Кіріспе зертханамен танысу. Тб бойынша нұсқаулық


Тамыржемістер тіндерінің құрылымын зерттеу



бет15/30
Дата20.09.2023
өлшемі0.51 Mb.
#478027
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Физ-хим лаб 2020-2021

Тамыржемістер тіндерінің құрылымын зерттеу. Препараттарды картоп препараттары сиқты дайындау керек. Қызылша кесектері 40-45, сәбіз — 20-25, ақжелкен — 15 мин пісіріледі. Қызылша мен сәбіз препараттары сафранинмен, ақжелкен — сафранинмен және йодпен боялу керек.
Суретін салып немесе суретке түсіріп алу керек. Көкөністерді термиялық аспаздық өңдеудің маталарының құрылымына әсері туралы қорытынды жасау.
Картоп езбесін жасау кезінде картоптың жасуша қабырғаларының сақталғыштығына кейбір технологиялық факторлардың әсерін зерттеу
1 нұсқа. Алдыңғы зерттеуден қалған түйнектің екі бүйір бөлігін қайнаған су құйылған стақанға салып, 20-25 минут пісіру керек.Бір бөлігін ыстық күйде езгілеу керек, екіншісін — фарфор шыныаяқына салып, қақпағын жауып, 10-15 °C дейін суыту керек (тоңазытқышта), содан кейін езгілеу керек.
Микроскопиятауға арналған препараттарды дайындау керек. Зат шынысына препараттық инемен екі түрлі картоп езбесін салып, бір тамшыдан йод тамызып, жабын шынымен жабу керек. Препараттарды аз ұлғайтумен қарап, екі түрлі езбеде жасуша қабырғалары ыдыраған жасуша санын салыстыру керек.
Препараттарды үлкен ұлғайтып қарап, суретін салу керек (суретке түсіру керек). Езгілеу кезінде піскен картоптың жасуша қабырғаларының сақталғыштығына температураның әсері туралы қорытынды жасау керек..
2 нұсқа. Үлпек түрінде құрғақ картоп езбесін және сұйықтықпен қалпына келтіріліп араластырылмаған және араластырылған картоп езбесін салыстырмалы микроскоптауды жүргізу керек.
Салмағы 25 г құрғақ езбенің екі сынамасын өлшеп, оларды екі стаканға салу керек. Басқа екі стақанда 78-80 ° C-қа дейін 100 мл су жылытып,оны екі сынамаға құю керек. Бір стақанды сағаттық шынымен жауып, ісіну үшін 2 минут бойы тұрғызу керек.Екінші стақандағы езбені суды қосқаннан кейін шыны таяқшамен араластыру керек. Қалпына келтірілген езбе сынамаларының консистенциясындағы айырмашылықты белгілеу керек.
Микроскоптау үшін құрғақ үлпек және қалпына келтірілген езбеден препараттар дайындау керек. 2 х 2 мм өлшемді құрғақ езбе пластинасын зат шынысына салып, бір тамшы су қосу керек, содан кейін йодпен бояу керек, жабын шынымен жауып, микроскоппен қарау керек. Құрғақезбеде бұзылған жасуша қабырғалары бар жасушалардың болуын белгілеу керек. Қалпына келтірілген езбеден препараттарды дайындап, оларды 1-нұсқада көрсетілгендей микроскоппен қарастыру керек.
Ыстық күйінде езгіленген балғын піскен картоп езбесі мен құрғақ үлпектерде, сондай-ақ үлпектерді сұйықтықпен араластырмай және араластыра отырып дайындалған қалпына келтірілген езбеде жасушала қабырғалары ыдыраған жасуша санын салыстыру керек. Препараттардың суретін салып алу керек.
Картоп езбесінің бұзылған жасушалардың санына және езбенің консистенциясына қалпына келтірілген кезде үлпекті сұйықтықпен араластырудың әсері туралы қорытынды жасау керек.

9 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет