Жылулық өңдеу процесінде қызылшаның түсі мен консистенциясының өзгеруіне орта реакциясының әсері. Аршылған қызылшаны қалыңдығы 1 мм және өлшемі 20 х 20 мм тілімдерге кесу керек.Тілімдердің жалпы массасы 120 г болуы керек. Дайындалған тілімдерді үш тең бөлікке бөлу кереек. Технохимиялық таразыларда салмағы 0,4 г кристалды лимон қышқылының екі өлшендісін өлшеу керек.
Сыйымдылығы 200 мл болатын үш химиялық стаканға 150 мл су құю керек. Бір стаканға 0,4 г кристалды лимон қышқылын қосу керек.
Барлық стақандағы сұйықтықты қайнағанға дейін жеткізу керек. Әр стаканға 40 г дайындалған қызылша тілімдерін салу керек. Сұйықтық деңгейін белгілеп, қызылша тілімдерін 40 минут бой бау отта қайнату керек. Сұйықтық қайнап азайған сайын стақандарға ыстық су қосып, сұйықтық деңгейін бастапқы деңгейге дейін жеткізіп отыру керек.
Суда қайнатылған қызылша тілімдері салынған стаканға пісіргеннен кейін кристалды лимон қышқылын (0,4 г) қосу керек.
Әр түрлі пісіру жағдайында қызылша қайнатпасы мен қызылша кесектерінің түс қарқындылығын салыстыру керек. Суда және лимон қышқылының ерітіндісінде пісірілген қызылша жұмсағының консистенциясына назар аудару керек.
Жұмыс нәтижелерін кестеге толтыру керек.
Қызылша пісірудің басында және соңында лимон қышқылы қосудың қызылша жұмсағының түс қарқындылығы мен консистенциясына әсері туралы қорытынды жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |