Реактивтер. Сірке қышқылының 4% ерітіндісі; кристалды лимон қышқылы.
Жұмысты орындау техникасы
Термиялық аспаздық өңдеу мен сақтаудың қызылша түсінің қарқындылығына әсері. Қызылшаны жуып, аршу керек. Тамырдан өсу осіне перпендикуляр қалыңдығы 10 мм тілімді кесіп, оны радиусы бойынша үш тең бөлікке бөлу керек.
Бір үлгіні су моншасының торына салып, 40 минут бойы буда пісіру керек. Қалған екі үлгіні фарфор шыны-аяққа салып, бетін сағаттық шынымен жабу керек. Пісіру аяқталғаннан кейін қызылша үлгісін фарфор шыныаяққа салу керек. Шикі және қайнатылған қызылшаның түсін салыстыру керек.
Пісірілген қызылшаның үлгісін бөлме температурасында 2 сағат бойы тұрғызу керек, Тұрғызудың соңына дейін 40 минут бұрын қызылшаның екінші үлгісін қайнату керек. Дайын үлгіні фарфор шыныаяққа салу керек.
Қызылшаның барлық үш үлгісінің түсін салыстыру керек. Екі сағаттық сақтау процесінде қайнатылған қызылшаның түсінің өзгеруін белгілеу керек, оны жаңадан піскен қызылшаның түсімен салыстыру керек.
Қалған тазартылған қызылшаны металл үккіштен өткізіп, шырынды дәке арқылы сығып алу керек. Пипеткамен 10 мл-ден үш сынама шырын алып, оларды үш бірдей пробиркаға құю керек. Олардың біреуін қайнаған су моншасына салып, 20 минут қыздыру крек. Балғын және қыздырылған шырын түсін салыстыру керек
Қыздырылған шырынды бөлме температурасында 2 сағат тұрғызу керек. Тұрғызу аяқталғанға дейін 20 минут бұрын қызылша шырынының екінші сынамасын қайнаған су моншасына салып, оны бірінші сияқты жағдайларда қыздыру керек.
Барлық дайындалған қызылша шырынының үш сынамасының бояуын салыстыру керек. Екі сағаттық сақтау процесінде қыздырылған шырынның түсінің өзгеруіне назар аударып, оны жаңадан қыздырылған шырынның түсімен салыстыру керек.
Жұмыс нәтижелерін кестеге толтыру керек. Жұмыс бойынша қорытынды жасау керек.
Үлгі
|
Қызылша кесектері
|
Шырын
|
Шикі (контроль)
|
|
|
|
|
Жаңадан қайнатылған
|
|
|
|
|
Сақтаудан кейінгі
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |