсас шет мемлекеттердiң қылмыстық заңдарымен салыстырып
талқылаудан тұрады. Бұл əдiстi қолдану арқасында отандық қылмыстық құқық ғылымы
едəуiр тəжiрибе жинақтады.
Тарихи-құқықтық
əдiс
қылмыстық
құқықтық
нормалардың,
категориялары
мен
институттарының тарихи дамуын зерттеуден тұрады.
Диалектикалық (философиялық) əдiс диалектиканың негiзгi заңдары мен категорияларын
қылмыстық құқықтық зерттеулерде қолданудан тұрады. Алғашқылары (қарама қарсылықтың
бiрлiгi мен күресi,
сан өзгерiсiнiң сапаға ауысуы, терiстi терiстеу заңдары) даму
теориясының жалпы мəселелерiне қатысты. Ал екiншiлерi (қажеттiлiк пен кездейсоқтық,
себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мəн мен құбылыс) өз жиынтығында дамудың жалпы
заңдарының бiр көрiнiсi болып табылады. Диалектиканың заңдары мен категориялары жаңа
нəтижелерге жету жолдарын iздеуге, белгiсiздiктен белгiлiге қозғалу əдiстерiн табуға қызмет
етедi. Диалектикалық əдiстiң тəжiрибеде, сот-тергеу тəжiрибесiнде жүзеге асырылуын,
мысалы, қоғамға қауiптi əрекет пен қылмыс салдары арасындағы
себептi байланысты
анықтау кезiнде көруге болады.
Сонымен, қылмыстық құқық ғылымының негiзгi мiндетi болып- қолданылып жүрген
қылмыстық заңдарға жүйелi талдау жасап, оның пəрмендiлiгiн, тиiмдiлiгiн жетiлдiру;
қылмыстық заңның жəне оны жүзеге асыру мəселелерiнiң тарихын зерттеу; қылмыстық
заңдарды, оның жекелеген институттарын жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар жасау; қылмыс
қатарына жататын немесе қылмыс қатарынан алынып тасталатын əлеуметтiк құбылыстарды
дер
кезiнде анықтап отыру; қылмыстық заңдарды əзiрлейтiн мемлекеттiк органдардың
қызметiне кеңiнен араласып, олардың заңды қолдану, қылмысты саралау жөнiндегi
тұжырымдарды жасауына белсендi қатысу; шет мемлекеттердiң қылмыстық заңдарын жəне
олардың iс-жүзiнде қолданылу əдiстерiн
зерттеу арқылы, оның пайдалы жақтарын ескеру
жəне т.б. ғылыми болжамдар жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: