Жетписбаев батыр адамович


§5. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату



Pdf көрінісі
бет90/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§5. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
 
 Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай екi жағдай да мүмкiн 
болады:
а). қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған адам, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi
салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса;
б). ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол 
адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол адам қоғамға 
қауiптi деп есептелмесе.
Жағдайдың өзгеруi қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болу үшiн мемлекет көлемiнде, жеке 
аймақ немесе нақты мекемедегi əлеуметтiк-экономикалық немесе ұйымдастырушы лық- шаруашылық 
өзгерiстер түрiнде көрiнiс табады. Мысалы, əлеуметтiк-экономикалық саясаттағы өзгерiстерге байланысты 
Қазақстанда 1959 жылғы ҚазССР Кодексiндегi бiрқатар қылмыстар 168 бап алыпсатарлық, сауда 
ережелерiн бұзу, паспорт ережелерiн бұзу, азаматтық хал-актiсiн тiркеу жөнiндегi заңдарды бұзу, спирт 
өнiмдерiн саудалаудың ережесiн бұзу сияқты баптар қылмыс қатарынан алынып тасталды.
ҚК-тiң 68-бабының 2-бөлiгi бойынша кiнəлi қылмыс жасағаннан кейiн iстi сотта қарағанға дейiн өзiн 
мүлтiксiз ұстаса ғана қолданылады. Кiнəлi адамның мүлтiксiз мiнезделуiне ешқандай құқық бұзушылық, 
тəртiптiк, əкiмшiлiк жағынан жұмысы, оқуы, тұрғылықты жерi бойынша оң мiнезделуiн түсiну қажет. Яғни, 
68-баптың 2-бөлiгiн қолдану үшiн мына жағдайлардың жиынтығы болуы қажет:
а). егер адам қылмысты бiрiншi рет жасаса;
б). жасалған қылмыс ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс болса; 
в). егер адам iстi сотта қарағанға дейiн өзiнiң мүлтiксiз мiнез-құлқымен қоғамға қауiптi емес деп 
саналса.
§6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату дегенiмiз – бейбiтшiлiк пен 
адамзат қауiпсiздiгiне қарсы жəне өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды қоспағанда, қылмыс 
жасаған уақыттан бастап кiнəлi адамды сол қылмысы үшiн заңда көрсетiлген шарттарға сəйкес жауапқа 
тартуға мүмкiндiк беретiн уақыттың өтуiне байланысты кiнəлiнi жауаптылықтан босату жөнiндегi 
құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын қарастырады:
1). Заңда көрсетiлген мерзiмдердiң өтуi;
2). Осы мерзiмдер iшiнде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс жасамаса;
3). Тергеуден не соттан жалтармаса;
Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап бастап мынадай мерзiмдер 
өтсе мүмкiн болады:
а). ауырлығы онша емес қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;
б). орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;
в). ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он жыл;
г). аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл.
Ескiру мерзiмдерi қылмыс жасалған күннен бастап жəне сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн 
есептеледi. Созылмалы қылмыстарда қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi кiнəлi адамның өз 
еркiмен бас тартқан кезiнен бастап есептеледi, ал жалғаспалы қылмыстарда соңғы қылмыстық əрекет
жасалған кезден есептеледi. Егер адам қылмысқа дайындалса не оқталса, онда ескiру мерзiмi қылмыстық 
əрекеттi тоқтатқан кезден басталады. Қылмысқа қатысушылардың ескiру мерзiмдерi (ұйымдастырушылар, 
айдап салушылар, көмектесушiлер) де қылмыстың орындаушысымен бiрге есептеледi. Заңда əртүрлi жаза 
бекiтiлген бiрнеше қылмыстар жасаған кезде ескiру мерзiмi олардың iшiндегi ауыр түрi бойынша 
есептеледi.


Ескiру мерзiмi мынадай үш жағдайда тоқтатылады:
1). Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, яғни қылмыстық жауаптылықтан 
босату мақсатын көздейтiн қасақана əрекеттер: тұрғылықты жерiнен кетiп қалу, аты-жөнiн өзгерту, бөтен 
фамилиямен жаңа жерде өмiр сүру жəне т.б. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе
айыбын мойындап келген мерзiмiнен басталады, яғни осыған дейiнгi өткен ескiру мерзiмi күшiн жоймайды 
деген сөз. Ал егер ескiру мерзiмi тоқтатылмастан қылмыс жасалған уақыттан берi 25 жыл өтсе, адам 
қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
2). Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы қылмыстар үшiн ескiру мерзiмi өткенге 
дейiн (10-15жыл) жаңадан қылмыс жасаса ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай жағдайларда ауыр немесе 
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейiнгi уақыттар жойылып, жаңадан жасалған қасақана қылмыс пен 
бұрынғы ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшiн ескiру мерзiмдерi жаңадан жасалған қылмыстардың жасалу 
уақытынан бастап қатар есептеледi. Осы уақыттан бастап бiрiктiрiлмейтiн жəне сiңiрiлмейтiн екi жеке 
ескiру мерзiмдерi қатар басталады. Тиiсiнше, егер адам жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейiн ауырлығы 
онша емес немес орташа ауыр қылмыс жасаған болса ескiру мерзiмдерi тоқтатылмайды. Сондай-ақ, егер 
адам ауыр не аса ауыр қылмыс жасаса бiрақ жаңа жасаған қылмысы қасақана қылмыс категориясына
жатпаса ескiру мерзiмi тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда əрбiр жеке қылмыс үшiн ескiру мерзiмдерi
олардың жасалған кезiнен бастап есептеле бередi. 
Өлiм жазасы түрiндегi жаза қолданылуы мүмкiн қылмысты жасаған адамға ескiру мерзiмiн қолдану 
туралы мəселенi сот шешедi. Бұл мəселенi шешу кезiнде сот қылмыс жасағаннан кейiнгi кiнəлiнiң мiнез-
құлқын, отан алдындағы еңбегiн, наградасының барлығын жəне қоғамдық пiкiрдi ескеруi тиiс. Ескiру 
мерзiмiнiң бiтуiне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiн деп таппаса, өлiм 
жазасы тағайындалмайды, оның орнына 25 жыл бас бостандығынан айыруды немесе өмiр бойы бас 
бостандығынан айыруды тағайындайды. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қылмыстық кодекстiң 156-
154 бабындағы қылмыстарға ескiру мерзiмi қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет