28
келеді. Сондықтан басқа тілдерде кездесетін «чтение» сӛзінің
ұғымын біз тілдік қатынаста «оқылым» деп алып, сӛз етеміз.
Оқылым,
біріншіден, ой мен мидың жұмысына
байланысты болса,
екіншіден, жазылған графикалық
таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты.
Үшіншіден,
мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс
түсінудің рӛлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан
жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар
жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Тіл үйрету сапалы болу үшін, оқылым процесі мен
дауыстап оқуды ажырата білген жӛн. Оқылым - берілген
материалды түсініп,
ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік
қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану
және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.
Ал дұрыстап оқу ішкі мазмұнды толық ескере бермей,
графикалық таңбаларды танудың нәтижесінде оны дыбыстау
аппаратының қимыл-қозғалысына салу, сӛйтіп, сӛйлеу
мүшелерінің кӛмегімен оқып шығу.
Мұндай дауыстап оқу
кезінде мәтіннің мазмұны түсініксіз болып қала беруі де
мүмкін. Ой мен ми жұмыстарын толық атқармай, адамға
қажет хабар алынбауы ықтимал.
Мұндай оқудың акустикалық қасиеті басым болады.
Дауыстап оқу акустикалық мақсаттың шеңберінен
шығып, сӛз, тіркес, сӛйлемдердің мағынасын түсінуге, оны
сана арқылы қабылдауға,мәтіннің
ішкі мазмұнын баяндауға
бағытталса, онда ол жай оқудың үлгісінен ӛтіп, мазмұнды
оқуға айналады. Бұндай жағдайда дауыстап оқу оқылымның
тиімділік жағын арттырып, оның қасиетті компоненттерінің
біріне айналады. Сӛйтіп, оқу оқылымның құрамына кіреді.
Сӛйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның
маңызы мынада:
1/ Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа
қажетті хабардың, ақпараттың
барлығын алады және тілдік
қарым-қатынаста керегіне жаратады.
29
2/ Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік
салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер
бір кезеңнен екінші кезеңге ӛтіп, адамдардың қарым-
қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады,
ішкі ой-санасын
байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сӛйлеу
қабілеті де ерекше болады.
3/ Оқылым әрекеті арқылы кӛңілге түйгенін тіл үйретуші
жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мұның ӛзі уақыт
ӛте келе сарапқа түсіп, ӛмірде, ғылым мен техникада жаңа
ізденістердің шығуына жол ашады. Аданың қоғамдағы рӛлі
артады, коммуникация процесі дамиды.
Таңбалық және мағыналық ерекшеліктеріне қарай
оқылымның екі жағы болады: бірі - техникалық, екіншісі -
мазмұндық.
Оқылымның мазмұндық ерекшелігі оның басты белгісін
танытады. Барлық оқылған мәтіндер, материалдар тек белгілі
бір мағынаны білдіріп, ол түсінікті болғанда ғана осы басты
қасиетке ие болады.
Оқылымның
техникалық
жағын
құрайтындар
-
дыбыстардың
таңбалық комплексін мағынасыз, жаттанды
қайталау. Оларға сана мен ойдың қатысы болмай,
дыбыстардың ӛздері әр түрлі единицалардың жиынтығын
құрастырса, онда олар техникалық қасиетке ие болады.
Оқылым екі түрлі формада жүзеге асады. Бірі - іштей
оқу, екіншісі - дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдығына
қарай тез оқу және баяу оқу деп те бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: