Кіріспе зертханамен танысу. Тб бойынша нұсқаулық


Пияз тінінің құрылымын зерттеу



бет14/30
Дата20.09.2023
өлшемі0.51 Mb.
#478027
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Физ-хим лаб 2020-2021

Пияз тінінің құрылымын зерттеу. Пияздан бір қалың қабыршағын бөліп алып, оны өсу өсі боймен екіге бөлу керек. Содан кейін бір жартысын суық су құйылған стақанға салып қояды, екіншісін қайнаған су құйылған стаканға салып, 15 минут пісіру керек. Шикі және піскен қабыршақтардың ішкі жағынан препараттық ине көмегімен жұқа қабатын алу керек. Алынған жұқа қабатты түзетіп, ең жұқа бөліктерден шамамен 5x5 мм екі препаратты кесіп, оларды жоғарыда айтылғандай, әр препаратқа бір тамшы дистилденген су қосып, екі зат шынысына салу керек.
Препараттарды бір зат шынысында бояусыз, ал екіншісінде — сафранинмен бояу керек. Дайындалған препараттарды жабын шынымен жауып микроскоп астында қарастырылады. Жасуша қабырғаларының қалыңдығына және жағдайына, олардың бір-біріне жақындау тығыздығына, жасуша ішіндегі мөлдірлік дәрежесіне, ядролардың болуына назар аудару керек. Шикі және пісірілген пияз тіндерінің құрылымындағы, сондай-ақ жасушалардың жеке элементтерінің құрылымы мен түс қарқындылығындағы айырмашылықтарды атап өту керек. Боялған препараттардың суретін салып (суреке түсіріп), суреттерде жасушалардың құрылымдық элементтерін белгілеу керек.
Боялмаған препараттарды жасуша плазмолизін бақылау үшін пайдалану керек. Препараттардан жабын шыныларды алып тастап, суды сүзгі қағазымен алып тастап, 10% ас тұзы ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосу керек. Препараттарды 5-10 минут ұстап, жабын шынымен жауып, қайтадан микроскоппен қарастыру керек. Көру аймағында шикі пияздың препараттарында плазмолизге ұшыраған жасушаларды табу. Пісірілген пияздан жасалған препараттарда бұндай жасушалардың болмауын түсіндіру керек. . Суретін салу немесе суретке түсіру керек.
Картоп тіндерінің құрылымын зерттеу. Аршылған түйнектің ортасынан қалыңдығы 10 мм тілімді кесіп, оны екіге бөлу керек. Тілімнің жартысын суық суы бар стақанға, екіншісін қайнаған суы бар стаканға салып, 10-15 минут пісіру керек (түйнектің қалған бөліктерін суық суға салып, кейіннен езбе жасау үшін қолдану керек).
Кесектің шикі және қайнатылған жартысынан симметрияны сақтай отырып, 5x5 мм көлденең қимасы бар бір кесектен кесіп алу керек. Ұстараның көмегімен әр кесектің бүйірінен 2-4 мм2 ауданы бар үш жұқа мөлдір қима алу керек, оларды препараттық инемен үш зат шыныға салып, бір тамшыдан су тамызу керек.
Бір зат шынысындағы препаратты боямай, екіншісін сафранинмен бояп, үшіншісін – сафранинмен жне йодпен бояу керек.
Барлық препараттарды жабын шынымен жауып, микроскоп астында қарастырылады. Жасушалардың пішініне, олардың бір-біріне жанасу тығыздығына, шикі және қайнатылған картоп тіндеріндегі жасуша қабырғалары мен крахмал дәндерінің жағдайына назар аудару керек. Суретін салып немесе суретке түсіріп алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет