Жетписбаев батыр адамович


Əлеуметтiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiру



Pdf көрінісі
бет94/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Əлеуметтiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiру қылмыстық заңда бiрiншi рет қарастырылып отыр. 
Əлеуметтiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiру əдiлеттiлiк қағидасына жақын, яғни жазаның жасалған қылмысқа 
сəйкес келуi жəне бiр қылмыс үшiн екi жауаптылыққа тиым салу. Əлеуметтiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiру 
деген - қылмыс нəтижесiнде бұзылған жеке адамның, қоғамның, мемлекеттiң мүдделерiн қайта қалпына 
келтiру. Материалдық зиян айыппұл, мүлiктi тəркiлеу, түзеу жұмыстары кезiнде айлық табысынан ұстап 
қалу арқылы өтелуi тиiс. Ал денеге келтiрiлген зиян қалпына келтiрiлмейдi немесе келтiрiлуден шектелген. 
Ал жаза мен қылмыстың сəйкес келуi деген тағайындалған жазаның кiнəлiнiң жеке тұлғасына, жазаны 
немесе жауаптылықты жеңiлдететiн жəне ауырлататын жағдайларға сəйкес келуiн қарастырады.
Сотталған адамды түзеу мақсаты. Жалпы алғанда адамды түзеу - бұл адам бойындағы қылмыс жасауға 
итермелейтiн қасиеттердi жою. ҚР Қылмыстық атқару кодексiнiң 7-бабында, сотталғанды түзеу – оның 
бойында құқық ұстанушы мiнез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, 
ережелерi мен дəстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру –делiнген. Сонымен, түзеудiң мақсаты 
адамның мiнез құлқын, iс əрекетiн қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болған бойындағы 
терiс қасиеттерден оның арылуына мүмкiндiк туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойында бұрын 
болмаған əлеуметтiк пайдалы қасиеттер енгiзiледi. Жазаны өтеу барысында сотталған адамның көзқарасы, 
сенiмi, əдет салты жақсы жаққа қарай өзгерсе-түзеу мақсатының орындалғаны.
Қылмыстан жалпы жəне арнайы сақтандыру (превенция).
Жалпы сақтандыру- қылмысты жасауға тек жазамен қорқыту немесе басқа адамды нақты жазалау арқылы
қоғамдағы тұрақсыз адамдарды жаңа қылмыстан сақтандыру дегендi бiлдiредi. Олардың «тұрақсыздығың 
қылмыстың алдында əкiмшiлiк, азамат тық, тəртiптiк құқықбұзушылықтарды жасау фактiлерiмен 
анықталады. Профессор М.Д.Шаргородскийдiң айтуы бойынша 
«жазаның жалпы сақтандырушылық əсерi бiрiншiден, қылмыстық заңның жариялану фактiсiмен жəне əрбiр 
нақты қоғамға қауiптi əрекет үшiн қарастырылатын нақты жазалардан, екiншiден, қылмысты жасауға кiнəлi 
деп танылған адамға соттың жазаны тағайындауында, үшiншiден, тағайындалған жазаның орындалу 
процесiнде көрiнедi ң. 
Ал арнайы сақтандыру сотталған адамды жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру дегендi бiлдiредi, яғни 
тiкелей қылмыс жасаған адамға қатысты, соған бағытталады. Жазаның арнайы сақтандыру мақсатына мына 
жолдармен қол жеткiзуге болады: 1). Сотталған адам жаңа қылмыс жасау мүмкiндiгiнен iс жүзiнде 
айрылады. Мысалы, бас бостандығынан айыру, қамау, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру 
жазаларында мүмкiн болады; 2). Жазамен қорқыту арқылы, яғни сотталған адамды белгiлi бiр 
мүмкiндiктерден айыру, қылмысты қайталаудан бас тартуға итермелеу; 3). Жазаны өтеу барысындағы 
сотталған адамның психикасына тəрбиелiк əсер ету арқылы оны жаңа қылмыстан сақтауға мүмкiндiк 
туады. Яғни бiр сөзбен айтқанда, арнайы сақтандыру мақсатына сотталған адам өзiнiң рецидив қауiптiлiгiн 
жоғалтқан кезде қол жеткiзiледi.
Жалпы, жазаның сақтандыру мақсаттары жөнiнде айтқанда, қылмыстылықпен күрес кезiнде жаза ең негiзгi 
құрал болып табылмайтынын есте ұстау қажет. Өйткенi, жаза қылмысқа жəне оның себептерiне қатысты 
екiншi орында екендiгi белгiлi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет