Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Семинар сабағының тақырыбы 
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу даму жолдары 
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы 
2. Т.Шонанұлының әдістемелік мұрасын талдау 
3. Қ.Басымов пен Ш.Сарыбаевтың еңбектерін талдау 
4. Қазіргі кезеңдегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерін 
талдау 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
1. А.Байтұрсынұлының ―Тіл құралы‖ атты еңбегі бойынша 
реферат жазу. 
2. Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдауындағы білім беру 
жүйесіне қатысты пікірлерін талдау. 
3. Қазақ мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің оқытылу 
жүйесіне сараптама жасау. 
 
Студенттердің оқытушымен бірлескен ӛздік жұмыстары 
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдардың 
еңбектерін ойталқыға салу 
2. Қазіргі қазақ мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің оқытылуы 
жайында пікірталас жүргізу 
 
Тапсырмалар 


10 
1-тапсырма
Қазіргі таңдағы қазақ тілі мұғаліміне тән қасиеттер 
қандай болу керек деп ойлайсыз? 
2-тапсырма 
А.Байтұрсынұлының ″Үйрену һәм үйрету ең басында 
қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы 
шағылмай, кӛңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып
оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, 
ісі ілгері оңай жылжыған сайын, кӛңілденіп оқытуға жаһады 
зорайып, шабыттанады,″- деген сӛзінің мәнін түсіндіріңіз. 
3-тапсырма 
Телжан Шонановтың ″Қазақ тілінің оқу құралы″/Алматы, 
1933 жыл /атты еңбегіне талдау жасап, әдістемелік пікірлерін 
топтаңыз. 
4-тапсырма 
 
″Ана тілін үйрену – сӛздерді жаттау, олардың жүйесін, 
ӛзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала 
тілдің сансыз кӛп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу 
үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді ″,- 
деген 
Ж.Аймауытовтың 
сӛзінің 
әдістемелік 
мәнін 
түсіндіріңіз. Қосымша еңбекті қарап, ой-толғау жасаңыз. 
/Тәрбиеге жетекші. 1924ж. Орынбор. Қазмембас./ 
5-тапсырма. Педагогикалық жағдаятқа талдау жасау 
Мектептің педагогикалық кеңес мәжілісінде оқу-тәрбие 
барысының қорытындысы талқыланды. Мәжіліс барысында 
―Педагогикалық 
жұмыстың 
нәтижесі 
деп 
нені 
есептейсіздер? ‖- деген сұрақ қойылды. География пәнінің 
мұғалімі:― Мен ӛзімнің жұмысыма, оқушыларыма ризамын. 
Менің пәнім бойынша екілік жоқ. Үштік бағаның ӛзі де 
шамалы ғана‖,- деді. Ал қазақ тілі пәнінің мұғалімі, әрі 
сынып жетекшісі:―Менің сыныбымның басым кӛпшілігі 
жоғары оқу орындарына түсті. Бұл педагогикалық еңбектің 
нәтижесі‖,- деп жауап берді. Ал тарих пәнінің мұғалімі:―Бір 
қарағанда шәкірттерімнің бәрі де тәрбиелі, ынталы, алайда 
ертеңгі үлкен ӛмірге аттанғанда, олардың кім боларына, 
қандай адам боларына мазасызданамын‖,- деп қобалжуын 
білдірді. 


11 
Сұрақ: 
1. Мұғалімдердің осы айтылған пікірлерінен оқу-тәрбие 
жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие ұстанымдарын 
қалай шешіп отырғандарын, болашақты қандай тұрғыда 
жобалай алғандарын байқауға бола ма? 
2. Педагогикалық сараптама кезінде жалпы мектептің және 
мұғалімдердің пікірлерін салыстырып, қандай тәрбиелік 
ұстанымдардың жүзеге асып жатқанын дәлелдеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет