Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§2. Экологиялык кауінсіздікке кол суіагын кылмыстык



Pdf көрінісі
бет468/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§2. Экологиялык кауінсіздікке кол суіагын кылмыстык 
кукык бузуиіылыктар 
324- 

а п. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды 
бузу 
1. 
Табиги ресурстарды пайдалану, касіпорындарды, қурылыстарды немесе өзге деобъ- 
ектілерді жобалау, орналастыру, салу немесе реконструкциялау, пайдалануға беру немесе 
пайдалану, өнеркасіп, энергетика, көлік немесе байланыс объектілерін, ауыл 
шаруашылық 
мақсатындагы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалаларды не басқа да елді мекен- 
дерді салу кезінде әскери немесе қорганыс объектілеріне, әскери немесе гарыш қызметіне 
қойылатын экологиялық талаптарды бузу, егер бул іс-әрекет қоршаган ортага ірі залал 
келтіруге әкеп соқса немесе әкеп согуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян 
келтірсе
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан екі 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейін- гі 
мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- 
ланады. 
2. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не 
адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекет
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан уиі 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылга дейінгі мер- зімге 
бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кодекстің 324-бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объек- тісі 
шаруашылык жэне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар: табиғат объектілерін 
сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын 
көздейтін қатынастар болып табылады. 
Қылмыстың объективтік жагы табиги ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды 


552
 
жэне өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңгырту, пайдалануға беру және 
пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объек- тілерін, ауыл шаруашылық 
мақсатындагы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу 
кезінде, әскери жэне қорғаныс объектілеріне, әскери жэне гарыш қызметіне койылатын талаптарды 
сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаган ортага ірі залал 
келтіруге әкеп соқса не- месе әкеп соғуы мүмкін болса, әкеп согуы арқылы сипатталады. 
Занда осы көрсетілген шаруашылық немесе озге де қызметті жүргізу үшін экологиялык 
қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалык-экономикалык негіздеу, 
жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шарала- рын қарастырумен бірге 
қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда 
табигат ресурстарын тиімді пайдалану жактары, экологиялық, экономикалык, демографиялық 
процестердің даму ерекшеліктері ескеалы- нуы, сондай-ақ объектілердің құрылысы құзыретті 
мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұксатын алганнан кейін жүргізілуі 
керек. 
Объектілер барлық экологиялык талаптар орындалғаннан кейін гана пайдалануға беріледі; 
эскери және қорганыс объектілері, әскери және гарыш қызметіне қойылатын барлык экологиялық 
талаптар орындалган соң іске қосылады. 
Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жагы Қылмыстык кодекстік 324-бабының 
диспозициясында көрсетілген шаруашылық жэне өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын 
экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арасындагы себепті 
байланыс аркылы көрініс табады. 
Талаптардың бұзылуын аныктау үшін арнаулы нормативтік-күкыктык актілер- ге жүгінуді 
талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялык талаптарды реттейтін 
арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазакстан Республикасының 1997 жылғы 18 
наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 
шілдедегі «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 
15 шілдедегі «Қоршаған ор- таны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 
шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту жэне пайдалану туралы»; Қазақстан 
Республикасынын 1999 жылғы 11 акпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» заңдары, Қазакстан 
Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін корғау, өсімін молай- ту жэне 
пайдалану іуралы«, Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны 
қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылгы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау 
туралы» заңдарында сондай-ақ жер катынастары, атмосфералық ауаны корғау туралы т.б. зандар 
жатады. 
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Республикасының 
«Экологиялык сараптама туралы» арнаулы заңымен реттеледі. 
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың объективгік жағының тағы бір қажетті бел- гісі 
шаруашылық жэне озге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың қоршаған 
ортаның едәуір ластануы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар не- месе өсімдіктер 
дүниесінің жаппай қүрып кетуі немесе өзге де зардаптардын орын алуы болып табылады. 
Қоршаган ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулыгына, жан- уарлар 
немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз. 
Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл, орта немесе 
ауырлықтағы зиян келтірулер жатады. 
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай кұрып кетуіне олардың көптеген аумақтар 
бойынша сансыз қырғынға ұшырауы жатады. 
Өзге де зардаптарга адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған табиғи орта- ны 
жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі материалдық залалдардың кел- тірілуі т.с.с. 


553
 
жатады. Баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттер мен орын алған зардаптардың арасында 
себепті байланыс болуы тиіс. 
Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен 
істеледі. 
Қыл мыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және 
өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына жауапты лауа- зымды немесе 
лауазымды емес адамдар. Мысалы, экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының 
лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лау- азым адамдары т.б. 
Қылмыстык кодекстің 324-бабының 2-бөлігінде - 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам 
өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соккан іс-әрекет - үшін қылмыстың 
ауырлататын түрі үшін жауаптылык көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет