Казахстанский журнал международного права



бет5/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#2606
1   2   3   4   5   6   7   8

3.Антонян Ю.М. Преступность среди женщин. – М.: Росс.право, 1992. – 256 с.; Корзун И.В. Теоретические и прикладные проблемы социально-правового контроля и предупреждения преступности среди женщин: (по материалам Республики Казахстан): автореф. дис…д.ю.н.. – М.:ВНИИ МВД России. – 2001. – 52 с.


4. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно­-насильственных преступлений: автореферат дисс….д.ю.н. – Алматы: Өркениет, 2004. –­ 60 с.

5. Алауханов Е.О. Криминология. – ­Алматы: Жеті жарғы, 2008. ­– 660 с. ­ (Учебник).


Түйіндеме

Мақалада әйелдердің қылмысы алдын-алу профилактикалық іс-шаралар мәмілелер зерттеледі.


Summary

The article considered preventive measures for preventing female crime.


343.11(075)
Ерешеева Ж.Ж.

1 курс магистранты Д.А. Қонаев атындағы

көлік және құқық гуманитарлық университеті

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., Ынтымаков С.А.
БІРІНШІ ИНСТАНЦИЯСЫНДА ҚАҒИДАЛАРДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
Аталған мақалада азаматтық іс-жүргізуде бірінші инстанциядағы аясы мен ерекшеліктері баяндалған.

Кілт сөздер: судья, ашық сот, жариялылық қағида, ашық сот отырысы, куә, төрағалық етуші, әкімшілік құқық, заң актілері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 – бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар деп көрсетілгендей, заң әрбір адамға бұзылған немесе даулы  құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғап сотқа жүгінуге мүмкіншіліктер берген [1].  Демек, мемлекетіміздегі әрбір жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғап, заңнаманың қағидаларын тікелей орындайтын сот билігінің билік саласы ретіндегі атқаратын жалпы мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығының бірден бір кепілі, әрі басты  құралдарының бірі болып табылады.

Елімізде сот жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру бағытында біршама игі шаралармен қатар, сот реформасына сай апелляциялық өндірісті  күшейту бағыты өз дәрежесінде жүзеге асырылып, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында да апелляциялық сатыға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Осыған  орай, Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізуге арналған 40, 41 тараулар енгізіліп, аталған тарауларда сот актілеріне апелляциялық шағымдану мен наразылық келтірумен бірге апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау тәртібі қарастырылған.

Апелляциялық сатыдағы сот – заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы сот [2]. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да түлғаларға тиесілі.

Апелляция – бірқатар мемлекеттерде сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, яғни тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын жоғары тұрған екінші сатыдағы сот болып табылады.

Дамыған өзге мемлекеттерде бұл институтқа айрықша мән берілген. Ал, Қазақстандық апелляциялық институтының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Ресейдің процессуалдық кодексіне сәйкес апелляция тек қана істі жаңадан қарау болып саналады. Біздің заңда апелляцияның екі жағы:  істі бірінші инстанция тәртібімен соттың жоғарғы сатысында қарау және бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығын тексеру қарастырылған.

Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:



  1. істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән – жайы анықталуының;

  2. материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;

  3. істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.

Сонымен қатар, істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін  тексерумен бірге, апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептері бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.

Азаматтық іс жүргізуде сот актілерін қайта қарап тексеру, сотпен жіберілген қателіктерді жою маңызды рөл атқарады.

Апелляциялық сатыдағы сот өкілеттігіне келетін болсақ:


      1. бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;

      2. бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

      3. бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

      4. апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгерту көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірініші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;

      5. іс бойынша іс жүргізуді қысқарту мен арызды қараусыз қалдырудың көзделген негіздері бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы екендігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 358-бабында нақтыланған.

Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралып, істі қарау нәтижелері бойынша сот актісі қаулы түрінде шығарылады.

Бұл апелляциялық сатыдағы сот істе қосымша материалдар беруде істің мән жайын анықтауға, сондай ақ материалдық құқық нормасын талқылауға және оны дұрыс қолдануға мүмкіндік туғызып отыр. Сонымен бірге, сот актілерін қайта қарауда және оны заңды жолмен шешу барысында азаматтық іс жүргізу заңының сақталуын көздейтінін дәлелдеуде. Нақты айтқанда, заң шығару орны апелляциялық саты үшін мүдделілік танытқан тараптардың бастамасымен істі өз мәні бойынша екінші рет қараудың мүмкіндігін бекітіп берді.

Апелляциялық өндіріс іс жүргізудің сатысы ретінде – бір ортақ мақсатқа же, белгілі бір процессуалдық әрекеттердің жиынтығынан тұратын сот өндірісінің бір бөлігі [3, 148 б.].

Сот шешімдеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар келтіру негізгі саты ретінде азаматтық іс жүргізуде маңызды орынды иеленіп, сот шешімдерін қайта қарау барысында өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.

Олар төмендегідей сипаттарға ие:


    1. Заңды күшіне енбеген сот шешіміне ғана апелляция беруге болады;

    2. Апелляция бойынша іс жоғары тұрған сотқа жіберіледі;

    3. Бірінші сатыдағы соттың шешімі қате болған жағдайда апелляция беруге болады;

    4. Апелляциялық сатыда істі қайта қарау барысында дәлелдеме мәселелерімен бірге құқық мәселелерін де қарастырады;

    5. Әр іс бойынша апелляциялық сатыға жүгінуге бір рет қана жол беріледі.

Сонымен қатар, апелляция сатысының негізгі мақсаты болып – екінші сатыда қаралатын істің мән жайларын дұрыс анықтап, материалдық құқық нормаларының дұрыс қоданылуы мен түсіндірілуін тексеріп, істі қарап шешім қабылдауда азаматтық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау және қате сот шешімінің заңды күшіне енуі мен орындалуыныа жол бермеу.

Апелляциялық сатыдағы сот өндірісі азаматтық іс жүргізу қағидаларына негізделген, бірінші сатыдағы соттардың міндеті болып істерді мәні бойынша қарау болса, апелляциялық сатыдағы соттың міндеті заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау болып табылады. Апелляциялық сатыда іс жүргізуде соттардың тәуелсіздігі мен олардың тек заңға сүйенуі, сот әділдігін тек заңға сәйкес жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің мемлекеттік тілі, сотта істі қараудың жариялылығы мен тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы қағидалары қатаң сақталады.

Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды [3, 471 б.].

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағымдануға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық наразылық беру құқығы істі апелляциялық тәртіппен қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық беруге құқылы.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.

Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесіндегі реформалар қарқынды деңгейде дамып, айтарлықтай маңызды жетістіктерге қол жеткізуде. Олай дейтінім, дайындалған заң жобасына сәйкес сот жүйесі үш буынды сот жүйесінен құрылды: бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық және кассациялық сатылар. Апелляциялық сатылар тек қана облыстық соттардың құзырында ғана сақталып,  Жоғарғы Соттың апелляциялық алқалары таратылды. Облыстық соттардың қадағалау алқалары жойылып, қадағалау ретінде сот актілерін тексеру құқығы тек қана Жоғарғы Соттың құзырында қалдырылды. Сот сатыларының бұлайша қысқартылуы, өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуші адамдардың жағдайын жақсартуға  өз үлесін қосары сөзсіз. Басты бағыт -  еліміздегі сот жүйесінің реформаларының деңгейін көтеру, апелляция сатысының сот өндірісіндегі рөлін күшейту, қоғамда заңдылық пен тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін тәуелсіз және тиімді сот төрелігін жетілдіру мен сапасын арттырып дамыту.


Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (өзгерістермен және толықтырулармен).- Алматы: Әділет, 2013

  2. Гражданское право: Учебник для вузов. Часть первая / Под ред. Т.И. Илларионовой, Б.М. Гонгало, В.А. Плетнева.- М.: НОРМА: ИНФРА, 1998.- 464 с.

  3. Гражданское право: учебник. Т. 1 / Под ред. А.П. Сергеева.- М.: ТКВелби, 2009.- 1008 с

Резюме

В данной статье рассматриваются вопросы о рассмотрение дел в апелляционном суде. Реформы на системе суда нашей страны На сегодняшний день развиваясь на интенсивном уровне, достигают особому важному достижениям



Summary

This article discusses the concept of principles in civil procedure. As well, turning attention to organisational-functional principles. However, the proposed application of the organizational and functional principles.

УДК: 343.2(075)
А.А. Кайрбаев

Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық

гуманитарлық университетінің магистранты

ғылыми жетекшісі: Терликбаев Қ.Т.
КІНӘНІҢ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ
Түйінді сөздер: қылмыстық құқық, субъективтік жағы, кінә, ниет, қасақаналық, абайсыздық.

Қылмыстың субъективтік жақтарын – кінәнің нысандарын, қылмыс жасаудағы ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажырып алуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағы бойынша өте ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке-даралауға мүмкіндік береді [1, 25 б.].

Осыған орай қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі кінәлі жауаптылық қағидасы қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасағалы тұрған адамға және оның зардаптарына деген психикалық қатынасты (қасақаналық жәнө абайсыздық түріндегі) есепке алумен ғана шектелмейді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайлары (әсіресе, кінәні ауырлататындары) егер сот олар жөнінде кінәлі қатынасты анықтағанда ғана, яғни психикалық қатынасты абайсыздық немесе қасқаналық түрінде орнықтырғанда ғана (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық құқықтық шамада қарастыру ерекшеліктеріне байланысты) кінә деп танылады.

Қылмыстың себебі мен мақсаты және адамның қылмыс жасағандағы көңіл-күйінің жағдайы кінәға қарағанда қылмыс құрамының қажетті нышандары болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстар құрамының қатарына жатқызады, және бұл жағдайларда олар да қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Сонымен қатар, олар тіпті қылмыс құрамының нышандары болмайтындығына қарамастан, кінәні жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай ретінде жазаның тағайындалуына айтарлықтай әсер ете алады.

Бұл нышандардың қылмыстық жауаптылық және жазалау үшін өзіндік мағыналары болмағанмен, олардың көбінесе кінәні анықтаудағы қасақаналық кінә мен абайсыздық кінәнің арасына шекара қойғандағы мағынасы айтарлықтай. Міне, сондықтан да қылмыстық құқық кінәлі жауаптылық қағидасымен шектелмейді, бірақ субъективтік кінәға жатқызу деген бағытты ұстанады. Соңғы жағдай қылмыс істеген адамның қылмыстық жауаптылығы мен оны жазалау туралы мәселені шешер кезде, жеке тұлғаның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетке (әрекет немесе әрекетсіздікке) және оның зардаптарына кінәлі қатынасы ғана емес, қылмыстың субъективтік жағының басқа да элементтері – оның себебі, мақсаты, тұлғаның қылмыс жасаған сәттегі көңіл-күйінің қызбалық жағдайы да назарға алынатындығы есептеледі деген сөз [2, 287 б.].

Ескеріп өтетін бір жайт, тергеу және сот тәжірибесі үшін қылмыс құрамының элементтері ішінен анықтау және дәлелдеуге ең қиыны тап осы субъективтік жақ болып табылады. Әрі бұл түсінікті де – өйткені қылмыс жасаған адамның ойы, ниеті, тілегі мен сезімдеріне бойлау қылмыстың объективтік жағдайларын анықтаудан әлдеқайда күрделі мәселе. Сондықтан да, «өзгенің жаны – жаппай жұмбақ» деген мақал тегін тумаса керек. Осыған орай, адамның өзі істеген қоғамға қауіпті іс-әрекеті мен зардаптарына, оның себептерін, мақсаттарын және эмоциясын (көңіл-күй жағдайын) анықтағанда («әдетте солай болатын», «көбінесе сөйтуге тура келетін» дейтін тұжырымдармен, дәлелдермен нығарланатын) әлгі тұлғаның өз істегеніне психикалық қатынасын белгілеуде қандай да болмасын жалпылай бағалау болуы мүмкін емес әрі болмауы да керек. Сондықтан, қайсыбір адамды өзге тұлғаны өлшейтін аршынмен өлшеуден асқан әділетсіздік жоқ, олар не бір-біріне қарама-қарсы келеді, немесе әйтеуір бір-бірінен қайтсе де өзгешелігі болатыны хақ». Міне, осыдан қылмыстың субъективтік жағына мұндай жалпылама (жекешеліндірілмеген) баға беру қылмыстық заңды қолдануда дөрекі қателіктерге ұрындыруға, яғни қылмыстық істер жөніндегі әділ қазылық ауқымында да адам құқықтарын бұзуға әкеп соғуы мүмкін [3, 62 б.].

Қылмыстық құқықтың ең маңызды қағидасы жауаптылықты кінә болған жағдайда ғана белгілеуді білдіретін кінәлі жауаптылық қағидасы болып табылады. Бұл қағида ҚР ҚК-тің 19 - бабында анық тұжырымдалған. ҚР ҚК-тің 19-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, адам тек қоғамға қауіпті әрекеті (әрекетсіздігі) және содан келген қоғамға қауіпті зардаптарының туындауы үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келгенімен кінә дәлелденбесе, қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылыкты болдырмайды.

ҚК-тің 19-бабының екінші бөлігінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейтіндігі көрсетілген. Кінә – адамның қасақана немесе абайсызда өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына психикалык қатынасы. Кінә әрқашанда қасақана немесе абайсызда жасалған іс-әрекеттен туындайды. ҚК-тің 19-бабының үшінші бөлігінде қасақана немесе абайсызда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі болып танылады делінген [4].

Кінәнің түсінігі оның психологиялық, әлеуметтік-саяси және қылмыстық құқықтық мазмұнынан құралады.

Кінәнің психологиялық мазмұнының негізінде адамдардың психикасында объективті түрде өтіп жататын құбылыстар болады. Мұндай құбылыстардың қатарынан кез келген дені сау адамның психикасына тән ойлауды, ерікті, эмоцияларды атауға болады. Ойлану арқылы адамның санасы объективтік шындықтың заттары мен құбылыстарын, олардың елеулі белгілерін, өзара байланысын қабылдайды. Ерік – бұл жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін саналы түрде реттеуі, өзінің интеллектуалдық және дене қабілеттерін қандай да бір мақсатқа бағыттауы немесе қандай да бір белсенді әрекеттен бас тартуы. Эмоцияларға эмоциялық жағдайлар ретінде көрініс табатын сезімдер, аффектілер, қандай да бір объектіге қатысты сезімдік қатынастарды таңдау жатады. Бұл үрдістер өз кезегінде адамның психикалық әрекетінің интеллектуалдық (ойлану), еріктік (ерік) және эмоциялық (эмоциялар) сәттерін сипаттайды. Олар жекеленген түрінде психикалық тұрғыданы дені сау адамның объективтік шындықты, нақты айтар болсақ, өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің әлеуметтік мәнін ұғыну және бағалау; олардың салдарын, соның ішінде әлеуметтік зиянды салдарын болжау; өзі жүзеге асыратын әрекет пен орын алуы мүмкін салдардың арасындағы себепті байланыстың дамуын түсіну; әлдеқайда алыс жатқан салдарды, сонымен қатар өзінің тәжірибесіне, білімдеріне, дағдыларымен байланысты ерекше зейін мен психикалық ойлануды талап ететін салдарды болжау (интеллектуалдық сәт); қандай да бір мақсатқа жетуге ұмтылу; қандай да бір нәтиженің туындауын қалау немесе қандай да бір салдардың туындауына немқұрайдылықпен қарау (еріктік сәт); өзінің сезімдерін білдіру, эмоциялық көңіл-күйін білдіру (эмоциялық сәт) мүмкіндігінен, қабілетінен көрініс табады.

Сонымен, кінәнің психологиялық мазмұны мынадан көрініс табады: отандық қылмыстық заңнама оны адамның қоршаған ортадағы қандай да бір шындыққа қатысты объективтік, шын мәнінде бар психикалық қатынасы тұрғысынан анықтайды. Бұл ретте ерекше атап өтетін бір жайт, мұндай қатынас туралы білім ғылыми ережелерге және психологияның тұжырымдарына негізделуі тиіс.

Кінәнің әлеуметтік-саяси мазмұны қылмысты қылмыстық заңмен тыйым салынған қандай да бір әрекетті кінәлі түрде жасау ретінде материалдық анықтауға негізделеді. Мұндай мазмұнның мәні кінәнің келесідей анықтамасынан көрініс табады. Кінә – бұл тұлғаның өзінің кез келген, соның ішінде өзге біреумен сынға алынған әрекеттері мен олардың салдарына емес, тек қоғамға қауіпті, қылмыстық заңмен жазалау қауіпмен тыйым салынған, яғни мемлекет тарапынан сынға алынып, жазаланатын әрекеттеріне қатысты психикалық қатынасы. Қылмыс жасай отырып, тұлға қоғамның әлеуметтік құндылықтарына кінәлі түрде, яғни қасақаналықпен немесе абайсыздықпен кері психикалық қатынас білдіреді [5, 103 б.].

Кінәнің қылмыстық құқықтық мазмұны оның түсінігі мен нысандарының қылмыстық заңда анықталуымен сипатталады. ҚР ҚК-нің 19-23 баптарында кінәнің психологиялық және әлеуметтік-саяси мазмұнының мәні көрініс тапқан [4].

Қылмыстық заңда көрініс таба отырып, кінә қасақаналық немесе абайсыздық нысанында көрініс табатын және кез келген құрам үшін міндетті болып табылатын, қылмыс құрамының субъективтік жағының белгісі мәнін иеленеді.

Қылмыс жасаудағы кінә – объективтік шындықтың фактісі. Субъектінің кінәсі жөніндегі тұжырымды сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдер негізінде жасайды.

Егер қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалып, одан адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келсе немесе зиян келу қаупі туса ғана кінә жайында әңгіме қозғауға болады. Қылмыстық құқықтық ұғым бойынша қылмыс жоқ жерде кінә да жоқ.

Кінәнің қылмыстық құқықтық мағынасын асыра бағалау қиын. Біріншіден, кінәлі жауаптылық қағидасы тұрғысынан келетін болсақ, кінә қылмысты және қылмыстық емес іс-әрекеттердің арасын межелеуге қызмет етеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 23-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Екіншіден, егер заң шығарушы жауаптылықты кінәнің түріне байланысты дифференцияласа (бөлшектерге бөлсе), онда бұл жағдай қылмыстың дәрежеленуіне әсер етеді. Мәселен, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша дәрежеленсе, ал абайсызда қазаға ұшырату ҚР ҚК-нің 104-бабымен дәрежеленеді. Кінәнің түрі сондай-ақ денсаулыққа қасақана немесе абайсызда зиян келтіргенде (ҚР ҚК-нің 106, 107, 108 және 114-баптары), өзгенің мүлкін қасақана немесе абайсызда жойғанда не бүлдіргенде (ҚР ҚК-нің 202 және 204-баптары) және басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғанда араға шек қоятын құрал ретінде қызмет етеді. Үшіншіден, кінәнің түрі қылмыстарды заңды тұрғыда дәрежелеу кезінде есепке алынады. Қасақана және абайсыздағы кінәлардың айырмашылығы қылмыстық жауаптылықтың басқа да бірқатар жағдайларында ескеріледі (алдын ала келісілген және бірлескен іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық негіздерінен анықтауда, шартты түрде соттау мен жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде және т.б.).

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандағы кінә (қасақаналық та, абайсыздық та) құқық қолданушының (судья, тергеуші) санасынан объективті түрде пайда болады. Ол алдын ала тергеу, сотта істі қарау жүргізілгенде дәлелдеу затына кіреді. Бұл жағдай істегі анықталған дәлелдемелерге баға негізінде жүзеге асырылады. Бұған байланысты кінә заңдылық-психологиялық қана санат емес, сондай-ақ баға беретін санат екендігін мойындаған жөн. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиеттерінде кінә ұғымының кінәлінің судъя санасынан тыс өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекеттің пайда болуы және оның қасақаналық пен абайсыздық түріндегі зардаптарын кінәнің баға беретін түсінігімен біріктіруге талпыныс жасалды. Мәселен, Б.С.Утевский «кінәні қылмыс құрамының элементі ретінде қылмыс құрамының объективтік жағы, яғни қасақаналық пен абайсыздық тұрғысындағы тар шеңберде түсінумен қатар қылмыстық құқық кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде кеңірек түсінуді де біледі» деген.

Б.С. Утевскийдің пікірінше, кінә қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде «соттың сенімі бойынша, мемлекет тарапынан теріс қоғамдық (адамгершілік-саяси) бағаға ие болуға, сотталушының қылмыстық жауаптылыққа тартылуына негіз болатын жағдайлардың жиынтығы болып табылады» [6, 105-106 б.].

Кінәні түсінуге бұл жағынан келу кеңестік заң ақпарат құралдарында аяусыз сынға ұшырады деуге болады. Оның себептері негізінен идеологиялық сипат арқаланады. Бұл авторға буржуазиялық заңгер ғалымдар ұсынған кінәні бағалау теориясынан «ұрлаған» деген кінә тағылды (ол кезде мұндай жағдай едәуір кінә болып саналатын). Бірақ, кейде кеңестік қылмыстық құқықта кінәні бағалау арқылы түсінуде күрт қабыл алмау біртіндеп артта қалды да, ал кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі деп мойындау) бұл күнде ҚР Қылмыстық кодексінде заңды түрде қисындастырылған. Мұны дұрыс деп мойындаған жөн, өйткені қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықты жеке тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеті мен зардаптарына деген кез келген психикалық қатынасы емес, оның белгілі түрлері – қасақаналық және абайсыздықпен ғана тектен-текке байланыстырмайды. Психикалық қатынастың осы түрлері ғана кінәлінің қылмыстық заң қорғайтын, яғни жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне деген әлеуметке қарсы (қасақана қылмыстардағы) немесе немқұрайды (абайсызда жасалған қылмыстардағы) көзқарастарын дәйектейді. Сондықтан, кінә дегеніміз – жеке тұлғаның өзі жасаған қауіпті әрекетке немесе әрекетсіздікке және осының салдарынан туындаған залалды зардаптарға (оларда оның қылмыстық заң қорғайтын мүдделерге (байлықтарға) деген теріс қарым-қатынасы бой көрсетеді) деген психикалық қатынасы деген сөз [1, 286 б.].

Кінә – тек психологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-саяси да ұғым. Кінәнің психологиялық мазмұны адамның өзі жасаған әрекетінің және оның зардабының іс жүзінде болғандығын ұғынатындығында немесе ұғынуға мүмкіндік алатындығында. Кінәнің әлеуметтік-саяси мағынасы – адамның өз әрекетінің және оның зардабының әлеуметтік мәнін, яғни олардың қоғамға қауіптілік сипатын ұғынуында немесе ұғынуға мүмкіндігі барлығында.


Әдебиеттер тізімі:

1.Дагель П.С. Учение о личности преступника в советском уголовном праве. - Владивосток, 1970.

2 Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. А.В.Наумов. Астана, «Фолиант» баспасы, 2010.

3.Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Отв. редакторы: И.И.Рогов, Г.И.Баймурзин. Алматы, «Жеті жарғы», 2003.

4.ҚР Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл.- Алматы, 2010 жыл.

5.Уголовное право. Под общ. ред. Л.Д. Гаухмана, Л.М. Колодкина, С.В.Максимова. М., Юриспруденция, 2009.

6.Утевский Б.С. Вина в советском уголовном праве. М., 1950.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет