Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру



бет31/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48

                 автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру
                 кезiнде жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс
                 режимiнiң бұзылуы

      1. Жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты:


      1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
      2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
      3) жолаушыларды, багажды облысаралық, ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) және ауданiшiлiк автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей автокөлiк құралдарын пайдалануы, -
      дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жолаушыларды, багажды немесе жүктердi автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде еңбек және демалыс режимiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-1-баппен толықтырылды, баптың 1-тармағы 3) тармақшасының 1-абзацы 2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006.01.01 бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      447-2-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктердi


                  автомобильмен халықаралық тасымалдауды
                  рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге
                  асыру

      Шетелдiктерге немесе шетелдiк заңды тұлғаларға тиесiлi автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен


                тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге
                асыру кезiнде автокөлiк құралдарын
                жүргiзушiлерде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы

      Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарын жүргiзушiлерде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 Заңымен.

      447-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында


                автомобиль тасымалын шет мемлекетте тiркелген
                 автокөлiк құралдарымен жүзеге асыру

       Шет мемлекеттiң аумағында тiркелген, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген, шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына тиесiлi автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 447-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      447-5-бап. Республикаiшiлiк қатынаста жолаушыларды және


                  багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды
                  жүзеге асырған кезде автокөлiк құралдары
                  жүргiзушiлерiнде тасымалдау шартының болмауы

      Республикаiшiлiк қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнде тасымалдау шартының болмауы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн


                қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

      1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң портқа кiру және одан шығу, порт суларында кемелердiң қозғалыс және тұру ережелерiн бұзуы, -


      жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиiстi рұқсаттарсыз жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      449-бап. Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс


               құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру

      Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 449-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде, сондай-ақ


               шағын кемелерде жолаушылар қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

      Жолаушыларды теңiз және өзен көлiгi кемелерiне, сондай-ақ шағын кемелерге отырғызу кезiнде, жол үстiнде және оларды сол кемелерден түсiру кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 450-453, 457-баптарында шағын кемелер деп басты двигателiнiң қуаты 75 ат күшiнен аз, өздiгiнен жүретiн кемелердi және жалпы сыйымдылығы 80 тiркеулiк тоннадан аз, өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, жеке тұлғаларға тиесiлi моторлы кемелердi (двигательдерiнiң қуаттылығына қарамастан), желкендi кемелердi, сондай-ақ өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi (жүк көтерiмдiлiгi - 100 килограмм және одан ауыр ескектi қайықтарды, 150 килограмм және одан да ауыр байдаркаларды және 225 килограмм және одан да ауыр үрленген кемелердi) түсiну керек.
      Ескерту. 450-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе


               тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы)
               жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу

      1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, -
      шағын кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 451-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      452-бап. Кемелердi пайдалану ережелерiн бұзу,


               сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамның кеменi
               басқаруы

      1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жүк тиеу ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару, -


      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кеме басқару құқығы жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы, немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру, -
      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      453-бап. Кемелердiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру


               ережелерiн бұзуы

      1. Кеме жүргiзушiлерiнiң кемелердiң (шағын кемелерден басқа) қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру ережелерiн бұзуы, сондай-ақ порттағы және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды бүлдiруi, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шағын кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген жылдамдықты арттырып жiберуi, навигациялық белгiлер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргiзу мен навигациялық жағдайдың белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Шағын кемелердi жүргiзушiлердiң шағын кемелердi пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзуы, -
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      454-бап. Кеме жүргiзушiнiң немесе өзге де адамның


               мас күйiнде кеменi басқаруы

      1. Кеме жүргiзушiнiң кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде басқаруы, сондай-ақ осындай кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi кеме жүргiзушiнiң басқаруына беру, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Жолаушылардың қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiне куәландыру рәсiмiнен өтуден жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Кеменi басқару құқығы жоқ немесе алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi адамның iшкi су жолдарында сол кеменi басқаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi адамдарды кеменi басқаруға жiберу, -
      кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 454-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану


               қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

      1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 455-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу,


               түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу

      Өзен айлақтары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу, -


      екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      457-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды


              (құрылыстарды) пайдалану ережелерiн бұзу

      Тиiстi органдардың рұқсатынсыз шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану немесе шағын кемелердiң базада тұру нормаларын, базаларды (құрылыстарды) қауiпсiз пайдалану шарттары мен техникалық талаптарын бұзу, сол сияқты аталған базаларда (құрылыстарды) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын кемелердi күтiп-ұстау, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 457-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       458-бап. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн,


               сондай-ақ кемелердi жасау, техникалық
               пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн бұзу, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, ал лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 458-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       459-бап. Көлiкте белгiленбеген орындарда темекi шегу

      Жергiлiктi жерде және алысқа қатынайтын поездарда, әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустар, маршруттық таксилер мен қалалық электр көлiгi салондарында белгiленбеген орындарда темекi шегу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      460-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

      1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 460-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       461-бап. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу



      1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiп бойынша тiркелмеген көлiк құралдарын жүргiзу -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн (белгiсiн) орнату -
      жеке тұлғаларға - он бес, көлiк құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға - елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3-1. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын жүргiзу -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
      6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару, -
      жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өтпеген көлiк құралын жүргiзу -
      үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 461-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.03 N 464 , 2004.12.09 N 10 , 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      461-1-бап. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде жүргiзушiнiң


                  телефонды не радиостанцияны пайдалануы

      1. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Көлiк құралын жүргiзу кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
      Ескерту. 461-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың


               белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi

      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 462-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09 N 10 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       463-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң маршруттық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет