§4. Қылмыстардың жиынтығы Қылмыстық кодекстiң əртүрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген екi немесе одан
да көп əрекеттердi жасаған адамның əрекетi, егер ол бұл қылмыстардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған
немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болса
қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Осы анықтамаға сəйкес қылмыстардың жиынтығының келесi белгiлерiн бөлiп қарастыруға болады:
1). Бiр адам екеуден кем емес қылмыстар жасайды. Бұл қылмыстарды жасауына қарай қылмыстардың
жиынтығы екi түрге бөлiнедi: Идеалды жəне реалды жиынтық. Идеалды жиынтықта тұлға бiр əрекетпен екi қылмысты бiрдей, қатар жасайды. ҚК–тiң 12-бабының 2-
бөлiгiнде көрсетiлгендей, « Қылмыстық кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген
қылмыстардың белгiлерi бар iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп
танылады ң. Мысалы, соз ауруы бар адамның зорлау қылмысын жасауы. Мұнда зорлау қылмысын жасау арқылы жəбiрленушiге қасақана өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiле тұра жұқтырады. Бұл жерде аталған əрекеттер ҚК-тiң 120-бабымен жəне 115-бабымен саралануы мүмкiн. Сонымен бiрге егер тұлға бiруақытта бiр əрекетпен аяқталған қылмысты жəне келесi қылмысқа оқталуды жасаса да идеалды жиынтық болып табылады. Мысалы, азамат А. Г.деген азаматқа оқ атады, бiрақ оған тимей Т-ны атып өлтiредi. Мұнда азамат А. бiр əрекетпен екi қылмысты (ҚК-тiң 96-бабы бойынша адам өлтiруге оқталу жəне абайсызда адамға қаза келтiру ҚК-тiң 101-бабында қарастырылған қылмыстарды) жасайды. Реалды жиынтықта тұлға бiрнеше əрекеттерiмен қылмыстық заңның əртүрлi баптарында көзделген
бiрнеше қылмыстарды жасайды. Мысалы, адам бiрiншi ұрлық, содан соң зорлау қылмыстарын жасайды.
Реалдық жиынтық тек аяқталған қылмыстарды ғана емес, сонымен бiрге, егер тұлға аяқталған жəне
аяқталмаған қылмыстарды немесе бiрнеше аяқталмаған қылмыстарды жасаған жағдайларда да танылуы
мүмкiн.
Реалдық жиынтық идеалды жиынтықтан жасалған қылмыстардың арасындағы уақыт үзiлiсiнiң
болуымен ажыратылады.
2). Қылмыстардың жиынтығы əртектес, ұқсас емес қылмыстардан тұрады. Бiрақ кейбiр жағдайларда,
егер ұқсас əрекеттер қылмыстық əрекеттiң дайындалу сатысында үзiлсе де қылмыстардың жиынтығын
құрайды. Мысалы, бiрiншi ұрлық қылмысы оқталу сатысында, ал екiншi ұрлық қылмысы аяқталған сатыда анықталса. 3). Қылмыстардың жиынтығын құрайтын əрбiр жасалған қылмыстар жеке қылмыс құрамдарын
құрайды. Осы белгi бойынша қылмыстардың жиынтығын жеке қылмыстардан жəне қылмыстық-құқықтық
нормалардың бəсекелесiнен ажыратуға болады.
4). Жиынтыққа кiретiн бiрде бiр қылмыс үшiн адамның бұрын сотты болмауы қажет. Бұл белгiнiң
болмауы жиынтықтың қылмыстардың қайталануына айналып кетуiне əкеп соғады.