қазiрге дейiн жазаның мақсаты төңiрегiнде əртүрлi пiкiрлер туғаны белгiлi. Бұл пiкiрлер бiрде жаза
мақсаттарының
мазмұнына қатысты туса, бiрде жаза мақсатының санына қатысты туындады. Мысалы,
орыс заңгер-ғалымы С.В.Познышев: « жазада тек бiр ғана мақсат болуы керекң дегендi айтса, профессор
Р.Т.Нұртаев жазаның мақсатын «үш бiрлiкң деп атайды. Ал профессор А.Мамытов,
жазаның мақсатына
мына үш түрлi нəрсе: 1). қылмыс жасаған адамды қайта тəрбиелеу; 2). қайта тəрбиелеу арқылы оны
қайтадан қылмыс жасамауға бет бұрғызу; 3). қылмыс жасаған адамның сазайын
тарттыру арқылы басқа
адамдарға да қылмыс жасаудан бас тартуға ықпал жасау деп жазаның алдына үш мақсатты қояды.
Осы уақытқа дейiнгi жазаның мақсаттары жөнiндегi əдебиет тердi талдай келсек, негiзгi тұжырым -
қылмыскердi түзеу жəне оны қайта тəрбиелеу болып келгенiн байқаймыз. Ал соңғы кезде «қайта
тəрбиелеуң
мақсатын алып тастап, жазаның айрықша мақсаты тек ғана «сотталған адамды түзеуң деп
жүрмiз. Тəжiрибе де бұл амал өзiнiң ойдағыдай нəтижелiгiн бермегендiктен жаңа қылмыстық заңда «қайта
тəрбиелеуң терминiнен бас тартуға тура келдi.
Осыған сəйкес ҚК 38-бабының 2-бөлiгiнде жаза мақсаттары былайша белгiленген: «Жаза əлеуметтiк
əдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу жəне сотталған адамның да,
басқа
адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданыладың. Сонымен, жазаның
мақсаттары үш түрлi:
1). əлеуметтiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiру,
2). Сотталған адамды түзеу;
3). қылмыстан сақтандыру.
Ендi осы көрсетiлген əр мақсаттарға жеке-жеке тоқталып кетсек.
Достарыңызбен бөлісу: