Жұқпалы аурулардың ерекшелігі:
1.Контагиоздылығы ( жұқпалылығы), яғни ауру қоздырғышының науқас адамнан сау адамға берілуі.Жұқпалы аурулар індет (эпидемия) болып жайылады, аурудың бірнеше рет көбеюі, пандемия–жұқпалы аурулардың ұлан–байтақ аумақта, бүтіндей елдерде, құрлықтарда етек жаюы, эндемия–жұқпалы аурулардың белгілі бір елді мекенде ғана кездесуі.
I- кезең. Инкубация (жасырын) кезеңі, яғни микрорганизмнің жұққан уақытынан аурудың алғашқы белгілері анық білінгенге дейінгі уақыт, мысылы ВГА-35 күн, ал менингитте-10 күн, инкубация кезеңінің ұзақтығы әртүрлі, инкубация кезеңін білу эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда маңызды.
II-кезең. Продром немесе хабаршы кезеңі алғашқы көп ауруларға тән: жалпы белгісіз симптомдармен (жалпы әлсіздік, тәбеті төмендеу ) т.б. сипатталады
III- кезең. Аурудың өрістеу кезеңі. Бұл кезеңде ауру белгілерінің айқын білінуі, яғни организмде қоздырғыштың, токсиндері өз әсерін барынша білдіреді, мысалы улану (интоксикация) синдромы, бұл экзо, эндотоксиндердің әсерінен мүшелердің қызметінің бұзылуымен байланысты.
IY- кезең.Реконвалесценция (айығу) аурудың ақырындап барлық клиникалық белгілері жоғалады, мүшелердің бұзылған қызметі қалпына келіп, организм қоздырғыштан және оның токсиндерінен тазарды. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауру ағысына, жүргізілген терапияның тиімділігіне т.б. себептерге байланысты.
Аурудың соңы толық немесе жартылай жазылумен аяқталады немесе қалдық (резидуалды) өзгерістер пайда болады. Жұқпалы аурулар ағысына асқынулар қосылуы да мүмкін. Арнайы асқынулар, яғни осы аурудың қоздырғышы әсерінен; мысалы ішектің тесілуі (іш сүзегінде), ал арнайы емес асқынулар екіншілік бактериалды жұқпаның қосылуынан дамиды.
Эпидемиологиялық процесс дегеніміз күрделі социалды – биологиялық құбылыс, жұқпалы ауру қоздырғыштарының халық арасына таралуы. Оның негізгін үш тармақ құрайды:
1-тармағы: инфекция көзі, яғни сау адамдар үшін тірі инфекция жұқтырған организм, ол қоздырғыш паразиттердің табиғи даму ортасы болып саналады. Инкубация, продром кезеңінде, әсіресе ауру белгілері анық білінгенде сырқат қоршаған ортаға қоздырғышты белсенді таратады, мысалы сұйық нәжіс (шигеллезде).
Эпидемиологиялық тұрғыдан аурудың жеңіл, атипті формалары өте қауіпті. Сонымен бірге инфекция көзі ретінде “сау” микроб тасымалдаушыларға ауруды таратуда эпидемиологиялық тұрғыдан аса мән беруді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |