Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


көлiк құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда



бет32/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48

                көлiк құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда
                жүрудiң, жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудың
                ережелерiн сақтамауы және жол жүрiсiнiң
                ережелерiн басқа да өрескел бұзу

      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк бөлiктерiн, мотоциклдердi жүргiзу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйретуге алу, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн ала-көлеңке кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану ережелерiн сақтамауы -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04  N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен).
      2. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген ережелердi бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруi, сондай-ақ бөлiнбейтiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген ережелердi бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.03 N 464 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27  N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04  N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ережелерiн бұзу немесе


                  жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту

      1. Көлденең бағыттағы көлiк құралдарының жүрiсiне кедергi келтiруге (кептелiске) әкеп соқтыратын кептелiс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жол жүрiсi ережелерiнiң жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралына жол беру талаптарын орындамау -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-2-бап. Маневр жасау ережелерiн бұзу

      1. Жол жүрiсi ережелерiнiң жүру, қайта орналасу, бұрылу, керi бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау -
      үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде керi бұрылу немесе артқа жүру -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы Кодекстiң 463-1-бабының екiншi бөлiгiнде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрiсi ережелерiнiң жүрудiң басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралына жол беру талаптарын орындамау -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-3-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде


                  орналастыру, қарама-қарсы жүрiп өту немесе
                  басып озу ережелерiн бұзу

      1. Жол жүрiсi ережелерiн бұза отырып, жүргiншiлер жолымен, жол жиегiмен немесе тротуармен жүру -


      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарама-қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу ережелерiн бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiктiк немесе жаяу колоннаны кесiп өту не одан орын алу -
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Егер жол жүрiсi ережелерiмен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы жүруге арналған жағына шығу -
      он бес айлық есеп көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-4-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою


                  ережелерiн бұзу

      1. Осы Кодекстiң 463-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 466-бабында және осы баптың екiншi-үшiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерiн бұзу -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерiн бұзу, сондай-ақ көлiк құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою -
      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Басқа көлiк құралдарының жүрiсiне кедергi келтiруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлiгiнде көлiк құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерiн бұзу -
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске


                  қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк
                  құралының жүруiне басымдық бермеу

      1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу -


      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе


                  реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай
                  өтiп кету

      1. Осы Кодекстiң 466-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өтiп кету -


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-7-бап. Жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де


                  қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу

      1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi ережелерiнiң жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       463-8-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру


                  бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген
                  талаптарды сақтамау

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп


                үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру
                аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын
                пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану
                ережелерiн бұзуы

      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 464-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       464-1-бап. Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе)


                  дыбыс сигналдарын беруге арналған
                  құрылғыларды орнату ережелерiн бұзу не жедел
                  және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң
                  арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз
                  жазу

      1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату -


      аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлiк құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жарым мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату -
      аталған құрылғыларды тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлiк құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу -
      жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлiк құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 464-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       465-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi ережелерiн


                авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай
                дәрежеде бұзуы

      1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрiсiне басқа қатысушыларды жүрiс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi ережелерiн бұзуы -


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      алты ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 465-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       466-бап. Темiржол өткелдерiнен өту ережелерiн бұзу

      1. Темiржол өткелдерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшiсi тыйым салатын сигнал берген кезде темiржол өткелдерiне шығу, сол сияқты темiржол өткелiнде тоқтау немесе тұру -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      алты ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 466-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      467-бап. Жүргiзушiнiң алкогольден, есiрткiден және


               (немесе) уытқұмарлықтан мас күйiнде көлiк
               құралын жүргiзуi, сол сияқты көлiк құралын
               жүргiзудi алкогольден, есiрткiден және
               (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегi адамға беру

      1. Жүргiзушiнiң алкогольден, есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйiнде көлiк құралын жүргiзуi, не көлiк құралын жүргiзудi алкогольден, есiрткiден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегi адамға беру -


      екi жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер -
      үш жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған iс-әрекеттер -
      төрт жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жазаның мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      он тәулiкке әкiмшiлiк қамауға және бес жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жазаның мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
      он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға және он жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырылған адам жасаған iс-әрекеттер -
      он тәулiкке әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жазаның мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
      он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралын жүргiзу құқығы жоқ адамдар жасаған iс-әрекеттер -
      он тәулiкке әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жазаның мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
      он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      10. Осы баптың алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, осы Кодекстiң 55-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамау қолданылмайтын адамдар жасаған iс-әрекеттер -
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жүргiзушiнiң мас күйде (алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстiң 629-бабының үшiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен айқындалады.
      Ескерту. 467-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты


                  тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау
                  бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын
                  тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру

      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жаңа 467-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20.  N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27.  N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы


               қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген
               ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян
               келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де
               мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай
               дәрежеде бұзуы

      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы, -


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және  бiр жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 468-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.07.04  N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңдарымен.

      468-1-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол


                  жүрiсi және көлiк құралдарын пайдалану
                  қағидаларын бұзуы

      Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол жүрiсi немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, –


      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 27-тарау 468-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      468-2-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу

      Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол жүрiсiн ұйымдастыру үшiн жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiп қорғау және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер ол:
      а) iрi залал келтiруге;
      б) денеге орташа ауырлықтағы зақым келтiруге әкеп соқса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта iрi залал деп айлық есептiк көрсеткiштен бiр жүз есе асатын мөлшерде жеке тұлғаға келтiрiлген залал не айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын мөлшерде ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал танылады.
      Ескерту. 27-тарау 468-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу

      Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, -
      бiр жыл мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
      Ескерту. 469-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет