Жетписбаев батыр адамович


Қол сұғушылықтың сипатына қатысты шарттар бойынша



Pdf көрінісі
бет57/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қол сұғушылықтың сипатына қатысты шарттар бойынша:
а/. Қол сұғушылық қоғамға қауiптi болуы қажет;
б/. Қол сұғушылық нақты орын алуы қажет;
в/. Қол сұғушылық айқын, шын мəнiнде жасалуы қажет.
Қорғануға құқық тек заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға қауiптi қолсұғушылық орын алғанда ғана 
туындайды. Көбiнесе, қорғану қажеттiлiгi қылмыстық жазаланатын қолсұғушылық тардан туындайды. 
Алайда, қорғану үшiн қолсұғушылық тек қылмыстық болуы мiндеттi емес, ол қоғамға қауiптi немесе 
объективтi белгiлерi бойынша қылмыстық шабуыл ретiнде қабылдануы жеткiлiктi болып табылады. 
Сондықтан есi дұрыс емес немесе кəмелетке толмаған адамдардың қол сұғушылық əрекеттерiнен де 
қажеттi қорғануға жол берiледi. Алайда, бұл жағдайларда өзiнiң адамгершiлiк ұстанымдарын басшылыққа 
алып қажеттi қорғануға өз құқығын жүзеге асырушы адам қорғану əрекеттерiнiң шегiне қатысты 
ұқыптылық байқатуы қажет.


 Сонымен, қоғамға қауiптiлiк қасиетiнен айрылған əрекеттерден, сондай-ақ заңды əрекеттерден қажеттi 
қорғану мүмкiн емес. 
Қол сұғушылыққа қатысты екiншi шарт - қол сұғушылықтың нақты бар болуы, яғни шабуыл басталуы не
басталуға жақын болуы қажет. Қол сұғушылық кез келген əрекет сияқты уақыт өлшемдерiмен сипатталады. 
Сондықтан қажеттi қорғануға құқық тiкелей нақты қауiп туғанда немесе қоғамға қауiптi қол сұғушылық 
басталған сəттен ол аяқталғанға дейiн туындайды. Егер қол сұғушылық тоқтатылса, онда қорғануға да негiз 
жоқ. Қорғанушы адам қол сұғушылық аяқталғаннан кейiн шабуыл жасаушыға зиян келтiрсе жеке адамға 
қарсы қасақана қылмыс жасау үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сонымен бiрге, қылмыстық 
əрекетке дайындалуға қарсы да қажеттi қорғану мүмкiн емес, өйткенi əлi нақты қол сұғушылық орын алған 
жоқ. Мұндай жағдайларда дайындалып жатқан қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға
болады. 
Үшiншiден, қол сұғушылық шын мəнiнде, айқын болуы, яғни қорғанушы адамның ой-санасында емес
объективтiк шындықта орын алуы қажет. Егер қолсұғушылық тек қорғанушының ойында ғана орын алса, 
онда келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық жалған қорғану ережесi бойынша туындайды. Жалған қорғануда 
қорғанушы адам iс жүзiндегi қателесу əсерiнен екiншi адамның тарапынан айқын, шын мəнiндегi шабуыл 
жасалмаса да оған зиян келтiредi. Жалған қорғану деп адамның жорамалды түрде зиян келтiредi екен деп 
ойлап қол сұғушылықтан оның байыбына бармай қорғануын айтамыз. Мұнда төнiп тұрған нақты қиянат, 
қауiп жоқ.
Жалған қорғану жағдайында қылмыстық жауаптылық үш түрлi жолмен шешiлуi мүмкiн:
1)
егер адам қоғамға қауiптi қол сүғушылықтың шын мəнiнде жоқ екендiгiн ұғынбаса жəне iстiң мəн-
жайлары бойынша ұғынуға мүмкiндiгi болмаса қылмыстық жауаптылық туындамайды;
2)
егер адам өзiнiң жорамал ойының қателiгiн ұғынбаса, жəне ұғынуға мүмкiндiгi болмаса, бiрақ 
қорғанудың шегiнен шығып кетсе ҚК 99 жəне 109-баптарымен қажеттi қорғану шегiнен шығу үшiн 
жауап бередi;
3)
егер адам қоғамға қауiптi қол сұғушылықтың жоқ екендiгiн ұғынбаса, бiрақ ұғынуға мүмкiндiгi болса 
абайсызда зиян келтiру үшiн жауапқа тартылады.
Бұл жөнiнде ҚР Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсан №7 қаулысының 21-тармағында былай 
делiнген: «… Соттар қажеттi қорғану жағдайын жалған қорғанудан айыра бiлуi керек. Мұндай 
жағдайда өзiнiң болжау қателiгiн аңғармай жəне қателiгiн аңғару мүмкiн болмаған адамның қорғану 
құралдарын қолдануын қажеттi қорғану жағдайында жасалған əрекет деп қарау керек. Егер адам 
жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтiретiн болса, бiрақ iстiң мəн-жайы бойынша 
мұны ұғына алатын жəне ұғынуға мiндеттi болса, онда мұндай адамның əрекетi абайсызда зиян 
келтiргенi үшiн жауаптылыққа тартыладың. 
 Мысалы, Л-деген азаматша күйеуi (зайыбы) Ғ-ның жол сапарға шығарып салған түнi беймезгiл уақытта 
оның есiгiн сыртынан бiр адамның кiлтпен ашып жатқандығын байқайды. Зайыбында үйдiң екiншi 
кiлтiнiң бар екендiгiн бiлгенiмен Л. Оның келетiн уақыты жетпегендiгiн ескерiп, үйге ұры түсiп жатыр 
деген оймен қорыққанынан есiктi ашып кiрiп келген адамды ауыр темiр трубамен ұрып құлатады. Есiн 
жиып қараса зайыбы болып шығады. Мұнда Л-дың жауаптылығы абайсызда зиян келтiргендiк үшiн 
туындайды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет