Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


адамның көлiк құралдарын басқаруы



бет33/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48

               адамның көлiк құралдарын басқаруы

      1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi және заңдарда белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi болмаған адамның көлiк құралын басқаруы, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Көлiк құралын жүргiзу құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын жүргiзуi не көлiк құралын жүргiзу құқығынан айрылған адамға көлiк құралын жүргiзуге беру -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 470-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03 N 428 , 2003.12.05 N 506 , 2004.12.09 N 10 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       471-бап. Iшкi iстер (полиция), көлiктiк бақылау


                органдары қызметкерiнiң Қазақстан
                Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы
                автокөлiк құралдарын еткiзу пункттерiнде және
                Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк
                бақылау бекеттерiнде көлiк құралын тоқтату
                туралы талаптарын орындамау, алкогольден,
                есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан мас
                күйiн куәландырудан өтуден жалтару

      1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Көлiктiк бақылау органы қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу бекеттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      1-2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      алты ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау, -
      екi жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. Нысанды киiм киген iшкi iстер (полиция), көлiктiк бақылау органдары қызметкерлерiнiң көлiктi тоқтату туралы талабы қол қимылымен сигнал берiп немесе таяқшаны көтерумен бiр мезгiлде ысқырып сигнал берiп не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс.
      Ескерту. 471-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      472-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау

      Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 472-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына


               өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерiн
               бұзуы

      1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жаяу жүргiншiлердiң және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын үнемi бұзуы, -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш тәулiкке әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
      Ескерту. 473-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      473-1-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың


                  тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды
                  жүзеге асыру саласындағы Қазақстан
                  Республикасының заңнамасын бұзу

      1. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай түрде бұзу:


      техникалық байқау орталығына тексеру жүргiзу кезiнде белгiленген, механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiне сәйкес келмейтiн параметрлер көрсетiлген техникалық байқаудың диагностикалық картасын беру;
      техникалық байқау орталығының техникалық ақауы бар механикалық көлiк құралына және оның тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк беруi;
      мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден негiзсiз бас тарту;
      механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтер ұсынбау;
      техникалық байқау орталығының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы хабарламау не уақтылы хабарламау;
      қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесi туралы халықты хабардар етпеу;
      мiндеттi техникалық байқаудың кестесiн бұзу, –
      дара кәсiпкерлерге және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару, –
      техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, дара кәсiпкерлерге және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi көрсетуi, –
      жеке тұлғаларға – он бес, дара кәсiпкерлерге және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiне енгiзген кезде көрiнеу дәйексiз ақпарат ұсыну, –
      техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, дара кәсiпкерлерге және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
      техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, дара кәсiпкерлерге және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 473-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын


               пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге
               де ережелерiн бұзу

      1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 474-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      474-1-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды


                  техникалық ақауларымен пайдалануға шығару

      Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, –


      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 27-тарау 474-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       475-бап. Мас күйiндегi жүргiзушiнi не басқару құқығы


               жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберу

      1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiндегi жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралы иесiнiң немесе иеленушiсiнiң алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге де масаю күйiндегi адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберуi, егер бұл абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 475-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын


               өзге де талаптарды бұзу

      Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, -


      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.

      477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды


               тасымалдау ережелерiн бұзу

      1. Темiр жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -


      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -
      аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткiзу, -
      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 477-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық


               көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу

      Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      479-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру

      Жолаушыларды билетсiз алып жүру:
      1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      2) iшкi авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде, -
      сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      3) халықаралық қатынастағы поездарда –
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      5) халықаралық қатынастағы теңiз кемелерiнде –
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      6) республикаiшiлiк қатынастағы теңiз кемелерiнде –
      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерiнде –
      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерiнде –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және ауданiшiлiк қатынастағы автобуста –
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 479-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгiн , теңдеме жүк пен


                жол теңдеме жүгiн алып жүру

      1. Темiр жол , теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -
      белгiленген нормадан тыс әрбiр килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
      теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
      теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Темiр жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктi немесе жол теңдеме жүгiн алып жүру, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 480-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      480-1-бап. Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын


                 (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн
                 ұзарту және билет кассаларының жұмысын
                 ұйымдастыру ережелерiн бұзу

      Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерiн бұзу, -


      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 480-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       481-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль


               көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз
               ету ережелерiн бұзу

      1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзу және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау жабдықтарын бүлдiру, -


      бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темiр жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз


               ету жөнiндегi ережелердi бұзу

      1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -


      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн


               машиналар мен жабдықтарды пайдалану
               ережелерiн бұзу

      Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 483-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет