Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет92/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
Нормативтi актiлер: 
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының 21.06.2001 жылғы «ҚР ҚК 67-бабын қолдану 
жөнiнде сот тəжiрибесi туралы ң нормативтi қаулысы, 11.09.2003 жылғы өзгерiстер мен толықтырулармен
бiрге
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тəуелсiздiгiнiң онжылдығына байланысты 
рақымшылық жариялау туралы ң 19.02.2002 жылғы Заңы


15-тарау. Жазаның түсiнiгi жəне оның мақсаттары
 
§1. Жазаның түсiнiгi
 
Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде əртүрлi əлеуметтiк ұйымдастырушылық
экономикалық, тəрбиелiк, рухани шаралардың барлық түрiн кеңiнен қолдануға тырысады.
Қылмыс пен жаза - қылмыстық құқық өзiнiң пайда болған кезiнен сүйенетiн бiр-бiрiмен тығыз 
байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мəселесi қылмыстық құқық теориясында ерекше 
орын алады, өйткенi, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесiндегi ең ауыр да қажеттi 
шаралардың бiрi болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттiк мəжбүрлеу шараларының жеке бiр түрi жəне оның өзiне тəн мынадай 
белгiлерi бар:
- Жазаның бiрiншi белгiсi - ол мемлекеттiк мəжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана 
тағайындалады дегендi бiлдiредi.
- Жаза тек қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi деп танылған адамға ғана тағайындалады.
- Жаза тек қылмыс үшiн тағайындалады.
- Жаза əрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни 
объективтiк мазмұны бойынша жаза-жапа шектiру.
- Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады.
- Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады.
Осы жоғарыда аталған жазаның негiзгi белгiлерiнен оның анықтамасын шығаруға болады. 
ҚР ҚК-нiң 38-бабында «Жаза дегенiмiз – соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мəжбүрлеу 
шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнəлi деп танылған адамға қолданылады жəне ол адамды құқықтары мен
бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табыладың - делiнген.
Алайда, жазаның түсiнiгi жөнiнде қылмыстық құқық теориясында бiрқатар пiкiрлер айтылған. Мысалы, 
В.И.Курлянд ский, «Жаза-соттың үкiмiмен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттiк 
шараның түрiң десе, М.Д.Шаргород ский бұл анықтамамен iшiнара қосыла отырып, «мемлекеттiк 
шаралардың бəрi де жаза емес, оған медициналық жəне тəрбиелiк сипаттағы шаралар жатпайдың - деп 
толықтырды. Ленинградтық криминолог ғалымдар өздерi шығарған қылмыстық құқық курсында «Советтiк 
қылмыстық құқықтағы жаза – мемлекеттiк шараның мөлшерi, ол сот органдарының үкiмiмен қылмыс 
жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердiң өзiне тəн материалдық игiлiктерден жұрдай етумен қоса, 
сол əрекетке мемлекет тарапынан қаралап баға беруң - дейдi.
Қылмыстық жаза туралы мəселенi көтергенде оның қылмыстық жауаптылықпен арақатынасына да
тоқталған жөн. Жауаптылық пен жаза ұғымдарын жекелеп алып қарасақ, жауаптылық жаза ұғымынан 
əлдеқайда кең ауқымды, өйткенi, жаза - қылмыстық жауаптылықтың маңызды сатыларының бiрi ғана. 
Қылмыстық жауаптылықтың басталу уақыты болып қылмыстың жасалуы, ал аяқталу уақыты-соттылықтың 
жойылуы немесе өтелуi. Қылмыстық жауаптылыққа алдын-ала тергеу, анықтама, прокуратура жəне сот 
органдары тартып жəне босатады. Ал жазаны сот тағайындап сот босатады. Қылмыстық заңда қылмыстық 
жауаптылық пен жазаны бiр-бiрiнен ерекшелейтiн нормалар кездеседi. Мысалы, қылмыстық 
жауаптылықтан жəне қылмыстық жазадан босату негiздерi əртүрлi. Сонымен, жаза соттың айыптау 
үкiмiнде жүзеге асырылған қылмыстық жауаптылықтың мəнi. Соттылықтың өтелуi жəне жойылуы жазамен 
байланысты барлық құқықтық шектеулердi жояды. 
Қылмыстық кодексте жазадан басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары көзделген. 
Олар:
1). Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары;
2). Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары.
Бұл шаралардың жазадан басты ерекшелiгi олардың соттылықты болдырмауында. Екiншiсi, олардың 
тағайындалу адресатында, яғни тəрбиелiк сипаттағы шаралар 14-18 жас аралығындағы қылмыс 
жасағандарға, ал медициналық сипаттағы шаралар қылмысты есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамдарға 
жəне ҚК-тiң 88-бабында көрсетiлген басқа да негiздерде тағайындалады. Медициналық сипаттағы 
мəжбүрлеу шаралары белгiсiз мерзiмге тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет