Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар



бет5/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
№7 лекция

Эпидемиялық ошақэпидемиологиялық процестің маңызды бөлігін құрайды. Эпидемиялық ошақ дегеніміз инфекция көзі табылған жер, таралатын территориясы. Эпидемиялық. ошақ белгілі бір уақыт ішінде болады, ол аурудың ең ұзақ инкубация кезеңімен есептеледі. Эпидемиялық ошақта инфекцияны жою, таратпас үшін эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырады, ол эпид процестің үш тізбегіне бақытталып жүргізіледі.
Сырқат адамды анықтау, тез оңашалау, СЭС мекемелеріне хабарлау, сырқаттың орнына дезинфекция жүргізу,сырқатпен қарым – қатынаста болғандарды анықтау; әсіресе белгілі маман иелеріне. Мысалы: тамақпен байланысы бар адамдар, балалар мекемелер қызметкерлері, аспазшылар, оларды инкубация кезеңінің ұзақтығына сәйкес қарап, дене қызуын өлшеп тексереді, ал декреттелген топтағыларды жұмыстан уақытша босату қарастырылады.
Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге санитарлық – эпидемиологиялық мекеме қатысады. Олардың міндеті эпидемиологиялық диагностика және дезинфекция жүргізу болып саналады.
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Жұқпалы ауруларды жан-жақты тексеру арқылы нозологиялық диагноз қоюға болады, оның нәтижесі ұтымды патогенетикалық, этиотропиялық ем тағайындауға, эпидемияға қарсы шараларды уақытында жүргізуге мүмкіндік береді.
Басқа аурулардағыдай жұқпалы аруларда сырқатты тексеруді анамнездер жинаудан бастайды:

  1. Субъективті, яғни сұрау арқылы ақпарат жинау.

Сырқат шағымы: аурудың қалай басталғанын, дене қызуының ұзақтығын, ауырсыну сипатын,бөртпе орнын т.б. сұрайды.
Жұқпалы ауруларда аса маңызды анамнез «эпидемиологиялық анамнез» жинау себебі; ол арқылы инфекция көзін, таралу жолын анықтауға мүмкіндік туады. Сырқаттан сұрау жүргізу барасында: жұқпалы ауруы бар сырқатпен және малдармен қарым – қатынас деңгейі, егулер алуы, тамақтануы, социалды - әлеуметтік жағдайы, жұмысы т.б. сұрақтар қояды.
2 Жалпы қарап тексеру арқылы ауруларға тән патогенетикалық симптомдар, яғни белгілі бір ауруға тән, факультативті симптом осы ауруруға тән, бірақ басқа ауруларда да болуы мүмкін, мысалы, қан шырыш аралас нәжіс қантышқағына тән, бірақ эшерихиоз, амебиазда да кездесуі мүмкін, арнайы емес симптомдар түрлі жұқпалы ауруларға тән, дене қызуы жоғарлауы, әлсіздік т.б. анықтайды.
Келесі кезеңде синдромдарды анықтау, яғни патогенезіне байланысты клиникалық симптомдар (интоксикациялық, менингеалды, колитикалық т.б.) жиыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет