12
/языковая коммуникацияның/ тіл білімінің жеке мәселесі
ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді.
Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық
елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отыр.
Тілдік қатынастың бүкіләлемдік
маңызы ел мен елдің, ұлт
пен ұлттың саяси байланысына жан-жақты жол ашудан
кӛрінеді. Сондықтан тілдік қатынас бүгінгі күннің ең ӛзекті
мәселесі ретінде әлемдік лингвистикада жаңа ғылыми
еңбектердің шығуына әсер етті. Бұл еңбекте тілдік
қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты қағидалары,
оны қолданудың әдіс-тәсілдері қарастырылып, терминдері
ғылыми айналымға түсті.
Қарым-қатынастың түрлері кӛп.
Тілдік қатынас - тіл
арқылы байланыс, сӛйлеу тілі арқылы адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл
арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы
қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Бұл жерде сӛйлеу тілі деген тіркесті ерекше бӛліп айтуға
тура келеді. Ӛйткені ол ауыз екі сӛйлеу деген мағынаны
емес,
жалпы
адамзаттың
сӛйлесу
құралы,
сӛйлеу
құралдарының қызметі,
адамның тілі, адамның тілдік
қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды
жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру
үшін, біз сӛйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі,
―сӛйлесім‖, ―сӛйлеу‖ түбірі арқылы жасала келіп, сӛйлеу
процесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. ―Сӛйлеу‖
деген сӛздің ӛзі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін
білдіретіндіктен,
кӛбінесе
біржақты
әрекет
ретінде
қабылданады. Ал ―сӛйлесім‖ ―сӛйлеу‖ түбіріне ортақ етістің
―с‖ жұрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік
қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты
кӛрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не
жазылған хабардың қабылданып,
оған жауап қайтарылуы,
яғни істің ортақ атқарылуы - басты шарт. ―Сӛйлесім‖ - осы
басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сӛз.
13
Сӛйлесім тілі - тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар
ғана тіл арқылы сӛйлей алады, ұғыныса алады. Ал басқа тірі
жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде,
анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар
сӛйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген,
яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сӛйлей алмайды.
Сӛйлесім әрекеті тек сӛйлеу мүшелерінің қызметіне ғана
емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да
ерекшелігіне қатысты. Бұл - ӛз алдына бӛлек, жеке мәселе.
Тілдік қатынас /ТҚ/ - сӛйлеу тілі арқылы ұғынысу,
түсінісу дегенді нақтылай келіп,
жай ғана қарым-қатынас
дегеннен гӛрі тамыры тереңге кеткен, ӛмірде ӛзіндік орны
бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік
ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен
пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді
білдіреді.
Ӛмірде адамдар тек тілмен сӛйлесу арқылы ғана бір-
бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты
олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды.
Мәселен, кӛшеде келе жатқанда адамдар түрлі жарық
кӛздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып,
соған
ӛздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол
сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары
адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны
қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.
Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе
белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да - адамдар
арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осыдан басқа да
адамдардың бірін-бірі түсінудің кӛптеген жолдары бар.
Мұндай
семиотикалық
таңба-белгілерден
ӛзгеше
адамдардың ыммен түсінісуі және кӛздің, ауыздың, қабақтың
қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет-әлпеттің ӛзгеруі арқылы
ұғынысуы сияқты қаншама кӛп белгілер бар.
Тіптен дене
мүшелерінің /қолдың, аяқтың, иықтың т.б./ әр түрлі қимыл-
әрекетінің ӛзін неше саққа жүгіртуге болады. Ауладан
14
естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны
ести сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы /далаға
жүгіріп шығуы, не есікті ашуға ұмтылуы/ бұл да ӛзара
түсініскендік.
Қарым-қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінің
барлығы ӛмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай
қарым-қатынастар адам үшін қызмет етеді, адамдардың
ӛзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да
адамдардың
қарым-қатынасына,
байланысына
/коммуникацияға/ жатады. Ӛмірдегі
мұндай ұғынысу,
түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады.
Тілсіз
қарым-қатынаста
түсінісудің
бәрі
тілдік
тұлғалардың /сӛз, сӛйлем т.б./ қатысынсыз жүреді. Мұнда тіл
қатынас құралы ретінде қызмет атқармайды. Дегенмен, тілсіз
қатынас пен оның түрлері қоғамда да, ӛмірде де белгілі орын
алады. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете
келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.
Жалпы
адамдардың
қарым-қатынасына
қатысты
әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі - тілдік
қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Тілдік қатынас пен тілсіз
қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар.
Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де,
Достарыңызбен бөлісу: